Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


С) Өмір сүрудің төмен деңгейі




D) Халықаралық қақтығыстар

Е) Құрылыс материалдарының жетіспеушілігі

5. И.В.Сталиннің қызметі және жеке басына табынушылықты партияның қай съездерінде ашық сынады?

А) 19

В) 16

С) 20

D) 18

Е) 17

F) 22

G) 23

6. Н.С.Хрущев 1918-20жж Азамат соғысына қатысып, қай жердегі шаруашылық және партия қызметтерінде болды?

А) Берлин

В) Минск

С) Киев

D) Донбасс

Е) Новочеркасск

F) Теміртау

G) Сібір

7. «Жеке адамға табыну және оның зардаптары» туралы баяндамада қатты сынға алынған тұлғалар?

А) И.В.Сталин

В) Ж.Шаяхметов

С) П.К.Пономаренко

D) Л.Берия

Е) М.Елікбаев

F) Н.Ежов

G) В.Губарь

H) А.Рыков

8. Хрущев 1894ж............ губернаторлығы,............ ауылында дүниеге келді.

Курск, Калиновка

9. Тың игеру жылдарында Қазақстан................ Республикаға айналды.

Көп ұлтты

10. Сәйкестендіріңіз.

 

Ж.Шаяхметовтан кейінгі КП ОК-нің 1-хатшысы болды П.К.Пономаренко
КСРО-да И.В.Сталиннен кейінгі Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев
1-хатшылық Н.С.Хрущевтен кейін берілді Л.И.Брежнев

 

11. Сәйкестендіріңіз.

 

1954ж. Алғашқы атом электр станциясы салынды
1957ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды
1958ж. Кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі
1961ж. Тұңғыш Кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты
1962ж. Ақмола қаласына Целиноград есімі берілді

 


Сұрақтар

1. 1950-1960 жылдары елдегі, оның ішінде Қазақстандағы саяси жағдай қандай еді?

2. Кеңгір көтерілісіне кімдер қатысты және оның себептері неде?

3. М.Елікбаев не үшін қудаланды?

4. Әлеуметтік проблемалардың шешілмеуіне не себеп әсер етті?

5. Теміртау қаласындағы толқулардың мұрындықтарына нелер жатады?

6. Н.С.Хрущевтің қызметіндегі реформалардың жартыкештігі неден көрінді?

7. 1950-1960жылдары Қазақстанның шетелдермен ғылым, мәдениет саласындағы байланыстары қалай жүрді?

Йге тапсырма

Берілген қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырыптардың біріне реферат жаз.

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі.

2. 1950ж.республиканың сыртқы экономикалық және мәдени байланыстарының кеңеюі.

3. Теміртаудағы толқулар

4. Кестені толтыр:

 


М.Елікбаев қудалауға ұшырады КОКП ОК-нің 1956жылғы маусымда қабылдаған қаулысы Теміртаудағы толқулардың себебі

Орытынды

Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке баска табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКПОК-нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» (1956 жыл,маусым) қаулысы дайындалды. Онда жеке баска табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте'алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бүл мәтін кебейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ак шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б. еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапкан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны чешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді. 1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі кәтерілісі катал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайкас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта калуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады. Кеңес өкіметі мен КОКП ОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси қудалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М. Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жәнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т. б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның хальқтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Бұл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктердің деңгейіне, ана тілдің жағдайына кері әсер етті.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1030 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2266 - | 2089 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.