Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дағдарысқа қарсы басқарудағы маркетингтің рөлі.




Дағдарысты жағдайды шешу

 

Дағдарысты жағдайды шешу дағдарысты туындатқан әр түрлі жағдайдларға байланысты:

1. Қоғамдық ой-пікірмен байланысты дағдарыс кезінде: маманнның пікірін тыңдау, компанияның көз-қарасын көрсету, адвокаттар кеңесін байқап пайдалану, қоғаммен байланыс орнату, өкілді таңдау, БАҚ араласу, компанияның көз-қарасын хабарлау, мәселені анықтау.

2. Нарықтағы күтілмеген жағдай немесе тауардың құруы: клиенттерді сұрау, мәселені анықтау, жауапты әрекеттер жүргізу, өндірісті реттеу, компания туралы ақпаратты жаңарту, мәселені анықтау, нарыққа қайта шығу.

3. Қолма-қол ақшамен байланысты дағдарыс: қол ақшаны бақылауға алу, сенімді қалпына келтіру, пайданы көрсету.

4. Өндірістік қатынастар дағдарысы: климатты бағалау, ашық-келіссөз жүргізу, келісімге келу.

Басқа компанияның бақылау пакетін жаулау мақсатымен сатып алу: жауалаушыны анықтау, мамандарды тарту, ұсыныстарды қарастыру, ұсыныстардан бас тарту, қоғамға хабар ету, қорғанысты қамтамысз ету, пікірлестерді жинау, компанияның тартымдылығын төмендету.

Жағымсыз халықаралық жағдайлар: себепті анықтау, күрделілігін анықтау, алға басу, алға қарау, нарыққа оралу.

Компания үшін жағымсыз салаларға әкелетін мемлекеттік реттеудегі өзгерістер: өзгерген климатты бағалау, дағдарысқа әсер ету жолдарын таңдау, бар жағдайға бейімделу, түбегейлі өзгерулер.

Шаруашылық құрылымдар деңгейінде іскерлік стратегия (бизнес- стратегия) өңделеді – шаруашылық құрылымның ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ету стратегиясы. Бұл стратегия көбіне бизнес- жопарларда көрініс алады да кәсіпорын нақты тауар нарығында қалай бәсекелесетіндігін көрсетеді, тауар кімге және қандай бағамен сатылатындығын, ол қалай жарнамаланатындығын, бәсекелік күресте жеңіске қалай жететіндігін. Сондықтан бұл стратегияны бәсекелік стратегия деп те атайды. Бір қызмет түрімен айналысатын фирманың іскерлік стратегиясы корпоративті стратегиясына сәйкес келеді.

Функционалды стратегия - кәсіпорынның функционалды бөлімдерімен қызметтері өңдейтін стратегиялар, олар корпоративті және іскерлік стратегия негізінде құрылады. Мысалы; маркетинг стратегиясы, қаржылық, өндірістік стратегия және т.б.

Функционалды стратегия мақсаты – бөлім (қызмет) ресурстарын бөлу, функционалды бөлімшенің жалпы стратегия шегіндегі тиімді әрекетін іздеу.

 

Дағдарысқа қарсы басқарудағы маркетингтің рөлі.

 

Маркетингтік қызметтің мәні сұраныстың нақты мөлшерін қалыптастыруда, нарықта ұйымның нақты әрекеттер бағдарламасын әзірлеуде ж/е тұтынушыны тауарды сатып алуға ынталандыруда тұжырымдалады.

Маркетингтің негізгі принципі болып – тұтынушыға және оның қажеттіліктеріне бағдарлану, оларды қалыптастыру және максималды қанағаттандыру табылады. Бұл принцип өндірістік-шаруашылықтың барлық сферасында менеджмент арқылы жүзеге асырылады, оның функциялары болып – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау табылады. Маркетингтің негізгі мақсаты – нарықтағы үлес және сату көлемінің көрсеткіштері түрінде көрсетілген нақты тауарға деген сұраныстың шамасын анықтау.

Нақты алғанда, маркетингтік тұжырымдамасының рөлі және мәні кең ауқымды. Ол басқарушылардың және персоналының ойлау қабілетін көрсетеді. Мұндай тәсілдің спецификасы – ұйымның барлық қызметінің, персоналдың және ұйымның соңғы нәтижелеріне (сапа, нәтижелілік, тиімділік, бәсеке қабілеттілік) басқару үдерістерінің бағдарлануы. Берілген сипаттамалардың шамасы және серпіні ұйымның нарықтық мүмкіндіктерімен ж/е нарықтық жағдайлармен анықталады.

Маркетинг арқылы өндірістік-шаруашылық ұйымдар тұтынушының проблемаларын кешенді шешеді. Маркетингтің тиімділігі - әрекеттердің тізбектілігінде ж/е маркетингтік әсер ету қағидаларын, әдістерін ж/е құралдарын кешенді қолдануда.

Дағдарысқа қарсы басқаруда маркетингтік стратегиялардың түрлері келесі кестеде келтірілген.

 

Кесте 6.1 - Дағдарысқа қарсы басқаруда маркетингтік стратегиялардың түрлері

Белгілері Стратегияның түрлері
1. Маркетингтік орта Интеграциялық стратегиялар: макроэкономикалық, сыртқы экономикалық, аймақтық, сала аралық және салалық.
2.Функционалды тағайындалуы Өндіріс факторларының стратегиясы: өндірістік, инвестициялық, инновациялық, қаржылық, ақпараттық.
3. Ұйым дамуы Дағдарысқа қарсы стратегиялар: төлем қабілетсіздіктің алдын алу, дағдарыстан шығу, оның салдарын жою.
4. нарықтың түрі және ауқымы Нарықтық стратегия: нарықтың кеңеюі, нарықтың тереңдігіне ену, жаңа нарықтарға тауардың жылжуы, бәсекелік басымдылықтар.
5. Маркетинг құралдары-ң басымдылығы Тауарлық стратегия: тауарлардың саралануы, әртараптандыру. Бағалық стратегия: баға-ң жоғарылауы, төмендеуі, бағалық жағдаят. Фирмалық стратегия: фирмалық тауар, имидж, қызмет көрсету, стиль, дизайн. Жарнамалық стртегия: тауардың басымдылықтары тур. ақпараттандыру, ынталандыру, ескерту.
6. Нарықтық жағдаят Ұсыныс және сұраныс стратегиясы: ынталандырушы, қолдаушы, қарсы әрекет етуші.
7. Нарықтық мінез-құлық Шағын ұйымның стратегиясы: жетекші фирмалардың өнімдерін көшіру, қажеттіліктерге бейімделу, ірі ұйымдармен бірігу. Орта ұйымның стратегиясы: патенттік, инновациялық, қарқынды маркетингтік. Ірі фирмалардың стратегиясы: кең ауқымды дендеп ену, «қаймағын қалқу»




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 854 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2490 - | 2286 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.