1.Науқас қатты жерде құтқарушының тізесінің деңгейінде жатады. Қысым жасайтын нүкте төстің 1/3 төменгі бөлігінде, семсер өсіндісінен 2 саусақтай жоғары орналасқан.
2.Қолдарды созылған түрде бірі-бірінің үстінде алақан жағымен төстің 1/3 төменгі бөлігінде орналастырып белсенді соққы жасау, соққының күші төсті 4-5см тереңге жылжыту қажет; саусақтарыңыз көтеріңкі түрде.
3. Қолдарды, кеуде торынан алмай, босаңсыту.
Ескерту: екі адам жандандыру жасағанда - 5 түрткі:1 ауа еңгізу;
1 адам - 30: 2 (ВОЗ стандарттары бойынша).
Кеуде түрткісінің жылдамдығы 80-100/мин; қысудың уақыты - массаж уақытының жартысы.
5.52. стандарт «Тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуінде жедел жәрдем»
Мақсаты: бөгде затты алып тастау.
Көрсеткіштері: тыныс жолдарының бөгде заттары.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау.
2.Геймлих әдісін қолдану:
-науқастың артынан түрып, белінен құшақтап алға қарай еңкейту;
-жұдырықты эпигастрий аймағында орналастыру;
-жұдырықты екінші қолмен ұстап, қатты ішін басу: қолды көк еттің астына бағыттап, денесін көтергендей сияқты;
-5 рет қайталау;
-нәтиже болмаса «5+5» циклді қайталау.
3.Шалқайтып отырғызып зембілмен ауруханаға тасымалдау.
4.Тыныс алуын бақылау.
Ескерту: науқасты аяғынан ұстап басын төмен қаратып аудару немесе басын төмен салбыратып төсі арқылы асып қою; жөтелуін сүрап арқа жағынан түрту (балаларда!).
Науқас есінен таңған кезде:
1.Жерге шалқасынан жатқызу.
2.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру. Көзге көрініп тұрған затты қолмен алып тастау.
3.Нәтиже болмаса жүрек-өкпе реанимациясын бастау. Кеудені басқанда бөгде зат сыртқа шығуы мұмкін, сондықтан ауыз қуысын тексеріп түру қажет.
5.53. стандарт «Кеуде торының тесілуінде көрсетілетін алғашқы көмек (пневмоторакс)»
Мақсаты: алғашқы медициналық көмек.
Көрсеткіштері: кеуде торының тесілуі.
Ресурстар: зарарсыздандырылған қолгап, асептикалық ерітінді, йодонат, 50% анальгин ерітіндісі, 2% промедол, антисептик ерітіндісі, ИПП, жабысқақ пластырь, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, КБУ шөлмек.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау.
2.Науқасты тыныштандырып, іс-шаралардың негізін түсіндіру.
3.Науқасты өзіңе қаратып, шалқайтып, отырғызу.
4.Қолды спиртпен өндеп қолғапты кию.
5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.
6.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин, 1мл 2% промедол.
7.Жараны антисептик ерітіндісімен өндеу.
8.Жараға окклюзиялық таңғыш салу:
-жараны зарарсыздандырылған салфеткамен тампондау;
-айналасындағы теріні майлы ерітіндімен сүрту;
-жеке таңғыш пакеттен алынған резеңкеленген матаны зарарсыздандырылған жағымен салу;
-жабысқақ пластырьмен бекіту.
9.Жараның үстіне мұзды мұйық қою.
10.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.
11.Зембілмен орташа отырған жағдайда хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
Ескерту:
-науқас дем алған сайын ауа жара арқылы плевра қуысына кіріп, демін шығарғанда жара герметикалық түрінде жабылылады - клапанды пневмоторакс пайда болады. Әр дем алған сайын плевра қуысындағы ауа мөлшері көбейеді.
5.54. стандарт «Бас-ми зақымдалған кездегі алғашқы көмек»
Мақсаты: бас-ми зақымдалған кездегі алғашқы көмек.
Көрсеткіштері: бастың жабық жарақаттары (мидың соғылуы, езілуі, қысылуы); бас күмбезінің сынуы; бастың негізгі сүйегінің сынуы.
Ресурстар: 2мл 50% анальгин ерітіндісі, 1мл 2% промедол, 40% глюкоза ерітіндісі 20мл немесе 25% мағний сульфат ерітіндісі 10мл б/е, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, жұмсақ көпшік.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау.
2.Науқасты тыныштандырып, іс-шаралардың негізін түсіндіру.
3.Науқасты қалқа салынған зембілге басын көтеріңкі жағдайда орналастыру, дөңгелек көпшік арқылы иммобилизациялау.
4.Қолды спиртпен өндеп қолғапты кию.
5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.
6.Жараны антисептик ерітіндісімен өндеу.
7.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин, 1мл 2% промедол.
8.Көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісін 20мл немесе 25% мағний сульфат ерітіндісін 10мл еңгізу (ҚҚ төмен болса мағний сульфат ерітіндісі еңгізілмейді).
9.Басына мұзды мұйық қою.
10.Есі болмаған жағдайда тілінің төмен түсіп кетпеуін алдын алу.
11.Құсық кезінде басын бір жаққа қаратып, ауыз қуысын тазалап, тілін салфеткамен үстап өзіңе қарай тарту.
12.ҚҚ, пульсті бақылау.
13.Хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
5.55 стандарт «Іштеспе кезіндегі алғашқы көмек»
Мақсаты: іш қуысының жарақат және қабыну кезіндегі асқынулардың алдын алуы.
Көрсеткіштері: «іштеспе» түсінігіне кіреді: жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, перитонит, жедел іш түйнелуі, тесілген асқазан-ішектің ойық-жарасы, іштің жарақаттары.
Ресурстар: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, зарарсыздандырылған қолгап.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау.
2.Науқасты тыныштандырып, іс-шаралардың негізін түсіндіру.
3.Науқасты зембілге, тізе астына көпшік салып, орналастыру.
4.Ішіне мұзды мұйық қою.
5.Хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
Ескерту: жасауға болмайды - жылытқыш қою, клизма салу, іш өткізгіш дәрілерді беру, асқазанды жуу, жансыздандыру, сусын беру.
5.56. стандарт «Қысылып қалу синдром кезіндегі алғашқы көмек»
Мақсаты: алғашқы көмек көрсету.
Көрсеткіштері: қысылып қалу синдромы (краш-синдром).
Ресурстар: резеңке жгут, 2мл 50% анальгин ерітіндісі, 1мл 1% димедрол, эластикалық бинт, мұзды мұйық, тасымалдау құрсаулар, реополиглюкин, промедол 2%, реланиум 0,5%.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау.
2.Науқасты тыныштандырып, іс-шаралардың негізін түсіндіру.
3.Қолды спиртпен өндеп қолғапты кию.
4.Жарақаттанған аймақты зерттеу.
5.Жараны антисептик ерітіндісімен өндеу.
6.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин+ 1мл 1% димедрол.
7.Қысылған мүшені босату алдында қысылған аймаққа жақындатып жгут салу.
8.Мүшені эластикалық бинтпен таңып (мүшенің шетінен бастап), жгутті алып тастау.
9.Зақымданған мүшені мұзды мұйықпен орап тастау.
10.Құрсау салу.
11.Көк тамырға 400мл реополиглюкин еңгізу.
12.Хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
5.57. стандарт «Омыртқа жарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
Мақсаты: асқынудың алдын алу, тасымалдау иммобилизация.
Көрсеткіштері: омыртқа жарақаты.
Ресурстар: қалқан немесе қатты зембіл, иммобилизацияға арналған вакуумды көпшіктер, 2% промедол, полиглюкин, кордиамин ерітіндісі, Еланский құрсауы, мақталы-дәкелі Шанц жағасы, тонометр, фонендоскоп, ені 20см бинт.
Іс алгоритмі:
Омыртқа жарақаты кезінде пневматикалық құрсаумен иммобилизациялау:
1.Науқастың жағдайын бағалау.
2.Омыртқа сынуын анықтау.
3.Науқасты тыныштандыру.
4.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.
5.Науқасты абайлап зембілге жатқызу. 4 адам бірден бүйрық бойынша жұмыс жасайды.
6.Зембілдің қабын жабу.
7.Зембіл қуысынан арнайы құралмен ауаны сорып алып тастау (зембілдің қаттылығы қажетті деңгейде болып, иммобилизацияға дайын болады).
8.Екі адам, тұтқасынан ұстап, зембілде жатқан науқасты шығарады.
Ескерту: кеуде, бел омыртқалары сынғанда вакуумды зембілдер қолданылады.
Мойын омыртқаларының сынуы:
1.Науқасты қалқанға немесе қатты зембілге жатқызу.
2.Мойынына Еланский құрсауын немесе мақталы-дәкелі Шанц жағасын салу.
3. Жансыздандыру - 2мл 2% промедол б/е.
4.Көк тамырға полиглюкин 500мл, 2мл кордиамин еңгізу.
5.ҚҚ, пульсті бақылау.
6.Травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.
Кеуде омыртқаларының сынуы:
1.Сынған аймаққа көпшік салып науқасты қалқанға немесе қатты зембілге жатқызу.
2. Жансыздандыру - 2мл 2% промедол б/е.
3.Көк тамырға полиглюкин 500мл, 2мл кордиамин еңгізу.
4.ҚҚ, пульсті бақылау.
5.Травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.
Бел омыртқаларының сынуы:
1.Науқасты абайлап, омыртқа жотасын қайыстырмай, зембілге жатқызу.
2.4 адам бірден бүйрық бойынша жұмыс жасайды (қолдарын бастың, дененің жоғарғы жағының, жамбастың, аяғының астына еңгізіп).
3.Науқасты жалпақ бинтпен кеудесінен, жамбасынан, тізеден жоғары зембілге бекіту.
5.58. стандарт «Жамбас сүйек жарақат кезіндегі алғашқы көмек»
Мақсаты: тасымалдау иммобилизация, шоктың алдын алуы.
Көрсеткіштері: жамбас сүйектерінің сынуы, жамбас мүшелерінің жарақаты.
Ресурстар: қатты зембіл, биіктігі 25-30см көпшік, орамал немесе мата бөлігі, 2% промедол 2мл.
Ескерту: жамбас жарақаттанғанда ішкі мушелер жарақаттанып шок болуы мұмкін.
Іс алгоритмі:
1.Науқасты көзбен шолып, тыныштандыру.
2.Жамбас сүйегінің сынуын анықтау.
3.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.
4.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.
5.Жансыздандыру - 2% промедол 2мл.
6.Науқасты абайлап, омыртқа жотасын майыстырмай, орынан көтеру.
7.Абайлап зембілге жатқызу.
8.Аяқтарын тізесінен бүгіп екі жаққа айыру.
9.Тізелерінің астына көпшік салу («бақа» жағдайы).
10.Тізелерін көпшікке матамен бекіту (тасымалдау кезінде қозғалмас үшін).
11.Көк тамырға полиглюкин 500мл, 2мл кордиамин еңгізу.
12.ҚҚ, пульсті бақылау.
13.Травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.
5.59. стандарт «Электржарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
Мақсаты: электржарақаты кезіндегі алғашқы көмек.
Көрсеткіштері: электртоқтың, найзағайдың әсері.
Ресурстер: резеңке қолғап, ағаш (тақтай).
Іс алгоритмі:
1.Себебін жою:
-тоқты өшіру;
-тоқөткізгіштікті резеңке қолғап киіп алып тастау;
-науқастың үстінен сымды ағашпен алып тастап, киімінің шетінен үстап сыртқа шығару.
2.Науқастың жағдайын бағалау.
3.Клиникалық өлім жағдайда АВС Сафар әдісімен жандандыру шараларды өткізу.
4.Күйген жерге құрғақ асептикалық таңғыш салу.
5.Жандандыру бөлімшесіне тасымалдау.
5.60. стандарт «Іш тесілген жарақаты кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек»
Мақсаты: асқынудың алдын алуы, хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
Көрсеткіштері: іш қуысының тесілуі.
Ресурстар: зарарсыздандырылған қолгап, таңғыш материалдар, 70% этанол, бинт, 2% промедол 1мл, полиглюкин 500мл.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау, тыныштандыру.
2.Науқасты жатқызу.
3.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.
4.Қолды спиртпен өндеп қолғапты кию.
5. Жансыздандыру - 2мл 2% промедол б/е.
6.Жараның шеттерін 70% этанолмен өндеу.
7.Жарадан ішек орамдары немесе шажырқай шығып тұрғанда -зарарсыздандырылған салфетка арқылы «тоқаш» әдісімен орап тастау.
8.Фурациллинге малынған зарарсыздандырылған салфеткамен жараны жабу.
9.Сыртқа шығып кеткен мүшелерді бекіту үшін бинтпен таңу.
10.Көк тамырға 2% промедол 1мл, полиглюкин 500мл еңгізу.
11.Арқасынан жатқызып, тізелерін бүгіп хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
Ескерту: сыртқа шығып кеткен мүшелерді орнына салуға болмайды. Сусын беруге болмайды.
5.61. стандарт «Іштің жабық жарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
Мақсаты: асқынулардың алдын алуы, хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
Көрсеткіштері: іштің жабық жарақаты.
Ресурстар: салфетка, мұзды мұйық, полиглюкин.
Іс алгоритмі:
1.Науқастың жағдайын бағалау, тыныштандыру.
2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.
3.Науқасты зембілге, тізе астына көпшік салып орналастыру.
4.Ішіне салфетканың үстіне мұзды мұйық қою.
5. Көк тамырға полиглюкин 500мл, қансырау белгілері болғанда - гемостатикалық дәрмектерді еңгізу.
6.ҚҚ, пульсті бақылау.
7.Хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.
Ескерту: жансыздандыру жасауға болмайды.
5.62. стандарт «Бір құлаққа таңғыш салған кездегі мейірбикенің іс алгоритмі»
Көрсеткіштері: операциядан кейіңгі кезең, құлақ аурулары.
Ресурстар: ені 10-12см бинт.
Іс алгоритмі:
1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызу, тыныштандыру, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.
2.Ені 10-12см бинтті алу.
3.Сол құлақ - сол жақтан оң жаққа, ал оң құлақ - оңнан сол жаққа таңылады.
4.Бинттің ұшын сол қолға, басын - оң қолға алу.
5.Басты айналып бекіту орам жасау.
6.Бинтті маңдай арқылы құлақтың жоғары бөлігіне алып келу.
7.Маңдай мен желкені айналып бекіту орам жасау.
8.Маңдайда байлап таңғышты бекітіп, таңуды аяқтау.
Ескерту: келесі орамдар, желпіуш тәрізді келіп, біртіндеп мойын аймағына түсе келе құлақ қалқасын жабады. Құлақ қалқасын ораған сайын басты айналып бекіту орам жасау қажет.