Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұмыс орындары микроклиматының параметрлері, олардың организмге әсер етуі, қолайлы метеожағдайлар жасау әдістері




 

Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық жағдайы температурамен, ылғалдылықпен, қысыммен, қозғалысымен және сәулеленуімен мінезделеді. Осы факторлардың әр түрлі қосынды мөлшері жұмысқа жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.

Микроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.

Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі.

Микроклимат жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады. Ауаның қатысты ылғалдығын стационарлы немесе аспирационды психрометрлермен өлшейді. Психрометр құрылысы құрғақ және дымқыл термометрлерден тұрады (дымқыл термометр резервуары ылғалды ортада орналасады). Термометрдің әр түрлі көрсеткіштерінің сандық мәндері мен психометриялық кестені қолдану арқылы ауа ылғалдылығы анықталады. Цехтағы жұмысшы аймақтың микроклиматының оптималды параметрлері жұмыс күрделігінің категориясына және жыл мезгілінің қарастырылуына тәуелді. Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады, сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі. МЕСТ 12.1 005-88 бойынша микроклимат нормалары белгіленеді және алынады.

Микроклимат сыртқы қоршаған ортаның климаттық және табиғи жағдайларымен өте тығыз байланысты. Оның жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады.

Микроклиматтың нормалық негіздемелері

Ет өнеркәсіптеріндегі цехтың жұмысшы аймағындағы температура нормалары, ауаның қатысты ылғалдығы және қозғалысының жылдамдығы кестеде келтірілген.

1-кесте.

Өндірістік ғимарат.   Жұмыс күрделігі нің категор-иясы. Оптималды Мүмкіндік Жұмыс істелмейтін орында ғы ауа ның мүмкін дік температурасы, .
Ауа Температура- сы, . Ауа-ның қат-ысты Ылғалдығы, %. Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с. Ауа температурасы, . Ауа-ның қат-ысты ылғалдығы, %. Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.
  Жылдың суық және өтпелі мезгілі (ішкі ауа температурасы төмен).
Жылуы молырақ өндірістік ғимарат (23 Вт/м3 көбірек). Орта ауырлықты. 17 – 19. 60 – 30. 0,3 көп емес. 16 – 22. 75 көп емес. 0,5 көп емес. 15 – 24.  
Жылдың жылы мезгілі (ішкі ауа температурасы және артық).

 

 

Жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы (МЕСТ 12-1-005-88 «Жұмыс орнындағы ауа»)

 

2-кесте. Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары

 

Жыл мезгілдері Жұмыс категориясы Температура, С0 Салыстырмалы ылғалдылық,% Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
Суық және көшпелі жыл мезгілі   сыртқы ауаның температурасы +100С-дан төмен болған мезгіл жеңіл -І орта ауырлық ІІа   орта ауырлық ІІб ауыр ІІІ 20-23   18-20     17-19 16-18 60-40   60-40     60-40 60-40 0,2   0,2     0,3 0,3
Жыл уақыты   Сыртқы ауаның t+100С және одан жоғары болған мезгіл жеңіл -І   орта ауырлық ІІа   орта ауырлық ІІб ауыр ІІІ 22-25     21-23     20-22 18-21 60-40     60-40     60-40 60-40 0,2     0,3     0,4 0,5

 

 

І категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты жұмысты шектеу (ккал/с). Жұмыс категориясын жұмыскердің энергия жұмсауына қарай салалық, нормалық құжаттарға сәйкестендіріп анықтайды. Жеңіл физикалық жұмыстар (І категория) - отырып, тұрып және жүріп жасалатын жұмыстар, бірақ, үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін жұмыстар (150ккал/с,172Дж/с).

ІІ категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар; түрлі жұмыстар.

Ал энергия шығымы 150 ден 200 ккал/с (172-232 Дж/с)- ІІа категорияға және 200-ден 250-ге ккал/ч (232-293 Дж/с) - ІІб категориясына жатады.

ІІа категориясына үнемі жүретін, үнемі тұрып және отырып істейтін, бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.

ІІб категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе таситын (10 кг дейін) жұмыстар жатады.

ІІІ категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш жұмсап, 10 кг-ден артық ауыр жүк көтеріп, таситын жұмыстар жатады. (250ккал/ч.293Дж/с)

 

 

3-кесте.

Өндірістік бөлмелердегі суық және көшпелі жыл уақытындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды нормалары

 

Жұмыс категориясы ауа температурасы, 0С салыстырмалы ылғалдылық, %, көп емес ауа қозғалысының жылдамдығы м/сек көп емес Ауа температурасы, тұрақты жұмыс орнынан басқа 0С
Жеңіл -І   Орта ауырлық – ІІа   Орта ауырлық – ІІб   Ауыр -ІІІ 19-25   17-23   15-21   13-19       0,2   0,3   0,4   0,5 15-16   13-24   13-24   12-19

 

Бақылау сурақтары:

1. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын ауа ортасының қандай параметрлерімен анықтайды?

2. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.

3. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай аталады?

4. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?

5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын анықтау және оған мән берудің мақсаты?

6. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.

7. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2321 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2304 - | 2154 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.