Лекции.Орг


Поиск:




Тың игерудің пайдасы.




Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

o Хрущев кезеңіндегі Қазақстан

o Тың жане тыңайған жерлерді игеру

o Саяси өмірдің ерекшеліктері

Орытынды

Глоссарий

Осымшалар

Пайдаланған әдебиеттер

 

Никита Сергеевич Хрущев

Кіріспе

Никита Сергеевич Хрущев (05.04.1894ж. Курск губернаторлығы, Калиновка ауылы — 11.09.1971ж. Мәскеу қаласы) — саяси қайраткер, Кеңес Одағының батыры (1964), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1954, 1957, 1961). 1908 жылдан Донбастың шахталары мен зауыттарында жұмыс істеген. 1918 — 20 жж. Азамат соғысына қатысты, кейіннен Донбасс пен Киевте шаруашылық және партия қызметтерінде болды. 1929 — 31 жж. Мәскеуде Өнеркәсіп академиясында оқыды. 1931 жылдан Мәскеудегі партия қызметінде болып, 1935 — 38 жж. БК(б)П Мәскеу облысы және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы, 1938 жылдың қаңтарынан 1947 жылдың наурызына дейін Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Жергілікті партия ұйымының басшысы ретінде Мәскеу мен Украинада жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушылардың бірі болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында бірсыпыра майдан Әскери кеңестерінің мүшесі ретінде әскери басшылыққа партиялық қадағалауды күшейтушілердің бірі ретінде генерал-лейтенант (1943ж) атағын алды. 1944 — 47 жж. УКСР ХКК-нің, 1946 жылдан Мин. кеңесі төрағасы, ал 1947 жылдың желтоқсанынан қайтадан Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы, 1949 жылдың желтоқсанынан БК(б)П ОК-нің хатшысы және БК(б)П Мәскеу комитеттінің 1-хатшысы болды. 1953 ж. наурыздан КОКП ОК-нің хатшысы, қыркүйектен 1-хатшысы, сонымен бірге 1958 — 64 ж. КСРО Министр кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. 1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру бағытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959ж) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961ж) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962ж., т.б.), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т.б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961ж, Кариб дағдарысы, 1962ж., т.б.), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г.К. Жуковты орнынан алды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылып, орнына П.К. Пономаренко қойылды. 1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді. 1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Осылардың барлығы халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Л.И. Брежнев сайланды. Хрущев естелігі алғаш рет 1981 ж. Нью-Йоркте жарық көрді. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт-өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт-Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт-Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды. Республиканың индустриялық дамуы. Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б. 1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді. 1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен, баскарудың екі түрін көруге болады. 1.Орталықтандырылған басқару. Территориялық басқару 2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері. 1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді. Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы

1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды:1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бүкіл игерілген тың жерлердің енімен пара-пар болар еді.2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал Дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.Тың игерудің негізгі қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-ын мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды.

Тың игерудің пайдасы.

Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га) 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды. Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды.Олар: 1)Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды. Хрущев кезеңіндегі Қазақстан

Н.С.Хрущев советтік өмірге бұрын-соңды болып көрмеген өзгеріс-соққыны іштен жасаған басшы. Егер Хрущев пен оның ХХ-съезіндегі баяндамасы болмаса, М.С.Горбачев те оның қайта құруы да болмас еді. Горбачевтің ондай қопарылыс жасауға батылы бармас еді, үш ұйықтаса түсіне кірмеген болар еді. Ол дәл сол 60-жылдарда сол Хрущев шуағының (орысша «оттепель» -жылымығы деп атайды) бір бәйшешегі. Шынында, Сталин аязынан, ызғарынан кейінгі шуақ еді, ұзаққа бармаса да біраз тоңды жібітіп, біраз адамды жылытып үлгерген шуақ еді ол кезең. Н.С.Хрущев өте қызба, аңғал, ақкөңіл, идеяға, іске әбден берілген адам болған. Оның өмірі ылғи күреспен, айқас-шайқаспен өткен. Оның тыңға деген көзқарасы ерекше екенін бәрі біледі. Ол соғыс зардабын кешкен аш-жалаңаш елді қалай тоғайтамын деп жанталасқанда тапқаны тың болды. Рас, Қазақстан мен Сібірде миллилондаған гектар құнарлы қара топырақты жер тусырап бос жатқан. Соны игеріп, сол жылдың өзінде егін алу деген ғажап адам қызығарлық іс еді. Соған бар күшін салды. Тың дереу астық берді, бірақ асығып, аптығып дұрыс жинай алмадық. Кейін түзелді. Бірақ Қазақстанда 25 миллион емес, 12-14 миллион гектар жыртып, қалған 10 миллион жерді жайылымға қалдыру керек еді. Жалпы Н.С.Хрущевтің Қазақстанға деген көзқарасы, қатынасы қарама-қайшы болды. Біресе Қазақстанды тыңның отаны, космодром тұрған жер, ядролық бомба сынайтын алаң деп жақсы көрді, мақтады-мадақтады. Өйткені осы үш ерліктің де -тыңның миллиард пұт астық беруі, Байқоңырдан 1961 жылы Гагариннің ұшуы, Семей полигонында аса қатерлі сутегі бомбасының сыналуы Хрущевтің жеке басымен байланыстырылып, соның ғана ісі-еңбегі секілді болып көрінді. Жақсы көрген адамын бауырына қатты қысып тұншықтырып өлтірген аю секілді Никита Сергеевич те өзінің сүйікті Қазақстанына қаһарын да төкті. 1954 жылы көп жыл республиканы басқарған, Сталинмен тіл тапқан Ж.Шаяхметовті өмірден артта қалған (ол да тыңды жаппай, бірден игеруге қарсылық білдірген) деп кінәлап жұмыстан босатты. Сосын 1962 жылы ұлтшыл деп кінәлап Д.Қонаевты бірінші хатшылықтан алып тастады. Орнына И.Юсуповты тағайындады. Сол жылдары солтүстік бес облысты жеке бөліп, тың өлкесін құрды. Ол Қазақстан құрамында боғанымен, бар қаржы-жәрдемді Мәскеуден тікелей алып отырды. Оның басшылары Алматыны мойындамады. Н.Хрущев сол жылдары Оңтүстік Қазақстанның ең шұрайлы, ең қазыналы үш ауданын Өзбекстанға бергізді. Кейін Маңғыстауды Түркмендер, Шығыс Қазақстанды Ресей сұрап, өздеріне қосып алмақ болған. Н.Хрущев орнынан босап барып, ол мәселе орындалмай қалды. Оның ойлаған, іске асырған реформаларын кезінде қоғам аса құптай, қостай қоймаған. Өйткені оған жұртшылық әзір емес еді. Ол халықты мемлекет есібінен толық асыраймын деп жекеменшік малдарға шабуыл жасағаны да өз ойына сенгеннен еді. Бірақ онысы аса зор қате, қате емес-ау, қылмыс еді. Н.С.Хрущевтің коммунизм идеясына берілгені соншама, ол өзін коммунизмде жүрмін деп санаған, коммунизм міне келіп қалды деп ойлаған. Өнебойы өзі соған даярланып жүрген. Ертең келіп қалса, соған әзір болайық деп басқалардан да талап еткен. Бұл асығыс, алға қарап асыра-сілтеуі, әсіресе, ұлт, ұлттық тіл мен мәдениет мәселелерінде байқалды. Ол Қазақстанға келген сайын егер бәріміз неғұрлым тез орысша сөйлесек, коммунизмге соғұрлым тезірек жетеміз деді. Сосын барып қазақ мектептерін жапқызды. Бәрі орысша оқысын деді. Ол қарапайым болам деп қарабайырлық-қарадүрсіндікке түсіп кететін. Алматыдағы бір жиында шошқаның майы мен жылқының етін қосып жасаса, достық шұжығы шығады, ол бәрінен тәтті болады деді. Сонымен қоймай, жылқыға қарсы шықты, мыңдап жинап алып, қырып тастатты. Бір ауылда бір адам жалғыз атып алып кетуге келгенде әуелі атын, сосын өзін атқан оқиға болған. Содан да Хрущевті халық жақсы көрмеді. Ол қазақтар үшін ағы аз, қарасы басым қайраткер болған еді. Н.С.Хрущев әдебиет пен өнер адамдарымен жақындасқысы, жақын болғысы келді. М.Шолоховты өзімен бірге Америкаға апарғанда ол сосын бірдеңе жазар деп еді, жазбады. Мүсінші Эрнест Неизвестныйға да ол қатты шүйліккен. Бірақ оның түбінде зіл жоқ екенін көрген мүсінші кейін сол Хрущевтің ескерткішін жасаған. Ол Хрущевтің бейнесін ортасынан қақ жарып бір жағын ақ, бір жағын қара түспен берген. Шынында, ол өмірде ағы мен қарасы аралас адам, жасаған жақсылығы да көп, келтірген зияны да аз бомаған қайраткер. Соңғы жылдардағы бірқатар шындықтың бетінің ашылуы, қазақ халқының тарихы мен ұлт зиялыларының тағдыр-талайына қатысты бұрын құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықтардың, жан түршігерлік ащы шындықтардың жетегі мынадай қорытындыларға жетелейді. Ресей отаршылары мен коммунистік әкімшілік қазақ халқын мүлдем жойып, оның жері мен байлығына ие болу үшін әлемнің азулы отаршыл мемлекеттері өз отарларын ұстап тұру үшін қолданған әдістердің бәрін, кешенді түрде, шығармашылықпен жетілдіре, коммунистік идеялардың шымылдығын бүркене отырып, ғылыми дәйекті және әкімшілік айлакерлікпен, саяси әккілікпен, ұтымды әрі оңтайлы қолдана білген. Сонымен қоса, бұл әдістерді таза орыстық қолтаңбамен ұштастыра, жергілікті жердің, аборигендердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдіріп отырған. Ал бұл әдістердің негізгілері мыналар:-Жергілікті халықты тәни құрту (1919, 1921, 1929-1933 жылдардағы аштықтар); - Жергілікті халықты үркіту, шетке қуу (әр жылдары қазақтың шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болуы...); - Сандық басымдықты пайдаланып жергілікті халықтың арасына бойлай ену (орыс мұжықтарын Қазақстанға көптеп әкеліп, қоныстандыру, тың игеруді сылтау етіп славян жұрттарының өкілдерін үйіп-төгу); - Жергілікті халық өкілдерін экономиканың негізгі тұтқаларын ұстауға, қала өнеркәсібіне жолатпай, бағынышты жағдайдағы біртекті шаруа халқы етіп ұстау үшін ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына кедергі жасау, жергілікті халықтан ғылым мен техника және өнеркәсіп зиялыларын шығартпау; -Жергілікті халықтың тілін бұзу арқылы мәдениетін бүлдіру, ұлттық ой тұтастығы мен сабақтастығын үзу (арабшадан латыншаға, одан кирилл жазуына ауысу, тілді тұрмысқа аяғы тықпалап тастап, әдеби қалыптарын бұзу, теориялық тұрғыдан зерттетпеу); -Жергілікті халықты надандықта ұстап, арақ пен темекіге әуестендіру арқылы ұлттың моральды өшіру, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бүлдіру, халықтың генетикалық қорын тауысу; Ұлттың зиялы қауымын құрту, оның орнына сүреңсіз, қуыршақ кадрлар корпусын даярлап шығарып, солардың қолымен ұлтты ыдырату. Зерттеу барысында мәлім болғандай, 1960 жылғы екінші қарашада жаңа тізбек Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдардың редакцияларына таныстырылды. Осы жылы баспа өнімдеріне саяси-идеологиялық бақылау күшейтілді. 25 басылым бойынша 71 рет араласу фактісі болды. Облыстық және қалалық газеттердің редакцияларында өткізілген партия жиналыстарында Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің 1960 жылғы 12 ақпандағы «Баспасөзде мемлекеттік құпияны қорғауды күшейту шаралары туралы» қаулысы талқыланды. «Социалистік Қарағанды» газетінің редакторы Марфин жолдас баспасөзде мемлекеттік құпияны қорғау мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмеді. Соның салдарынан облыстық басқармасының цензорларының бір жыл ішінде 22 рет газетте қателіктер жібергендігі анықталды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1596 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

783 - | 752 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.