Бастауыш мектептегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін
күн сайын бақылып, көп ерекшеліктерді байқадым. Және әрбір баланын психологиялық ерекшеліктерін талқылап, қорытындылар шығардым. Әрине, көп қиындық туғызған жок, керісінше өзіме керекті тәжірбиелерді жинадым.
Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:
— баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
— әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
— отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі. [3. 27].
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина «Жас ерекшелігі психологиясында» былай деп келтірілген: «Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері «бестік» баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін». Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: «мотив-іс-әрекет», «мақсат-әрекет», «меңгерілетін іс-әрекет-операция».
Сонымен, іс-әрекеттің құрылымына байланысты және бастауыш мектеп оқушысының дамуына әсер ету арқылы сыртқы жоспар ішкі жоспардың негізінде орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай-ақ зейін процесінің жүйелі қалыптасатын кезеңі.
Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден «сен мүлдем тырыспайсың?» деген сөз естиді. Бірақ ол «тырысу» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.
Орытынды
Мен, Оспан Мадина, 29.09.-22.10.16 -2.-22.02.17аралығында № 18 ЖОББ мектебінде өттім. Жетекшім мейрімді, өз ісінін маманы мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым -қатынас жасау, баланы тәрбиелейтін, ақылшы ұстаз деп ойлаймын.Ұстаз болудың қандай екенін, ұстаздық міндетті, атқаратын жұмысын, жауапкершілігін түсініп, үйрендім.
Мен практиканы өту барысында өзіме көп мәлімет алдым. Мектептің аса жауапты міндеті - оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыда өткізді. Мен осы мұғалім мамандығыма көңілім толады. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасаған қызықты екенін байқадым.
Мектеп жұмысы маған өте ұнайды. Мұғалім сабақты заманға сай жаңа технологиямен өткізді.Оқушылардың ағылшын пәнін оқуға ынтасы зор.Мұғалімнің жұмыстарымен таныстық.Өзінің сабақ беру тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сыныптармен жұмыс истеуді үйретті.Көп нәрсені үйретті.Жетекшіме алғысым шексіз.Аз уақыт болсада білгенін үйретті. Мектептің аса жауапты міндеті - оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.