Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.




 

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылымы болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипатта не басқаруы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітіліп, заңдық күшке ие болады. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталды.Сондықтан, конституциялық құрылыс мемлекет іс әрекетінің негізгі қағидаларын бекітетін, конституциялық нормалардың жиынтығы. Сонымен, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?

Біріншіден, бұл егемендік. Қазақстан егеменді мемлекет. Конституцияның 2-бабының 2-тармағында «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді»-деп жазылған. Мемлекеттік егемендік дегеніміз мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі секілді тармақтарының өз аумағындағы толықтығы және халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің шет мемлекеттердің билігінен тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттік биліктің үстемдігі.

Екіншіден, Қазақстан мемлекеттік басқару түрпішіні жағынан республика. Республикада мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымдары бүкілхалықтық сайлау не парламетте сайлану жолдарымен белгілі бір мерзімге сайланады. Қазақстан президенттік республика. Мемлекеттің басшысы, Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының Президенті бүкілхалақтақ сайлау барысында 7 жыл мерзімге сайланады. Сонымен бірге-Қазақстан Республикасының ең жоғары өкілді органы Парламент Мәжілісі бүкілхалықтық, тура, ал Парламент Сенаты қосымша сайлаудың нәтижесінде қалыптасады.

Үшіншіден, халықтық билік. Конституцияның көрсетілгендей Қазақстан өзін демократиялық мемлекет ретінде бекітеді. Бұл дегеніміз Қазақстан өзін, Конституцияны қабылдайтын, тікелей мемлекет басшысы Президентті және заң шығарушы орган Парламентті сайлайтын және мерзімі өткен соң оларды ауыстыруға деген халықта құрылтай билігі бар мемлекет ретінде анықтайды.

Төртіншіден, мемлекеттің зайырлы сипаты. Қазақстанда дін, діни мекемелер мемлекеттен ажыратылған, мемлекеттік не жалпы міндетті бір дін жоқ. Діни негіздегі партия құруға тыйым салынған. Әрбір адамның, азаматтың белгілі бір дінді ұстануына не ұстанбауына, дінін ауыстыруға болатын ар-ождан бостандығы, құқығы бар.

Бесіншіден, құқықтың үстемдігі. Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітетіндіктен қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың рөлі мен үстемдігі жоғары болуы қажет.

Алтыншыдан, мемлекеттің әлеуметтік сипаты. Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітетіндіктен, мемлекет ат төбеліндей азғана топқа не адам мемлекетке емес, керісінше мемлекет көпшілікке, халыққа, қоғамға қызмет жасайды.

Жетіншіден, Қазақстан Республикасы бірыңғай мемлекет. Біріңғайлы мемлекет дегеніміз өзінің құрамында автономия не қандай да бір мемлекеттік сипаттағы ұйымдар жоқ, бір Конституциясы, тұтас жүйелі құқығы, бір азаиаттығы, өзінің Парламенті, Үкіметі, атқару, сот билігі, әкімшілік аумақтық бөлігі бар, мемлекеттік басқару нысаны. Қазақстандағы мемлекеттік биліктің бірлігін мемлекеттің басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға Президент қамтамасыз етеді.

Сегізіншіден, Конституцияның сәйкес Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандылық мойындалады. Саяси әралуандылық-Конституцияның аясында әрекет жасайтын барлық саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге саяси үрдіске тең араласу мүмкіндігін туғызатын, көппартиялықтың өмір сүруі және азаматтардың кез-келген партияның мүшесі болуға ие болмауға еркі бар, саяси пікірмен саяси іс-әрекеттің бостандығы.

Тоғызыншыдан, Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат құндылық деп мойындайды. Мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара қарым-қатынас барысында ең алдымен тұлғаның мүддесінің артықшылығын жариялайды. Тұлғаны бағалау, сыйлау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті болып табылады.

Оныншыдан, халықаралық шарттар нормаларының Республика заңдары нормаларының алдында артықшылықтары бар. Конституцияда «Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады» деп көрсетілген.






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 865 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2142 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.