2.Мақсаты: білімді бекітуге мүмкіндік беру:
- әр түрлі дәрілік түрлерге рецепт жазудың негізгі ережелерін;
- рецепт жазудың негізгі грамматикалық ережелерін;
- дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары жайында.
3. Оқыту мақсаты:
1. Жалпы рецептура және фармакология бойынша студенттердің білімін жүйеге келтіру:
2. Жалпы рецептура ережелерін пайдаланып студенттерді кез келген дәрілік түрге сауатты түрде рецепт жазуды, дәрілердің концентрациясы мен мөлшерін есептеуге үйрету;
3. Дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары туралы түсініктемені бекіту;
4. Фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктеріне байланысты дәрілік заттардың әсерлеріне анализ жасауды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Рецептура. Анықтамасы. Дәрілік зат, дәрілік түр және дәрілік препарат туралы түсінік.
2. Дәрілік түрлердің жіктелуі (консистенциясы, енгізу жолдарына байланысты).
Арнайы және магистральді дәрілік түрлер.
3. Рецепт: анықтамасы, дәрілік заттарды рецептте жазу ережелері, улы, күшті әсер ететін, наркотикалық заттардың жазылу ерекшеліктері.
4. Қатты дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері. Мөлшерлеу әдістері.
а) Ұнтақтар. Олардың түрлері. Рецептте жазылу ережелері;
б) Таблеткалар. Рецептте жазылу ерекшеліктері;
в) Драже. Рецептте жазылу ерекшелігі.
г) Капсулалар. Рецептте жазылу ерекшелігі.
5. Жұмсақ дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері.
а) Майлар: анықтамасы, құрамды компоненттері. Май негіздері: май негіздерінің
түрлері, оларға қойылатын талаптар.
б) Пасталар: пасталардың майлардан айырмашылығы, рецептте жазылу ережесі.
в) Суппозиториялар: оларды дайындау үшін қолданылатын негіздер,
суппозиториялардың қолданылуы, рецептте жазылу ережесі.
г) Линименттер: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі.
д) Пластырь: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі.
6. Сұйық дәрілік түрлерді мөлшерлеудің жалпы қабылданған көлемдік өлшем бірліктері. Ерітіндіні дайындау кезінде мөлшері мен концентрациясын есептеу принциптері. Ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері.
7. Сұйық дәрілік түрлер:
а) Ерітінділер: анықтамасы, жіктелуі. Еріткіштердің түрлері. Ерітінділерді
рецептте жазу ерекшіліктері.
б) Тұнба және қайнатпа: дайындау әдістері. Сақтау және мөлшерлеу, рецептте
жазылу ерекшеліктері.
в) Тұндырма және сығындылар (экстракттар): анықтамасы, тұнбадан
айырмашылықтары, дайындалу және мөлшерлеу ерекшеліктері. Галенді және
жаңагаленді препараттар.
г) Суспензиялар: ерітінділерден айырмашылығы. Рецептте жазылу ережелері.
8. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер: Инъекцияға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптар. Рецептте жазылу ережелері.
9. Жалпы фармакологияның мақсаттары және анықтамасы. Фармакологияның негізгі бөлімдері.
10. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы. Дәрілік препараттардың енгізу жолдары.
11. Дәрілік заттардың енгізген жерден сіңірілуі. Дәрілік заттардың жақсы сіңуіне жағдай жасайтын факторлар.
12. Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілердің таралуына әсер ететін гистогематикалық тосқауылдардың маңызы.
13. Дәрілік заттардың ағзадағы метаболизмі. Дәрілік заттардың метаболизм реакциясының түрлері.
14. Дәрілік заттардың метаболизм реакциясында бауырдың микросомальді ферменттерінің рөлі. Микросомальді ферменттердің индукциясы және депрессиясы.
15. Дәрілік заттардың және олардың метаболиттерінің экскрециясы. Элиминация, жартылай элиминация кезеңі.
16. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы. Дәрілік заттардың әсер ету механизмі. Арнайы рецепторлар туралы түсінік.
17. Дәрілік заттардың әсерінің рецепторлы теориясының маңызы. Аффинитет, ішкі белсенділік. Арнайы рецепторлардың агонисттері, антогонисттері, миметиктері және блокаторлары.
18. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері (жергілікті, резорбтивті, рефлекторлы).
Негізгі және қосымша (негізгі емес) фармакологиялық әсерлер. Дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы түсінік.
19. Дәрілік заттардың терапиялық әсерінің кеңдігіне әсер ететін фармакологиялық және физиологиялық факторлар.
20. Мөлшер. Фармакологиялық әсерлердің мөлшерге байланыстылығы. Мөлшердің түрлері: табалдырықты, орташа және жоғарғы терапиялық мөлшер. Препараттың терапиялық әсерінің кеңдігі.
21. Дәрілік заттарды біріктіріп қолданғанда, олардың өзара әсерлесуі. Өзара әсерлесудің түрлері: фармацевтикалық, фармакологиялық. Дәрілік заттардың синергизмі и антагонизмі.
22. Дәрілік заттарды қайта еңгізгенде әсерінің өзгеруі. Дәріге тәуелділік (физикалық және психикалық), бейімділік (толеранттылық), сенсибилизация, кумуляция.
23. Дәрілік заттардың уытты әсерлері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: аралық бақылау, ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу.
6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.
2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.
2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.
3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.
4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.
5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...
6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.
7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.
Ағылшын:
Негізгі:
1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.
2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.
7. Бақылау: ауызша сұрау, тесттік бақылау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу.
Рецепттер жазу:
1. 0,01 г Морфин гидрохлоридінің (Morphinum hydrochloridum) 5 ұнтағына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ұнтақтан 2 рет тағайындаңыз.
2. 20 дана «Citramonum П» таблеткасына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 таблеткадан бас ауырғанда тағайындаңыз.
3. 0,25 г. Ацетилсалицил қышқылынан (Acidum acetylsalicylicum) және 0,05 г Кофеиннен (Coffeinum) тұратын, 20 дана таблеткасына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындаңыз.
4. 500 ХБ-тен тұратын Эргокальциферолдың (Ergocalciferolum) 30 дражесіне рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 дражеден 1- 2 рет тағайындаңыз.
5. 100,0 г натрий пара-аминосалицилат (Natrii para-aminosalicylas) грануласына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 шай қасықтан 3 рет тағайындаңыз.
6. Құрамында 5% Тетрациклині (Tetracyclinum) бар 10,0 г майға рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
7. Құрамында 5% Тетрациклині (Tetracyclinum) бар 10,0 г вазелинді майға қысқартылған түрде рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
8. Құрамында 5% Анестезині бар 50,0 г. вазелинді (Vaselinum) пастаға рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
9. «Анестезол» («Anaesthesolum») 10 суппозиториіне рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз.
10. 10. 125 000 ХБ Нистатиннен (Nystatinum) тұратын, 6 ректальді суппозиторийге рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз.
11. 125 000 ХБ Нистатиннен (Nystatinum) тұратын, 6 қынаптық суппозиторийге рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз.
12. 30% - 10 мл Сульфацил-натрий (Sulfacyli-natrium) ерітіндісіне рецепт жазыңыз. Көз тамшысы. Тәулігіне 1-2 тамшыдан 3 рет тағайындаңыз.
13. Құрамында 2,5% Гидрокортизон ацетаты бар (Hydrocortisoni aсetas) 5 мл сулы суспензиясына рецепт жазыңыз. Көз тамшысы. Тәулігіне 2 тамшыдан 3-4 реттен тағайындаңыз.
14. 0,6 г Термопсис шөбінің 180 мл тұнбасына (herbae Thermopsidis) рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз.
15. 200 мл Емен қабығының қайнатпасына (cortех Quercus) рецепт жазыңыз. Ауыз қуысын шаю үшін тағайындаңыз.
16. 16. 25 мл Валериана тұндырмасына (Valeriana) рецепт жазыңыз. Тәулігіне 25 тамшыдан 3-4 реттен тағайындаңыз.
17. 20 мл Крушинаның (Frangula) сұйық экстрактысына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 20 тамшыдан 3 рет қабылдауға тағайындаңыз.
18. Бір рет қолданғанда құрамында 0,015 г. Кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және 0,5 г. Калий бромидінен (Kalii bromidum) тұратын 180 мл микстураға рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз.
19. 5% - 25 мл арнайы Синтомицин (Synthomicini) линиментіне рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
20. 0,25% - 200 мл стерильді Новокаин ерітіндісіне (Novocainum) рецепт жазыңыз. Өткізгіштік анестезия үшін, 2-3 мл – ден бұлшықетке тағайындаңыз
21. 5 мл (40 ЕД в 1 мл) инсулиннен (Insulinum) тұратын 6 флаконға рецепт жазыңыз. Тәуілігіне 0,5 мл (20 ЕД) 2 рет тері астына енгізуге тағайындаңыз.