Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аржылық есептіліктің элементтері мен нысандарына сипаттама беріңіз




Қаржылық есептілік дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпараттарды көрсететін бухгалтерлік есептің әдісі. Қаржылық есептілік операциялар мен басқа жағдайлардың қаржылық нәтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес кеңейтілген категорияларға жинақтап отырып көрсетеді. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес қаржылық есептіліктің келесідей нысандары бар:

1) Бухгалтерлік баланс (қаржылық жағдайы туралы есеп).

2) Пайда мен зиян туралы есеп (жиынтық пайда туралы есеп)

3) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

4) Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

5) Түсіндірме жазба

1. Баланс – ұйымның шаруашылық қаражаттарының құрамы және қалыптасу көздері туралы ақпараттарды белгілі бір күнге ақша қаражаттары түрінде экономикалық топтастыру әдісі.

Бухгалтерлік баланс арқылы ұйымның белгілі бір есептік кезеңіндегі қаржылық жағдайын анықтауға болады.

2.Пайда мен зиян туралы есеп – ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Бұл нысан ұйым кредиторлары мен инвесторлары үшін маңызды ақпарат көзі.Бұл нысан келесі баптардан тұрады:

1) Дайын өнімдерді сатудан түскен табыс

2) Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны

3) Жиынтық табыс

4) Кезең шығындары

5) Негізгі қызметтен түскен табыс(5бап=3бап-4бап) н\е зиян

6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс н\е зиян

7) Салық салынғанға дейінгі қызметтен түскен табыс н\е зиян (7бап=5бап+6бап)

8) Табыс салығы

9) Салық салынғаннан кейінгі қызметтен түскен табыс н\е зиян (9бап=7бап-8бап)

10) Кездейсоқ жағдайдан түскен табыс н\е зиян

11) Таза табыс н\е зиян

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – бұл нысан белгілі бір есептік кезең ішіндегі ұйымға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың пайдалануы туралы ақпарат береді. Осы нысан арқылы қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ұйымның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және оларды қандай көздерге жұмсап отырғандығын көре алады. Бұл есепте ұйым қызметі 3 түрде қарастырылады: 1) Операциондық 2)Инвестициялық; 3) Қаржылық қызмет.

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп. Бұл нысанда көрсетіледі: 1) есептік кезеңдегі таза табыс н/се зиян сомасы;2) ұйымның меншікті капиталының болып табылатын барлық баптар; 3) есептік саясатта болған өзгерістер әсерінен енгізілген түзетулер; 4) меншікті капитал бойынша жүргізілген операциялар сомасы; 5) есептік кезең басындағы және соңындағы бөлінбеген табыс немесе зиян сомасы. Осы нысанға талдау жасау арқылы капиталдағы болған өзгерістердің себептері анықталады.

4. Түсіндірме жазбаның нақты бекітілген нысаны жоқ, онда жоғарыда көрсетілген нысанға толықтырулар, түсіндірулер мәтін түрінде жазылып көрсетіледі.

Қаржылық есептіліктер элементтері – онда көрсетілуі тиісті баптар. Қ.е.э. екі белгісі бойынша бөлінеді.

А) Ұйымның қаржылық жағдайына байланысты элементтер

1.Активтер

2.Міндеттемелер

3.Меншікті капитал

Ә) Ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін элементтер

4.Кірістер

5.Шығыстар

Активтер - бұл ұйым болашақта экон. пайда алуды күтетін ресурстары. Ұйымның көптеген активтері негізгі құралдар, матер.емес активтер, табиғи ж\е зататй нысаны жоқ формаларда болады. Активтердің үш басты сипаттамасы бар: -өздерінде болашақ экономикалық табысты сақтайды- ақша қаражаттары мен олардың баламаларының тікелей және жанама ағымына салынған қуат; - ұйымның осы болашақ табыстарды бақылау қабілеті бар; -өткен кезеңдегі мәміле мен оқиғалардың нәтижесін болып табылады. Барлық басқа активтер ұзақ мерзімді активтер деп жіктелуге тиісті.

Міндеттемелік – бұл ұйымның экон. табыс әкелетін, ресурстарының шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалар нәтижесінде пайда болған міндеттері. Міндеттемелрдің үш басты сипаттамалры бар: -Нақты бар міндеттемені сипаттайды, жіне ол активтердің шығыс етілуін немесе қызметтердің көрсетілуін талап етеді; - Ұйым үшін міндеттеменің орындалу міндетті, жалтару мүмкін емес; - Өткен кезеңдегі мәміле мен оқиғалардың нәтижесі болып табылады. ХҚЕС 1: Міндеттемелер қысқа мерзімді деп жіктеледі, егер: оларды компанияның операциялық циклының әдеттегі жағдайларында өтеу көзделген болса, немесе ол есепті күннен бастап 12 ай ішінде өтелуге тиіс болса. Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктелуге тиісті

Капитал – бұл ұйымның активтерінің барлық міндеттемелерді шегерген кейінгі қалатын қарыз.

Осы үш элемент ұйымның бухг.балансында көрініс табады.

Кірістер – белгілі бір есептік кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы н\е міндеттемелердің азаюы.

Шығыстар - белгілі бір есептік кезең ішіндегі экон.пайданың азаюы н\е міндеттемелердің көбеюі.

«Кірістер мен шығыстар» ұйымның пайда мен зиян туралы есебінде көрініс табады.

Қаржылық есептілік элементтерін тану – элементтердің бірінің анықтамасына сәйкес келетін ж\е төменде айтылатын тану критерийлеріне жауап беретін бапты балансқа н\е пайда ж\е зиян жөніндегі есептілікке қосу үрдісі болып табылады.

  Аудиторлық есеп (қорытынды), оны жасау және тапсыру тәртіптеріне сипаттама беріңіз

Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:

1. Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы
талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды
шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.

2. Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді.

Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 696 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2214 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.