Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы зерттеу




Мұғалімнің,сынып жетекшінің оқұ-тәрбие жұмыстарын зерттеу барысында, мұғалімнің әдістемелік, ұйымдастырушылық қызметін бақылау барысында өзіме көп мәлімет алдым.

 

Бастауыш сынып оқушылары жас кезеңі баланың барлық қабілеттерінің нышаны ашылып,ойлау процесінің көрініс беретін шағы. Бұл жұмысты сынып мұғалімдер мен мектеп психологі ұйымдастырады. Мектеп психологі психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінде ақаулықтар бар балаларға дер кезінде көмек көрсетсе, осы жұмысты ғылыми – әдістемелік негізделген тұрғыда ұйымдастырса, балалардың ішінде нашар дамыған сирек кездеседі.

Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау ата – аналар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестігінің негізінде табысқа жететін мәселе және бұл болашақ мектеп табалдырығын аттайын деп тұрған бүлдіршіндерді де толғандырады.

Көпшілік ата – ана мектепке барғанша хат танып және жазу, санау машықтарын игеріп барса, жеткілікті деп ойлайды.Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды. Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған сайын баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері де болады. Оның себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр- салақ, оқу материалдарын қалай болса - солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

Сол себепті балалардың танымдық белсенділігін, зейінділігін, пайымдауын, талдап салыстыру, жалпылау мен ерекше белгілеріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диогностика негізінде анықтап және оларды дамытудың маңызы ерекше.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті – ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті – оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері – әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері – диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық

 

Тапсырма 4





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1400 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2264 - | 2004 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.