Қазақстан аумағында ислам дінін ресми деңгейге алғаш көтерген Қарахан мемлекеті болатын. Дегенмен, Қарахан мемлекетіне Қазақстанның барлық территориясы енген жоқ. Алтын Ордаға сонау Дунайдан Алтайға дейінгі кеңістік, қазіргі ТМД аумағы толық қарады. 1312-1313 жылдардан бастап ислам діні осын кеңістіктегі күшті діни-идеологиялық жүйеге айналды. Алтын Ордада ресми дін ислам болса, ондағы негізгі мазхаб Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказ бен Еділ бойында кең етек жайған ханафи мазхабы болды. Тарихшылар бірауыздан Өзбек хан тұсында Алтын Орда мәдениеті гүлденген, әскери қуаты күшті, халықаралық беделі жоғары алпауыт мемлекет болды деп жазады. Дешті Қыпшақ көшпенділері арасында ислам дінінің таралуын Орта Азиялық сопылардың қызметімен байланыстырады. Алтын Орда аумағында исламның бірнеше ағымдары болған. Солардың ішінде ең көп тарағаны ханафи мазхабы еді. Ханафиттық мазхаб - сунниттік төрт мазхабтың бірі. Бүгінгі таңда әлемдегі мұсылмандардың жартысынан көбі осы ханафи мазхабын ұстанады. Түрік тілдес халықтардың барлығы дерлік, соның ішінде қазақтарда да осы дәстүрлі діни-құқықтық мектепке жатады. Ханафи мазхабының бұлайша кең тарауын Орта Азиялық аймақтардың әсіресе Хорезмнің ислам дінін таратудағы үлкен рөлімен байланыстыруға болады. Бұл аймақ ханафи мазхабының ірі орталығы болатын. Х ғасырда ислам дінін 922 жылы алдымен Еділ Бұлғариясы, кейін 960 жылы Қарахан мемлекеті қабылдады. Ал XIV ғасырдың басында Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін жарияланып, ханафи мазхабы басты ағымға айналды. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдап оны мемлекеттің мүддесінде ұстанды, ал бұл тікелей Қазақ хандығына да қатысты, өйткені, Қазақ елі сол Алтын Орда, Ақ Ордалардың мұрагері. Сол себепті Тәуке ханның "Жеті Жарғысында" да мемлекеттік дәстүрлі діні ислам еді. Құқықтық тұрғыдан қазақтар өз әдет-ғұрыптарын шариғатпен біріктіре білді. Қазақстандағы исламның тарихы сонау Х ғасырдан бастау алады. Осы уақыт ішінде ислам қазақ халқы үшін дәстүрлі дін болып келді. Халқымыз талай алмағайып заман болса да дәстүрлі дінін сақтап қала алды. Келер жылы Алтын Ордада ислам дінінің мемлекеттік дін болып жарияланғанына 700 жыл толғалы отыр. Қазақстан Алтын Орданың мұрагері ретінде осы іске бас болып, бауырлас Татарстан, Башқұртстан, Өзбекстан, т.б. түркітектес бауырларымызды тартуымыз керек. Дін істері агенттігі мен ҚМДБ аясында конференциялар, семинарлар өткізілуі тиіс. Бұл іс-шараға отандық ғалымдармен қоса ТМД-ның дін қайраткерлерін, тарихшыларын тартуымыз керек. Бұл келелі датаны 45) Манихейлік ілімі мен ғұрыптарына талдау жасаңыз.
Манихейлік МАНИДІҢ 3 ғасырда Парсы елінде негізін қалаған дуалистік діні.
Маниге періштелер келгеннен кейін, ол АДАМ, БУДДА, ЗОРОАСТР және ИИСУС сияқты пайғамбарлардың ішінде өзін соңғымын деп санайды. Манихейлер үшін әлем – бұл мейірім мен зұлымдықтың бастапқы негіздері рух пен материяның тұтасуы, тура жолдан тайған адамның жаны материя әлеміндегі қақпанға түседі, ал трансцендентті әлемге рухани жол арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Манихейлік бүкіл Рим империясына және Шығысқа таралған. Христиандықтардың да, мемлекеттің де тарапынан қыспаққа алынған бұл дін 5 ғасырдың соңында еуропа континентінен толық жойылады, бірақ Азияда 14 ғасырға дейін тіршілік етті.
Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Оның қасиетті қағидалары "Бал ашу кітабында" жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихей діні жаман пиғылды күштерді құртуға бағытталған. Манихейлік дін адамды аскетизмге тәрбиелеп, бұл дүниедегі қызықтардың бәрінен бас тартуға шақырды. Олардың ілімі бойынша, үйленуге, бала сүюге, ыстық қанды хайуанаттардың етін жеуге болмайды. Тек суық қанды жәндіктер — бақа мен жыланның етін жеуге болады, негізінен, шөп тағамдарын ғана жеуге шақырды. Дегенмен де манихейлік дін біздің жерімізде кең тамыр жая алған жоқ.