Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Есте сақтау құрылғыларының жалпылама интерфейсі мен архитектурасын сипаттаңыз.




Микропроцессордың интерфейстік жүйесі ДК басқа құрылғыларымен тартылысты (сопряжения) және байланысты жүзеге асырады; өзіне МП ішкі интерфейсін, буферлік сақтау регистрлері мен енгізу-шығару порттарымен басқару схемасы және жүйелік шинаны қосады. Интерфейс (interface) – компьютер құрылғыларының тартылыс және байланыс әдістерінің жиынтығы. Енгізу-шығару порты (I/O – Input/Output port) – микропроцессорға ДК-дің басқа құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін тартылыс аппаратурасы.ЭЕМ жады деп екілік кодпен берілген ақпаратты сақтауға, беруге арналған құрылғылар жиынтығын айтамыз. Осы жиынтыққа кіретін жеке құрылғылар қандайда бір типті есте сақтау құрылғысы деп аталады. Есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ) ақпаратты сақтауға арналған, яғни программалар мен мәліметтерді. ЕСҚ мыналарға бөлінеді:- өте жедел;- жедел;- сыртқы. Өте жедел жады процессордың элементтік базасында орындалады, процессор құрылымына кіреді және оның өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Өте жедел ЕСҚ (СОЗУ) командалардың кіші (қысқартылған) ұзындығын пайдалану мен оның регистрлерінің тез элементтік базасына байланысты ЭЕМ жылдамдығын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

1.1-сурет. ЕСҚ иерархиялық құрылымы

Сыртқы ЕСҚ міндеті – ақпараттың массивін сақтау. Сыртқы ЕСҚ (СЕСҚ) көбінесе магнитті, оптикалық және ленталық жинақтағыштарда орындалады. Жедел жады – бұл машинаның негізгі жадысы. Фон Нейман принципіне сәйкес ол ЭЕМ-мен сол уақытта орындалатын программаларды және оған қажетті мәліметтерді сақтауға арналған. 2. Ақпаратты сақтау принципі бойынша – статикалық– динамикалық Статикалық элементтер электр тогы беріліп тұрғанша, ақпаратты сақтай береді. Ақпараттың бір битін құру және сақтау негізі триггер болып табылады. Динамикалық есте сақтау элементтері, керісінше, ақпаратты тек қысқа мерзімде сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін оны жаңарту (регенерация) қажет. Бір бит ақпаратты сақтайтын динамикалық элемент ретінде зарядталған конденсатор пайдалануға болады. Динамикалық элементтерді пайдалану жұмыс жылдамдығын жоғарлатуға мүмкіндік береді. 3. Ақпаратты қою және іздеу әдісі бойынша – адрестік ЕСҚ – адрессіз ЕСҚ. Адрестік ұйымдастырылуымен жадыда ақпаратты қою және іздеу сөзді (сандығ команданы және т.б.) сақтау адресін пайдалануға негізделген. Адрес жады ұяшығының номері болып қызмет етеді, онда сөз орналастырылады. Адрестік ЕСҚ мыналарға бөлінеді: 1. жадыға дербес кіру (с произвольным доступом)2. жадыға реттеле кіру (с последовательным доступом) ЕСҚ дербес кіру (RAM – Random Access Memory) оның номеріне қатыссыз, берілген сөзді іздеуге кететін уақыт. 4. Функционалды бағыты бойынша ЕСҚ барлық типтерін функционалды иерархияның келесі деңгейлеріне бөлуге болады: – жедел ЕСҚ (RAM – Random Access Memory) – тұрақты ЕСҚ (ROM – Read-Only Memory) Жедел жады процессордың арифметикалық-логикалық құрылғысы мен басқару құрылғысында операцияны орындау процесінде пайдаланылатын ақпараттарды (программалар мәліметі, өңдеудің аралық және соңғы нәтижелері) сақтауға арналған. Жедел ЕСҚ мыналарға бөлінеді: 1. статикалық

2. динамикалық. Тұрақты ЕСҚ ақпаратты (программалар, микропрограммалар, константалар) ЭЕМ жұмысы процесінде өзгермейтін ұзақ уақыт сақтауға арналған. Тұрақты ЕСҚ мыналарға бөлінеді ЕСҚ негізгі сипаттамалары 1. ЕСҚ ақпараттық көлемі – сақталатын ақпараттың максималды санын анықтайды. Көлем битпен, байтпен және машиналық сөзбен өлшенуі мүмкін. Ең көп таралған өлшем бірлік байт болып табылады. Жадының үлкен өлшемінде оның көлемі килобайтпен (Кбайт) – 1024 байт, мегобайтпен (Мбайт) – миллион байт (нақтырақ 1024*1024 байт), гигобайтпен (Гбайт) – миллиард байт өлшенеді. 2. ЕСҚ ұйымдастыру – сақталатын сөз санын оның разрядтылығына көбейтіндісі. Демек, ЕСҚ ақпараттық көлемін береді.

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 735 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1985 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.