Лекции.Орг
 

Категории:


Как ухаживать за кактусами в домашних условиях, цветение: Для кого-то, это странное «колючее» растение, к тому же плохо растет в домашних условиях...


Классификация электровозов: Свердловский учебный центр профессиональных квалификаций...


Теория отведений Эйнтховена: Сердце человека – это мощная мышца. При синхронном возбуждении волокон сердечной мышцы...

Педагогикалық кеңес тақырыптары



№1 Педагогикалық кеңес Бағыт сілтейтін педагогикалық кеңес

1 2009-2010 оқу жылының жоспарымен таныстыру және бекіту

2 Педагог кадрларды топтарға орналастыру

3 Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда МЖМ стандарттың мақсат, міндетімен, коррекциялық топтарының жұмыс жоспарымен таныстыру,

Сабақ кестесін, үйірмелер жұмысының жоспарын бекіту

Сабақ кестесін, үйірмелер жұмысының жоспарын бекіту

Шешімі:

1. 2009-2010 о.ж. жұмысм жоспары бекітілсін

2. Тәрбиешілер балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлініп бекітілсін

3. Мектепке дейінгі балалардың тәрбие-білім беру жұмысының сапасын арттыру МЖМ стандарт бойынша жұмыс жоспарын құру жаупкершілігі балабақша әдіскеріне жүктелсін

№2 Педагогикалық кеңес «Деніңіз сау болсын десеңіз»

1 Ақпараттар: Алдыңғы педкеңестің шешімін жүзеге асыру

2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен дене-шынықтыру жұмыстарын жүргізу

3 Психолого-педагогикалық жағдайда ата-аналармен балалар арасындағы қарым қатынасты дене тәрбиесі амалдары арқылы үйлестіру (сөз сөйлеу)

4 Талқылау. «Дені сау бала» (қатысушылар 2 топқа бөлінеді)

№1 Мәселе

Денсаулықты бұзу – салауатты өмір салтынан ауытқу (бала денсаулығына елеулі зиян келтіретін факторларды анықтау)

«Жанұядағы салауатты өмір жағдайы» сауалнама қорытындысы

№2 Мәселе

«Денсаулық», «Дене бітім мәдениеті» - ұғымдарынсыз бала денсаулығын сақтау және дамыту мүмкін бе?

№3 Мәселе

Мектепке дейінгі балалардың ойлау және дене тәрбиесін ұштастыру

Топтардың атқарған жұмыстарын қорытындылап, талдау

Ақпараттар:

Тексеру қорытындысы

а) Балаларды дәрігерлік тексеруден өткізу нәтижесі

б) Жолда жүру ережесі бойынша педагогтардың атқарған жұмысын зерттеу

8.Пед. кеңестің шешімі:

Көрме: «Салауатты жанұя! Ойын орталығы «Абай бол балақай!»

Шешімі:

1. Барлық топтарда «Дене шынықтыру» бұрыштары құрылып, толықтырылып, атат-аналар бұрышы ұйымдастырылсын

2. Әр айдың бірінші сәрсенбісі «Денсаулық» күні болып есептелсін

3. Сауықтыру шаралары талапқа сай, уақытылы өткізілсін.

 

№3 Педагогикалық кеңес «Заттық дамыту ортасы – баланы дамытудың көзі»

Күн тәртібінде

«Мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуы»

1 Ақпараттар

Алдыңғы педкеңестің шешімін жүзеге асыру

2 Анализ Мектепке дейінгі ересек балалардың сөйлеу тілі әрекетін қалыптастыру

3 Тақырыптық тексеру қорытындысы

а) Балалардың тілін дамыту жұмыстарында оқытудың әдістерін қолдану.

б) Мектепке дейінгі ересек топтағы балалардың – ойлана сөйлеу әрекетін дамыту - негізгі міндет

в) Сюжетті – рольді ойын баланың дамуында алатын орны

4 Сөз сөйлеу «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдесе білу

қасиетін қалыптастыру»

5 Дамыту ойындарын өткізу барысында балалардың тілін дамыту

Тренинг

«Мен диолог пен монологтамын»

7 Іскер ойын

мақсаты: Жылдық мақсатты іске асыруда педагогтардың білімі мен біліктілігін анықтау

2 Педагогтардың тілдесу мәдениеті тәртібін,әдептілікті сақтау ережесін бақылау

а) «Сергіту жаттығулары»

б) «Дұрыс сөйле»

в) «Миға шабуыл»

Педкеңестің шешімі

Көрме «Баланың белсенді және саналы сөйлеуін дамыту ойындары» (педагогикалық колейдоскоп)

Шешімі:

1. Барлық топтарда «денсаулық» бұрыштары қайта қаралып, балабалдың жас ерекшелігіне сай толықтырылсын.

2. Барлық топтарда кітаптар бұрышы, І-ІІ кіші топтарында үстел үсті театры ұйымдастырылсын.

3. Тәрбиешілердің балалардың тілін дамыту әрекетін көрнекі құралдарымен толықтырып, ұйымдастырылған оқу әрекетін ұйымдастыруын бақылауға алынсын.

№4 Педагогикалық кеңес «Ойын өсіреді»

Күн тәртібінде

1.«Тәрбиешілердің балалардың ойын әрекетін басқаруын жетілдіру»

2.«Мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың ойын әрекетін дамыту» ақпараттық талдау

3. «Сөздік дидактикалық ойынның баланың ойлау қабілетін дамытудағы маңызы»

4. Сюжетті – рольді ойын және оның «Айналамен танысу» бөлімімен өзара байланысы

5. «Өзіңіз ойнай білесіз бе?» тәрбиешілердің ойын әрекетін жүргізу әдісін бақылау

а) Аз қимылды ойындар

б) «Дұрыс сөйле» сөздік ойын

в) «Ойлан тап» логикалық ойындар

Көрме «Ойын өсіреді» (педагогикалық колейдоскоп)

Шешімі:

1. Барлық топтарда ойындар мазмұнын қайта қаралып, балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарлансын.

2. ІІ кіші жас топтарында үстел-үсті театрын ұйымдастыру жұмысы қайта қаралсын.

3. Тәрбиешілердің сюжетті рольді ойындар әрекетін ұйымдастыру жұмысы бақылауға алнсын.

 

№5 Педагогикалық кеңес Қорытынды педагогикалық кеңес

1 Алдағы педкеңестің орындалуы

туралы ақпарат

ІІ бөлім Талдау «Балалардың танымдылық әрекетін басқару»

ІІ бөлім Есеп беру

Балаларды – қорғау

Психологиялық қызмет,

дене тәрбиесі нұсқаушылары. Бейнелеу өнері педагогы,

музыка жетекшілерінің өткен жылдағы жұмыс нәтижесі,

жаңа оқу жылының жұмыс жоспары

ІІІ бөлім Талдау «Балалардың танымдылық әрекетін басқару»

Ми ға шабуыл: «Біріккен әрекет педагог пен бала тұлғасының шығармашыл дамуының шарты»

Шешімі:

1. Жаз мезгіліне сауықтыру – шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыру жұмысы жоспарланып, уақылы өткізілсін.

2. Балаларға арналған жазғы мерекелік шаралар жоспарлансын.

3. Барлық таптарда жаңа оқу жылына педагогикалық процесті даярлау жұмысы жүргізілсін.

 

Дістемелік жұмыс

Балабақшада әдістемелік жұмыс қызметімынандай міндеттерді алға қояды: «Педагогикалық ұжымның құқықтық сауаттылығын, кәсібилік, әдістемелік деңгейін ҚР ғылым және білім Министірлігімен, ҚР үкіметінің қойған міндетін сапалы орындау мақсатында мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие процессін түбегейлі арттыру.

Бұл бөлімде келесі іс-шаралар қаралады:

- педагогтардың біліктіліктерін мектепке дейінгі мекемеден тыс қалыпта жетілдіру (ИПК негізіндегі курстар, әдістемелік бірлестіктер, семинарлар, озық тәжірибе мектептері, педагогикалық оқулар және т.б.)

- өзін-өзі жетілдірудегі жеке жоспарлар (тегін, өзін-өзі жетілдіру жұмысының тақырыбын көрсетуі тиіс)

- оқу орындарының сырттай және кешкі бөлімдерінде оқу.

- аттестаттауға дайындық және өткізу.

Семинарлар – мектепке дейінгі мекеменің нақты жағдайларына байланысты тоериялық семинар мәселелері, семинар-практикумдар жоспарланды. Олар бір күндік, апталық, үнемі әрекетте болып бөлінді. Мектепке дейінгі мекеменің әкімшілігі тәрбиешілер қауымымен бірлесе отырып семинар мәселесін таңдап, оның жұмыс жоспарын құрып, педагогикалық кеңесте бекітті. Семинар тақырыптары педкеңес тақырыптары мен жылдық жоспардың басқа да бөлімдерімен сәйкес болды.

Семинарлар бүкіл ұжымға және нақты тәрбиешілер тобына арнайы өткізілді. Кіші жас топ тәрбиешілеріне арнайы семинар ұйымдастыру қарастырылып өткізілді

Сонымен қатар жылдық жоспарда жалпы кеңестер, жас тәрбиешілерге және кіші жас топтарының тәрбиешілеріне арналған кеңестер жоспарланып өткізілді. Кеңестер дөңгелек үстелде әңгіме түрінде және педагогикалық конақ бөлмесінде өтті.

Жас мамандармен жұмыс әдістемелік қызмет жоспарымен сәйкес жүргізіледі, кеңестер жүргізіледі, құрал-жабдықтарды дайындауда, әдістемелік әдебиеттерді жинастыруда көмек көрсетілді.

Әдістемелік бөлме жұмысын ұйымдастыру және жабдықтауда – балалар көркем және әдістемелік әдебиеттерін толықтыру және жөндеу, жазбаша және баспа материалдарын жинау және жаңарту (тәжірибе жұмыстарының баяндамалары, коспектілер, жоспарлар, көшірмелер, зерттеулер, кепілдемелер және т.б.), мемлекеттік стандарттың барлық бөлімдері мен сұрақтары бойынша әдістемелік құрал – жабдықтарды даярлау, тәрбиешілерге арналған қосымшалар (бір жылға арналған міндеттемелер бойынша, педкеңестер тақырыптар бойынша тәрбиешілерге қиындық тудырған сұрақтар бойынша және басқалар), педагог жұмысшылардың тәжірибелерінен жалпылама материалдар жинақталды.

Әр педагогтың нақты ерекшіліктерін есепке ала отырып әдістемелік жұмыстың тиімді жүйесі құрылды ол тәрбиешілерден сұраныстары бойынша, ғылыми және практикалық жетістіктерін міндетті түрде қолданып, мақсатты бағытталған әр түрлі көмек түрінде көрсетуде құрастырылды. Педагогтар үшін «Пәндік дамыту ортасы», тақырбында семинар, «Балабақшада бейнелеу өнері әрекетін дамыту», «Экология бұрышы балалардың танымдылық әрекетін дамытудың негізі», «Дене тәрбиесінде балалардың қимыл қозғалыс әрекетін дамыту», «Балабақшада интегралды оқыту әрекетін ұйымдастыру» тақырыптарында семинарлар өткізілді. Педагогикалық проблемаларды шешуге, біліктілігі мен педагогикалық белсенділігін көтеру үшін педагогикалық кеңестер іскер ойын ретінде өткізілді.

Кеңестер тек қана бір сарында ғана өтпей ролдік ойнау мен кроссвордтарды шешу түрінде өтіліп отырды.

Әдістемелік жұмыс барысында педагогикалық процестегі ашық көрсетілімдер маңызды болды. Ашық көрсетілімдерде педагогтарға балалармен оқу әрекетін ұйымдастыру жұмысын жүргізуде әдіскерлік көмек көрсетіліді.

Кадрлармен жұмыс істеу кезінде психологиялық тренингтер, кеңестер, сауалнамалар қолданылды. Жыл бойы әдістемелік бөлмеде озат педагогикалық жұмыс нәтижесі бойынша көрмелер, бүктемелер жасалынды, балалардың оқу әрекеті түрлеріне арналған материалдар жинақталған, ашық көрсетілімдер мен ертеңгіліктердің бейне жазбалары жинақталды. Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізуге арналған құралдар, әдістемелік әдебиеттермен толықтырылды.. Топтар арасында «Жылдың үздік тобы» атағына арналған байқау өткізіледі. Әкімшілік бақылауы әр түрлі түрде іске асырылады: тікелей, өзара бақылау, өзін-өзі бақылау, бақылау қортындысы өндірістік жиналыстарда, педагогикалық кеңесте, методикалық кеңесте іске асрылады. Білім беру процесі бойынша мониторинг өткізіледі.

Балабақшада бақылау мен басқару ең маңызды қызмет болып табылады.

Балабақшаның дамуы ішкі балабақшалық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Балабақшалық ішкі бақылауға: балабақшаның әртүрлі іс-әрекетінің мазмұнын бақылау ,педагогикалық-ұйымдастыру,білім беру, социалды-психологиялық, дәрігерлік-социалды, қаржы шаруашылық және басқа да іс-әрекеттер,білім беру үрдісін бақылау жатады.

Балабақшаның оқу-тәрбие жұмысына басшылық пен бақылау жасаудың мақсаты педагогтар ұжымына басшылық жасау әдісімен жүзеге асыру, бағдарламаның барлық бөлімі бойынша оқу-тәрбие әрекетіне айқын сараптама жасауын қаматамасыз ету. Берілген бөлімді жоспарлау барысында балабақша іс-әрекетіне жан-жақты жалпы , тақырыптық салыстырмалы ескертпе, жалпылама- шолу бақылу жұмыстарын өткізу қарастырылды.

Бақылау жұмысы педагогтарға көмек ретінде, қателіктерін түзетіп, ескерту жасап, озық іс-тәжірибені жалпылап тарату мақсатында жүргізіледі. Бағдарламаның барлық бөлімдерінің, балабақшада шығарылған бұйрықтардың, педагогикалық шешімдерінің, Инспекторлық тексеру ұсыныстарының орындалуына басшылық тарапынан бақылау жүргізіп, негізгі назарын аударып отырады. Топтағы балаларды тәрбиелеу және ұйымдастыру үшін, ата-аналармен, мектеппен, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау жағдайын, жарақаттардың алдын алу жұмыстарын орындау үшін қолайлы жағдай тұрғызу. Жоспарда бір топты жалпы тексеруден өткізу (қажеттілікке байланысты) қарастырылады. Тақырыптық тексеру тоқсанына 1рет педагогикалық жұмыстың жеке бір бөлімін тереңдете тексеру мақсатында жүзеге асылылады. Топта жұмыс атқаратын тәрбиешінің әрекетінің жеке жақтарына назарды күшейте аудару, озық тәжірибені тарату және меңгеру мақсаты алға қойылады. Бақылаудың басқа түрлері жас педагогтардың жұмыс барысында қателік жібермеуін ескерту мақсатында жоспарланады.

Үнемі тексеруді талап ететін мәселелер.

1. Балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау нұсқауларын орындау.

2. Оқу-тәрбие процесі, білім деңгейі, балалардың біліктілігі мен дағдысы.

3. Балаларды дәрігерлік тексеруден өткізу нәтижесі.

4. Күн тәртібінде сауықтыру шараларын өткізу.

5. Балабақша жұмысында мектеппен сабақтастық мәселесі.

6. Балабақша педагогтарының педагогтық шеберлігін және іскерлік біліктілігін жетілдіру.

7. Ұжымдағы психологиялық дұрыс ахуалды жағдайларды сақтау

8. Ата-аналарменжұмыс жүйесі

9. Күн тәртіпережелерін орындау.

10. Қауіпсіздік техникасы.

11. Мүлікті сақтау.

12. Материалдық базаны бекіту.

Жылына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер

1. Сырқаттану сараптамасы.

2. Тамақтану нормасын орындау.

3. Балалардың балабақшағакелу күні бойынша жоспарды орындау.

4. Дене шынықтыру, ойын-сауық кештерін өткізу.

5. Топ құжаттарының күйі. Бейнелеу өнері мен қол еңбегі бойынша балалар жұмысына сараптама жасау.

6. Педкеңестің шешімін орындау.

7. Есеп берушілердің құжаттары мен есеп берулері.

8. Азық-түлік қалдықтарын түсіру.

9. Байқаулардың, сайыстардың қорытындысын шығару.

 

Тоқсанында бір рет бақылауды талап ететін мәселелер.

1. Әдістемелік бірлестік жұмыстарына қатысу.

2. Балалар сырқатына сараптама жасау

3. Денсаулық күндерін өткізу.

4. Топтарда ата-аналар жиналыстарын өткізу деңгейі.

5. Тоқсаны бойынша бағдарламаны орындау (педұжымының шешеімі бойынша). Жедел бақылау сұрақтарының тізімі:

1. Күндізгі ұйқыдан кейін жасалатын жаттығулар мен таңғы жаттығуларды даярлап өткізу және оның тиімділігі.

2. Шынықтыру түрлерін өткізу және оларды байланыстыра білу.

3. Күн тәртібі кезеңіндегі бала белсенділігі.

4. Дастарқан басында мәдени дағдыларын қолдана білуіне сараптама жасау.

5. Қоғамдық ортада балалардың өзін-өзі ұстай білу дағдысына баға беру (балалармен сұхбат жүргізу жәнеата-аналардан сауалнама алу нәтижесі бойынша).

6. Әдептілік туралы ойын қалыптастыру (балалармен, тәрбиешілермен сұхбат жүргізу нәтижесі бойынша).

7. Мектепке дейінгі балалардың жолда жүру ережесі туралы білімін қалыптастыруға арналған педагогтардың жұмысы.

8. Бағдарламаға сәйкес балалардың адамдардың еңбегі, табиғатта жыл мезгіліне байланысты болатын өзгерістер туралы ойларын қалыптастыру.

9. Күн тәртібінде балалармен қимыл және спорттық ойындарын ұйымдастыру.

10. Жас ерекшелігіне сай оқу - тәрбие әрекеттерінде дидактикалық ойындар қалай қолданылады.

11. Желісті-рөлді ойындарға шолу жасау, оларды қоршағанортамен таныстыру бөлімдерімен өзара байланысы.

12. Балалардың өз бетімен қызмет ету дағдысын қалыптастыру.

13. Шаруашылық тұрмыстық еңбекті тиімді және жаңаша ұйымдастыру (кезекшілік, тапсырма беру, ұжымдық еңбек)

14. Қол еңбегін ұйымдастыру

15. Өлі табиғат және өсімдіктер әлемі туралы балалардың білімін тексеру.

16. Жануарлар әлемі туралы балалар білімін тексеру.

17. Жас ерекшелігіне сай балалардың грамматикалық сөз тізбегін, дыбыстық мәдениетін бағалау.

18. Балалардың сауат ашудан дайындық деңгейін бағалау.

19. Сурет салуда балалардың дағдысын қорытындылау (жапсыруда, мүсіндеуде, құрастыруда).

20. _______________ мейрамдары қарсаңындағы балалармен жұмыс жүйесі.

21. Негізгі қимылдарды жасауда балалардың дағдылары мен білулерін қорытындылау (еңбектеу, өрмелеп шығу және т.б.).

22. Оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарларын тексеру.

23. Педагогтардың өзін-өзі жетілдіруінің тақырыптары бойынша әңгіме құру.

24. Сабақтарға дайындық.

Ішкі балабақшалық бақылауды жүзеге асыруда күтілетін нәтиже:

- Педагогикалық шеберлікті дамыту бағытында ақпараттық технологияны меңгерту,авторлық бағдарламалар жазуға педагогикалық тәжірибе жинақтату.

- Мониторинг жүйесінің негізіне сәйкес балалар мен тәрбиешілердің білім сапасының нәтижесіне баға беру, қиыншылықтарды тауып, түзету жолдарын қарастыру.

 

2009 жылға материалды-техникалық Бала бақша заман талабына сай жаңа жиһаздармен көрнекі құралдармен толық қамтамасыз етіліп, холдар түрлі тақырыпта стендттермен безендірілген. Әр топта жас ерекшеліктері мен бой көрсеткішіне сай жиһаздар орналасқан. Пәндік дамыту ортасы мен ойын бұрыштары (жұмсақ, құрастыру, мозайка, құрылыс материалдары, кітаптар,) керекті заттармен жабдықталған. Әр топта табиғат бұрышы (тотықұс, балық) шаштараз, дәріхана, дүкен, жол ережесі, қуыршақ театр бар.

Музыка залы қажетті аспаптармен қамтамасыз етілген (пионина, домбыра, теледидар, музыкальный центр, музыка орталығы)

Әдістемелік бөлмеде компьютер, тақырыптық көрнекіліктер, және әдістемелік нұсқалар мен ертегі кітаптар бар. Педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелермен толықтырылған. Медицина блок 3 бөлмеден тұрады: егу бөлемесі, шектеу бөлмесі, жұмыс бөлмесі. ( базаға сай жабдықталған.)

Асхана 3 бөлмеден тұрады: ас даярлайтын, қойма, дайын тамақ сақталатын. Асхана барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

Кір жуатын бөлме толық базаға сай қамтамасыздырылған. Жалпы алғанда материалдық база қойылған талаптарға сай.

Сәуір айыннан бастап көгалдандыру жұмысы жасалды, ағаштар, жеміс ағаштары, гүлдер ,қияр, қызанақ басқада көкеністер егілді. Балабақша айналасына ертегілер кейіпкерлерінің бейнесі және зообақ көрінісі жасалынды.

 

Сараптама

Балабақша 2009 жылы қыркүйек айында 280 орынды балаға ашылды.

Қазіргі кезде балабақшада 325 бала тәрбиеленуде.

2009 жылға мемлекет тарапынан 620 мың теңге бөлінді.

Қазан айында 323 дана төсек төсеніштерін алдық.

Қараша айында жылу жүйесіне есептегіш счетчик орнатылды.

Қараша айынан бастап, балабақшаға керекті жиһаз –мүліктер алынды.

Тәрбиешілерге арналған шкаф 13 дана алынды.

Топтарға табиғат бұрышы 8 дана

Шаштараз бұрышы 6 дана

Психолог кабинетіне 2 тумбалы стол, 6 дана орындық алынды.

Желтоқсан айында кір жуатын бөлмеге 5 кг. кір жуғыш машина, төсенішке арналған стеллаж 3 дана алынды, екі ярус. төсек 5 дана, төсек 5 дана, балаларға арналған 5 есікті шкаф, стол 30 орындық ,15 дана алынды.

Медицина кабинетіне 1дана шкаф, екі камералы холодильник, іс жүргізушінің кабинетіне стол 2 дана, компюьтерлік стол, ересек тобына 6 дана парта, 12 дана орындық алынды. Сәбилер тобына 12 ұялы 3 дана горшок қоятын шкаф, тәрбиешілерге кабинетіне стол 2 тумбалы алынды.

Топтарға ыдыс-аяқтар алынды, тарелка 1-ші тағамға 50 дана, тарелка 2 –ші тағамға 50 дана, бокал шайға 204 дана, қасық 100 дана, шанышқы 100 дана және топтарға 12 дана кілем алынды.

Спорт алаңына балаларға арналған (скамиека) гимнастикалық орындық 2 дана, рефлекторлы алашалар 2 дана, сенсорлы дидактикалық тасбақа бейнесіндегі көлемді ойыншық, гимнастикалық саты 2 дана, Спорт ойынына арналған шығыршықтар мен доптар және басқа да қажетті құрал жабдықтар алынды.

Желтоқсан айында әдіскерге, іс жүргізушіге, есепшіге 3 дана компьютер лицензиондық программасымен алынды. Дәліздер стенд бұрыштарымен безендіріліп, жабдықталды. Ақпан айында есепшінің компьютеріне интернет енгізілді. Сәуір айында екі нөмір кабельді телефон құрылды.

Сәуір айыннан бастап көгалдандыру жұмысы жасалды, ағаштар, жеміс ағаштары, гүлдер , қияр, помидор басқада көкеністер егілді. Балабақша айналасына ертегілер кейіпкерлерінің бейнесі жасалынды. Гүлзарлар егілетін алаңға битонды қоршаулар және ойын алаңындарына балаларға арнайы орындықтар жасалынды.

«Денсаулық»

· дене шынықтыру

· валеология негіздері

Денсаулық білім беру саласы бойынша жыл бойына бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін тапты. Балалардың физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережесін сақтауға: қозғалыс дағдыларын меңгеріп, түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге, денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас тазалық дағдыларын толық меңгеруге мүмкіндік жасалды.

Алдағы уақытта балалардың өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеп, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіндіріп, қозғалыс белсенділігін дамытуға және физикалық қасиетін қалыптастыруға жағдай жасауды мақсат етіп алдық.

«Таным»

· сенсорика

· қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

· құрастыру

· экология негіздері

· қоршаған ортамен таныстыру

«Таным» білім беру саласы бойынша бағдарламалық талаптарға сай балаларадың білім деңгейлері салыстырмалы көрсеткіш бойынша көрсетілген. Балаларды қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, алға қойылған міндеттерге барар қызмет тәсілдерін таңдау, алға қойылған мақсатқа жету, экологиялық білімді меңгеріп, сұрақтар қоюға, эксперемент жасауға, себеп салдарлық байланыстар орнату дағдылықтары қалыптастырылды. Құрастырылымдық іс-әрекеттегі ойды жүзеге асырып, заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік жасалды.

«Әлеуметтік орта»

· қоршаған ортамен таныстыру

· экология негіздері

· көркем әдебиет

Барлық іс-шаралардың бағыты әлеуметтік-имандылық тәрбие міндеттерін шешу жолында мәдени кештер іс-әрекеттері арқылы шешілді.Балалар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт дәстүрлерімен танысты. Ойын-сауықтар нысандарында түрлі ұлттарға деген сүйіспеншілік сезімдері мен жылы қарым-қатынас сақтау қалыптастырылды.

«Қатынас»

· тіл дамыту

· көркем әдебиет

· қоршаған ортамен тансыстыру

· сауат ашу және жазу

· ағылшын тілі

«Қатынас» білім беру саласы бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын мемлекеттік мемлекеттік тілде қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет құруда пайдалануды:

«Шығармашылық»

· сурет

· мүсіндеу

· жапсыру

· музыка

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша оқу жылында балалар музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытып, көркем туындылар және халықтық шығармашылыққа өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік алды. Көркем құралдармен жеке көркем образдар жасауларына толық жағдай жасалды.

 





Дата добавления: 2017-04-04; просмотров: 7107 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.024 с.