Лекции.Орг


Поиск:




Инновациялық процессс дағдарысқа қарсы басқару факторы ретінде




 

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде дамымай отыруы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп отыр. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көз-қарастың қалыптасқаны анықталды:

Біріншісі, инновация жаңа идеялар мен процесстер ретінде қарап оны қолдану арқылы өз қасиеттері бойынша ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық процесс ретінде қарастырған (Б. Твисс, Ф.Никсон, Б. Сантон т.б.);

Екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И. Шумпетер).

Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Сол себептен, инновациялық процесссті дағдарысқа қарсы басқару факторы ретінде қарастыруға болады.

Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады.

Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі зерттеулерге (фундаментальные исследования) негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.

Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты дағдарыс кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулердің негізінде тұжырымдамалауға болады.

Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады.

Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқада түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымына ретінде даму инситуттары, венчурлық қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлық қорлар құрылады.

Венчурлік қорлар – венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.

Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан венчурлық капиталы және тікелей инвестициялау ассоциясы құрылып оған 6 венчурлық қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлық қор 5,6 млрд тенге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және информациялық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлық қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.

Венчурлық инвестордың көз­қарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).

Венчурлық қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.

 

Кесте 7.1 – Инновациялық компанияның даму деңгейлері

 

Деңгейлер Мазмұны
  Бизнес идеясы (seed stage) Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;
  Бизнесті ашу (start-up stage) Жобаны жүзеге асыру меқсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау;
  Өсу деңгейі (expansion stage) Жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі;
  Кеңею деңгейі (mezzanine stage) Нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы;
  Өтімділік деңгейі (liquidity stage) Бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.

 

Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ-шы ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.

Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі концессиялық келісім.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфраструкутуралық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда т.б. Қаізргі таңда 212 млрд. тенге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.

Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңдық реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасасудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.

Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобалардың өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруды кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 759 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

741 - | 763 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.