Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Осыдан қалай құтылуға болады?




Бізге өз билігіміз әлі өзімізде тұрғанда бұл одақтан жедел бас тартуымыз керек. Оның сылтауы табылып та тұр. Ресейдің билік басындағылардың едел-жедел «Еуразиялық одақ» құрамыз дегені экономикалық одақ құруды мақсат етіп қол қойған барлық құжатқа қайшы келгендіктен, біз өзіміздің Кеден одағындағы және БЭК-тегі қатысуымызды тоқтатамыз деген мәлімдемемен шығуымыз керек. Референдум өткіземіз деп халықты екі жарудың да қажеттігі жоқ. Сонымен бірге Украина, Өзбекстан секілді елдер қосылып, Ресейдің экспансиясын азайтуға болады деп дәмеленудің қажеттілігі жоқ. ТМД елдерінің бәрі қосылса да Ресей бойымен баса береді. Соны білетін соңғылар ондай одаққа аттап баспайды да. Қытай мен Түркия енеді деп ойлау да утопия. Екеуінің енуіне жоғарыдағы себептермен Ресейдің өзі қарсы шығады. Бүгінгі күні-ақ «экономикалық» дегенді алып тастап, таза одақ құруды ойлап жатқан олардан кім болса аяғын тартады.

Біздің Алла берген ең басты байлығымыз – Тәуелсіздік, одан айрылып қалсақ, қайтадан ешқашан өздігімізден ел бола алмаймыз. Соны ұмытпайықшы.

 

Кедендік одақ банкін ашу керек

Қысқасы, ұлттық валю­та­ларды өзара есеп айырысу құ­ра­лы ретінде пайдаланатын кез келді. Бұл үшін кейбіреулер Кедендік одақ банкін ашу ке­рек дегенді айтады. Иә, бұл орын­ды болар еді. Бірақ біраз жұмыс істеуге, шығын шы­ға­руға тура келеді ғой. Бәлкім, бұл­ іске қазірдің өзінде жұмыс іс­теп тұрған ЕурАзЭҚ даму бан­кін пайдаланармыз... Бұлай істеуге де болады. Әр мемлекет аталған банкке өзі импорт­тай­тын тауар құны көлеміндегі ұлттық валюталарын құйса бол­ғаны. Ал экспорт есепке алын­байды. Өйткені ол тек қана кіріс түсіретін сала ғой. Экс­порт импорттан асып жат­са, мұндайға қол жеткізген мем­лекеттердің қуана беруіне бо­лады. Өйткені ол тиімді қал­дық.

Біздің ойымызша, ЕурАзЭҚ даму банкі өзінің бұрынғы мақсатты жобасын сақтап қалып, импорт төлемін өтеу үшін жаңа құрылым ашып жатпай-ақ оларды екінші деңгейдегі банк­тер міндетіне «бере сал­ған» жөн секілді. Бұл бірін­ші­ден, екінші деңгейдегі банк­тердің біраз «әл жинауына» көмектесер еді. Тіпті қаржы ау­дару операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін комиссиялық түсімнің өзі біраз пайда емес пе?! Иә, осылай іс­теу ең дұрыс жол секілді. Бұл үшін үш мемлекетте де мүм­кін­дік жеткілікті. Айталық біздің елде бар Ресей «Сбербанкі» Бе­лоруссияда да жұмыс істейді. Біздің екінші деңгейдегі банк­теріміздің біразы бұл елдерде өз филиалдарын ұстайды. Қыс­қасы, жаңадан бос шығын жа­сау­дың қажеті шамалы. Дәл бү­гінгі жағдайда есеп айы­ры­су­ды ұлттық валютамен жүр­гізуге әр елдің мүмкіндігі бар. Егер біз айтқан ұсыныс бол­мыс ақиқатына айнала қалса одан Кеден одағындағы мем­лекеттердің бәрі бірдей, оның ішінде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар да біраз ұтысқа шыға­ды. Айталық қазіргі таңда Ресей­ден тауар алатын кәсіп­керлер ең бірінші өз елімізде ақ­шасын долларға немесе ев­роға айырбастап алады. Ұтылыс осы жерден басталады. Сонан соң Ресейде әлгі біз берген дол­лар немесе евро қайтадан ру­бль­ге айналдырылып, он­да­ғылар тағы ұтылады. Үшінші жағ­дайда доллар мен евроның мүлде сенімсіз валютаға айна­лып бара жатқандығы сал­да­рынан да жекенің және жалпы­ның ұтылысы қалыптасады. Мінеки, қазіргі күніміз осылай өрнектелуде. Ал егер өтем құ­ра­лына ұлттық валюталар пай­даланылатын болса Ресей тауарын рубльге, Қазақстан тауарын теңгеге сатып алуға болар еді. Көрдіңіз бе бос шығынды болдырмайтын нағыз дұ­рыс жол осы емес пе?! Ал ұлт­тық валюталардың ба­ғам­дары Кеден одағы орталық банк­терінің келісімді мөл­ше­рін­де белгіленетіндіктен ұты­лыс мүлде болмайды. Айтқандай Кеден одағындағы ұлттық валю­­талар АҚШ долларында емес, мемлекеттік өндіріспен кепіл­дендірілген. Қорыта айтқанда, экспорт-импорт айналымында Кеден одағы ішінде ұлттық валю­таларды өтем құралы ретінде пайдаланатын кез келді. Ес­керте кетейік, егер бұл қызметті Ресей рубліне беріп жіберсек, ұтылыс сонда болады. Әуелі бұдан Қазақстан мен Белорус­сия ұтылады. Сонан соң Ресей АҚШ мемлекетінің басына төніп келе жатқан қара бұлтты өзіне тілеп алған мемлекет бо­лып шығады. Қысқасы, баршаға бірдей зиянды мұндай жолдан мүлде бас тарту керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 398 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2489 - | 2332 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.