Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.




 

Кәмелетке тол­маған­дардың қылмыстық жауап­тылығы туралы мән-жай­лар Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық кодексінің VI бөлі­мін­де кеңінен қарас­тырыл­ған. Атал­ған заңның 78-бабына сәй­кес, кәмелетке толма­ғандар деп қылмыс жасаған кезде жасы 14-ке толған, бiрақ, 18-ге тол­маған адамдар танылады, яғни, қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.
Жасалған қылмыстың санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толма­ған­дарға қылмыстық жаза таға­йын­далуы мүмкiн немесе оларға тәрбиелiк әсерi бар мәж­бүрлеу шаралары қолда­нылады.

Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлерi таға­йындалады: айыппұл, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқы­ғынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыс­тары, бас бос­тандығын шектеу және бас бос­тандығынан айыру.

Айыппұл түріндегі жаза кәме­летке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға бел­гiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Қоғамдық жұмыс­тарға тарту түріндегі жаза 40 сағаттан 160 сағатқа дейiнгi мер­зiмге тағайындалады және кәме­летке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты жас­ау­ға ғана тартылады. Қоғам­дық жұмыс оқудан немесе негiзгi жұмыстан бос уақытта атқарылады. 16 жас­қа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орын­дауының ұзақ­тығы күнiне 2 сағаттан, ал, 16-дан 18 жасқа дейiнгi адамдар үш­iн күнiне 3 сағаттан аспауы керек.
Түзеу жұмыстары түріндегі жаза сот үкiм шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға ғана және бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Кәмелетке толмағандардың бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан аспайтын, ал, ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн немесе қыл­мыстардың жиынтығы бо­йын­ша қылмыстардың бiреуi ауыр­лататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн 12 жыл­дан аспайтын мерзiмге таға­йын­далуы мүмкiн. Кішігірім ауыр­лықтағы қылмыс жасаған және орташа ауырлықтағы қыл­мысты бірінші рет жасаған кәме­летке толмағандарға бас бос­тандығынан айыру жазасы та­ғайындалмайды.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде оның жауаптылығы мен жазасын жеңіл­дететін және ауырлататын мән-жайлар толық ескерілуі тиіс. Мысалы, жеңілдететін мән-жай ретінде жасы кәмелетке толмаған сотталушының жеке басы, жанұясы, тұрмыс жағдайы, оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ, оған жасы үлкен адамдардың ықпалы, іс бойынша жәбірленушімен қарым-қатынасы, жәбірленуші­ге көмек көрсетуі, қылмыс­пен келтірілген залалдың өтелуі, жә­бір­ленушінің соттағы пози­ция­сы, сотталушының жасының кәме­летке толмағандығы, тағы да басқа мән-жайлар ескерiледi.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай­лар ҚК-нің 54-бабында көрсе­тілген және құрамы шектеулі болып табылады. Мысалы, қыл­мыстың бірнеше рет жасалуы, қайталануы, қылмыспен ауыр зардаптар келтіру, адамдар тобы боп жасау, қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару, алкогольдік, есірткілік еліту жағ­дайында қылмыс жасау, тағы басқалар.

Әрине, қылмыстық заңда жасы кәмелетке толмаған сот­талу­шының жас ерекшелігін ескере отырып кәмелетке тол­мағандарды қылмыстық жауап­тылықтан және жазадан босату реті де қарастырылған.
Кiшiгiрiм ауырлықтағы қыл­мыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауап­тылыққа тартпай-ақ түзеу­ге болады деп тапса, сот оны қыл­мыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда оған Қылмыстық кодекстің 82- ба­бында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

Кiшiгiрiм немесе орташа ауыр­лықтағы қылмыс жасағаны үш­iн бiрiншi рет сотталған кәме­лет­ке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы да мүмкiн.

Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жа­саған кәмелетке толмаған баланы сот осы Қылмыстық ко­декстің 67-бабының үшінші бөлі­гінде көзделген жағдайларда қыл­мыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Жасы кәмелетке толма­ған­дардың қылмыстық және әкім­шілік жауапкершілігі осындай. Оны білген дұрыс және ондай жағымсыз іс-әрекеттерден қашық болған жөн, себебі, заңға қайшы әр іс-әрекеттің сұрауы және өтеуі бар.






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1717 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2493 - | 2164 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.