Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ




 

Ауыр металдардың табиғаттағы үлесі жылдан жылға артып келеді, оның себебі метал өндіру мекемелері мен қоғамдағы автотранспорттың санының артуында. Түтін мен, шаңмен ауыр метал иондары атмосфералық ауа құрамына еніп алыс қашықтықтарға дейін таралып көп аймақты заладайды. Ол иондар жаңбыр арқылы және шық арқылы топыраққа жәнек су көздеріне түседі. Соның салдарынан өсімдікке, одан жануар ағзасына ең соңында адам ағзасына енеді. Ол металдар көп уақыт ішінде белгілі мүшелерде жиналып зала келтіреді. Оның салдарынан ісік жәнеде басқа қатерлі аурулар пайда болдафы. Сондықтан, ауыр металдардың адам өмір сүретін ортасында көбеймеуін қамтамасыз ету және олардан тазарту жолдарын іздестіру қазіргі замандағы экологтардың басты мәселелерінің біріне айналып отыр.

Соңғы ғасырдың екінші жартысынан бері қарай, өндірістік технологияның қарқынды дамуына байланысты алғашқы шикізаттарды табиғи танаптардағы өсімдіктерден алу қарқынды жүрді. Көптеген сирек кездесетін және өндіріске қажетті өсімдіктердің қазіргі кездегі нашар экологиялық жағдайына сол себеп болды. Мысалы, 19-20 ғасырларда, синтетикалық каучук пен сабын өндіру технологиялары меңгерілмеген кезде, олөндірістерге қажетті шикізаттарды Қазақстандағы табиғи жағдайда өсетін көксағыз және бозтікен өсімдіктерінің тамырларын жинау арқылы өндірді. Сондықтан, қазіргі кезде, бұл өсімдіктер жойылу қауіпінің қасында деуге болады. Бозтікен өсімдігі ОҚО Қазығұрт ауданында 20 гектардай территорияда ғана сақталып қалды. Ал, Қара ындыз және жауқазын сияқты өсімдіктердің де экологялық жағдай жылдан-жылға нашалап барады.

Бүгінгі күнгі өсімдіктер әлемін қорғау іс – шаралары бұл нашарлау тенденциялы үрдіске лайықты тосқауыл бола алмай отыр десек артық емес. Өйткені, қорғау іс шараларына қарамай, аталған өсімдіктер әлемінің қал ақуалы нашарлау үстінде. Көптеген қорыққа жақын және табиғаты тамаша таулы аймақтардың өсімдіктер әлемі мал жайылымы ретінде пайдалану арқылы күйзелу үстінде.

Бұл үрдістің үдеуіне антропогендік фактордың үлесі мол. жаз күндері ретсіз демалу шылар табиғатқа айтарлықтай зиян келтіруде. Осы мәселелерді жою жолында қарастырылған шаралар әлсіз.

Тағы бір айтарлықтай фактор ретінде атап кететін мәселе, ол жергілікті табиғатты пайдаланатын, дем алу сауығу кезінде табиғатқа баратын адамдардың мәдениеті мен табиғатты қорғау туралы түсініктерінің дәрежесінде. Ақпарат құралдарында экологиялық мәселелерді көтеретін бағдарламалар өте аз. Сонымен қатар, итабиғатты қорғауға деген көңіл әге дейін жеткіліксіз. Қорықтардағы өсімдіктерді тек қорғау емес, олардың көбеюіне жағдай жасайтын зертханалар мен питомниктер саны жеткіліксіз.

Таулы аймақтардағы өсімдіктер флорасы ерекше ботаникалық құрамнан түзілген. Ол мәңгілік тұрақты емес. Шаруашылықтық әрекетерді асыра пайдалану бұл қауымдастықтағы тұрақтылыты бұзуы мүмкін. Әсіресе, қазіргі кездегі экономиканың қарқынды дамуын ескерген кезде, бұл ассоциациялық құрамның жағдайын үнемі зерттеп тұру қажет. Сонымен қатар, пайдалану үшін қажетті ережелер мен қағидаларды түзу керек.

Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендердегі жол аймақтары мен гүлзарларджағы топырақтардағы ауыр металдар иондарының концентрациясы шектік мөлшерлік концентрациядан аысп отыр. Бұл өте көңіл аударытын және шешімін күтудегі экологиялық мәселе.

 


ОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, ауыр металдар тәжірибеге ілінген өсімдіктер дәнінің өнуіне әрқилы әсер ететіндігі белгілі болды. Яғни, ауыр металдар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңі-өну процесінен бастап-ақ өз әсерін тигізетіні осы тәжірибелер нәтижесінен анықталды. Өскіннің қалыптасуы дәннің өну қарқынына тәуелді екенін ескерсек, бұл өсімдіктің жалпы өсу-даму барысындағы жауапты кезең екені айқындала түседі. Өсімдіктер дәнінің өну қарқыны бойынша өзара салыстыратын болсақ ауыр металдарға (Cu, Cd, Pb, Zn) A. repens өсімдігі салыстырмалы төзімділік танытты. Сондай-ақ кадмий, мыс және мырыш элементтеріне A. gigantea өсімдігі басқа өсімдіктерге қарағанда едәуір төзімді деп айтуға болады. Мұндай нәтижелер келесідей қатармен айқын байқалады.

Мыс бойынша (25,6 мг/кг) A. repens > A. gigantea > Z. inermіs > Ph. pratense.

Кадмий бойынша (25,6 мг/кг) A. gigantea > Z. іnermіs> Ph. pratense.

Мырыш бойынша (200 мг/кг) A. repens> A. gigantea > Z. іnermіs> Ph. pratense.

Қорғасын бойынша (400 мг/кг) A. repens> Z. іnermіs> Ph. pratense> A. gigantea

Жоғарыда келтірілген сипаттамаға сай өсімдіктер арасында A. repens өсімдігінің барлық ауыр металдарға салыстырмалы төзімділігін байқауға болса, Ph. pratense өсімдігі дәннің өнуі бойынша ең сезімтал, ал қалған екі түр ауыр металдар әсеріне байланысты осы екеуінің арасынан кезектесіп орын алатындығы белгілі болды.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 542 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2173 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.