БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
Бастауыш білім және
педагогикафакультетінің
деканы ________ Э.Б. Оразбаева
«____» ______________2016ж.
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
PP 4207 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәнінің
СИЛЛАБУСЫ
Мамандығы: 5В010300 - Педагогика және психология
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 4 Семестр 7
Кредиттер саны 3
Сағат саны: 135
Лекция: 30
Практикалық/семинар сабақтар: 15
СОӨЖ: 45
СӨЖ: 45
Межелік бақылау (8 және 15 апта)
Қорытынды бақылау: Емтихан (тест)
Оқытушы туралы мағлұматтар: аға оқытушы Айтжанова Г.Т.
Кеңсе: Арнайы педагогика кафедрасы
Мекен-жайы: Шымкент қ, Ғ.Ильяев көшесі,16 каб. 321
Е-mail: alipbek_ardak@mail.ru
Кеңес беру уақыты: сейсенбі сағат 14.00 – 16.00
Шымкент 2017
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «16» тамыз 2013 жылғы №343 бұйрығымен бекітілген ЖОО-ның мамандықтарының типтік оқу жоспарларын бекіту бұйрығына және институттың 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының модульды жұмыс оқу жоспарындағы таңдау компоненті ретінде құрастырылған «Педагогикалық психология» оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Силлабус «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.
№ __ хаттама, «___» ____________ 2017ж.
Кафедра меңгерушісі ________ Арзымбетова Ш.Ж.
1. Курстың өзектілігі және қажеттілігі:
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдық бір бөлігі, оның бір тармағы болып саналады. Біздің елде «арнайы педагогика» ұғымының синонимы болып «түзету педагогикасы» немесе «дефектология» ұғымдары саналады. Сонымен қатар бұл пәннің ерекшелігі Арнайы психологияның ерекшеліктерімен бірге ұштастырыла отырып, Арнайы психология – арнайы педагогиканың негізі болып саналады. Арнайы психологияның қағидалары. Арнайы психологияның салаларының классификациясы.
Арнайы психологияның әдістері. Арнайы психологияда балалардың дамуын зерттеуде ғылыми - психологияның ұлттық әдістерін қолдану жүйесі ретінде қарастыруға болады.
.
Пәннің қысқаша мазмұны:
«Арнайы педагогика және психология негіздері» пәні студенттерді педагогикалық ғылыми білімнің құрама бөлігі ретінде арнайы білім берудің әлеуметтік-мәдени негізімен танысуды көздейді. Біздің ортамызда мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар күнделікті кездеседі. Сол тұлғалар қандай мекемелерде оқиды, оларды кім оқытады, қалай оқытады, оларға қандай ерекше қолдау көрсетеді деген сұрактарға арнайы педагогика атты ғылым жауап береді. Оқу кұралында нақты жалпы теориялық сұрақтары мен арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі, арнайы білім беру жүйелері туралы мәліметтері бейімделіп енгізілген, арнайы білім беру саласындағы қазіргі өзгерістер ескерілген, нақты ҚР "Білім туралы" (2007), "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалык түзеу арқылы колдау туралы" (2002) Заңдары, арнайы білім беру ұйымдарының қызмет, әрекетін реттейтін құқықтық құжаттар (2003,2004,2008).
Курстың мақсаты:
Пәнді оқу мақсаты - студенттерді арнайы педагогиканың және психологияның теориялық және практикалық негіздерімен, ұғымдық аппаратымен, ғылыми негізделуімен, әдіснамасы және зерттеу әдістерімен таныстыру, әлеуметтік - мәдени білім беретін феномен ретінде арнайы білім беру туралы жалпыланған теориялық көріністерді беру.
Студенттерге білім беру үрдісіндегі оқыту мен тәрбиенің заңдылықтары туралы түсінік беру; бүгінгі психология-педагогика ғылымдары мен тәжірибесінде жинақталған, психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігін арттыруға мүкіндік беретін, білімдерді белсенді меңгеруге көмектесу; кәсіби шығармашылық пен өсуге, ғылым мен практикаға жақындауға ынталандыру
Курстың міндеттері:
Педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде арнайы педагогика туралы толық көріністі, оның объектісі, пәні, мақсат-міндеттері, ғылыми негізделуі, принциптері туралы толық білімдерді қалыптастыру;
- арнайы білім берудің әлеуметтік-мәдени мәнін анықтау;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуда ерекше қажеттіліктері және арнайы білім беруде педагогика қызметінің мазмұны туралы түсініктерді қалыптастыру;
- ерекше қажеттіліктері бар түрлі категориялардағы тұлғаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориялық негіздерімен таныстыру;
- қазіргі білім беру (коррекциялық) мекемелер жүйесі мен арнайы оқытуды ұйымдастыру формалар және педагогикалық жүйелер туралы бағдар беру;
- болашақ арнайы педагогтар және психологтарда мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы оптимистикалық кәсіби көзқарастардың алғы шарттарын қалыптастыру.
Курстың пререквизиттері: Психология, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, жеке тұлға психологиясы.
Курстың постреквизиттері: педагогикалық шеберлік, жалпы педагогика, психологияның зерттеу әдістері.
2. Курс саясаты:
1. СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі. Тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы Ережеге* сәйкес жүргізіледі.
2. Студент себепті қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес сол аптада қосымша өтіп, тапсырады.
3. Студент семестр барысында Ережеге* сәйкес 6 ағымдық бақылау және 2 межелік бағалау тапсырмаларын дер кезінде орындауы тиіс.
*- Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Ережесі (ОҚМПИ, 2014 ж).
Курстың мазмұны
Лекция сабақтардың тақырыптық жоспары
| № | Өтіле-тін күні | Тобы | Тақырыбы, жоспары | Сағат саны | Әдебиеттер | ||
| Модуль 1. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы | |||||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогика теориясының жалпы сұрақтары 1.Арнайы педагогика жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде. 2.Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен ұғымдары. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8 Қосымша: 1,3,5,7,9,13 | |||||
| 123-15,15к | 1.Арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратаның дамуы. 2.Арнайы педагогиканың гуманистикалық бағдары. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері 1.Арнайы педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері. | Негізгі: 1,2,4,5,7 Қосымша: 1,3,5,7,9 | |||||
| 123-15,15к | 1.Арнайы білім берудің мақсат-міндеттері 2.Арнайы білім берудің статистикасы | Негізгі: 1,2,4,5,10,13 Қосымша: 1,3,5,7,15,16 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың сыныптамалары. 1.Арнайы педагогиканың сыныптамалары. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, Қосымша: 1,3,5,7,9,13 | |||||
| 123-15,15к | 1.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары. 2.Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, 10,13,14 Қосымша: 1,3,5,7,9,13, 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі. Философиялық негіздері 1.Арнайы педагогиканың теория мен практикасына қатысты философияның дуние танымдық және әдіснамалық қызметі. 2.Психика және дене дамуында нормадан ерекше ауытқулары бар адамның проблемалары туралы атақты философтар мен ағартушылар. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, 10,13,14 Қосымша: 1,3,5,7,9,13, 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Арнайы педагогиканың өзекті философиялық проблемалары: гуманизм, қоғамның мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға көзқарастың аксиологиялық концепциясы, қазіргі арнайы педагогиканың этикалық және адамгершілік проблемалары (қоғамға пайдасы мен эвтаназия). 2.Қазіргі философия арнайы педагогиканың әдіснамалык негізі ретінде. 3.Қазіргі өркениетті коғамдағы арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік көрсеткіштері. | Негізгі: 10,13,14 Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Әлеуметтік негіздері. 1.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардыазшылық топ ретінде және әлеуметтік параметрлерін қарастыру. 2.Мүмкіндіктері шектеулі адамның дамуы мен әлеуметтенуі. 3.Қоғам өмірінен қалудың проблемалары: әлеуметтік бағдары мен коммуникативтік бұзылыстар, мінез-құлқының ауытқуы, идентификациялық проблемалар, өлеуметтік өмірдің болашағынан айырылу, білім алуындағы киындыктар мен әлеуметтік жетістіктердің төмендеуі. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, Қосымша: 1,3,5,7,9,13 | |||||
| 123-15,15к | 1.Қазіргі өркениетті коғамдағы арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік көрсеткіштері. 2.Қоғамға қосу мен енгізу және әлеуметтік оқшалауды жою жолдарын іздестіру. 3.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметгік қөзқарасы мен сана-сезімді қалыптастыру және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстыру іс-әрекетін ұйымдастыру | Негізгі: 1,2,4,5,10,13 Қосымша: 1,3,5,7,15,16 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі. Клиникалық негіздері. 1.Даму бұзылыстардың себептері. 2.Дамуындағы ауытқулардың медициналық сыныптамалары. 3.Даму ауытқуларының клиникалық. сипаттамасы. 4.Даму бұзылған жағдайда көрсетілетін медициналық көмек. 5.Медициналық диагностика, медициналық коррекция, медициналық оңалту, медициналық абилитация. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, 10,13,14 | |||||
| 123-15,15к | 1.Медициналық оңалту және медициналық абилитация бағдарламалардың мазмұны мен іске асыру. 2.Арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін қалайтын ғылыми пәндердің мәні мен міндеттері. | Негізгі: 5,7,8, 10, Қосымша: 1,3,5,7,9,13 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі. Психологиялық негіздері. 1.Арнайы психологияның пәні, міндеттері, арнайы педагогика мен байланысы. 2.Арнайы психологияның ағза мүшелер қызметтерін теңестіру, толықтыру яғни компенсациялау проблемалары. 3.Компенсацияның түрлері. 4.Компенсация туралы ілімнің дамуы. 5.Арнайы психологияның ақаудың күрделі құрамы туралы түсінік. Дамудағы біріншілік және екіншілік ауытқулар. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың компенсация процесіне ықпалы (Л.С. Выготский). 6.Психикалық даму бұзылыс түрлерін анықтайтын көрсеткіштер (В.В.Лебединский).Психикалық даму бұзылыстарының негізігі түрлері. | Қосымша: 1,3,5,7,9,13, 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Дамуында ауытқуы бар және қалыпты балалардың психика дамуының ортақ заңдылықтарын арнайы педагогикада ескеру. 2.Нақты бұзылыста кездесетін психика дамуындағы негізгі заңдылықтар және оларды арнайы педагогиканың сәйкес пәндік салаларында (олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика т.б.) ескеру. 3.Арнайы психологиядағы диагностика. 4.Арнайы білім беру жүйесінде психологиялық қызмет. | Негізгі: 1,2,4,5,10,14 Қосымша: 7,9,13, 6,17 | |||||
| 123-15,15к | Лингвистикалык және психолингвистикалық негіздері. 1.Жоғары психикалық қызметтер дамуында сөйлеудің орны. 2.Адамның қоғам мүше ретінде қалыптасуында тілдің мәні, оның қызметі мен құрылысының даму жолдары. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, 10,13,14 Қосымша: 1,3,5,7,9,13, 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Сөйлеу мен тілдің қалыптасу және әлеуметтенуіне даму бұзылыс-тарының ықпалы. 2.Тіл кемістіктерін психолингвистикалық талдау. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, Қосымша: 1,3,5,7,9,13 | |||||
| Модуль 2 Арнайы мектептер жүйесінің ерекшеліктері | |||||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі.Әлеуметтік-мәдени негіздері. 1.Мүмкіндіктері шектеулі тұлға қоғамның қабылдау объектісі ретінде. 2.Түрлі мәдениеттерде дамуында ауытқулары бар тұлғалар. 3. Өмір сүру және қажетті жағдайлар: өмірді қамтамасыз ету, әлеуметтену, коммуникация, рекреация. 4Өмірдің сапасы: белгілі көрсеткіштер (денсаулық, қаржы, жұмыс орны, шығармашылық, кәсіби іс-әрекет, қауіпсіздік, қоғамда белсенді орынға ие болу, жақын-туысқандармен карым-қатынастар). | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, Қосымша: | |||||
| 123-15,15к | 1.Мүмкіндіктері шектеулі тұлға сапалы өмір сүру туралы әлеуметтік-мәдени концепциясы. 2.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік-мәдени проблемаларын шешуде арнайы педагогиканын орны мен маңызы. | Негізгі: 1,2,4,5,7,10, Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі.Құқықтық негіздері.Экономикалық негіздері. 1.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары жайлы қазіргі халықаралық құқықтық құжаттар. 2.ҚР арнайы білім берудің заң және құқық негіздері, даму беталысы. 3.Қайрымдылық туралы түсінік, онын әлеуметтік-мәдени мәні, экономикалық тиімділігі. Совет одағында қалыптасқан арнайы білім берудің экономикалық саясаты. | Негізгі: 1,2,4,5,7,10 Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Шет елдеріндегі арнайы білім беруді қаржыландыру. 2. ТМД елдерінде арнайы білім берудің экономикалық проблемалары. 3.Мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды біріктіріп оқытудың экономикалық негіздері. 4.Еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар өмір сүруінің экономикалық проблемалары. | Негізгі: 2,3,4,5,9,8 Қосымша: 2,4,5,8,10,13 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері. 1.Арнайы педагогиканың қазіргі ғылыми бағыттары мен өзекті проблемалары. 2.Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеудің объектісі, мақсат-міндеттері, болжамдары. 3.Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. 4.Арнайы педагогика зерттеулерінде жүйелі жол табу негізін қолдану. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, Қосымша: 9,13,15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Ғылыми зерттеулердің логикасы. 2.Жалпы педагогикалық ғылыми зерттеу әдістері, арнайы педагогика саласына байланысты зерттеулерді бейімдеу. 3.Арнайы педагогикадағы зерттеу әрекетінің ерекшеліктері. | Негізгі: 2,3,4,5,9,8, Қосымша: 10,13, 15, 16 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог. 1.Педагог мамандарын дайындау жүйесі оның қалыптасуы мен даму тарихы. 2.Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізетін педагогты арнайы дайындау қажетін анықтау. 3.Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтардың кәсіби әрекетінің мазмұны және негізгі бағыттары. | Негізгі: 2,3,4,5,9,8, Қосымша: 10,13, 15, 16 | |||||
| 123-15,15к | 1.Орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесінде арнайы педагог пен психологтарды оқыту. 2.Арнайы педагогикадағы қазіргі мамандықтар. 3.Тұлғалық және кәсіби даму мүмкіншіліктері. 3.Арнайы педагог тұлғасы. Маңызды кәсіби тұлғалық ерекшеліктер. 4.Арнайы педагогтың деңсаулығына қойылатын талаптар. 5.Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтардың тұлғасына қойылатын қарама қарсы көрсеткіштер мен кәсіби зияндары. 6.Арнайы білім берудегі педагог әрекетінің адамгершілік бағыты. 7.Кәсіби этика мен деонтология мәселесі | Негізгі: 5,9,8,10,13 Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың арнайы білім алуы 1.Арнайы білім беру принциптері. 2.Жалпы педагогика және арнайы принциптер. 3.Арнайы білім беруде жалпы педагогикалық қағидалары іске асыру ерекшеліктері | Негізгі: 1,2,4,5,7,10, Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Арнайы білім беруді ұйымдастыру түрлері 1.Дифференциалды және интеграциялық арнайы білім беру, олардың пайда болуы және дамуы. 2.ҚР интеграция процестің ерекшеліктері. | Негізгі: 5,9,8,10,13 Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Интеграциялық білім берудін модельдері. 2.Арнайы білім беруде гуманистикалық білім беру жүйелерін іске асыру жолдары | Негізгі: 1,2,4,5,7,8, 10,13,14 Қосымша: 9,13,15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Қазіргі арнайы білім беру жүйесінің сипаттамасы 1.Қазіргі арнайы білім беру жүйесінің сипаттамасы. 2.Медициналык-әлеуметтік-педагогикалық патронаж. 3.Медициналық-әлеу-меттік профилактика және кешенді ерте көмек көрсету. 3.Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесі. | Негізгі: 1,2,4,5,7,10 Қосымша: 15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | Білім алудағы ерекше қажеттіліктер, арнайы білімнің мазмұны. 1.Білім алудағы ерекше қажеттіліктер, арнайы білімнің мазмұны. 2.Даму ауытқуларын түзету мен теңестірудің әлеуметтік бағыты. | Негізгі: 1,2,4,5,7,8 Қосымша: 9,13,15,16,17 | |||||
| 123-15,15к | 1.Мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты білім алуда ерекше қажеттіліктердің пайда болуы. 2.Арнайы білім беру жағдайлары. | Негізгі: 2,3,4,5,9,8 Қосымша: 10,13,15,16 | |||||






