Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лексика-грамматикалық тест тапсырмалары

Деңгей

$$$1 Сөйлемді толықтырыңыз: «Мен кеше достарыммен...».

$$ киноға бардым

$ саябаққа бара жатырмын

$ саяжайға барамын

$ кафеге барды

 

$$$2 Берілген сөйлемнің болымсыз түрін табыңыз: «Әлия достарымен кездесті».

$$ Әлия достарымен кездеспеді.

$ Әлия достарымен кездеседі.

$ Әлия достарымен кездеспек.

$ Әлия достарымен кездесетін еді.

$$$3 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Біз былтыр жазда...».

$$ Астанада болдық

$ Астанаға бардым

$ Астанада қыдырдың

$ Астанаға саяхат жасады

 

$$$4 Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Әділ мектепті...».

$$ үздік бітірді.

$ спортпен шұғылданды.

$ белсенді болдым.

$ емтихан тапсырды.

$$$5 Тиісті сөзді қойыңыз: «Мен... сыйлық бердім».

$$ қарындасыма

$ әжемді

$ ағамнан

$ ініммен

 

$$$6 Сөйлемді аяқтаңыз: «Менің анамның бауырлары –...».

$$ менің нағашыларым

$ менің ата-бабаларым

$ менің әпкелерім

$ менің жиендерім

 

$$$7 Сөйлемді толықтырыңыз: «Саған... жезде болады».

$$ әпкеңнің күйеуі

$ нағашы ағаң

$ ағаңның досы

$ ағаңның әйелі

 

$$$8 Мақалды жалғастырыңыз: «Ата-ананың қадірін...».

$$ балалы болғанда білерсің

$ анаға қарап қыз өсер

$ баланың алалығы жоқ

$ атаның ізін ұл басар

 

$$$9 Сөйлемді бұйрық рай формасында жалғастырыңыз: «Мен дүкенге барайын,...».

$$ сен жұмысқа бар.

$ біз мәтін аударамыз.

$ оның тақтаға шыққысы келеді.

$ сіз шығарма жазсаңыз.

 

$$$10 Сөйлемді толықтырыңыз: «__ тақтаға шықсын, __ бор әкел».

$$ ол, сен

$ сен, біз

$ мен, ол

$ сіз, сендер

 

$$$11 Сөйлемді аяқтаңыз: «Студенттер ертең сенбілікке...».

$$ шықсын

$ ашсын

$ оқысын

$ жүгірсін

 

$$$12 Бұйрық райлы сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Берік үйде отырсын.

$ Сәуле тамақ дайындамады.

$ Салтанат терезе ашты.

$ Біз сабақ оқимыз.

 

$$$13 Сағат қанша болғанын көрсетіңіз: «7.45».

$$ сегізге он бес минут қалды

$ жетіден он бес минут кетті

$ жетіге он бес минут қалды

$ сегізден он бес минут кетті

 

$$$14 Сөйлемді толықтырыңыз: «Сабақ тоғыздан жиырма минут... аяқталады».

$$ кеткенде

$ тура

$ қалғанда

$ жарымда

 

$$$15 Уақыт сөзіне тіркес бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

$$ дайындалады

$ күтпейді

$ өтпейді

$ жетпейді

 

$$$16 Мақалды-мәтелді жалғастыр: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық,...».

$$ Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық...

$ алтыннан да қымбат

$ көпті көрген білер

$ тасты да тоздырады

 

$$$17 Сөйлемді толықтырыңыз: «Әсет.... үй тапсырмасын...».

$$ кітапханада, орындады

$ асханада, ішті

$ алаңда, ойнады

$ үйірмеде, қатысты

 

$$$18 Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Талғат достарына жиі хат жазады».

$$ Талғат жолдастарымен жиі хабарласып тұрады.

$ Талғат достарымен жиі кездеспейді.

$ Талғат достарын асыға күтеді.

$ Талғат жолдастарын жиі шақырады.

 

$$$19 Дұрыс нұсқадағы сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Бүгін жаңа тақырып өтеміз.

$ Мен жазбадым бүгін жаттығу.

$ Шығамыз сенбіде сенбілікке.

$ Бос уақыт көп болады менде.

 

$$$20 Сөйлемнің болымсыз формасын табыңыз: «Менің күн тәртібім жаттығу жасаудан басталады».

$$ Менің күн тәртібім таңғы жаттығумен басталмайды.

$ Менің күн тәртібім таңғы ас ішумен басталмайды.

$ Менің күн тәртібімде жаттығу жасау бар.

$ Менің күн тәртібім уақытылы жаттығумен басталады.

$$$21 Сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз: «Сен қайда бара жатырсың?»

$$ Мен асханаға бара жатырмын.

$ Мен музыка тыңдап отырмын.

$ Мен кітапханаға барып жүрмін.

$ Мен академияға барып жатырмын.

 

$$$22 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Арман достарымен орталық саябақта...».

$$ қыдырып жүр

$ бара жатыр

$ тыңдап тұр

$ жүріп жатыр

 

$$$23 Мағыналас сөйлемді көрсетіңіз: «Сағат 7 мен 9 аралығы – қаланың нағыз қарбалас уақыты».

$$ Таңертеңгі уақыт – қала тірлігінің қызатын кезі.

$ Академияда «Ашық есік апталығы» жүріп жатыр.

$ Таңертеңгі уақытта бос автобус бола қоймайды.

$ Студенттер сабаққа бара жатыр.

 

$$$24 Мағыналас сөйлемді көрсетіңіз: «Мен саған келе жатырмын».

$$ Мен сенің кітабыңды әкеле жатырмын.

$ Мен саған бүгін бара алмаймын.

$ Мен анама бара жатырмын.

$ Мен сенің кітабыңды бүгін әкеле алмауым мүмкін.

 

$$$25 Сөйлемді аяқтаңыз: «Оқырмандарға ID-карточкасы арқылы...».

$$ қызмет көрсетіледі

$ кино көрсетіледі

$ отанға қызмет етеді

$ қызметі көтеріледі

 

$$$26 Сөйлемді толықтырыңыз: «Білімді болу... көп оқу керек».

$$ үшін

$ соң

$ кейін

$ дейін

 

$$$27 Дұрыс құрастырылған мақалды табыңыз.

$$ Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.

$ Білімнің басы – зейнет, соңы – бейнет.

$ Білімнің басы – соңы, бейнет– зейнет.

$ Зейнет басы бейнет,білімнің –соңы.

 

$$$28 Аудармасын табыңыз: «Читательский билет».

$$ оқырман билеті

$ оқу билеті

$ білім алу билеті

$ оқыту билеті

 

$$$29 «Шұғылдану» етістігінің синонимін табыңыз.

$$ айналысу

$ жарысу

$ рұқсат ету

$ жәрдемдесу

 

$$$30 Сөйлемді толықтырыңыз: «Бос уақытты....,... өткізу керек».

$$ ұтымды, тиімді

$ жақсы, қып-қызыл

$ үйірме, мектеп

$ қатысты, барды

 

$$$31 Берілген сөйлемге мағыналас сөйлемді табыңыз: «Күн сайын ол музыка мектебіне барады».

$$ Ол музыка мектебіне күнде барады.

$ Музыка мектебіне кешігіп барады, кейде бармай да қалады.

$ Ол музыка мектебінің оқушысы емес.

$ Музыка мектебіне бармайтынына сондай қуанады.

 

$$$32 Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінде тұрған сөзді табыңыз.

$$ көмектеспеймін

$ көмектеспедім

$ сыйлаймын

$ бармас едім

 

$$$33 Әзер сөзінің синонимін көрсетіңіз.

$$ зорға

$ жорта

$ дұрыс

$ өзгеше

 

$$$34 Берілген сөйлемге мағыналас сөйлемді табыңыз: «Досым шығарма жазуға көмектесті».

$$ Досым маған шығарма жазып беретін еді.

$ Менің досым шығарма жазуды көрсетпеді.

$ Досым маған шығарма жазысты.

$ Менің досым менен шығарма көшірді.

 

$$$35 Сөйлемді аяқтаңыз: «Қарындасым анама кешкі асты...».

$$ шапшаң дайындасты

$ жедел жазысты

$ өзгеше қарады

$ жылдам сөйлесті

 

$$$36 Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Мен демалыс күні әрең тұрдым.

$ Шапшаң академияға мен келдім.

$ Мұғалім студенттермен сөйлесіп тұр дәлізде.

$ Бізге көп берілді демалыс күндер.

$$$37 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Маған теңіз жағасында....».

$$ қыдырған ұнайды

$ қыдырғанды жақсы көремін

$ қыдырғанды ұнатпайсың

$ қыдырғанды ұнайды

$$$38 Қате құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Асан сапар шеккенді ұнайды.

$ Ол балық аулағанды жақсы көреді.

$ Мен табиғатта серуендегенді ұнатамын.

$ Маған саябақта серуендеген ұнайды.

 

$$$39 Қыс мезгіліне қатысты сөйлемді табыңыз.

$$ Жер көк тайғақ болды.

$ Жер көгерді.

$ Жерді жапырақ басты.

$ Жер түрлі түске боялды.

 

$$$40 Көктем мезгіліне қатысты сөйлемді табыңыз.

$$ Күн жиі күркіреп жаңбыр жауады.

$ Күн аяз, айнала аппақ қар.

$ Шілденің ыстығы басталды.

$ Күн қатты аяз болды.

 

$$$41 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

$$ Мен бала кезімде суретші болуды армандадым.

$ Менің арманым суретші болуды армандадым.

$ Суретші болуды армандадым бала кезімде.

$ Бала кезгі арман армандалды.

 

$$$42 Арманы орындалды тіркесінің мағынасын беретін тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

$$ арманына қол жеткізді

$ арманы аяқ асты болды

$ арманы жетеледі

$ арманы жеткізбеді

 

$$$43 Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Арман мақсат-мұратыңның алғашқы баспалдағы».

$$ Арман ғана мақсатымызға жетудің себепшісі бола алады.

$ Арманмен уақыт өткізуге болмайды.

$ Арманның орындалуына сену қажет пе?

$ Армансыз адам болмайды.

 

$$$44 Тілек-батаны көрсетіңіз.

$$ Еліңнің қалаулы азаматы бол!

$ Жылдам бол!

$ Оқуға түссең жақсы болар еді.

$ Оқу бітіріп, үздік диплом алсам ғой.

 

$$$45 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Мен портрет сала аламын.

$ Ол көлікті жақсы жүргізе аласың.

$ Біз шығыс биін билей алады.

$ Сендер не істей аласыздар?

 

$$$46 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Би үйірмесінде...».

$$ қимыл-қозғалыс жасатқызды

$ жол белгілерін жаттатқызды

$ шашты сәндеткізді

$ сөздер жаттатқызды

 

$$$47 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Ол жақсы күй тарта алады, себебі...».

$$ ол – домбырашы

$ ол – әнші

$ ол – мүсінші

$ ол – суретші

 

$$$48 Берілген сөйлемге мағыналас сөйлемді табыңыз: «Ол шебер, көп нәрсені істей алады».

$$ Оның қолынан бәрі келеді.

$ Ол шеберханада жұмыс істейді.

$ Ол көп нәрсені үйреніп жүр.

$ Ол домбыра тарта алады.

 

$$$49 Телефон соғу сөзіне мағыналас сөз тіркесін көрсетіңіз.

$$ телефон шалу

$ телефон апару

$ телефон жалғау

$ телефон сөндіру

 

$$$50 Сөйлемді аяқтаңыз: «Электронды пошта арқылы...».

$$ хат жіберуге болады

$ ақпарат жинауға болады

$ кітап оқуға болады

$ кино көруге болады

 

$$$51 Аудармасын көрсетіңіз: «Через неделю работа будет закончена».

$$ Бір аптадан кейін жұмыс аяқталады.

$ Бір аптадан кейін жұмыс аяқталды.

$ Жұмыс бір аптадан кейін біткен.

$ Бір аптадан кейін жұмыс бітпеді.

 

 

$$$52 Ырықсыз етісте тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.

$$ сәлемдеме жіберілді

$ хат жазды

$ жұмысты аяқтайды

$ байланыс жасап жатыр

 

$$$53 Аудармасын табыңыз: «Не заболей».

$$ Сен ауырып қалма.

$ Сен ауырып қалдың.

$ Сен ауырып жатырсың.

$ Сен ауырып отырсың.

 

$$$54 Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Айтжан қапелімде не дерін білмей қалды.

$ Балалар үйде қалды.

$ Айжан үйге кірмей, сыртта қалды.

$ Мен дәрісханада қалдым, ол қоңырауға шықты.

 

$$$55 Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойыңыз: «Мен Әділді сыртынан көр... қалдым».

$$ -іп

$ -ып

$ -п

$ -а

$$$56 Незнакомец сөзінің аудармасын табыңыз:

$$ бейтаныс адам

$ адам

$ аса таныс адам

$ жақын адам

 

$$$57 Сөйлемді толықтырыңыз: «Үйдің.... көлік тұрағы бар».

$$ артында

$ ішінде

$ үстінде

$ жақын жерде

 

$$$58 Сөйлемді аяқтаңыз: «Академияның... кездесейік».

$$ алдында

$ алыс

$ жақын

$ аялдамада

 

$$$59Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

$$ Адам өмірінде көліктің маңызы зор.

$ Маңызы зор адам өмірінде көліктің.

$ Зор адам өмірінде маңызы көліктің.

$ Көліктің өмірінде адам маңызы зор.

 

$$$60 Сөйлемді толықтырыңыз: «Автобустың... бос екен».

$$ іші

$ алдын

$ қарсысына

$ арасымен

 

$$$61 Перекресток улицы Байзакова тіркесінің қазақша баламасын табыңыз.

$$ Байзақов көшесінің қиылысы

$ Байзақов көшесіндегі аялдама

$ Байзақов көшесі орталықта

$ Байзақов көшесіне жақын

 

$$$62 Сөйлемді аяқтаңыз: «Теміржол бекетіне қалай....».

$$ баруға болады

$ болмайды

$ тұруға болады

$ кездесуге болмайды

 

$$$63 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

$$ Түркісіб – Алматы қаласындағы ең үлкен аудан.

$ Түркісіб ауданы – үлкен ең қаласындағы Алматы.

$ Ең қаласындағы Алматы - Түркісіб ауданы үлкен.

$ Үлкен ең қаласындағы Алматы – Түркісіб ауданы.

 

$$$64 Аудармасын табыңыз: «Аптека, которая находится перед моим домом, открыта».

$$ Менің үйімнің алдындағы дәріхана ашық.

$ Менің үйімнің алдында дәріхана ашылды.

$ Дәріхана менің үйімнің алдынан ашылды.

$ Дәріхана менің үйімнің алдында тұр.

 

$$$65 Театр тақырыбына қатысты сөз тіркесін табыңыз.

$$ қойылым көрсету

$ көлік жуу

$ сауда жасау

$ саяхат жасау

 

$$$66 Сөйлемді толықтырыңыз: «... драмалық шығармалар өтеді».

$$ Театрда

$ Кітапханада

$ Мұражайда

$ Саябақта

 

$$$67 Дұрыс берілген тіркесті табыңыз.

$$ Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен балалар театры.

$ Атындағы Ғ.Мүсірепов академиялық жастар мен балалар театры.

$ Академиялық жастар мен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар театры.

$ Жастар мен балалар театры Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық.

 

$$$68 Аудармасын табыңыз: «Драматические театры открыты во всех областных центрах».

$$ Облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды.

$ Қалалардың бәрінде драма театрлар ашылды.

$ Аудан орталықтарының бәрінде драма театрлар ашылды.

$ Ауылдық округтердің бәрінде драма театрлар ашылды.

$$$69 Сөйлемді қалау мағынасында жалғастырыңыз: «Менің саябаққа....».

$$ барғым келеді

$ бармақпын

$ бармаймын

$ барамын

 

$$$70 Сөйлемді толықтырыңыз: «Демала білу де -...».

$$ өнер

$ еңбек

$ жұмыс

$ жоспар

 

$$$71 Дұрыс нұсқадағы сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Бүгін саябақта серуендейміз.

$ Бос уақытым жоқ менің бүгін.

$ Барамыз жексенбіде киноға.

$ Қыдыратын уақыт көп болады менде.

 

$$$72 Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Досыммен саябақта кездеспекпін».

$$ Досыммен саябақта кездесемін.

$ Досыммен саябақта кездестім.

$ Досыммен саябақта кездеспеймін.

$ Досыммен саябақта кездесіп жүрмін.

 

$$$73 Сөйлемді аяқтаңыз: «Демалыста екеуіміз сауда орталығына...».

$$ барайық

$ барайын

$ көрейік

$ тыңдайын

 

$$$74 Сөйлемді толықтырыңыз: «Сауда орталығында балалар ойыншықтарынан бастап, ине-жіпке... бар».

$$ дейін

$ соң

$ үшін

$ кейін

 

$$$75 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

$$ Мен бір жақсы ұсыныс айтайын.

$ Бір жақсы мен айтайын ұсыныс.

$ Ұсыныс айтайын мен бір жақсы.

$ Айтайын мен ұсыныс жақсы бір.

 

$$$76 Сұрақтың жауабын табыңыз: «Кесені қай бөлімнен сатып алар едіңіз?».

$$ ыдыс-аяқ бөлімі

$ кондитер бөлімі

$ маталар бөлімі

$ аяқ киім бөлімі

 

$$$77 Сөйлемді қалау мағынасында жалғастырыңыз: «Мен өзіме киім сатып....».

$$ алғым келеді

$ алмас еді

$ бару керек

$ алған едің

 

$$$78 Тілектің жалғасын табыңыз: «Өзің киіп,......».

$$ өзің тоздыр

$ өзің шеш

$ өзің жу

$ өзің тік

 

$$$79 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

$$ Көк базар халықтың көп жиналатын орны.

$ Базар көк халықтың көп жиналатын орны.

$ Көк халықтың базар көп жиналатын орны.

$ Жиналатын орны көк базар халықтың көп.

 

$$$80 Аудармасын табыңыз: «Какой размер носите?».

$$ Қандай өлшем киесіз?

$ Қандай көлем киесіз?

$ Қандай мөлшер киесіз?

$ Бойыңыз қандай?

$$$81 Қалау мәнді білдіретін сөйлемді табыңыз.

$$ Шашымды қидырғым келеді.

$ Шашымды жуып алдым.

$ Шашымды тарап, өріп қоямын.

$ Шашым құрғап кетіпті.

 

$$$82 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Шашымның табиғи түсі өзіме ұнайды.

$ Ұнайды өзіме табиғи шашымның түсі

$ Шашымның түсі өзіме табиғи ұнайды

$ Өзіме ұнайды табиғи түсі шашымның

 

$$$83 Киім жөндеу қызметіне қатысты сөз тіркестерін көрсетіңіз.

$$ жеңін қысқарту, етегін бүгу, түймесін қадау

$ шаш қию, шаш бояу, шаш жатқызу

$ сырмасын жөндеу, өкшесін қақтыру, бауын тағу

$ көзін салу, үзілгенін жалғау

 

$$$84 Бір мағынада берілген сөздер қатарын табыңыз.

$$ шаш қию, шаш кесу, шаш қысқарту

$ шаш өсіру, шаш бояу, шаш бұйралау

$ шаш күтімі, шаш жуу, шаш кептіру

$ шаш тарау, шаш өру, шаш ұзарту

 

$$$85 Адам денсаулығына кері әсер ететін себептердің бірін көрсетіңіз.

$$ аз қимылдау

$ күн тәртібін ұстану

$ баскетбол ойнау

$ уақытында ұйықтау

 

$$$86 Мақалды толықтырыңыз: «Тәні саудың...».

$$ жаны сау

$ тәні таза

$ ары таза

$ ақылы зор

 

$$$87 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

$$ Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.

$ Мен жігіттердің бозбалалар теңге ілу атпен ойнайтын ойыны.

$ Атпен ойнайтын ойыны теңге ілу бозбалалар мен жігіттердің.

$ Атпен ойнайтын ойыны теңге ілу бозбалалар мен жігіттердің.

 

$$$88 Аудармасын табыңыз: «Здоровый образ жизни».

$$ Салауатты өмір салты.

$ Денсаулық зор байлық.

$ Тәні саудың жаны сау

$ Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

$$$89 Сөйлемді аяқтаңыз: «Құлағың ауырса,...».

$$ лорға бар

$ терапевтке бар

$ окулистке бар

$ кардиологқа бар

 

$$$90 Сөйлемді толықтырыңыз: «Бұл дәріні күніне... ішемін».

$$ үш рет

$ рет

$ үш қабатты

$ төрт қатар

$$$91 Адамның дене мүшесіне қатысты сөз қатарын көрсетіңіз:

$$ өкпе, бүйрек, бел

$ шаш, тарақ, сусабын

$ педиатр, бала, дәрігер

$ ауыру, емделу, жазылу

$$$92 Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Ауырып қалсаңыз,...».

$$ дәрігерге барғаныңыз жөн.

$ жұмыс істеуіңіз керек.

$ спортпен айналысыңыз.

$ қонаққа барған дұрыс.

$$$93 Берілген сөйлемнен дене бітіміне қатысты сөз тіркесін табыңыз:

«Ұзындау біткен мойыны өзіне жарасып-ақ тұр».

$$ ұзындау біткен мойыны

$ өзіне жарасады

$ өзіне жарасып-ақ тұр

$ ұзындау өзіне-ақ тұр

 

$$$94 Салыстырмалы шырай түріндегі сын есімдерді табыңыз.

$$ ақылдырақ, сезімталдау, сөзшеңдеу

$ өте әдемі, ең биік, аса келбетті

$ ақ, сары, қара

$ аппақ, қып-қызыл, үп-үлкен

 

$$$95 Дене бітіміне қатысты сөздерді табыңыз.

$$ арық, толық, денелі

$ ақжарқын, қатал, сабырлы

$ дос, дұшпан, жау

$ мойын, көз, қас

$$$96 Мұрын сөзімен тіркесетін сын есімдерді көрсетіңіз.

$$ кішкентай, жалпақ, қыр, таңқы

$ қараторы, нәзік, сымбатты, аққұба

$ күшті, мықты, алып, денелі

$ үлкен, кіші, тапал, аласа

$$$97 Көп нүктенің орнына сын есімдердің тиістісін белгілеңіз: «Ызалы, ашулы кезіндегі даусы...,...»

$$ қатал, қатқыл

$ жылы, жұмсақ

$ ашық, жұмсақ

$ ерекше, жылы

 

$$$98 Ұнамды мінез-құлықты көрсететін сөздер қатарын табыңыз.

$$ қонақжай, мейірімді,еңбекқор

$ ашушаң, қызғаншақ, сөзшең

$ көңілді, бауырмал, тасжүрек

$ жалқау, пысық, әңгімешіл

 

$$$99 Ұнамсыз мінез-құлықты көрсететін сөздер қатарын табыңыз.

$$ ақымақ, жалқау, қу

$ мейірімді, сүйкімсіз, ақжарқан

$ көңілсіз, момын, ұрысқақ

$ іскер, жауапсыз, мәдениетті

 

$$$100 Мінез-құлықты білдіретін фразеологиялық тіркес қатарын көрсетіңіз.

$$ қолы ашық, мінезі ашық, ашуы қатты

$ батыл, жақсы мінез, ақжарқан

$ тартымды, момын адам, әлсіз адам

$ мақтаншақ бала, жауапсыз студент, мәдениетті адам

 

$$$101 Мақалды толықтырыңыз: «Ас адамның -...».

$$ арқауы

$ тірегі

$ жаны

$ демеушісі

 

$$$102 Қазақша ет қандай тағамдардан әзірленетінін көрсетіңіз.

$$ ет, пияз, қара бұрыш, ұн, су, жұмыртқа, тұз

$ күріш, сәбіз, ет, картоп, май

$ қамыр, су, қырыққабат, ет

$ қаймақ, көк жуа, ет, саңырауқұлақ

 

$$$103 Қазақша баламасын табыңыз: «Приятного аппетита!»

$$ Асыңыз дәмді болсын!

$ Асыңыз ыстық болсын.

$ Айтқаныңыз келсін!

$ Айтқаныңыз болсын.

 

$$$104 Дастарқан мәзірі сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

$$ меню

$ список блюд

$ прайс-лист

$ клипарт

 

$$$105 Мақалдың жалғасын табыңыз: «Шақырған жерден қалма,...».

$$ Шақырмаған жерге барма.

$ Сорпа бетке.

$ Қонақ бір күн қонса – құт.

$ Үй иесі кеткенше.

 

$$$106 Дұрыс құрастырылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Мен қонақтарды қарсы алдым кеше.

$ Қонақ күту – үлкен жауапкершілік.

$ Үй иесі қонақты жылы жүзбен қарсы алды.

$ Қонаққа дастарқан жайылды.

 

$$$107 Берілген сөйлемнің қазақша аудармасын көрсетіңіз: «Ужас, что это?!»

$$ Масқара, мынауың не?!

$ Әттеген-ай, кешігіп қалдым-ау!

$ Ойбай, ауырттың ғой!

$ Қап, сені ұмытып кеткенім-ай!

 

$$$108 Қонақ күту тақырыбына қатысты сөз тіркестерін табыңыз.

$$ күтіп алу, дастарқан жаю, шығарып салу

$ қар күреу, би билеу, жолға дайындалу

$ үстел дайындау, егін егу, ән айту

$ жаттығу жазу, тамақ әзірлеу, үй тұрғызу

 

$$$109 Тиісті сөздерді ретімен қойып, сөз тіркестерін жасаңыз: «Ұзақ..., мол...., зор...».

$$ өмір, бақыт, денсаулық

$ бақыт, денсаулық, өмір

$ махаббат, жұмыс, табыс

$ ақша, өмір, табыс

 

$$$110 Берілген тілек қандай тойда айтылатынын көрсетіңіз: «Жас жұбайлар бақытты болсын!»

$$ үйлену тойы

$ туған күн

$ мерейтой

$ қоныстой

 

$$$111 Жаңа үй, пәтер алғанда жасалатын той атауын көрсетіңіз.

$$ қоныстой

$ үйлену тойы

$ туған күн

$ мерейтой

$$$112 Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

$$ мейрам, мереке, той

$ ырыс, береке, өмір

$ қорқу, денсаулық, бақыт

$ жамандық, қонақ, туған күн

$$$113 Сөйлемді аяқтаңыз: «Мүмкін...!».

$$ жазда барармын

$ биыл болып қайттым

$ келушілер көп болады екен

$ барғаныма қуаныштымын

 

$$$114 Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

$$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып алармын.

$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып алдым.

$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып аламын.

$ Бару және қайту билеттерін алдын ала сатып алғанмын.

 

$$$115 Берілген сөйлемнің қазақша аудармасын көрсетіңіз: «Вы на самолете полетите?»

$$ Ұшақпен барасыз ба?

$ Пойызбен барасыз ба?

$ Көлікпен барасыз ба

$ Жаяу барасыз ба?

 

$$$116 Дұрыс берілмеген сөз тіркесін көрсетіңіз.

$$ түсірген қайту

$ алып қайту

$ көріп қайту

$ барып қайту

 

$$$117 Сөйлемді толықтырыңыз: «Тұрғылықты мекенжайға тіркелу үшін алдымен... керек».

$$ тіркеуден шығу

$ тіркеуге тұру

$ офис тіркеушісіне бару

$ жеке куәлік алу

 

$$$118 Дұрыс берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

$$ қызмет көрсету

$ терезе №15

$ тіркеушісі офис

$ алу анықтама

 

$$$119 Пойызға жол жүру билетін алу үшін қандай құжат керектігін көрсетіңіз.

$$ жеке куәлік

$ көшірме

$ анықтама

$ құжат

 

$$$120 Халыққа қызмет көрсету орталығы тақырыбына қатысты тіркес қатарын көрсетіңіз.

$$ құжат алу, көшірме, тұрғылықты мекенжай

$ шашты сәндеу, тырнақ өсіру, көз бояу

$ қан өткізу, дәрігерге көріну, дәрі ішу

$ киім өлшеу, тауар сатып алу, бағасын түсіру

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Интенсивная терапия. Национальное руководство / под ред. Б.Р. Гельфанда, А.И. Салтанова. – М.: «ГЭОТАР» 2013. | Шейх Абдул-Азиз Ибн Баздың (Аллаһ оны рахым етсін) білім ізденушілерге берген кеңесі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2256 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2282 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.