Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Иілгіш магниттік дискілердің диск ендіргіштері




Иілгіш магниттік дискіде магниттік қабат иілгіш негізінде жасалынады. Өлшемдеріне қарай иілгіш магниттік дискілер (дискеттер) 3,5 және 5,25-ге бөлінген. Қазіргі жағдайда тек 3,5 дюймдік дискілер қолданылады. Жазба үшін қолданылатын жақтарының санына және тығыздығына байланысты дискеттер келесі маркировкалы және сыйымдылықты болады:

DS/DD-екіжақты (Double Sides), бірлік тығыздықты (Single Density), 360 КБайт.

DS/DD-екіжақты (Double Sides), екілік тығыздықты (Double Density), 720 КБайт.

DS/HD-екіжақты (Double Sides), жоғары тығыздықты (High Density), 1,44 МБайт.

DS/2HD-екіжақты (Double Sides), 2есе жоғары тығыздықты (2High Density), 2,88 МБайт.

Дискеттерде ақпараттарды сақтау үшін ол алдын-ала форматталған болуы қажет. Дискеттерді форматтау – бұл дискіде ақпараттық жазбаларды орналастыру аймақтарын және жазбаға жарамсыз бөліктерді, сол сияқты басқа да басқарушы ақпараттарды анықтауға арналған, оның бетіне арнайы белгілер түсіретін жазу үрдісі.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Қазіргі ДЭЕМ-ларда көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кезде шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650–700 Мб, яғни оған 650-700 миллион символ сияды. Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады.

Магниттік дискілер пен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер жатады.

Стример -таспа түріндегі қондырғылар. Стримерлер –мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стример картриджі кәдімгі магнитофонның кассетасына ұқсайды, бірақ ол әлдеқайда орнықты жасалған. Стримерге арналған магниттік таспалардың көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Жүйелік дискета - операциялық жүйенің файлдары сақталынатын дискета.

Магниттік дискіде мәліметтерді сақтаудың физикалық ұйымдастырылуы

Дискінің жақтары

Дискінің екі жағының болуы оның ең маңызды сипаттамасы болып табылады. Бұл жағдайда мәліметтерді оның екі жағына да жазуға және оқуға болады. Жүйеде оның бірінші жағын 0 нөмірілі, ал екінші жағын 1 нөмірлі деп қарастырады. Қатты дискілер, әдетте жазуға арналған бірнеше беттен тұрады, олар пластиналар деп аталады. Бұл пластиналар бір оське құрастырылған және қатты дискінің корпусына бекітілген; олардың әрқайсысының екі беті бар. Жақтардың белгіленуі мынандай: бірінші пластинаның бірінші бетіне 0 нөмірі, екіншісіне-1, екінші пластинаның бірінші бетіне 2 нөмірі, ары қарай солай жалғаса береді. Қатты дискінің дискеттерінің әрбір жақтары мен пластина жақтарының әрбірі үшін өзінің жазбаларды оқитын бастары болады.

Жолдар

Қатты диск пластиналарының немесе дискеттің әрбір жағы жолдар деп аталады. Ақпараттар магниттік бетке концентрлік шеңбер тәріздес жолдарға жазылады.

Цилиндрлер

Дискеттердің (немесе қатты дискінің барлық пластиналарының) екі жағындағы бірдей радиустармен шеңбер түрінде орналасқан жолдар цилиндр деп аталады. Дискетте цилиндр екі жолдан тұрады. Жол нөлден бастап нөмірленеді: әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция сандары бірдей болады. Әр жолдағы порция саны нөмірленеді.

Секторлар және абсолютті секторлар

Әр түрлі жолдағы бірдей нөмірлі деректер жиыны сектор деп аталады.

Әрбір жол секторларға бөлінеді. Әрбір дискіде барлық жолдар өзіне тек бір ғана секторлар санын ендіреді.

Кластерлер

Секторлармен бірге жинақталған топтарды кластерлер деп аталады.

Кластерлер логикалық нысандар болып саналады, ал жолдар мен секторлар физикалық нысандар.

Әдебиеттер:

1. В.Л. Бройдо, О.П. Ильина. «Архитектура ЭВМ и систем» Санкт-Петербург, 2009 г. 24-76 стр.

2. Цилькер Б.Я., Орлов С. А. «Организация ЭВМ и систем» Питер, 2004г. 668стр.

3. В.Я.Гельман. «Медицинская информатика». Санкт-Петербург, 2002 г. 3-15 стр.

4. С.В.Симонович. «Информатика. Базовый курс. 2-издание».Санкт-Петербург, 2003г. 3-40 стр.

5. С.В.Глушаков, А.С.Сурядный. Персональный компьютер. М.Фолио.2004 г. 5-15 стр.

6. А.Н. Степанов Информатика 4-е издание. Питер 2005 г. 47 стр.

7. Под. редакцией проф. Н. В. Макаровой. «Информатика». М., 2006г. 3-27 стр.

8. Б.Бөрібаев. Информатика және компьютер, Алматы "Білім" 1995 ж.

9. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар» А, 2003 ж.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1350 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2405 - | 2285 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.