Тауар/рынок мүмкіндіктері қалыптамасы -бұл үлгіде рынок пен тауарды жаңартуға байланысты стратегиялары жасалады. Үлгіні американдық ғалым И.Ансофф ұсынған. Оған "тауар - рынок" қалыптамасы деген ат қойылған еді. Қалыптама екі факторға (рынок пен тауардың дамуына және олардың жаңаруына) байланысты фирманың жағдайын сипаттайтын төрт кеңістіктен түрады. Олар мыналар:
1. Фирма бұрынғы рынокқа ескі тауарымен шығады - бұл рынокқа терең ену стратегиясы;
2. Фирма бұрынғы рынокқа жаңа тауар ұсынады - бұл тауарды жетілдіру стратегиясы;
3. Фирма жаңа рынокқа ескі тауарымен шығады - бұл рынокты дамыту стратегиясы;
4. Фирма жаңа рынокқа жаңа тауар ұсынады - бұл әртараптандыру стратегиясы.
Рынокқа терең ену стратегиясын қолдануы рынок ұлғайтылған кезде немесе ол тауармен жете толықтырылмаған кезде нәтижелі болады. Ол үшін тауардың жылжытуын қ,арқындандыру арқылы, жарнаманың белсенділігін арттыру арқылы, өтімнің ынталандыруын күшейту арқылы, сервис қызметін кеңейту аркылы, бағаны төмендету арқылы фирма рыноктағы өтім көлемін ұлғайтуға ұмтылады.
Тауарды жетілдіру стратегиясы нәтижелі болуы үшін сауда табысы жоғары тауар таңба қатары молынан болуы керек және тұтынушылардың көңілінен фирма шығуы қажет. Сондыктан фирма бұрын игерген рынокқа жоғары сапалы жаңа тауарымен шығады, немесе ескірген тауарларды жетілдіреді. Ұсынылған жаңа тауар тұтынушыларға тартымды болып, оларға бұрыннан таныс фирмалардың тауарынан гөрі артык, сезілуі қажет.
Рынокты дамыту стратегиясы төмендегі жағдайларда тиімді болады:
а) жергілікті фирма өзінің рыногын үлғайтуға ұмтылса;
б) тұрмыс стилі және демографиялық көрсеткіштері өзгеріп
рынокта жаңа сегмент пайда болса;
в) өнімнің жаңа салада қолдануы қалыптасса.
Бостон консалтинг тобы қалыптамасы
" Жұлдыздар" тобындағы тауарлары дамып келе жатқан салада жетекші орын алады. Мұндағы көзделген мақсат бәсеке жағдайында фирманың ұтымды жақтарын күшейтуге арналған. Бұл айтарлықтай табыс әкеледі. Алайда сату өсімін одан әрі жалғастыру үшін қаржы қорын талап етеді. Рыноктағы қол жеткен үлесін бағаны төмендету арқылы, жарнама көлемін ұлғайту арқылы, өнімді ұтымды өзгертіп оны айтарлықтай кеңірек тарату арқылы сақтап қалуға болады. Саланың даму қарқынына байланысты "жұлдыздар" тобы "сауынды сиыр" тобына ауысуы мүмкін.
"Сауынды сиыр " тауарлары тобы рынокта жоғары үлесін алады. Тұтынушылар арасында ол тауарлардың жақтаушылары көбейіп, бәсекелестерге өз тауарларын қызықтыру аса қиынға соғады. Өйткені өткізудің салыстырмалы көлемі көп өзгермей тұрақты болады. "Сауынды сиыр" тобы маркетинг және тауарды жетілдіруге кететін шығындарын аса көп қажет етпейді де, одан түскен табыс айтарлықтай асады. Осылай артық түскен қаражат фирманың басқа стратегиялық шаруашылық бөлімшелерінің дамуына жұмсалады. Фирманың маркетинг стратегиясы халықтың "есіне түсіру" жарнамасына, кезеңдік баға жеңілдіктерін қолдануға, өткізу арналарын сақтап қалуға, қайтара сатып алуды ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізуге жұмсалады.
"Тентек балалар " (немесе "сұрақ белгісі") тауар тобы рынокқа айтарлықтай әсер етпейді. Тұтынушылардың ол тауарлар тобын қолдауы шамалы және олардың ерекше жағымды қасиеттері анықталмаған. Сондықтан рынокта маңызды орынға бәсекелестердің тауарлары ие болады. Ал ол тауарлардың рыноктағы үлесін көбейту үшін аса көп қаражат қажет.
"Қуылатын иттер " тауар тобы әдетте кемелінен асқан, тарылған салада шектеулі өтім көлемін алған СШБ орын алады. Рынокта айтарлықтай тараса да, бұл тауар тобы өзіне қажетті тұтынушыларды тарта алмайды және де тауарды өткізу көлемі, шығын құрылымы мен түрі жағынан өз бәсекелестерінен едәуір артта қалған. Бұл топты жетілдіру үшін көптеген шығындар қажет. Оның үстіне оның даму мүмкіндіктері де шамалы. Сондықтан бұл тауар тобы фирмалары мамандандырылған рынокқа шығуға, тауардың басқа қолдану жолдарын іздеуге тырысады, немесе рыноктан кетуге мәжбур болады.