Негізгі:
1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика: Учебник для магистратуры университетов. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 328 с.
2. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –Алматы: АГУ им.Абая, 2003. -160 с.
3. Мынбаева А.К. Основы педагогики высшей школы: Учебное пособие. – Алматы, 2010. – 171 с.
4. Кредитная система обучения в вузе. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 180 с.
5. Пионова Р. Педагогика высшей школы. – Минск: Университетское, 2002.
6. Педагогика и психология высшей школы. – Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с.
Қосымша:
1. Архангельский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе.- М., 1995.
2. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя.- Алматы, 1995.
3. Виленский М.Я., Образцов П.И., Уман А.И. Технологии профессионально-ориентированного обучения в высшей школе. – М.: Изд-во Российского педагогич. Общества, 2004. – 192 с.
4. Закон РК «Об образовании». Государственная программа развития образования в Республике Казахстан до 2020 годы // http:// www.edu.gov.kz
5. Загвязинский В.И. Дидактика высшей школы. Текст лекций. Челябинск, 1990.
6. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и приемы обучения в высшей школе. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 122 с.
7. Концепция развития системы образования РК до 2015 г, 2004.
8. Кожахметова К.Ж.,Таубаева Ш.Т.,Джанзакова Ш.И. Методолгия общей и этнической педагогики в логика –структурных схемах: учебно-методическое пособие для студентов учебных заведений, магистрантов, аспирантов и докторантов в области педагогики. –Алматы, 2005. -174 с.
9. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения или Как интересно преподавать. – Алматы, 2010. – 344 с.
10. Морева Н.А. Технологии профессионального образования. – М.: Академия, 2005. – 432 с.
11. Национальные системы образования: общая характеристика, структура. – Алматы: РОНД, 2004. – 160 с.
12. Реформы образования в современном мире. Глобальные и региональные тенденции. М.,1995.
13. Оконь В. Введение в общую дидактику. М., 1990.
14. Основы педагогики и психологии высшей школы. / Под.ред. А.В. Петровского. М., 1986.
15. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. АГУ им.Абая, 2001.
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өңдеудің негізінде елбасының 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауы жатыр. Елбасы біздің еліміз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуы керек деген салмақты ой айтып, қоғамымыздың кез-келген мүшесі барлық салалар бойынша дамуды қарқын-датуға ат салысуы қажет екендігін баса айтты.
Қазақстан осы мақсатты жүзеге асыру үшін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын құрды. Ол бағдарламада келесі мақсаттар қойылды:
- сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- қоғамды ары қарай демокра-тияландыру негізінде ұлттық білім беру жүйесінің қызмет етуінің нормативті базасын жүзеге асыру;
- қазақстандық патриотизмге, толе-ранттыққа, жоғары мәдениетке және адамның еркіндігі мен құқығын сыйлауға тәрбиелеу;
- мемлекеттік тілді пәрменді дамыту;
- отандық дәстүр, дүниежүзілік тәжірибе және бірқалыпты даму негізінде білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту;
- орта жалпы білім беруде 12-жылдыққа көшу;
- кадрларды дайындау және кәсіби білім беру жүйесін ББКХС (білім беруді классификациялаудың халықаралық стан-дарты) көрсеткіштеріне сай қайта құру;
- кадрларды дайындаудың біртұтас үш деңгейлі моделін құру;
- экономиканың барлық салалары үшін жоғары квалификациялы және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау сапасын жоғарылату;
- білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
- ортақ білім беруді ақпараттандыру ортасын қалыптастыру;
- білім беру үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
- білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялау;
- білім беру сапасын жоғарылату үшін экономика секторларының ресурс-тарын тарту механизмін құру;
- білім беру менеджерлерін дайындау, педагогикалық қызметтегі адам-дардың әлеуметтік статусын көтеру;
- көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесіндегі мемлекеттік, қоғамдық және даралық қызығушылықтардың балансын қамтамасыз ету.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – көпдеңгейлі білім беру жүйесін модернизациялау, яғни, басқарудың әлдеқайда тиімдірек жүйесін құру. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден бір жолы – мектептердің 12 жылдық орта білім беруге, ал жоғары оқу орындарының кредиттік жүйеге көшуі деп білеміз. Әрине, мектептер әлі күнге дейін осы тиімді жолды жүзеге асыруға толығымен дайын болмағандықтан, бұл жүйені мектеп тәжірибесіне енгізу жылдан жылға шегеріліп, бірқатар мектептерде ғана қолданыс тауып келеді десек те болады. Ал ЖОО жаппай кредиттік жүйемен жұмыс істеуге көшті.
Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2005-2006 оқу жылынан бастап кредиттік технология негізінде бакалаврлар мен магистрларды дайындау жүзеге асырыла бастады. Себебі, дәл осындай білім беру бағдарламаларын меңгеру мазмұны мен сапасын бағалау жүйесі студенттердің оқуын ұйымдастыру үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ауыз толтырып айтып отырған кредиттік жүйе туралы біреулер хабардар болса, енді біреулерге ол жаңалық болуы да мүмкін. Сондықтан төменде ЖОО қолданыс тапқан оқытудың кредиттік жүйесі туралы біраз мағлұмат бере кету орынды болар еді.
Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білімді кредит түрінде есепке алу және оқу үрдісін түртіп белгілеу шектеуі негізінде өзін-өзі білімдендіру және білімді шығар-машылықпен меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған білім беру жүйесі.
ЖОО оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
- барлық отандық білім беру жүйесін оқытудың дүниежүзілік жүйесіне бірік-тіруді жеделдету;
- білім беру стандарттарын жоспар-лау икемділігін талаптармен ыңғайлап біріктіру;
- оқу пәнін таңдаудың академиялық еркіндігі;
- әдістемелік құжаттардың бірыңғай жүйесін құру және оны үнемі жетілдіру;
- баллдық және әріптік бағалауға көшу;
- академиялық профессор, профес-сордың ассистенті сияқты профессорлық-оқытушы құрамының жалпы дүниежүзі бойынша мойындалған қызметтерін енгізу, сонымен қатар арнайы академиялық қызмет – тіркеуші кеңсесін (офис регистратора) құру;
- кафедраның оқу жүктемесін жоспарлау үшін жаңа негіздер құру;
- оқу үрдісін ұйымдастырудың принциптерін өзгерту;
- студенттер ұжымын, топтарын қалыптастырудың механизмін жетілдіру;
- оқу үрдісін ақпараттандыру деңгейін көтеру;
- базалық оқу курсы бойынша студенттерді электронды немесе баспа түріндегі оқулықтармен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету.
Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының оқытудың кредиттік жүйе-сіне көшуінің басты себептері бар. Жаңа жүйенің негізгі сипаттары төмендегідей:
1) басқа мемлекеттердің білім беру ресурстарын қолдануға мүмкіндіктің бо-луы;
2) оқуды басқа елдің оқу орын-дарында жалғастыруға және аяқтауға мүмкіндіктің болуы;
3) оқу жүктемесінің көлемі кредит-пен өлшенуі;
4) жазғы семестрдің болуы;
5) студенттердің өзіндік жұмыс-тарының рөлі мен тиімділігінің күшеюі;
6) таңдау еркіндігі (студент оқыту-шыны, өзінің оқу траекториясын таңдауға құқылы);
7) жеке оқу жоспарының икемділігі;
8) жинақтаушы функцияның ыңғай-лылығы, ЖОО-да, одан кейінгі кәсіби білім алуда жиналған кредиттер санының есебінің өсуі.
Оқытудың кредиттік жүйе бойынша ұйымдастырылуы кезінде студенттердің білімдерін бағалау шкаласы өзгерген. Студенттердің білімдері әріптік бағамен және оның сандық эквивалентімен бағаланады да, ол пайыздық көрсеткішпен анықталады.
Сонымен қатар кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде көптеген жаңа ұғымдар мен терминдер кездеседі. Соның бірі – тіркеуші кеңсесі (офис регистратора). Тіркеуші кеңсесі – оқушының оқу үлгерімі жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеп отыратын қызмет. Ол қабылдау комиссиясы базасы негізінде құрылады. Оған деканат жұмысының біраз функциялары тапсырылады. Тіркеуші кеңсесінің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- академиялық күнтізбені (календарь) құрып, оның уақытында орындалуын бақылау;
- қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
- оқу пәндеріне тіркеп жазу;
- академиялық топтар қалыптастыру;
- алғашқы білімдерін тексеру тіліктерін ұйымдастырып өткізу;
- қорытынды бақылауды (аралық аттестацияны) ұйымдастыру және өткізу;
- қорытынды мемлекеттік аттес-тацияны ұйымдастыру мен өткізуді қадағалау;
- студентердің жеке бас іс қағаздарын сақтау;
- транскрипт толтыру және оған алынған бағаларды енгізіп отыру;
- инаугурацияларды ұйымдастыру және өткізу.
Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша осындай функцияларды атқара отырып, тіркеуші кеңсесі төмендегідей құжаттар пакетін безендіреді:
- академиялық күнтізбе (календарь);
- қабылдауға арналған құжаттар (қабылдауға арналған өтініш, әңгімелесу (собеседование) парағы, құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат);
- оқу пәндеріне тіркеу (жеке оқу жоспарын қалыптастыру);
- ведомосттер;
- курстық жұмысты қорғау ведомості;
- қорытынды бақылау ведомості;
- курстық жобаны қорғау, емтиханды тапсыру туралы жеке ведомості;
- қорытынды мемлекеттік аттестация бойынша құжаттар;
- транскрипт.
Жаңа технология жағдайында оқытушылардың, кураторлардың функция-ларын тьютерлер мен эдвайзерлер атқа-ратын болады.
Тьютерлердің міндеттері:
- толыққанды білім алуға көмек көрсету;
- үлгерімін жүйелі бақылауды жүзеге асыру;
- орындаған тапсырмалар бойынша қажетті кері байланысты қамтамасыз ету;
- топтық және жеке консультациялар өткізу;
- оқуға деген қызығушылығын қолдау.
Эдвайзердің міндеттері:
- білім беру бағдарламасын меңгеру мен оқытудың жеке өз траекториясын анықтауда көмек көрсету;
- студенттердің қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін айқындау;
- қандай да бір пәнді таңдау кезінде консультация өткізу;
- жеке оқу жоспарын құру кезінде студентке көмектесу;
- студенттердің үлгерімдері мен академиялық статустарына байланысты сұрақтарды қарастыру кезінде эксперттік комиссия жұмысына қатысу;
- білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыру;
- типтік оқу жоспарымен және элективті пәндер каталогымен таныстыру;
- кредиттер санымен және оларды меңгеру тәсілдері туралы түсіндіру.
Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақтардың формалары мен әдістері, тәсілдері дәстүрлі оқытудан өзгеше болып келеді. Осы технологиямен жұмыс істейтін көптеген АҚШ университеттерінде лекция және семинарлар нақты бөлінбейді. Сабақтың формасын таңдау – тек оқытушының құқығы мен міндеті. Оны академиялық еркіндік деп те атауға болады. Ал кафедраларда қандайда бір тақырыпты өту кезінде сабақты қандай формада өткізуге болады, соған байланысты нұсқаулар мен дәстүрлер болуы мүмкін. Кредиттік жүйе негізінде оқытудың белсенді формаларын қолдануды ұйғарады. Себебі тек сондай сабақтарда оқытушы мен студенттер тығыз байланыс, яғни қарым-қатынас жасай алады.
Қазақстанда бакалавриаттың білім бағдарламасы енгізілген. Ол 4 жыл жоғары оқу орнында оқуды көздейді. Бакалавр-иаттың бағдарламасы жалпылай екі бөлім-нен тұрады: пәндер бойынша кредиттік сағаттар (міндетті және таңдау бойынша пәндерді қоса) және мамандық бойынша кредиттік сағаттар (міндетті және таңдау бойынша пәндерді қоса). Таңдау курстарын білім алу сферасына қарай университет өзі белгілейді. Яғни, студент сол немесе басқа курсты таңдауға мүмкіндік алады, ал университет кредиттік сағат санын өз бетінше белгілейді.
Оқытудың барлық кезеңінде қам-тылған жаппай барлық курстар студенттің транскриптіне енгізіледі. Студент бакалавриатты университеттің талабындай 128 кредитпен емес, 140-150 кредит жинақтап аяқтауына да болды. «Жинақтау» деген сөздің астары пәнді жетістікпен бітіріп, сол пәнге қатысты оқытушының барлық талаптарын орындау мен емтихан тапсырып, қажетті өту бағасын алуды меңзейді. Сонымен қатар студент университет белгілеген қандайда бір белгілі ортақ балды ұстауы керек. Егер студенттің білім деңгейінің көрсеткіші төмендей бастаса, университет оны қосымша семестрге қалтырады немесе бірден ЖОО-дан шығарып жіберуге құқылы.
Кредиттік сағат көптеген университеттерде 50 минутқа теңес-тірілген. Егер курс 4 кредиттен тұратын болса, онда оқытушы студенттермен аптасына 4 рет, бүкіл семестр бойы 200 минут кезедеседі екен.
Кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде студенттердің өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту, мобильді кері байланыс жүйесін (студент↔оқытушы) құру принциптері ескеріледі.
Біздің Қазақстан-Американдық еркін университетінде кредиттік жүйе бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалуда. Жаңа жүйемен жұмыс істеуге қажетті құжаттар, яғни, негізгі оқу курстары мен таңдау курстары кірістірілген оқу жұмыс жоспарлары, академиялық күнтізбе, оқытушыларға арналған пән бағдар-ламалары, силлабустар, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ережесі, мұғалімдер мен студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар өңделді. Жаңа технологияның өміршеңдігі оқытушылардың ақпараттандырылу дең-гейінің көрсеткішіне байланысты екендігі белгілі. Университетте жаңа педагогикалық технологияны және оқытудың жаңа әдістерін, студенттердің танымдық әрекеттерін белсендіру құралдарын енгізу, студенттердің жеке және өзіндік дайындықтарын күшейту тиімділігі үшін әдістемелік семинарлар ұйымдас-тырылған. Ол аптасына бір рет жүргізіліп отырады. Осы семинарлар кезінде жаңа педагогикалық технологияны енгізудің рефлективті-коррекциялық функциясы жүзеге асып отырады. Оқытушылар кредиттік технологиямен жұмыс істеу барысында кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, оны жоюдың жолдары талқы-ланып, сараланады. Сондай қиыншы-лықтардың бірі – кредиттік жүйе сипа-тының маңыздысы болып саналатын студенттердің өзіндік жұмысын ұйым-дастыру. Себебі, барлық студенттер өз бетімен білім алуға дайын болмай шығады. Оның да өзіндік себебі бар десек те болады: көптеген мектептер әлі күнге дейін оқушыларға дайын білім берумен шектелген, сондықтан балалар өз бетімен білім алуға дағдыланбаған. Әсіресе ауыл мектептерінен шыққан түлектердің қала мектептерін бітірушілермен салыстырғанда өзіндік білім алу деңгейлері төмендеу болып келеді. Оның шешімі – еліміздің барлық мектептерінің 12 жылдық орта білім беруге көшуі және мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды өз сабақтарында тиімді қолданулары деп ойлаймыз. Қазіргі кезде оқушылардың өз бетімен білім алу қабілетін арттыратын бірқатар жаңа технологиялар мен әдіс-темелер бар. Олар:
1) Дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, В.В. Давыдов-Д.Б. Эльконин, В. Репкин);
2) Проблемалық оқыту;
3) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы;
4) Өзін-өзі тәрбиелеу бадарламасы;
5) Өзіңді тану бағдарламасы (С.А. Назарбаева);
6) Қ. Бітібаеваның авторлық әде-биетті оқыту технологиясы;
7) Оза түсіп оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова);
8) Даралап оқыту (И. Унт, А.С. Границкая, А.А. Кирсанов, В.Д. Шад-риков);
9) Оқытудың ұжымдық тәсілі (А.Г. Ривин).
Осы аталған жаңа технологиялар көптеген қала мектептерінде қолданылып жүр. Оның нәтижелерін студенттердің іс-әрекеттерінен анық байқауға болады. Солардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы мен Қ.Бітібаеваның авторлық әдебиетті оқыту технологиясы, дамыта отырып оқыту әдістемесі ең тиімділерінің қатарынан көрінеді.
Сонымен, ойымызды қорытындылай келе, мектептің дамуы, оның оқу-тәрбие жұмысының кейбір бағыттарының жетілуі, инновациялық үрдіс ретінде жүзеге асады демекпіз. Олай болса, мектеп, мұғалімдер ұжымы жаңа, нәтижелі технологияларды өз тәжірибелерінде қолдана отырып, ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алу дағдыларын арттыруға баса көңіл аударса демекпіз. Себебі, мектептен кейін аяқ басатын ЖОО кредиттік жүйемен жұмыс істейтін болғандықтан, ондағы басты талап студенттердің өз бетімен білім алуға қабілетті болулары. Егер, мектеп ↔ ЖОО байланысын дұрыс, мақсатты ұйымдастыра білсек, қоғамымыздың білім беру саласы бойынша алда тұрған мақсаттары мен міндеттерін тиімді шеше аламыз деп ойлаймыз.
ДЕБИЕТТЕР
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. Учебное пособие. – М., 1998.
2. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы –креативті технологиялар. - Өскемен., 2005.
3. Основы кредитной системы обучения в Казахстане /Под ред. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарника. – Алматы, 2004.
4. Кредитная система обучения в вузе: структура, процедуры и организация. – Алматы, 2004.
Оқыту пәндерінің модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;
2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі (пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;
3) пәннің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);
4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.
Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.
Модульдің қорытынды бақылау компоненті кешенді емтихан нысанында (сұрақ) немесе өзіндік емтихан нысанында (реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба)) өткізіледі.
Қазақстандық жоғары білім берудің
стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің
жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру
үрдісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына
сәйкес келтіру болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енуін қамтамасыз ету үшін
және 1999 жылдың 19 маусымында қабылданған Болон декларациясының қағидаларын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтары анықталды.
Осы мақсатта жоғары мектепте оқу үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі
үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тұжырымдамалар мен бағдарламалар жасалынды
(Қ Р білім беруінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы,
ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік Бағдарламасы)
Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту
жүйесінен ерекшеліктері
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
№7 Дәріс.
Жоғары мектепте оқыту процесін кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастыру
Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі
Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. [1, 2-3 б.];
Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің дауы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау, көтеру арқылы білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды.
1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді) [2, 8-9 б.];
Осы заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады [3, 11-12 б.];
Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді. [4, 19-20 б.];
Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет [5, 17-18 б.];
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады [6, 15-16 б.];
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:
міндетті түрде;
таңдау бойынша;
Оқушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды. Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьюторлар (оқытушылар) ұсынылады. Тьютордың міндеті — оқушының (студенттің) оқу әрекетінің барысын қадағалау және оқушыға (студентке) өтілген оқудың барынша толық көлемде оқытушыға кері қайтарылуы. Яғни, 15 апта бойы өтілген сабақты меңгеріп, оқытушыға айтып беру, сондай-ақ кредитін өтеп беру болып табылады. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын қабылдайды [7, 3-4 б.];
Анықтамалық — жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:
Студенттің құқығы мен міндеті;
Оқу кезеңіндегі жұмыс жоспары;
GРА орта балынан есеп айырысу әдістемесі;
Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қойылатын талаптар.
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені мыналардан тұрады:
Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
Студенттің оқытушы басшылығымен орындалатын өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
Және тағы басқалардан тұрады.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады [8, 13-14 б.];
Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар туындайтынын айта кету керек:
Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағдайы мен артықшылығында көреміз. Тек оқутышының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады [9, 9-10 б.];
8. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
19. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандан-дыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
20. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде іске асырылады.
21. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады.
Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта.
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.
Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы кани-кул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
22. Бітірушілер курсын есепке алмағанда ұзақтығы 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, өзге ЖОО-лармен келісе отырып оқу пәндерін оқу және білім алушылардың өз ЖОО-сында міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып несиелерді игеру үшін жазғы семестрді енгізуге жол беріледі.
23. Профессорлық-оқытушылық құрамының оқу жүктемесін жоспарлау дәрісханалық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының білім алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут.
Білім алушылардың практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір академиялық сағаты, қорытынды мемлекеттік аттестаттау 50 минутқа тең.
24. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит төмендегідей оқу жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең:
аптасына 1 сағат бойынша тең бөлінген семестр түріндегі академиялық кезең бойында білім алушының дәрісханалық жұмысы;
білім алушылардың кәсiби және зерттеу практикасы кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары;
білім алушылардың дипломдық (жобалар), магистрлік немесе докторлық диссертация жұмыстарын жазу және қорғау жұмыстары;
білім алушылардың дайындық және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарын (кешендік емтихан) дайындау және тапсыру жұмыстары.
25. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттан) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болғандықтан, білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше БӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша білім алушының семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3, тиісінше салалық, ғылыми және педагогикалық магистратурада 4, 5 сағатқа және докторантурада 7 сағатқа тең болады.
БӨЖ-дің дене тәрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді.
Әрбір практиканың академиялық сағаты (оқудан басқа) білім алушылардың қосымша жұмыстарының оқу сағаттарына сәйкес жүргізіледі: педагогикалық практикаға – 1 сағат,өндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
Әрбір академиялық сағат білім алушылардың (магистранттың, доктаранттың) ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмыстарының, магистрлік және докторлық диссертациялардың орын-далуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты білім алушының диплом жұмысы (жобасы), магистрлік немесе докторлық диссертация кезіндегі оқытушымен байланысу жұмыстарын немесе білім алушы мен оқытушының мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындығы не тапсыру кезіндегі оқытушымен жұмысының оқу сағаттарын білдіреді. Білім алушының қорытынды аттестаттаудың әр бір академиялық сағаты БӨЖ 6 сағатқа жүргізіледі.
26. Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. Кәсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды.
27. Магистратура мен докторантурада зерттеу практикасы жүргізіледі.
28. Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік уақыты практикаға бір апта ішінде 30 сағатқа (жұмыс аптасының 5 күнінде 6 сағаттан) тең екендігі бойынша анықталады. Апта санын есептеу үшін кредиттегі практика көлемі оқу сағаттарындағы пратиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және білім алушының апта iшiндегі практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.
Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), оқу практикасына 30 сағат (50 минуттан) педагогикалық практикаға 75 сағат (50 минуттан) өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 120 сағат (50 минуттан), онда практика ұзақтығына сәйкес аптасына 1 кредитті: 0,5 апта оқу практикасына, педагогикалық практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 4 апта.
29. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жоспарлау және магистранттар мен докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысы білім алушылардың 54 сағатқа (күніне 9 сағат, БӨЖ-ді қосқанда жұмыс аптасының 6 күні) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды.
30. Білім алушылардың 120 (15x8) сағаты магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МЭЗЖ), докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ДҒЗЖ) бір кредитіне, яғни 2,2 аптаға сәйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа, яғни 2 аптаға сәйкес келеді. Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс сағаты және БӨЖ-дің 90 сағаты.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға (кешендік емтиханға) дайындыққа және тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) магистрлік немесе докторлық диссертацияны қорғауға және жазуға 2, 3 және 4 кредит, тиісінше 4, 6 және 8 апта беріледі.
31. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
32. Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пәнін оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз етуде және оқытушыларды таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды.
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады:
1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін;
2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін;
3) сырттай білім алушылар үшін – бос дәрісханаға байланысты бір күн ішінде сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.
33. Оқытылатын пәндерді және оқытушыларды таңдауды қамтамасыз ету мақсатында кредиттік технологиямен оқитындардың оқу сабақтарының кестесі оқу пәндері мен оқытушылар шамасына қарап құрастырылады.
34. Академиялық лектер және топтар аталған пәнге және аталған оқытушысына жазылған білім алушылардың саны жеткілікті және жеткілікті деңгейге жетістіктер оның табыстылығының болу қағидасы бойынша қалыптасады.
Академиялық лектердің және топтардың толығуы білім беру ұйымдарымен дербес анықталады.
35. Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) және бірыңғай өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ).
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тап-сырмалармен расталады.
36. Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі ұйымның өзіндік білім беруі арқылы анықталады.
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке графика бойынша орындалады.
Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық жоба-лар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.
37. Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Еnrоllmеnt) офис Регистратор ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады.
38. Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін арттыру уәждемесіне негізделген.
Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында:
1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен танысуы;
2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтауы;
3) осы Ереженің 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің кем түспейтін са-нына жазылуы тиіс.
39. Ақылы негізде білім алушы төлем қабілеттілігіне, оқу түріне тәуелді, тиісті деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға болады.
40. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады.
Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін кредит-тер санының жоғарғы шегін айқындайды.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жекелеген пәндерді оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады.
41. Егерде білім алушы жеке пәндерді басқа білім беру ұйымдарында пән бойынша аралық аттестаттаудан өткен соң өзінің білім беру ұйымына емтихан ведомосын (немесе транскрипт) емтихан бойынша бағалау нұсқаулығымен қоса, пән бойынша және игерген кредиттер санының қорытынды бағаларын деканатқа (бөлімшеге) көрсетеді.
42. Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікте бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары қазақстандық кредиттерге және ЕСТS-ке барабар әріптес жоғары оқу орындарында игерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.
43. Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне және қорытынды бақылауға бөлінеді.
44. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, "қанағаттанарлықсыз" - F).
45. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру оқу жұмысы жөніндегі білім беру ұйымы басшысының орынбасарына бағынатын, офис Регистраторы жүзеге асырады.
Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы жүргізеді, ол осы Ережеге 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады.
Транскрипт білім алушының кезкелген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.
46. Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы бағасына сәйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы және аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.
47. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі студенттің оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.
48. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.
Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
49. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында осы аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
50. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде ақылы түрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
51. Бір кредиттің құны оқудың бекітілген құны арасындағы қатынаспен және оқытудың барлық бағдарламаларын игеру үшін білім беру ұйымының орнатылған кредиттер санымен есептелінеді.
Оқу жылына арналған оқу құны білім алушының академиялық кезеңімен немесе оқу жылы ЖОЖ болып табылады. Сонымен қатар оқыту құны білім алушыға жоспарланған ЖОЖ-дың орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады.
52. Білім беру ұйымдарына даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша оқыту құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға қарамастан, бір кредитке бірдей құнды белгілеу ұсынылады.
53. ПОҚ-тың педагогикалық жүктемесін жоспарлау оқу жұмысының түрлері бойынша бір кредитке және/немесе кредиттердегі академиялық сағат санының арақатынасы ескеріле отырып академиялық сағаттарда жүзеге асырылады.
Дәрісханалық сабақтардағы оқытушының педагогикалық жүктемесі оқытушының ағыммен, топпен, кіші топпен байланыс жұмысы бойынша есептелінеді. Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түріне уақыт шығыны (СӨЖ тапсырма қабылдау, курстық жұмыс (жобалар), емтихандар қабылдау, оның ішінде МАК құрамы, бітірушулердің жұмыстарына жетекшілік ету) жоғарғы оқу орны дербес белгілейтін уақыт нормасының негізінде есептеледі.
54. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын "А", "А-", "В+", "В-" бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады.
55. Офис регистратор оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын орташа балын есептейді.
56. Курстан курсқа көшіру үшін өту балын – білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде жоғары оқу орындары дербес белгілейді.
57. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
58. Оқу жылының қорытындылары бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.
59. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушы әрі қарай оқу кезеңіне білім беру грантынан айрылады.
60. Білім алушыны көшіру, қайта оқуға қабылдау және академиялық демалыстан шығу кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады.
61. Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті (жоба) және мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың