"Методология" грек тілінен аударғанда "әдіс туралы ғылым" деген мағынаны береді. "Метод" "әдіс" термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықган методология - зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, кұбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті зандарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік және қарама - қайшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. анықгалады. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың
органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың зандылықтарын ашады.
Сонымен, материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Методологаялық анықтамаларды меңгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзқарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс -әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ соңғысы нақтылы ғылымның методологиясымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады. Одақтық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру уақыты болды.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты- табиғат, қоғам және ойлау ғалымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс - әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ. Содықган XX ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұнда жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс -әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның методологиясына теорияның, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, кұрамына әсерін тигізеді. Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теорияландырудан тұрады. Міне осыдап ғылыми жұмыстардың ең көп тараған, фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық ' бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді: фундаменталдық, теориялық, теориялық - қолданбалы және талдамалық,зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс- тәжірибеге шығуды құрастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.
Іргелі терең зерттеулер, құбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, заңдар мен заңдылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардың өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс - әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру (халыққа білім беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ,бұл сұраққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес - ал, бүл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика
методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі — педагогикалық білімдер
жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның методологиялық қызметін атқаратын методологиялық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Методологиялық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа
ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика гылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықгамалы — терминдік жүйесі жатады.
Методологияның көрсетілген аспектілерін жасау "білетін туралы білім" береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, "білетін туралы білім", яғни педагогикалық кұбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақгалады. Қазіргі кезеңде мынадай методологиялық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, үғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр, (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулергепедагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б..
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог - зерттеушілер мен практиканттардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық) элементтерін білуін талап етеді:
-тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;
-ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған кайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі);
-зерттеу нысанасын талдамалардың, үйлестіре біледі (яғни жауап іздейтін, сұрақ);
-мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу пәнін анықтай алады.
Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол проблемада үйлестірілген (сформулированный) сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде, үлгі түрінде көрсетіледі. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмперикалық практиканы зерттеу әрекеттерімен және педагогикалық шындықты қайта құру (қалыптастыру тәжірибесі).
Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтылы абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданады.
Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндегі, не туралы екендігі айқын болуы керек.
Бір терминді сөзді бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәніне ұғымдық сипаттама (теориялық сипаттама) беру зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің кепілі болады, оның теориялық моделін жасауға негіз болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс - әрекетттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар болашақ педагогикалық іс - әрекеттер жобасына салынып, практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар макеті ретінде болады.