Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азақстанда егемендік пен демократияның қалыптасуы кезеңдері мен проблемалар және қиындықтар.




Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Рес-публикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республи-касының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтік мемлекетдеп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Республи-када мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына беліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асы-рылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығы-ның, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдде-лерін корғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.

Бақылау сұрақтары:

1. «Мемлекет» еңбегінің авторы.

2. Қай жылы халықаралық саяси ғылымдардың Ассоциациясы құрылды?

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

4. Қазақстанның саяси құрылымының түрі.

5. АҚШ-тың партиялық жүйесінің түрі.

6. Мемлекеттің патерналистік моделінің авторы.

7. Қазақ қоғамындағы саяси-территориялық құрылымының түрі қандай?

8. Қай жылы Қазақстан Республикасында президенттік басқару енгізілді?

9. Қазақстан парламентінің өкілеттік мерзімі.

10. Тоталитарлық режим белгісі.

11. Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы өкілді органы.

12. Қазақстан Респуб-ғы Конституциялық Кеңестік мүшелерінің саны.

13. Консерватизмнің негізгі белгісі.

14. Қай идеологиялық ағым мемлекетті жоюға бағытталған?

15. Саяси мәдениет концепциясының авторы. (АҚШ-та)

16. Саяси мәдениеттің неше негізгі типі бар?

17. М. Вебердің ұғымынша неше басшы типтері бар?

18. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі.

19. Азаматтық қоғамның негізі.

20. Саясаттану ғылымы қай мемлекетте дамыды?

21. Мемлекеттің Республикалық құрылымында биліктің негізгі көзі.

22. Легитимдік дегеніміз не?

23. Өкімет билігі қоғамның ең бай тобының қолына берілетін саяси құрылыстың аты?

24. Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы.

25. Қай теория мемлекетті адамдар арасындағы келісімдер арқылы құрылды деп білді.

26. Қазақстан Респ-сы Конституциясының түсініктемесін беретін орган.

27. Джон Локк қай мемлекеттің шығу теориясының жақтаушысы?

28. Мемлекеттің жоғарғы басқару ісін ұйымдастыру.

29. Негізінде адамның іс-әрекеті жататын әдістің түрі.

30. Қай елде саяси басқарудың конституциялық монархия жүйесі қалыптасты?

31. «Екінші ұстаз» деп қай ойшылды айтады?

32. Саясат жайлы ғылым.

33. Саясаттың басты субъектісі.

34. Қазақтардың бүкіл әлемдік 1-ші Құрылтайы қай жылы өткізілді?

35. Орта ғасырдағы құдайшыл ғалым.

36. «Саясат дегеніміз мемлекет істеріне қатысу...» -деген пікірдің авторлары.

37. Бұрынғы Кеңес Одағының Саяси жүйесі қалай болып танылады?

38. Қазақ тарихында неше астана болған?

39. Жергілікті өкілдікте органдар қалай аталады?

40. Маслихаттарды халық неше жылға сайлайды?

41. Игіліктерді даулы жағдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде билікті түсіндіру биліктің қай анықтамасына жатады?

42. Биліктің басты түрі.

43. Саяси мәдениеттің неше негізгі функциялар түрі бар?

44. Саяси процестің бастапқы сатысы ретінде не белгіленеді?

45. Халықтың орналасуына әсер ететін негізгі факторлар.

46. Ресейдің жоғарғы өкілді органы.

47. Тәуелсіз мемлекеттердің одағы.

48. «Қазақ ССР-ның мемлекеттік тәуелсіздік Декларациясы» қай жылы қабылданды?

49. АҚШ-тың негізгі екі партиясын ата.

50. Қазақ халқының «Алаш» партиясы қай жылы құрылды?

51. Мемлекеттік басқарудың қай түрінде бөлісу принципі сақталады?

52. Тобыр билігі.

53. Қазіргі кезеңнің басты мәселелері.

54. Қазақстан территориясы қанша км?

55. Мемлекеттің аса қажетті мәселелерді шешу.

56. Бірнеше мемлекеттік құрылымдарының бірігіп бір жаңа одақтық мемлекет құруы.

57. Аталған мемлекеттердің қайсысы федерацияға жатады?

58. Қабілеттілігіне байланысты топ ішінде жіктелетін «Лидер» түрлері.

59. Қазіргі күннің түбегейлі мәселелеріне уақыт талабына сай лидер кейіпі.

60. Парламент, президент немесе жергілікті үкімін сайлауына қатысатын сайлаушылар тобы.

61. Анықталған мақсатқа жету үшін мемлекеттік билікке ұмтылатын белгілі бір топтың ең белсенді және ұйымдасқан бөлігі.

62. Үлкен әлеуметтік топтар, сонымен қатар ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастар шеңберіндегі қызмет.

63. «Мақсатты айқындайтын қорлар» осы айқындаманың авторын ата?

64. Парламентаризмді демократияны, экономикадағы бостандықты қолдайтын саяси және идеологиялық ағым.

65. Қоғамдағы саяси институттардың жиынтығы.

66. Құқыққа қарсы бағытталған өктемдік, әміршілдік үкімет жүйесі.

67. Қазақстан шекарасы шектелмейтін мемлекет.

68. Саяси биліктің шіркеу, дін иелерінің басқару түрін ата?

69. Қазақстан республикасының конституциясы неше баптан тұрады?

70. Идеалды мемлекет идеясын кім ұсынды?

71. Қай ойшының ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді.

72. Мемлекеттегі орныққан саяси тәртіп тұрғысы бойынша неше түрге бөлінеді?

73. «Жеті жарғы» әдеттік құқықтар жинағы қай ханның тұсында қабылданды?

74. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Деклорациясы қай жылы қабылданды?

75. Қазақстан Республикасының Президенті қай мерзімге сайланады?

76. Қазақстан парламентінің Жоғарғы палатасы қалай аталады?

77. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл.

78. Егемендік дегеніміз не?

79. Әлеуметтік субъектілердің қызметтерінің нәтижесінде қоғамның саяси жүйесінде болатын өзгерістер.

80. Ақ сүйектер әулеті билік жүргізетін мемлекет түрі.

81. Демократия дегеніміз не?

82. Егеменділік идеясының авторы.

83. Қай мемлекетте жазылған Конституция жоқ.

84. АҚШ-тың бірінші Президенті

85. Саяси элита туралы концепцияның авторлары.

86. Адам және азамат жайындағы жалпы Декларация қашан қабылданды? (Франция)

87. Мемлекеттік биліктің тармақтарына бөліну принципінің авторы.

88. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің өкілеттік мерзімі.

89. Қазақстан Республикасының Президенті болып қай жастың арасындағы азамат сайлана алады.

90. Бір адамға шексіз жоғарғы өкімет билігін беру арқылы басқару жүйесі.

91. Мемлекеттің жоғарғы заңы.

92. Алғашқы рет Мемлекет түрлерін типтеуді кім жасады?

93. Бұрынғы КСРО жерінде қандай партиялық жүйе орнатылған.

94. «Жеті жарғы» жинағы қай ғасырда қабылданды?

95. Қазақ мемлекетінің құрылу уақыты.

96. Қоғам қызметінің ой елегінен өткізілген мақсаты ретіндегі идеялар мен көзқарастардың әлеуметтік және рухани құндылықтардың жүйесі.

97. Халықтың бір ауданынан 2-ші ауданға қоныс аударуын не деп атайды?

98. Халық санына әсер ететін негізгі факторлар.

99. Азияның қай елдерінде абсолюттік монархия басым.

100. «Мегаполис» түсінігінің анықтамасы.

101. АҚШ-та қанша штат бар?

102.Сыртқы саясатты жүргізуге географиялық факторларды есепке алуға негізделген саяси концепция.

103. Азиядағы монархиялық мемлекет.

104. Абайдың неше қара сөздері бар?

105. Солт. Атлантика соғыс одағының (НАТО) штаб-квартирасы қай қалада орналасқан?

106. Әлемдік діндерді атаңыз?

107. Аталған партиялардың қайсысы ұлттық партияларына жатады?

108. Қазақстан Парламентінің төменгі Палатасы қалай аталады?

109. Республика Президенті өз өкіметтігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партия мүшесі бола ала ма?

10. БҰҰ штаб-квартирасы қай қалада орналасқан.

111. Ерекше қабілеттілердің билігі.

112. Қай жылы Қазақстан БҰҰ мүшесі болды?

113. Тәуелсіз Қазақстанның 1-ші Конституциясы қай жылы қабылданды?

114. Саяси мәдениет жайлы анықтамаларды неше топқа бөлуге болады?

115.Азаматтардың саяси өмірге қызықпауын саяси мәдениеттің қай тұрпаты көрсетеді?

116.Саясаттану ғылымы қай жылдардан бастап Қазақстанда жоғарғы оқу орындарында оқытыла басталды?

117. Саяси ғылымның негізін салушы.

118. Еркіндіктің ұлы партиясы қай жылы қабылданды?

119. Тоталитаризмнің негізгі неше түрі бар?

120. Қазақстан Республикасының атқарушы билігін кім жүзеге асырады.

121. Қазақстан Республикасының Парламенті қай жылы қабылданды.

122. Жалпы алғанда адамдардың қызметіне, мінез-құлқына білгілі бір құралдар-бедел құқық, басып-жаншу көмегімен әсер етуі.

123. Қазақстандағы партия жүйесі.

124. Саясатта, идеологияда, мәдениетте, шаруашылықта басты адамдар түрі.

125. Ерекше дарын иесі болуы.

126. Коммунизм қай саяси жүйенің түріне жатады?

127. Қоғамдағы экономикалық, рухани-адамгершілік, діни, ұлттық қатынастардың жиынтығы.

128. Жоғарғы лауазымды адамдарды қылмысы үшін жауапкершілікке және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

129. Лауазымды қызметке кірісу салтанатты рәсімі.

130. Әлеуметтік дау-жанжалдарды зерттейтін пән аралық ілім.

131. Қоғамның азғынданған бөлігі.

132. Өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу.

133. Бейбітшілікті жақтайтын қоғамдық ағым.

134. Жеке адамның саяси-заңдық құқын қорғауды жан-жақты қамтамасыз еткен мемлекеттің түрі.

135. Адамзаттың болашағы туралы түсінік.

136. Саяси білімнің бірінші түрі.

137. М. Х. Дулатидың негізгі еңбегі.

138. Партиялық жүйе деген не?

139. Саяси партияның белгісі.

140. Тоталитарлық жүйеге қандай партиялық жүйе сәйкес келеді?

141. КСРО қай жылы халықаралық саяси ғылымдарының ассоциациясының мүшесі болды?

142. В. И. Ленин басшының қай кейіпіне жатады?

143. И. Сталин қай лидер типіне жатады?

144. Қоғамдағы ауқатты топтардың ерекше миссиясы туралы теория.

145. Қазақ даласының ағартушы ғалымы.

147. Саяси жүйенің қанша подсистемасы бар?

148. Қай мемлекетте діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлектігін білдіреді?

149. Ерікті сайлаудың негізгі жағдайы.

 

 

Философия және саясаттану

кафедрасының аға оқытушысы Омирзакова Д.Д.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1101 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2412 - | 2331 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.