Қабылдау,тасымалдау, сақтау мен өңдеу туралы сұрақтарды шешу кезінде балықтың физикалық қасиеттері есепке алу керек – денесінің өлшемі мен формасы, тығыздығы мен шашыратпалы массасын, сырғынау бұрышы мен әртүрлі материалдарға байланысты сырғанау коэфицинетін, соынмен қатар термикалық касиеттерін – жылу өткізгіштігін, температура өткізгіштігі мне т.б.
Балық денесі әртүрлі формада болуы мүмкін – жалпақ, жел тәрізді, оқ сияқты. Ол оның тіршілік ету шарттарына байланысты болып табылады.
Балық денесі бастан, денесіне, құйрық бөліші мен жүзбе қанаттарынан тұрады. Балқы терісінде қабыршақтар болады, бекіре тұқымдастардың денесі сүйек текті қабыршақтармен және дәндермен қапталған. Терінің беткі қабатында клеткалар болады, олар шырыш бөледі, ол балықтың қозғалуына көмектеседі және оны микроорганизмдер мен зиянды заттардан қорғайды.
Баолық тканьдер мен органдар былай бөлінеді: жеуге жарамды – ет, бауыр, суттер, уылдырық; және жеуге жарамды емес – қабыршақ,жүзбе қанаттары, сүйектері, ішкі органдар. Жеуге жарамды бөлігі 50 ден 80% дейін болуы мүмкін.
Балықтарды қаңқасының құрылысына қарай шеміршекті және сүйекті деп бөледі. Шеміршектіге бекіре тұқымдастар мен миногтар жатады, ал сүйектіге – балықтың қалған түрлерінің барлығы жатады.
Балықтың ұзындығы туралы оның денесінің ұзындығы мен массасына қарап айтады. Денесінің ұзындығын тік сызық бойынша аузының алдыңғы бөлігінен бастап құйрық жүзбе қанаттырынң ортаңғы сәулелерінің алдыңғы бөлігіне дейінгі аралықта есептейді. Кейбір жағдайларда болықтың толық ұзындығын есептейді – ауызының алдыңғы бөлігінен бастап балық құйрығының сәулелерінің шеткі нүктелерін байланыстырып тұратын екі нүктенің қосылған жеріне дейінгі аралық.
Салыстырмалы салмақ – балықтың салмағының оның көлемніе қатынасы.
Балықтың көлемді немесе үйме салмағы – бұл балықтың кг – ғы немесе тоннадағы көлем бірлігіндегі массасы (кубтық метр). Балықты тұздау немесе сақтау сиымдылықтарына салмас бұрын қабылдау цехтарының аудандарын білу керек, сонымен қатар тасымалдау құралдары мен балықты қаптау құралдарының есептеулерін білу керекк.
Балықтың ауырлық күшінің орталығы денесінің алдыңғы бөлігінде орналасады, басына жақын аймақта, сол себепті құлаған кезде немесе қисық бетте ауысу кезінде балық басы алдыға қарап орналасады.
Табиғи құлама бұрышы балықтың массасын горизотальды ауданға орналастыру барысында пайда болады. Ол балықтың түрі мен жағдайына байланысты болады (10 – 60 градус). Ол тегіс беттер ауданын есептеуде, тасымалдаушы мег балықты тасымалдау кезінде қажет.
Сырғанау бұрышы – бұл жазық беттің қисаю бұрышы, ол кезде оның үстіне қойылған балық ауырлық күшінің әсерінен төменге қарай сырғанай бастайды. Үйкеліс коэфициенті сырғанау бұрышының тангенсі болып табылады. бұл көрсеткіштер балықтың түріне, оның өлгеміне, жағдайныа, жазық бет жасалған материалға, жазық юеттің жағдайына (кебу немесе дымқыл) байланысты болады. Бұл көрсеткіштерді білу балықты өңдеу мен оны тасымалдауға арналған механизмдерді жасау кезінде қажет.
Балық етінің консистенциясы балқы сапасын анықтау кезінде және механикалық жұмыс кезіндегі жұмсалатын күшті есептеу үшін қажет. Оның консистенциясы туралы балық етінің қаттылығына қарап айтады.
Жылу сиымдылығы – балық денесінің температурасын 1 С – ге көтеру немесе түсіруге қажетті болатын температура. Жылусиымдылықты кдж/кг.град немесе ккал/кг.град есептелінеді. С балықтың Т жылусиымдылығы оның химиялық құрамына тәуелді болады және оның құрамына кіретін заттардың жылу сиымдылығына тәуелді болады (су – 4,18 кдж/кг.град; май – 2,075; белок пен минералды тұздар – 1,505).
Жылуөткізгіштік – балықты жылыту немесе суыту кезінде балықтың жылуды өткізу қабілеті, ол балықтың түрлі қабаттарындағы температураға қарамастан балық денесінің бір қабаты арқылы беолігі бір уақыт аралығындағы өткен температураға байланысты.
Температура өткізгіштігі – балықты жылыту немесе суыту кезіндегі балық температурасының өзгеру жылдамдығы. Ол балықтың жылу өткізгіштігіне, жылу сиымдылығына және салмағына байланысты.
Балықтың электрлік қасиеттері электрлі еріту немесе электрлі қатыру кезінде қажет. Ең жақсы зерттелгені электрлі қарсы тұру.