Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стандарт «Екі көзге таңғыш салудың техникасы».




Мақсаты: таңғыш материалдарды бекіту.

Көрсеткіштері: операциядан кейінгі жара, көздің жарақаты.

Ресурстар: ені 10-12см бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

3.Жарақатын анықтау.

4.Ені 10-12см бинтті алу.

5.Бинттің шетін сол қолға, басын - оң қолға алу.

6.Басты айналып бекіту циркулярды орам жасау.

7.Бинтті төменнен жоғарыға қиғаш құлақтың астынан желкеге алып келіп 1 көзді жабу (1 тур).

8. Циркулярды ораммен бекітіп 1 турді 3-4 рет қайталау.

9.Бинтті басты айналдырып маңдай арқылы жоғарыдан төмен қиғаш алып келіп 2-ші көзді жабу (2 тур).

10.Бинтті құлақтың астынан желкеге алып келіп, қарсы жаққа шығарып циркулярды бекіту турына айналдыру.

11.Циркулярды ораммен бекітіп 2 турді 3-4 рет қайталау.

12.Айналма көлденең ораммен таңғышты бекіту.

5.20.стандарт «Бәрі саусаққа шиыршық «Қолғап» таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалдарды бекіту.

Көрсеткіштері: күйік, ұсік, саусақтардың жарақаты.

Ресурстар: ені 5см бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызу, жарақаттанған жақтың білегін үстелге орналыстыру (білезік салбырап түру қажет).

2.Науқасты тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

3.Бинттің шетін сол қолға, басын - оң қолға алу.

4.Білезікті айналып бекіту орам жасау.

5.Бинтті алақанның сырт жағынан қиғаш саусақтың басына алып келу (1 тур).

Ескерту: оң қолды таңу 1-ші саусақтан басталады, сол қолды - 5-ші саусақтан.

1.Шиыршық ораммен саусақты басынан бастап түбіне дейін толық жабу (2 тур).

2.Бинтті алақанның сырт жағымен білезікке алып келіп циркулярды тур жасау (3 тур).

3.1-3 турлармен бәрі саусақтарды таңу.

4.Білезікті айналып бекіту орам жасау.

Ескерту: таңғыш дұрыс салынғанда алақан ашық қалады.

5.21.стандарт ««Дезо» таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: бұғана және иық сынғанда қолды бекіту.

Ресурстар: ені 20см бинт, қайшы, түйреуш.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.Қолтық астына дәкемен оралған мақта көпшік қою.

3.Жарақаттанған қолды шынтақ буынында тік бұрыш түрде бүгу. Білекті кеудеге басу.

4.Иықты денеге бекітіп кеудені айналып бекіту орам жасау. Сау жақтан жарақаттанған жаққа қарай таңу.

5.Бинтті сау қолтық астынан жарақаттанған иықтың үстіне алып келіп иықтың артқы жағымен тіке түсіріп білек буынына алып келу (2 тур).

6.Бинтті қиғаш жарақаттанған жақтың білегі арқылы сау қолтық астына алып келу.

7.Бинтті арқа арқылы жарақаттанған иықтың үстіне, кейін иықтың алдыңғы жағымен төмен алып келіп, білек буынын алдыңғы жақтан алға қарай алып келіп арқа арқылы сау қолтық астына алып келу (3 тур).

8.Жетімді бекіту үшін әрбір 2, 3 турларды 1-ші турдан кейін қайталау.

Ескерту: оң қол жарақаттанғанда таңу - сол жақтан оң жаққа, сол қол жарақаттанғанда таңу - оң жақтан сол жаққа қарай басталады. Таңғыш ем ретінде салынса, үштары байланады.

5.22 стандарт «Масақ тәрізді иық білекке таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: қолдың жарақаты кезіндегі иммобилизация.

Көрсеткіштері: таңғыш материалдарды, гипсті лонгетті, құрсауды бекіту.

Ресурстар: жалпақ бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Иықтың 1/3 жоғарғы бөлігін айналып 1-2 бекіту тур жасау (1 тур).

2.Бинтті кеуденің артқы жағымен жүргізу.

3.Қарсы қолтық асты арқылы кеудені циркулярды түрде орау (2 тур).

4.Бинтті кеуденің алдыңғы жағымен жарақаттанған иыққа алып келу (3 тур).

5.Циркулярды түрде иықты орап бинтті арқаға шығару, алдыңғы орамның ½ немесе 1/3 бөлігін жауып.

6.Иық білегі толық жабылғанша 1, 2 турларды қайталау.

7.Бинтті иық буыннан төмен бекіту.

5.23. стандарт «Жіліншік буынына таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: жіліншік буынның иммобилизациясы

Көрсеткіштері: жіліншік буынның шығуы, сіңірлерінің созылуы.

Ресурстар: бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Бинтпен жіліншік буыннан жоғары циркулярды бекіту тур жасау.

2.Бинтті табанның үстімен жүргізу.

3.Жіліншік буынды айналып циркулярды тур жасау.

4.Бинтті табанның үстімен табанды айналып жоғарыға қиғаш жүргізу.

5.Жіліншік буынды айналып циркулярды тур жасау.

6.Аймақ толық жабылғанша орамдарды қайталау.

7.Бинтті буынды айналып бекіту.

5.24. стандарт «Білезікке «Қолғап» қайталамалы таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалдарды білезікте бекіту.

Көрсеткіштері: күйік, ұсік, жаралар, білезіктің іріңді-қабыну процесстері.

Ресурстар: жіңішке бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Бинтті алып білезік буынды айналып циркулярды орам жасау.

2.Бинтті қиғаш алақанның сыртымен саусақтардың басына алып келу.

3.Бинтті алақан жағымен жүргізіп білезік буынына алып келу.

4.Қайталамалы орамдар арқылы алақанды толық жабу.

5.Бинтті қиғаш жүргізіп саусақтардың басына алып келіп бағытын ауыстыру - саусақтардың басынан білезік буынына қарай бірнеше көлденең орам жасау.

6.1-ші саусақты бөлек таңу.

7.Білезік буынын айналып бинтті бекіту.

Ескерту: ампутациялық тұқылға бінттік таңғыш салынады.

5.25.стандарт «Қолға үшкіл орамал арқылы таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: қолды иммобилизациялау.

Көрсеткіштері: бұғананың, қолдың жарақаттары.

Ресурстар: үшкіл орамал, түйреуш.

Іс алгоритмі:

1.Жарақаттанған қолды физиологиялық жағдайға келтіру (білек буынында бүгіп денеге қысу).

2.Орамалдың табанын өзіңе қаратып екі қолыңа жаю.

3.Жарақаттанған қолдың физиологиялық жағдайын бұзбай орамалдың төбесін білек буынның артына келтіріп білекті орналастыру.

4.Орамалдың бос шеттерін науқастың мойынына байлау.

5.Орамалдың төбесін иықтың алдыңғы бетінде түйреу.

5.26.стандарт «Кеуде торына шиыршықты таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: кеуде торында таңғыш материалдарды бекіту.

Көрсеткіштері: кеуде торының жарақаттары.

Ресурстар: ұзындығы 100-120см бинт бөлігі, ені 15-20см бинт, қайшы, түйреуш.

Іс алгоритмі:

1.Ұзындығы 100-120см бинт бөлігін ал (бау).

2.Иықтан асып қой.

3.Семсер тәрізді өсіндісінен төмен 2 циркулярды ораммен кеуде торына бауды бекіт.

4.Алғашқы орамдардың ½ немесе 1/3 бөлігін жауып отырып кеуде торын қолтық асты шұңқырына деін шиыршықты әдісімен таңу.

5.Бинтті түйреушпен немесе жабысқақ пластырьмен бекіту.

6.Қарсы иықта баудың бос шеттерін байлау.

5.27.стандарт «Сүт безіне бинтті таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалдарды бекіту.

Көрсеткіштері: мастит себебінен болған операция, жарақаттар, күйік.

Ресурстар: ені 20см бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызу, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.Бинттің шетін сол қолға, басын - оң қолға ал (таңғыш өң жақ сүт безіне салынса).

3.Сүт безінің астынан 2 бекіту тур жасау.

4.Бинтті арқадан қолтық асты шұңқырына алып келу.

5.Сүт безін төменнен алып бинтті қиғаш жоғарыға қарсы иықтың үстіне алып бару.

6.Бинтті арқадан зақымданған жағының қолтық асты шұңқырына алып келу.

7.Сүт безін жоғарыдан алып бинтті сау қолтық асты шұңқырына алып келу. 4, 5, 6 пунктті қайталау.

8.Сүт безі толық жабылғанша турларды қайталау.

9.Сүт безінің астында 2 бекіту тур жасап таңуды аяқтау. Таңғыштың шетін кесіп байлау.

5.28.стандарт ««Гиппократ тақиясы» таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалды баста бекіту.

Көрсеткіштері: бастың жарақаты.

Ресурстар: ені 10см 2 бинт, қайшы, жабысқақ пластырь.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.2 бинтті 15см ұзындығына жаю.

3.Бинттердің шеттерін қарама қарсы жалғау - екі басты бинт болады.

4.Екі басты бинтті екі қолға алу.

5.Бинтті маңдайдан желкеге алып бару.

6.Желке аймағында бинттерді айқастыру. Бинттің 1-ші басын желкеден маңдайға, бастың күмбезін жауып, 2-ші басымен циркулярды ораммен басты айналу.

7. 1-ші бинтті - маңдайдан желкеге алып бару, маңдай аймағында 2-ші бинтпен айқастырып, 1-ші бинтті төбе арқылы қайталап жүргізу (алғашқы ораммның ½ бөлігін жауып), 2-ші бинтпен басты айналып өту.

8.Төбе жабылғанша таңу.

9.Бастың күмбезі толық жабылғанша орамдарды қайталау.

5.29.стандарт «Желкеге крест тәрізді таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: желкеде, мойынның артқы жағында таңғыш материалды бекіту.

Көрсеткіштері: желкенің жарақаты, мойынға операциядан кейіңгі кезең.

Ресурстар: ені 10-12см бинт.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Жарақатты анықтау.

3.Іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

4.Ені 10-12см бинтті алу.

5.Маңдайдан бастап екі бекіту тур жасау.

6.Бинтті желкеден мойынның алдына алып келу.

7.Бинтті қарсы жақтан құлақтық астынан жүргізіп желкеге қайтып барып басты маңдай арқылы айналдырып орап бекіту турға ауысу.

8.Бірнеше тур жасап басты айналдырып орап бекітумен таңуды аяқтау.

V.V. Жансыздандыру

5.30.стандарт «А.В.Вишневский атты инфильтрациялық бөлекқабатты жансыздандыру жасау техникасы»

Мақсаты: жергілікті жансыздандыру.

Көрсеткіштері: жараның алғашқы хирургиялық өндеуі, жараны тазалау, тігіс салу, іріңдікті ашу, тесу (пункция).

Ресурстар: жансыздандыруға арналған дәрмектер - 0,25% новокаин 500мл дейін, 0,5% новокаин 250мл дейін; шприц 5мл, 10мл, 20мл; ине, зарарсыздырылған таңғыш материалдар, зарарсыздырылған лоток, екі пинцет, 1% йодонат, 70% спирт, резеңке қолғап, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Резеңке қолғапты кию.

2.Дәкеден жасалған зарарсыздырылған салфетканы пинцетпен ұстап йодонатпен екі рет, кейін спиртпен теріні ортадан шетке қарай сүрту.

3.Шприцті новокаинмен толтыру.

4.Инені тері астына еңгізу.

5.Лимон кабығы тәрізді жағдайға дейін новокаин еңгізу.

6.Инені қабаттан қабатқа жылжытып новокаин еңгізу.

7.Инені шығарып 3-5 минуттан кейін іс-шараларды бастау.

8.Пайдаланған қолғапты, инелерді, шприцтерді, таңғыш материалдарды КБУ шөлмекке салу.

Ескерту: жансыздандырудан кейін науқасты күту:

1.Керекті жағдайда науқасты орналастыру.

2.Жүрегі айныйтын болса басын жастыққа салмау.

3.Қолайсыз жағдай болмаса жастыққа жатқызу.

4.Екі сағат ішінде науқасты бақылау: ҚҚ, пульс, таңғыштың жағдайы.

V.VI. Травматология

5.31.стандарт «Гипс таңғыш салудың ережелері»

Мақсаты: жарақат кезіндегі (сыну, шығу) емдік иммобилизация.

Көрсеткіштер: аяқ-қолдың механикалық жарақаттары.

1.Арнайы қорғайтын киім кию қажет - маска, қолғап, баскиім, алжапқыш.

2.Гипсті бинтті арнайы темір немесе мрамор жалатқан ұстелде дайындау қажет.

3.Дайындаудың алдында гипстің сапасын тексеру қажет.

4.Тез кебу үшін гипсті жылы суда жібіту қажет.

5.Гипсті бинтті судан ауа көпіршіктері жойылғаннан кейін алу қажет.

6.Науқасты өзіне және таңушыға ыңғайлы жағдайда отырғызу қажет.

7.Абайлап аяқ-қолды функционалды жағдайға келтіру.

8.Сау аяқ-қол арқылы гипсті лонгетаның ұзындығын өлшеу.

9.Таңғыш салынатын аймаққа май немесе вазелин жағу.

10.Сүйектер сыртқа шығып көрініп тұрған аймақтарға мақта төсем салу.

11.Абайлап таңғышты салып, тегістеу.

12.Қанайналымын бақылау үшін саусақтар ашық қалдырылады.

13.Қосымша таңғыштың түріне қарай бинттік таңғыш салынады.

14.Гипс толық кепкенше аяқ-қолды қозғалтпау.

15.Таңудан кейін науқас емханада - 2 сағат, ал ауруханада 2 тәулік бақылауда болады.

Ескерту: гипстің сапасын тексеру:

1.Гипспен суды бірдей пропорцияда араластыру. Ботқа тәрізді масса 6-7мин кейін қату қажет; қатқан гипс үгілмей сыну қажет.

2.Гипсті алақанмен қатты қысу: сапалы гипс алақанды ашқаннан кейін төгіліп-шашылады, ал сапасыз түйіршік болып қолда қалады.

3.Гипсті сумен араластырғанда иісі жағымсыз болмау қажет (бұзылған жұмыртқа иісі болса, гипс сапасыз болып саналады).

Гипс сапасыз болса келесі әдіспен оның сапасын жақсартуға болады:

1.Ылғалданған кезде 120 градуста күйдіру.

2.Түйіршік болған гипсті елеуішпен елеу.

Кейін сапасы тексеріледі. Гипстің сапасын сақтау үшін құрғақ жерде жабық темір қорапта сақтау қажет.

5.32 стандарт «Гипс бинтті дайындаудың техникасы»

Мақсаты: гипс таңғышты немесе лонгетаны салу.

Ресурстар: ені 10-20см ұзындығы 3-3,5м дайын бинттер, сапалы гипс, темір қорап.

Көрсеткіштері: лангетаны бекіту. Ортопедияда редрессация үшін.

Іс алгоритмі:

1.Арнайы ұстелдің (темір немесе клеенкамен жабылған) шетіне гипсті қою.

2.50-60см ұзындыққа бинтті жаю, бинттің басы оң жақта орналасу қажет.

3.Гипсті, сапасын тексергеннен кейін, бинттің жайылған ұзындығына шашып қолмен жаю.

4.Бинтті, гипспен бірге, бос орау.

5.Бинтті сол жаққа жылжытып, таза жағын жайып жұмысты қайталау.

Ескерту: дайындалған бинтті бірден қолдану немесе қараңғы құрғақ жерде темір қорапта сақтау қажет. Лонгета дайындау үшін гипстті бинтті ұзындығы әртүрлі бөліктерге айналдырып, екі жағынан да бос жинау (екі басты бинт болады). Лонгетаның ұзындығы 50, 70, 100см болады, қабаттарының саны - 8-15.

5.33. стандарт «Білек сүйектері сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»

Мақсаты: білек сүйектері сынған кезінде емдік иммобилизация.

Ресурстар: бинттер, гипс, қайшы, вазелин немесе балаларға арналған крем, қолғап, жылы су мен шөлмек.

Көрсеткіштері: буын шығу, сынықтар, сіңірдің созылуы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолғапты кию.

4.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Жарақаттанған қолды білек буынында тік бұрыш түрде бүгу. Білекті кеудеге басу.

9.Бинтпен сау қолдың саусақтарының үшынан иықтың ортасына дейін лонгетаның ұзындығын өлшеп алу.

10.Өлшеген ұзындық бойынша бинтті жайып, гипс шәшіп тегістеу.

11.Бинтті өлшеген ұзындықпен бүгіп қайталау, лонгетаның келесі басын конус тәрізді үлкейтіп гипсті шашу.

12.Осы әдіспен 8-9 қабат жасау, лонгетаның ені қолдың көлемінің 1/3 бөлігіндей болу қажет.

13.Таңғыш салынатын аймаққа май немесе вазелин жағу. Сүйектер сыртқа шығып көрініп тұрған аймақтарға мақта төсем салу.

14.Дайын лонгетаны «кітап» тәрізді жинап жылы суға малу. Ауасы шыққанша күтіп сығу.

15.Ұстелдің ұстінде лонгетаны жайып тегістеу.

16.Лонгетаны жарақаттанған қолға салып, тегістеп сырғанау әдіспен бинтпен бекіту.

17.Гипс кепкенде таңғышты алып тастау.

18.Қан айналымын бұзбау үшін лонгетаның шеттерін босату.

19.Циркулярды түрде лонгетаны шетінен ортасына қарай бинтпен бекіту.

20.Лонгетаны мойынға асу.

Ескерту:

-гипстің сапасын тексеру;

-қан айналымының бұзыластырын бақылау үшін саусақтардың ұштары жабылмайды (ауыру, көгеру, ісіну);

-өзгерістер болған кезде дәрігерге қаралуын науқасқа ескерту;

-науқас хирургтің бақылауында болу қажет.

5.34. стандарт «Иық сүйегі сынғанда гипсті гипс лонгета салудың техникасы»

Мақсаты: аяқ-қол сүйектері сынған кезінде емдік иммобилизация.

Ресурстар: бинттер, гипс, қайшы, вазелин немесе балаларға арналған крем, қолғап, жылы су мен шөлмек.

Көрсеткіштері: буын шығу, сынықтар, сіңірдің созылуы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолғапты кию.

4.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Жарақаттанған қолды білек буынында тік бұрыш түрде бүгу. Білекті кеудеге басу.

9.Бинтпен сау қолдың саусақтарының үшынан жауырынның ортасына дейін лонгетаның ұзындығын анықтау.

10.Өлшеген ұзындық бойынша бинтті жайып, гипсті шәшіп тегістеу.

11.Бинтті бүгіп қайталау, лонгетаның келесі басын конус тәрізді үлкейтіп гипсті шашу.

12.Осы әдіспен 8-9 қабат жасау, лонгетаның ені қолдың көлемінің 1/3 бөлігіндей болу қажет.

13.Таңғыш салынатын аймаққа май немесе вазелин жағу. Сүйектер сыртқа шығып көрініп тұрған аймақтарға мақта төсем салу.

14.Дайын лонгетаны «кітап» тәрізді жинап жылы суға малу. Ауасы шыққанша күтіп сығу.

15.Ұстелдің ұстіне лонгетаны жайып тегістеу.

16.Лонгетаны жарақаттанған қолға салып сырғанау әдіспен бинтпен бекіту.

17.Гипс кепкенде таңғышты алып тастау.

18.Қан айналымын бұзбау үшін лонгетаның шеттерін босату.

19.Циркулярды түрде лонгетаны шетінен ортасына қарай бинтпен бекіту.

20.Лонгетаны масақ тәрізді әдіспен таңу.

21.Лонгетаны мойынға асу.

Ескерту:

-гипстің сапасын тексеру;

-қан айналымының бұзыластырын бақылау үшін саусақтардың ұштары жабылмайды (ауыру, көгеру, ісіну);

-өзгерістер болған кезде дәрігерге қаралуын науқасқа ескерту;

-науқас хирургтің бақылауында болу қажет.

5.35. стандарт «Жіліншік сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»

Мақсаты: сүйектер сынған кезінде емдік иммобилизация.

Ресурстар: бинттер, гипс, қайшы, вазелин немесе балаларға арналған крем, қолғап, жылы су мен шөлмек.

Көрсеткіштері: буын шығу, сынықтар, сіңірдің созылуы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолғапты кию.

4.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайда орналастыру. Аяқ жазылып, тізе буынында шамалап бүгілу қажет.

8.Бинтпен сау аяқтың саусақтарының үшынан санның ортасына дейін лонгетаның ұзындығын өлшеп алу.

9.Өлшеген ұзындық бойынша бинтті жайып, гипс шәшіп тегістеу.

10.Бинтті бүгіп қайталау, лонгетаның келесі басын конус тәрізді үлкейтіп гипсті шашу.

11.Осындай әдіспен 10-12 қабат жасау, лонгетаның ені аяқтың көлемінің 1/3 бөлігіндей болу қажет.

12.Таңғыш салынатын аймаққа май немесе вазелин жағу. Сүйектер сыртқа шығып көрініп тұрған аймақтарға мақта төсем салу.

13.Дайын лонгетаны «кітап» тәрізді жинап жылы суға малу. Ауасы шыққанша күтіп сығу.

14.Ұстелдің ұстіне лонгетаны жайып тегістеу.

15.Лонгетаны жарақаттанған аяққа салып сырғанау әдіспен бинтпен бекіту.

16.Гипс кепкенде таңғышты алып тастау.

17.Қан айналымын бұзбау үшін лонгетаның шеттерін босату.

18.Циркулярды түрде лонгетаны шетінен ортасына қарай бинтпен бекіту.

Ескерту:

-гипстің сапасын тексеру;

-қан айналымының бұзыластырын бақылау үшін саусақтардың ұштары жабылмайды (ауыру, көгеру, ісіну);

-өзгерістер болған кезде дәрігерге қаралуын науқасқа ескерту;

-науқас хирургтің бақылауында болу қажет.

5.36. стандарт «Сан сүйегі сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»

Мақсаты: сүйектер сынған кезінде емдік иммобилизация.

Ресурстар: бинттер, гипс, қайшы, вазелин немесе балаларға арналған крем, қолғап, жылы су мен шөлмек.

Көрсеткіштері: буын шығу, сынықтар, сіңірдің созылуы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолғапты кию.

4.Жансыздандыру - 2мл 50% анальгин.

5. Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды физиологиялық жағдайда орналастыру. Аяқ жазылып, тізе буынында шамалап бүгілу қажет.

8.Бинтпен сау аяқтың саусақтарының үшынан иықтың ортасына дейін лонгетаның ұзындығын өлшеу.

9.Өлшеген ұзындық бойынша бинтті жайып, гипс шәшіп тегістеу.

10.Бинтті бүгіп қайталау, лонгетаның келесі басын конус тәрізді үлкейтіп гипсті шашу.

11.Осындай әдіспен 10-12 қабат жасау, лонгетаның ені аяқтың көлемінің 1/3 бөлігіндей болу қажет.

12.Таңғыш салынатын аймаққа май немесе вазелин жағу. Сүйектер сыртқа шығып көрініп тұрған аймақтарға мақта төсем салу.

13.Дайын лонгетаны «кітап» тәрізді жинап жылы суға малу. Ауасы шыққанша күтіп сығу.

14.Ұстелдің ұстіне лонгетаны жайып тегістеу.

15.Лонгетаны аяққа салып сырғанау әдіспен бинтпен бекіту.

16.Гипс кепкенде таңғышты алып тастау.

17.Қан айналымын бұзбау үшін лонгетаның шеттерін босату.

18.Циркулярды түрде лонгетаны шетінен ортасына қарай бинтпен бекіту.

19.Масақ тәрізді әдіспен сан буынын таңу.

Ескерту:

-гипстің сапасын тексеру;

-қан айналымының бұзыластырын бақылау үшін саусақтардың ұштары жабылмайды (ауыру, көгеру, ісіну);

-өзгерістер болған кезде дәрігерге қаралуын науқасқа ескерту;

-науқас хирургтің бақылауында болу қажет.

5.37. стандарт «Гипс таңғыш алудың техникасы»

Мақсаты: гипс таңғышты алу.

Көрсеткіштері: иммобилизация мерзімінің өтуі.

Ресурстар: тігіншінің қайшысы, Штиле қайшысы, Вольф қысқышы, Кнорр кеңейткіші, арнайы қайшы, арнайы пішақ, ара.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Таңылған аяқты арнайы түпқоймаға, ал қолды - ұстелге орналастыру.

4.Таңғышты арнайы қайшы немесе ара арқылы алып тастау. Штиле қайшысы арқылы алу:

-қайшының кесетін шетін гипспен оның астында ораналасқан шпательдің арасына еңгізу;

-бір қолмен үстіңгі түтқасын көтеру - кесетін бөлігі төмен қарай түседі;

-төменгі түтқасы арқылы кесетін бөлігін алға қарай жылжыту;

-екі қолды жақындатып таңғышты кесу.

Ескерту: гипс таңғышты алу кезде аяқ-қолды жарақаттан сақтау қажет:

1.Қыйғаннан кейін кесетін құралдың шеттерін екі жаққа айыру.

2.Аяқ-қолдан абайлап шетінен ұстап таңғышты алып тастау.

3.Теріні жұмсақ шүберекпен сабын қосылған жылы сумен жуу.

4.Жеке сулықпен құрғату.

5.Теріні вазелин майымен өндеу.

Ескерту: буын аймағындағы қиын алынатын таңғыштардың бөлігін гипертоникалық ерітіндімен жұмсарту.

5.38. стандарт «Транспорттық құрсау салудың ережелері»

Мақсаты: ауруханаға жеткізу мерзімінде жарақаттанған мүшені иммобилизациялау.

Көрсеткіштері: Аяқ-қолдың жарақаттары.

1.Құрсау 2 немесе 3 қатар орналасқан буынға салыну қажет.

2.Аяқ-қолды физиологиялық жағдайда орналастыру.

3.Киім, аяқкиім шешілмейді.

4.Ашық жарақат кезінде асептикалық таңғыш салу.

5.Терімен құрсаудың арасына жұмсақ төсем салу.

6.Зембілге алып-салғанда, қозғалтқанда жарақаттанған аяқ-қолды көмекші ұстайды.

7.Құрсаудың пішінін сау аяқ-қол арқылы жасап алады.

Ескерту: Шыққан буынды өздігінен салуға болмайды. Ашық сынық кезінде сынықтарды орнына келтіруге болмайды. Дұрыс жасалынбаған имобилизация қан-жүйке тамырларына зақым келтіру мүмкін. Қан тоқтататын бұрау ашық болу қажет. Суық ауа райы кезінде аяқ-қол жылы түрде болу қажет. Коматозды жағдай шокқа қарсы іс-шараларға кедергі емес.

5.39. стандарт «Иық сүйегі сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»

Мақсаты: иық сүйегі сынғанда транспорттық иммобилизация.

Көрсеткіштері: иықтың сынуы, шығуы.

Ресурстар: Крамер құрсауы, бинт, мақта, жансыздандыратын дәрмектер (2мл 50% анальгин), 2мл 1% димедрол, шприц, қайшы, зарарсыздандырылған қолғап.

Ескерту: Есіңде сақта! Құрсау салу 3 кезеңде өтеді.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Жарақаттанған қолды білек буынында тік бұрыш түрде бүгу. Білекті кеудеге басу.

9.Ені 11см, ұзындығы 120см Крамер құрсауын алу.

10.Құрсауды сау қол арқылы саусақтардың үштарынан білек буынына дейін өлшеп белгілеу.

11.Құрсауды белгілеген жерден тік бұрыш түрде бүгу.

12.Бүгілген құрсауды сау қол арқылы білек буынынан иық буынына дейін өлшеп белгілеу.

13.Құрсауды белгілеген жерден доғал бұрыш түрде бүгу.

14.Құрсауды денеге басу; шеті арқа арқылы сау жауырынға жету қажет.

15.Құрсаудың пішінін сау қол арқылы жасап алады.

16.Құрсауды жарақаттанған қолға салу.

17.Бинтпен сау жауырынға дейін бекіту.

18.Жақсы бекіту үшін үшкіл орамалмен таңу.

Ескерту:

-құрсаудың пішінін сау аяқ-қол арқылы, киімнің ұстінен жасап алады;

-иық, сан буындарында - 3 буынға, білек, жіліншік буындарында - 2 буынға қоса иммобилизация жасалынады.

- құрсаудың ішкі бетіне мақта салынып бинтпен бекітіледі.

5.40. стандарт «Білек сүйектері сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»

Мақсаты: тасымалдау иммобилизация.

Көрсеткіштері: иықтың сынуы.

Ресурстар: Крамер құрсауы, 2 бинт, мақта, орамал, шприц, қайшы, жансыздандыратын дәрмектер (2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол), зарарсыздандырылған қолғап, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Жарақаттанған қолды білек буынында тік бұрыш түрде бүгу. Білекті кеудеге басу.

9.Ұзындығы 80см, ені 8см Крамер құрсауын алу.

10.Құрсауды сау қол арқылы саусақтардың үштарынан білек буынына дейін өлшеп белгілеу.

11.Құрсауды белгілеген жерден тік бұрыш түрде бүгу.

12.Құрсауды сау қолға салып білезікпен білекті орналастыру (құрсаудың дайындығын анықтау).

13.Құрсауды саусақтардың шеттерінен иықтың жоғарғы 2/3 бөлігіне дейін қолдың артқы-сыртқы жағына салу.

14.Құрсауды бинтпен шиыршықты тәсілмен бекіту.

15.Бекітуді жақсарту үшін орамалмен таңу.

16.Қолғапты КБУ құйылған шөлмекке салу.

Ескерту:

-құрсау 2 буынға қоса бекітіледі - жарақаттан жоғары және төмен;

-білезік сүйектері сынғанда қол пронация түрінде домалақ көпшікке орналасады, алақанға мақтадан, дәкеден, бинттен жасалған валик қойылады;

-қолды валикпен қоса бинтпен бекітіп мойынға асу;

-құрсауды екі жағынан мақтамен орап бекіту.

5.41. стандарт «Жіліншік сүйектері сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»

Мақсаты: 3 құрсау арқылы тасымалдау иммобилизация.

Көрсеткіштері: жіліншік сүйектерінің сынуы, тізе буынының шығуы.

Ресурстар: 3 Крамер құрсауы, 2 бинт, мақта, орамал, шприц, қайшы, жансыздандыратын дәрмектер (2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол), зарарсыздандырылған қолғап, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты жатқызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқты орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Ұзындығы 80см, ені 8см екі Крамер құрсауын, ұзындығы 120см, ені 11см бір құрсауын алу.

9.Ұзын құрсауды сау аяқтың саусақтардың үшінан табанына дейін салу.

10.Табан аймағында тік бұрыш түрде бүгу.

11.Аяқты дайын құрсауға орналастыру:

-1-ші құрсау табаннан жіліншіктің артқы жағымен санның 1/3 бөлігіне дейін;

-2-ші - жіліншіктің сыртқы жағымен табанның сыртқы қырынан санның 1/3 бөлігіне дейін;

-3-ші - жіліншіктің ішкі жағымен табанның ішкі қырынан санның 1/3 бөлігіне дейін.

12.Құрсауды бинтпен шиыршықты тәсілмен бекіту.

13.Қолғапты КБУ құйылған шөлмекке салу.

Ескерту:

-құрсау 2 буынға қоса бекітіледі - жарақаттан жоғары және төмен;

-жіліншіктің 1/3 жоғарғы бөлігі, тізе буыны жарақаттанғанда құрсаудың жоғарғы шеті сан буынына дейін жету қажет;

-құрсаудың саны 3 кем болғанда құрсау аяқтың екі жағына немесе артқы жағына салынады;

-табан сүйектері сынғанда құрсау саусақтардың басынан жіліншіктің ортасына дейін салынады;

-құрсауды екі жағынан мақтамен орап бекіту қажет.

5.42. стандарт «Дитерихс құрсау салудың техникасы»

Мақсаты: сан сүегі сынғанда тасымалдау иммобилизация.

Көрсеткіштері: сан сүйекгінің сынуы.

Ресурстар: жұмсақ төсемдер, Крамер құрсауы, 2 бинт, мақта, Дитерихс құрсауы, шприц, қайшы, жансыздандыратын дәрмектер (2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол), зарарсыздандырылған қолғап, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты жатқызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқты орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Ұзындығы 120см, ені 11см Крамер құрсауын алу.

9.Құрсауды сау аяққа саусақтардың үшынан табанына дейін салу.

10.Табан аймағында тік бұрыш түрде бүгу.

11.Құрсауды аяқтың артқы жағымен белге дейін салу.

12.Табан бөлігін 8-тәрізді тәсілмен табанға бекіту (аяқкиім шешілмейді).

13.Құрсаудың сыртқы бөлігін бекіту: басы қолтық астында орналасады, шеті табаннан 8-10см төмен болады.

14. Құрсаудың сыртқы бөлігін табан бөлігінің темір құлақшасына еңгізу.

15.Құрсаудың ішкі бөлігін бекіту: басы шат арасында орналасады, шеті табаннан 8-10см төмен болады.

16. Құрсаудың ішкі бөлігін табан бөлігінің ішкі темір құлақшасына еңгізу.

17.Шығып тұрған сүйектердің үстіне аяқтың жұмсақ ұлпаларын қорғау үшін мақта салынады.

18.Құрсауды жіліншікке, санға, ішке, кеудеге бинтпен циркулярды тәсілмен бекіту.

19.Бұрауды созып, тартып құрсаудың сыртқы бөлігіне бекіту.

20.Қолғапты КБУ құйылған шөлмекке салу.

5.43. стандарт «Медициналық пневматикалық құрсауды салу»

Мақсаты: аяқ-қол сынған кезіндегі тасымалдау иммобилизация.

Көрсеткіштері: аяқ-қолдың сынуы.

Ресурстар: құрсау салынған пакет.

Ескерту: Құрсау мөлдір пластмасса қабыршақтан жасалған. Құрамы: 2-қабатты герметикалық қабықша, сыдырма ілгек, камераға ауа еңгізетін түтікшемен клапанды құрылғы; 3 көлемде шығарылады: 1-ші - білезікке, білекке, 2-ші - табанға, жіліншікке, 3-ші - тізе буынына, санға арналған.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Пакеттен құрсауды алу.

9.Сыдырма ілгекті ашу.

10.Құрсауды жайып абайлап жарақаттанған аяқ-қолдың астына келтіру.

11.Сыдырма ілгекті жабу.

12.Сағат тіліне қарсы әдіспен клапанды ашу.

13.Насос арқылы құрсауға (қатайғанша) ауаны еңгізу.

14.Сағат тілінің жүруі әдіспен клапанды жабу.

Ескерту:

-камера қысымы 40-50мм рт. ст. болғанда құрсау қатайып, тасымалдауға жарамды болады;

-құрсау қан айналымын бұзбайды;

-тез салынады, рентген сәулесін жақсы өткізеді.

5.44. стандарт «Алғашқы медициналық көмек көрсетуде жасалынатын жараның өндеуі»

Мақсаты: жараның микробты ластануын азайту.

Көрсеткіштері: жаралар.

Ресурстар: 2 пинцет, бикске салынған зарарсыздандырылған материалдар, антисептик ерітінділері, зарарсыздандырылған қолғап, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, 1% йодонат немесе 70% спирт, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты жатқызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

5.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

6.Жараның айналысын салфетканы пинцетпен алып 2 рет 1% йодонат немесе 70% спиртпен сүрту.

7.Жараның үстіне зарарсыздандырылған салфетканы салу.

8.Таңғыш материалды бекіту.

9. Қолғапты КБУ құйылған шөлмекке салу.

10.Науқасты ауруханаға жеткізу.

Ескерту:

-қан ағуды тоқтату;

-хирургия бөлімшесінің қабылдау бөлімінде сіреспеге, газды гангренаға қарсы егу;

-тістелген жара кезінде құтыруға қарсы егу, тіркеуге алу.

5.45. стандарт «Таңудың техникасы»

Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, сырттан түсетін микробтардан жараны қорғау.

Көрсеткіштері: жаралар.

Ресурстар:

1.3% сутегі асқын тотығы (фурациллин ерітіндісі, 0,5% калий перманганаты);

2.0,5% мұсатір спирт, 1% йодонат (немесе йодопирон, 1% жасыл бояғыш ерітіндісі), 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі;

3.пинцет, зарарсыздандырылған мақта шариктері, зарарсыздандырылған турундалар, салфеткалар, жабысқақ пластырь, бинт; КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолдарды тазалау.

2.Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

3.Ескі таңғышты пинцетпен бір шетінен екінші шетіне қарай тартып алып тастау.

4.Жабысқан таңғышты 3% сутегі асқын тотығы (фурациллин ерітіндісі, 0,5% калий перманганаты) арқылы жібіту.

5.Жараны, айналасын зерттеу.

6.Айналасындағы теріні құрғақ, кейін 0,5% мұсатір спиртке малынған шарикпен жараның шетінен сыртқа қарай сүрту.

7.Айналасындағы теріні 1% йодонат (немесе йодопирон, 1% жасыл бояғыш ерітіндісі), кейін 70% спиртпен сүрту.

Ескерту: аспаптың жарамен түйісетін бөлігіне қол тигізу болмайды!

8.Жараны ірің болса 3% сутегі асқын тотығына малынған шарикпен өндеу.

9.Жараны құрғату үшін 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунданы немесе тампонды жараға еңгізіп қалдыру.

10.Жаңадан таңғыш салу.

11.Желім, жабысқақ пластырь, бинт қолданып таңғышты бекіту.

12.Қолғапты КБУ шөлмекке салу.

5.46. стандарт «Операциядан кейін таза жараны таңу техникасы»

Мақсаты: жараны тексеріп асептикалық таңғыш салу.

Көрсеткіштері: операциядан кейінгі жаралар.

Ресурстар: зарарсыздандырылған лоток, зарарсыздандырылған қолғап, зарарсыздандырылған таңғыш материалдар, пинцеттер, 1% йодонат, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолдарды тазалау.

2.Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

3.Ескі таңғышты алып тастау.

4.Тігістің айналасын қолмен тексеру.

5.Тігісті 1% йодонатқа малынған салфетканы пинцетпен үстап құрғату әдіспен өндеу.

6.Жараның үстіне зарарсыздандырылған пинцетпен құрғақ салфетка салу.

7. Желім, жабысқақ пластырь, бинт қолданып таңғышты бекіту.

8.Қолғапты, қолданған инструменттерді, таңғыштарды КБУ шөлмекке салу.

5.47. стандарт «Іріңді жараны таңу техникасы»

Мақсаты: жарада антисептиканы сақтау.

Көрсеткіштері: іріңді жара.

Ресурстар: зарарсыздандырылған лоток, зарарсыздандырылған қолғап, зарарсыздандырылған таңғыш материалдар, пинцеттер, астауыш зонд, шприц доғал инемен, жалпақ резеңке дренаждар, антисептик ерітінділері, жаракеңейткіштер, 3% сутегі асқын тотығы, 1% йодонат, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолдарды тазалау.

2.Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

3.Ескі таңғышты алып тастау.

4.Жарадан пинцетпен жалпақ резеңке дренажды алып тастау.

5.Пинцетпен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы алып жараның айналасын өндеу.

6.Пинцетпен салфетканы ұстап жараның айналасын құрғату.

7.Пинцетпен 1% йодонатқа малынған салфетканы алып жараның айналасын өндеу.

8.Зонд немесе жаракеңейткіш арқылы жараны зерттеу.

9.Доғал инесі бар шприцпен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен жараны жуу.

10.Пинцетпен салфетканы алып жараны құрғату.

11.Қолданған инструменттерді арнайы шолмекке салу.

12.Пинцетпен 1% йодонатқа малынған салфетканы алып жараның айналасын өндеу.

13.Пинцет және зонд арқылы жалпақ резеңке дренажды еңгізу.

14.Антисептикке малынған салфетканы жараның үстіне салу.

15.Клеол, жабысқақ пластырь, торлама немесе бинт арқылы таңғышты бекіту.

16.Қолданған инструменттерді, қолғапты, таңғыш материалдарды бөлек КБУ шөлмектерге салу.

5.48. стандарт «Сіреспеге қарсы өзгеше алдын алуын жүргізу»

Мақсаты: шұғыл түрде сіреспеге қарсы өзгеше алдын алуын жүргізу.

Көрсеткіштері: жаралар, 2-3 деңгейлі күйік, ұсік, т.б.

Ресурстар: зарарсыздандырылған қолғап, зарарсыздандырылған таңғыш материалдар, шприц, сіреспеге қарсы анатоксин, сіреспеге қарсы адамның иммуноглобулині (немесе сіреспеге қарсы сарысу), КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолдарды тазалау.

2.Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

3.Теріні 70% спиртпен өндеу.

4.Білектің сыртқы жағына тері ішіне 0,1мл 1:100 пропорцияда езілген сіреспеге қарсы сарысуды еңгізу.

5.20минуттан кейін бақылау: төмпешіктің көлемі 0,9мм дейін болса - нәтиже теріс, 0,1мл сіреспеге қарсы сарысу тері астына еңгізіледі; 20минуттан кейін - қалған дозасы (барлығы 3000МЕ).

6.1сағат науқас бақылауда болады.

7.Қолданған инструменттерді, қолғапты, таңғыш материалдарды бөлек КБУ шөлмектерге салу.

Ескерту:

-сіреспеге қарсы өзгеше алдын алу іс-шаралар сезімталдығы анықталғаннан кейін өткізіледі;

-емдік мақсатпен сіреспеге қарсы сарысу аурудың алғашқы сатысында 100 000-200 000МЕ мөлшерде еңгізіледі;

-сарысу тері ішіне немесе жұлын каналына еңгізіледі;

-аурудың барысына қарай сарысу рефлекторлы құрысу жойылғанша еңгізіледі.

5.49. стандарт «Теріге тігіс салу техникасы»

Мақсаты: жараның шеттерін түйістіру.

Көрсеткіштері: жара.

Ресурстар: 1,5% йодтың спирт ерітіндісі (балаларға - жасыл бояғыш), зарарсыздандырылған таңғыш материалдар, клеол, жібек №3 и №4, инеұстағыш, теріге арналған кесетін инелер, хирургиялық пинцеттер, корнцанг, қайшы, зарарсыздандырылған лоток, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолдарды тазалау.

2.Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

3.Жараның айналасындағы теріні антисептикке малынған шарикпен жараның шетінен сыртқа қарай өндеу.

4.Вишневский әдісімен жансыздандыру.

5.Инеұстағышпен теріге арналған №3 и №4 жібекпен сабақталған кесетін инені ұстау:

-инеұстағышты қолға алу;

-инеұстағышпен инені ұшын өзіңе және жоғары қаратып иненің көзіне жақын жерден көлденең ұстау;

-жіпті алып, бір шетін инеұстағыштың тұтқасына жақындатып, екінші шетін иненің үшын айналып көзіне еңғізу.

6.Пинцетпен жараның шетін терімен, тері асты май қабатымен қоса ұстау.

7.Жараның шетінен 3-4мм сыртқа қарай теріні тік бұрыш түрде инемен тесу.

8.Инені қарсы жақтан шығару.

9.Инеұстағышпен инені алып шығу, жіп денеде қалады.

10.Жіптің үшын жараның шеттері түйіскенше тартып 3 түйін жасап байлау.

11.Келесі тігістердің аралығы - 1,5 см (қатты тартуға болмайды).

12.Жараның шеттерін пинцетпен тегістеп, 1-1,5см шеттерін қалдырып жіпті кесіп тастау.

13.Тігісті антисептикпен өндеп, антисептикалық таңғыш салу.

14.Қолданған инструменттерді, қолғапты, таңғыш материалдарды бөлек КБУ шөлмектерге салу.

5.50. стандарт «Түйінді тігіс алудың техникасы»

Мақсаты: түйінді тігісті алу.

Көрсеткіштері: жараның біту сатысы.

Ресурстар: йодонат, 70%спирт (балаларға - жасыл бояғыш), зарарсыздандырылған таңғыш материалдар, зарарсыздандырылған салфеткалар, хирургиялық пинцеттер, анатомиялық пинцеттер, корнцанг, қайшы, зарарсыздандырылған лоток, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолдарды тазалау.

2.Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

3.Науқасты жатқызып, іс-шаралардың негізін түсіндіру.

4.Таңғышты шешіп жараны көзбен шолу.

5.Таңғыш жараның үстінен пинцет немесе ұстағыш арқылы алынады.

6.Тері мен тігісті йодонатпен, 70%спиртпен немесе жасыл бояғышпен өндеу.

7.Анатомиялық пинцетпен жіпті ақ түсті бөлігі шыққанша тарту.

8. Ақ түсті бөлігінен жіпті қиып тастау.

9.Осындай әдіспен барлық жіптерді алып тастау.

10.Тігістің орынын йодонатпен өндеу.

11.Үстіне асептикалық салфетка салып бекіту.

12. Қолданған инструменттерді, қолғапты, таңғыш материалдарды бөлек КБУ шөлмектерге салу.

Ескерту:

-тігіс жара жазылғанда (7 күн өткен соң) алынады,

-тігіс алу техникасы дұрыс сақталмаса, асқыну болу мұмкін - лигатурный свищ.

5.51. стандарт «АВС жүйемен жүрек-өкпе реанимация жүргізу техникасы»

Мақсаты: жандандыру, журек-өкпе жұмысын қалпына келтіру.

Көрсеткіштері: клиникалық өлім.

Ресурстар: дәкеден жасалған салфеткалар.

Іс алгоритмі:

1.Көзбен тыныс алмауын анықтау.

2.Есі жоғын анықтау (абайлап қозғау немесе дауыс беру).

3.Ұйқы артериясында соғу болмауын анықтау.

Ескерту: 2, 3 манипуляциялар қоса өткізіледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5559 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2406 - | 2286 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.