1. Халықаралық қатынас, оның қалыптасу эволюциясы мен даму тенденциясы.
2. Сыртқы саясат: мәні мен қызметі.
1. Халықаралық қатынас дегеніміз - ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси экономикалық, әлеуметтік, динломатиялық, қүқықтық, әскери және гуманитарлық өзара байланыстары мен қатынастарының жүйелік жиынтығы. Халықаралық қатынас - ол халық немесе мемлекеттер арасындағы қатынастардың жәй ғана жинтығы емес, керісінше өзара тәуелді болатын, өзара дамып отыратын субъектілер арасындағы табиғи диалектикалық байланыстар жүйесі. Халықаралық қатынас мемлекеттің пайда болуынан басталады және ол елдер мен мемлекеттердің бір - бірімен байланыс жасаудың тарихи қажеттілігінен туындайды. Халықаралық қатынастың қалыптасу эволюциясына келетін болсақ, оның адамдар арасындағы өзара қатынасты ерекше түрі ретіндегі бөлінуі әріден алғанда алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыптасуынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты олардың арасындағы қатынас та күрделене түсті. Халықаралық қатынастың қалыптасу тарихындағы сапалық кезең мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Яғни, осыған орай мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастары жіктеле бастады. Халықаралық қатынас ұғымының дәстүріне бағынатын болсақ оған мемлекеттің ішкі мәселелері кірмейді. Сонымен, мемлекеттердің сыртқы халықаралық қатыңасы елдер арасындағы қатынастың өзегіне айнала отыръш, бірте - бірте саяси сипатқа ие болды. Өйткені, әр мемлекеттің шекарасының анықталуы, алдымен оның егемендігін білдірсе, біріншіден - мемлекеттің сыртқы саясатын бөліп шығарады. Осыған орай сыртқы саясат немесе халықаралық қатынас мемлекет шекарасының сыртында болатын жағдайларды білдіреді. Екіншіден - әр мемлекет өзінің ішкі саясатымен бірге өз территориясына сыртқы ықпалдардың үстіненде бақылау қояды. Алайда халықаралық саяси қатынастың мақсатына, түріне және мазмұнына қатысты мәселелер ерте дәуірден - ақ қалыптасты. Мәселен, сол кезден бастап мемлекет аралық қатынасқа қатысты әрекеттердің стратегиясы, мақсат иерархияларының нақты түрлері күштер мен құралдары ықпал етудің тәсілдері анықтала бастады. Бүгінгі халықарлық қатынастың дамуындағы негізгі тенденцияларға үңілсек, ең аддымен халықаралық қатынастағы кешегі биполярлық жүйенің жойылғандығын көреміз. Яғни, осыған дейін мемлекеттер дүниесі полюске бөлініп, бір тобы КСРО - ның төңірегіне шоғырланса, екіншісі АҚШ-тың маңына жиналған еді. Халықаралық қатынастағы мұндай жүйе- биполярлы жүйе деп аталынды. Оның ыдырауына байланысты Экономикалық Өзара көмек Кеңесі (ЭӨК) және Варшава Шарты ұйымдары тарихқа кетті. Қазіргі қалыптасып келе жатқан халықаралық қатынас жүйесі саясаттанушы ғалымдардың пікірінше, блоктарға бөлінген көп полюсті жүйеге айналуы мүмкін дейтін болжам бар. Мәселен, американдық саясаттанушы. Ғалым С.Хантингон адамзат дүниесінің ертеңгі тағдыры 7- 8 негізгі өркениеттердің арақатынасына тәуелді дегенді көрсетеді: Батыс, конфуциондық Жапондық, Ислам, Индуистік, Славяно - православиялық, Латын американдық және Американдық. Бүгінгі ғаламдық мәселелер: әлеуметтік - саяси сипаттағы мәселелер, әлеуметтік - экономикалық сипаттағы мәселелер, әлеуметтік - экологиялық мәселелер, адам мәселесі.
2. Әдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъективтілерімен халықаралық аренада өз қатынасын реттеуге байланысты әрекетін сыртқы саясат деп атайды. Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе - ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақталуы, сыртқы соғыс қауіпінен сақталу, ұлттық тұрмыс - жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер сыртқы саясатында көрініс тауып отырады. Және ол басқа мемлекетпен қарым - қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.
Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі дипломатия болып табылады. Дипломатия - сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекетін құқық мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа тұсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым - қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрі болып табылады. Сондай - ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың қүрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым - қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады. Сыртқы саяси байланыстар, сонымен бірге, экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс - несие және мәдени қарым қатынастар жасау арқылы да іске асырылады. Мемлекеттің шетелдермен қатынасы сыртқы барлау арқылы да жүреді. Мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырып, оны қадағалап отыратын арнайы органдар болады. Оларға: сыртқы істер министрлігі, сыртқы саясат жөніндегі парламенттік комитеттер, елшіліктер мен өкілеттілітер, шетелдегі ғылыми және мәдени орталықтар, ресми және жартылай ресми миссиялар жатады.