Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мұғалім еңбегі және кәсіптік қарым-қатынас




Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов «мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды: педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция. Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады. Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

28. Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.

Қарым-қатынастың құрылымына жататын бөліктер:

- коммуникативтік - қарым-қатынас жасаушы адамдар арасындағы ақпарат алмасу;

- интерактивті - қарым-қатынас жасаушы адам арасындағы білім, идея, көзқарастың алмасуы;

- перцептивті - қарым-қатынас жасаушы адамдардың бірін-бірі түсіне білу қабілеттері.

Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері. Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ: “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов «мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды: педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.

 

29. Кәсіби бағыт -күрделі тұлғалық білім көрсеткіші, бұл оқытушының педагогикалық үдерістегі қызметі мен орнын көрсетеді.

Педагогикалық позиция - жағдай, ой арқылы оқытушының студентке көзқарасы және олармен қарым-қатынас барысында бағыты анықталады.

Педагогикалық позиция мына сұрақтарға жауап береді:

1. Мен өз студенттеріме кіммін?

2. Қандай себеппен мен оларға барамын?

3. Менің студенттерім маған кім болып келеді?

Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты оқытушы көзқарасы әрқалай жіктелуі мүмкін.

Оқытушы - студенттерге керекті және қажетті ақпарат көзі. Оқытушы ақпаратты бере білуде және оны қабылдауда да белсенді, ол логикалық, сабақтастық мазмұны жағынан толық ойланып жеткізеді. Ұстаздарға оқытылатын материал оңай, әрі қарапайым сияқты, ал студенттерге оны қабылдау қиынға соғады.

 

30. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, оқушыны адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сиқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды.
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл- ой мәдениетіне жету қиын. Егер мұғалім бірнеше тілді меңгерген болса, тіпті, жақсы, көп тілділік адамның сөйлеу мәдениетіне де, сөз қорынының мол болуына да қолайлы әсер етеді.
Оқушының ана тілінде сөйлеуін дамытуда ықпалы мол мұғалімнің сөйлеу тілінің кейбір ерекшеліктері туралы сөз етсек дейміз. Әрбір есейген азаматтың есінде қалған сүйікті ұстазының барлық жақсы қасиеттері үлгі болатыны. Мүмкін жақсы дегн жекелген ұстаздардың есімізде қалуы олардың сөйлеу мәдениетінің де жоғары болғандығынан шығар. Мұғалім оқушымен сөйлескенде қазақ тілінің мол байлығын орынды да шебер пайдаланып, нәрлі сөздерді қолдана білсе, біріншіден, баланың жүрегіне жол табады, екіншіден, сөйлеу мәдениетін байқаған оқушының ұстазына деген сезімі молаяды, үшіншіден, ұстазына еліктеген оқушының да ана тілінде шебер сөйлей білуге ынта- ықыласы артады.

Тіл арқылы қарым-қатынас жасау өте күрделі процесс.Сондықтан мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылар талап та биік. Ұстазының сөзі шәкіртіне әсер етуі жағынан екіге бөлінеді екен. Бірінші түрі- көбіне ақыл айту, кеңес беру ретінде болса, екіншісі – алғашқы сөзі өтпегеннен кейін қолданылатын талап қою, бұйрық беру. Мұғалім мен оқушының қарым –қатынасы барысындағы сөйлеу тілі ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыстың жемісті болуын: берілетін білім мен тәрбие мазмұны саналы және тәжірибелік қызметтің ұтымды ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Ұстаздың сөйлеу тілінің мәдени деңгейі оның сабақ беру барысында да, сабақтан тыс кезде де көрінеді.
Мұғалім сөзі айқын анық тылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлдігімен, тыңдаушыларды баурап кететіндігімен жұртқа үлгі болуға тиіс. Оның сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді.
А.С. Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне ерекше мән берген.
«Оқушылар – деп, жазды ол, - сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік жіігері мен қажыр қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны бірден байқап қояды.

1. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік.


Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, оқушыны адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сиқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды.
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл- ой мәдениетіне жету қиын. Егер мұғалім бірнеше тілді меңгерген болса, тіпті, жақсы, көп тілділік адамның сөйлеу мәдениетіне де, сөз қорынының мол болуына да қолайлы әсер етеді.
Оқушының ана тілінде сөйлеуін дамытуда ықпалы мол мұғалімнің сөйлеу тілінің кейбір ерекшеліктері туралы сөз етсек дейміз. Әрбір есейген азаматтың есінде қалған сүйікті ұстазының барлық жақсы қасиеттері үлгі болатыны. Мүмкін жақсы дегн жекелген ұстаздардың есімізде қалуы олардың сөйлеу мәдениетінің де жоғары болғандығынан шығар. Мұғалім оқушымен сөйлескенде қазақ тілінің мол байлығын орынды да шебер пайдаланып, нәрлі сөздерді қолдана білсе, біріншіден, баланың жүрегіне жол табады, екіншіден, сөйлеу мәдениетін байқаған оқушының ұстазына деген сезімі молаяды, үшіншіден, ұстазына еліктеген оқушының да ана тілінде шебер сөйлей білуге ынта- ықыласы артады.

3. Ұстаз шеберлігі – әр жүректі білім шұғыласымен

нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогфикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың инновациялық технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса,яғни оқытудың инновациялық технологияларын тиімді қолданса, білім сапасы да жоғары болары сөзсіз. Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Педагогикалық технологияны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне-өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры.

4. Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы

Педагогикалық этика / әдеп/ - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1487 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2455 - | 2137 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.