Лекции.Орг


Поиск:




Оқу жылының жұмыс нәтижесі.




Ақ желкен» МКҚҚ балабақшасының аннатациясы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 28.08.09. жылғы № 674 қаулысына сәйкес № 5 «Ақжелкен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұйымдастырылды.

Мекен жайы: Тараз қаласы «Аса» мөлтек ауданы № - 7 үй

Ғимарат жобасы: Типтік үлгі

Күрделі жөндеуден

өткен мерзімі: 2008 жыл

Пайдалануға

берілді: 2009 жыл

Жоба қуаттылығ: 280 бала

Балабақша контингенті: 326 бала санын құрайды

Мектепке дейінгі

мекеме түрі: Жалпы білім беру

Негізгі қызметі: Тәрбие, білім беру, дамыту.

Қосымша қызмет «Қауыз» суда жүзуді үйрету.

түрлері: Ата-аналарға психололгиялық кеңес,

«Көңілді қылқалам», «Ағылшын тілі»,

«Негеш» үйірме жұмыстары.

Балалар контингенті: Жас ерекшелігіне 12 топ

І кіші жас тобы - 2

ІІ кіші топ – 4

Ортаңғы топ - 4

Ересектер тобы – 2

Материалдық Мектепке дейінгі мекеме жиһаздармен

жаңа заман талабына сай жиһаздармен

және оқу құралдармен толық жабдықталған.

Мектепке дейінгі мекемеде әдіскер, психо -

логиялық, дәрігерлік, бейнелеу кабинеттері

мен қауыз бөлмесі өнері өз қызметіне

сәйкес құралдармен жабдықталған.

Кадрмен қамтамасыз Барлығы82 қызметкер оның

ету ішінде 37педагог

Педагогтар құрамының 20 жасқа дейінгі - жоқ

жас ерекшелігі: 25-30 жас - 8

30-35 жас - 8

35-40 жас – 7

40-45 жас – 5

Педагогтар құрамының Жоғарғы санатты - 2

білім деңгейі: Бірінші санатты - 2

Екінші санатты - 1

Санаты жоқ – 32

Қоршаған әлеумет: № 14, 2 балабақша,

№ 46,49,51 мектеп

 

Бөлім.

оқу жылының жұмыс нәтижесі.

2009-2010 оқу жылының оқу – тәрбие іс әрекеті мемлекеттік тілде, мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Астана – 2009ж.) негізге ала отырып,

І, ІІ кіші топтар, орта жас топтары «Балбөбек», ересектер тобы «Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы» «Алматы» 2005ж «5-7 жасар балаларды мектепке даярлау бағдарламасы» Астана 1999ж «Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы» Алматы 2006 ж, «Мектеп алды даярлаудың оқыту әдістеме кешені» Алматы 2006 ж. «Қайнар» мектепке дейінгі балаларды балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы Алматы 2007 ж бойынша жүзеге асырылды. «Алғашқы қадам, «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары қосымша іске асырылды.

Тәрбиелеу – оқыту жұмысын заман талабына сай алдыңғы қатарлы технологияны қолдана отырып, жүргізу мақсатында № 5 «Ақжелкен» балабақшасы 2009-2010 оқу жылына төмендегідей міндеттер қойды:

1. Баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене саулығын дамыту.

2. Балалардың ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбие беру жұмысын іске асыру.

3.Үлкендер мен балалар арасындағы қарым – қатынас құруға көмектесу.

Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Сондықтан да біздің «Ақ желкен» балабақшасындағы ең негізгі міндет «Бірінші байлық денсаулық» дегендей балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру түрлі аурулардың алдын-алу, сақтану жұмыстары, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Ол үшін бүлдіршіндердің дене құрылысының дұрыс өсіп қалаптасуына көп көңіл бөлінді. Балабақшада балалардың дене және психикалық саулығын қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау мен бекітуге бағытталған әрекеттер жүзеге асырылды. Берілген міндеттерді барынша қолайлы шешу мақсатында жұмыс келесі бөлімдерден құрылды: балалардың қимыл қозғалыс әрекеті белсенділігін қамтамасыз ету, емдік-алдын ала емдеу жұмысы, баланың жеке басының психикалық саулығын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің сауықтыру бағыты.

Жыл бойында «Күзгі ойын сауықтар», «Қысқы ойын сауықтар», «Көктем сыйлары», «Жазғы қуаныш» тақырыптарында 4 кезеңнен тұратын спорттық мерекелер мен ойын сауықтар өткізілді.

Балабақшада емдік сауықтыру жұмысы әр түрлі шаралар арқылы жүргізілді. Мысалы: фито терапия, нүктелі массаж,табиғи факторлармен шынықтыру, тыныс алу жаттығулары, рефлекторлы іздермен жүру. Балабақшада денсаулық күнін өткізу қимыл-қозғалыс ойындарын, ойын жаттығуларын, көңілді эстафеталар, сауқтыру мен спорт ойындары дәрігердің қатысуымен өткізілді. Сонымен қатар балабақшада балалардың денсаулығын сауықтыру мен тыныс алу жолдарын шынықтыру мақсатында қауыз (БАССЕЙН) жұмысы іске асырылды. Балабақшадағы әлсіз балалардың салмақ қосуына, дене дамуының жақсаруына, бала ағзасының иммунологиясын көтеруге мүмкіндік беретін жаңаша түрде тамақтану принципі орындалып балалардың денсаулығын көрсететін көрсеткіштер анализі, оның төмендеп, орташа көрсеткішке сай келетінін көрсетті.

МДМ балалардың әр түрлі әрекетте толығымен психологиялық дамуы үшін жақсы материалды-техникалық жағдай жасалған. Кіші жастағы топтарда сенсорлы тәжірибесін толықтыру, балаларды заттық әлемге қатыстыру, білім құмарлығын арттыру, қоршаған әлеммен белсенді қарым-қатынаста болу үшін барлық жағдай жасалған.

Баланың жеке басының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді. Топтарда табиғат бұрышын, аквариумның, құстардың ұйымдастырылуы өзін еркін ұстап босаңсуына әсер етеді. Табиғат құралдарымен жұмыс жасау, эксперимент жасау жағымсыз эмоциялардың бетін қайырады.

Балабақшада психолог кабинеті бар. Психолог тәрбиешілердің сұранысымен арнайы кеңестер өткізді. Балаларды тексеру диагностикасы қортындысы бойынша, ата-аналарға арнайы жеке, топтық кеңестер өтілді. Балабақша психологы балалардың даму қабілетіне қарай жеке түзету (коррекциялық) жұмыстарын өткізеді:

мектепке дейінгілердің балабақшаға бейімделуі: Таблица

2009-2010 оқу жылының қыркүйек айында балабақшаға жаңа келген балалармен бейімделі жұмысы жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді. Баланың мектепке дейінгі мекемеге орналастыру психологиялық жағынан қарағанда өткір пікір талас болып табылады. Сәби жастағы балалардың көпшілігі өзінің өміріндегі мұндай өзгеріске нашар бейімделеді. Сондықтан көптеген балалар алғашқы күндері үйренбеген ортаға келгенде мазасызданып, сонан соң сылбыр және сөйлемейтін жағдайда болады. Оның себептері әр түрлі: балалар үлкендермен қарым-қатынасқа түсіп үйренбеген, отбасында күн тәртібі құрылмаған, мәдени-гигиеналық машықтары қалыптастырылмаған. Балалардың балабақшаға жеңіл бейімделуі үшін психологтың жұмысы үлкен қажеттілікті талап етті. Біірінші кезеңде ата-аналарға арнай кеңестер беріліп, әңгіме жүзінде нұсқаулар жасалды. Балалардың мінез-құлқы мен әдеттерін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Бейімделу топтарында жұмыстың барлығы ойын түрінде жүргізілді. Мұндай әдісті қолдану ата – аналардың педагогтың жұмысына тікелей байланысын көрсетеді. балаға бейімделу картасы арналып, жұмыс жасау жоспары құрылды. Екінші кезеңде барлық балаға бейімделу картасы арналды.

Жалпы алғанда балалардың балабақшаға бейімделуі үш кезеңде өтті:

Күрделі – 58%

Орташа – 28%

Жеңіл -14%

Қазіргі кезде барлық балалар балабақшаға жақсы көңіл күймен келеді.

Балабақшаға келетін ұйымдастырылмаған балалармен жыл бойы жұмыс жүргізілді. Олар өздері тіркелген топтың жоспары бойынша оқу әрекетіне қатысуына мүмкіндік алды. Қабілеті ерекше балаларға көп көңіл бөлініп «Негеш» клубы үйірмесінің жұмыс жоспары құрылды.

Балаларға мынадай үйірмелер жұмыс жасады:

«Негеш» - Қыбраева А. О

«Көңілді қылқалам» -Алиева Н. С

«Ағылшын тілі» - Дауешова Г.

Қазақстан Республикасында азаматтардың даму деңгейі заманға сай тенденциясы, білім дамуы интеллектуалды көтеруге бағытталған. Бүгінгі күнде бала бақшадағы балалардың толық ителлектуалды даму қабілеті ең басты мәселе болып тұр. модель

Балаларды интеллектуалды қабілетін дамыту барысында білім алу әрекетінде есте сақтауға, ойлауға, елестетуге, дұрыс сөйлеуіне көп көңіл бөлінеді. Жұмыста Никитиннің, Воскобовичтің дамыту ойындары қолданады. Дамыту ойындарын тиімді қолдану педагогтарға сабақтарды қызықты етіп ұйымдастыруына мүмкіндік береді, білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан барлық топтар керекті ойындар және дамыту құралдарымен жабдықталған. Тәрбие-білім беру процесінде әр баланың мінез-құлқына және қабілетіне қарай жеке тәсілдерді қолдану жақсы көрсеткіш көрсетті.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1305 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

781 - | 751 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.