Технологиялық процесстерді автоматтандыруды басқару жүйесінің пайда болуының қандай алғышарттарын білесіз? Технологиялық процесстің жүйесін қалай түсінесіз?
Технологиялық процесстерді автоматтандыруды басқару жүйесінің пайда болуының алғышарттарына, біріншіден, өндірістің, кәсіпорынның ауқымды өсуі, өндірістік жабдық қуатының едәуір арттуы, өндірістік процесстердің күрделенуі, жылдамдатылған режимдерді пайдалану (қысымның, температураның, реакция жылдамдығының арттуы), қиын режимдерде істейтін қондырғылардың пайда болуы, технологиялық үдерістердің жеке буындары арасындағы байланыстардың күшеюі мен күрделенуі жатады. Технологиялық процесстерді автоматтандыруды басқару жүйесінің өндірісте қолданудың тағы бір маңызды алғышарттарының бірі бірқатар потенциалды өндірістік резервтерді жүзеге асырудың қажеттілігі болып табылады. Қазіргі кезде өндірістік процесстің тиімділігі кәсіпорынды және ондағы технологияларды басқарудың сапасына байланысты. Сондықтан бірінші орынға технологиялық процесстерді оңтайлы басқару қойылады, ал ол технологиялық процесстерді автоматтандыруды басқару жүйесімен тікелей байланысты.
Технологиялық процесстер кез келген кәсіпорынның материалдық базасы болып табылады, сондықтан өндірістің өнімділігін, өндірілетін тауардың сапасын, өндірістің пайдалылығын арттыру үшін технологиялық процесстерді басқаруды қамтамасыз етіп, соның көмегімен басқаруды автоматтандыру жүйесін енгізу қажет. Технологиялық процесстің жүйесі дегеніміз - еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын, өндірістік процесстің бір бөлігі. Кез келген технологиялық процессті күрделі процесстің бір бөлігі және қарапайым (элементарлы) технологиялық процесстердің жинағы деп қарастыруға болады. Элементарлы технологиялық процесс немесе технологиялық операция деп технологиялық процесстің барлық ерекшеліктеріне ие ең кіші бөлігін айтады. Технологиялық процесстің жүйесі үшін кіріс басқарылатын әсерлер анықталып қойған (басқарушы, басқарылатын), шығарылатын тауардың кіріс әсерлері мен шығыс параметрлері арасындағы ықтимал тәуелділіктер орнатылған, кіріс әсерлер мен шығыс параметрлерді автоматтық өлшеудің және процессті басқарудың әдістері өңделген.
2. Технологиялық процесстерді басқару нені көрсетеді? Технологиялық процесстерді автоматтандыруды басқару жүйесінің (ТП АБЖ) мақсаттарын ашып жазыңыз.
Технологиялық процестің басқару объектісі ретіндегі ұғымына, техникалық жабдықтар, атап айтқанда, жабдықтың конструктивті элементі боп келетін, датчиктерден басқа және атқарушы органдар кіреді.
Басқарылатын технологиялық процесс деп, кіріс (басқарушы, басқарылатын) бақыланатын әсерлер анықталып, шығарылатын бұйымның(өнімнің) кіріс әсерлері мен шығыс параметрлері арасындағы детерминирленген немесе ықтималды тәуелділіктер орнатылған, шығыс параметрлері мен кіріс әсерлерінің автоматты өлшеу және процесстерді басқару әдістері құрастырылған.
Осылайша басқарылатын процесс дегеніміз, ТП АБЖ енгізуі үшін дайындалған процесті білдіреді. Технологиялық процесс жүйесін құру үшін - ТП АБЖ келесілерден тұруы мүмкін.
- ЭЕМ;
- оператормен байланыс құрылғысы;
- оператор;
- обьектімен жұптастыру құрылғысы(ОЖҚ);
- визуалды бақылаудың автономды құрылғылары;
- датчиктер;
- атқарушы органдар;
- басқарудың технологиялық объектісі (БТО).
ТП АБЖ – технологиялық процессі жүйесіндегі орындалатын міндетін келесі түрде тұжырымдауға болады: технологиялық процесстер туралы алынған мәліметтер негізінде болжам жасау, басқарушы әсерлердің(соның ішінде жабдықтардың жұмыс режимін өзгерту) белгілі бір уақытта технологиялық процесстің жағдайы кейбір процесс сапасының жалпы өлшемдерінің экстремалды мәндеріне жауап беретін.
Бұл есепті шешу үшін процесстің ТП АБЖ да іке асырылатын басқару алгоритмінің негізін құрайтын математикалық моделін жасау керек.
Технологиялық процесстерді автоматтандыруды басқару жүйесінің (ТП АБЖ) мақсаттарын, оның функционалды мүмкіндіктерін, техникалық сипаттамаларын және басқа ерекшеліктері жүйе құрылатын обьекті негізінде құрылады. ТП АБЖ басқарылатын обьект ретінде технологиялық жабдықтардың жиынтығын және тиісті нұсқауларға немесе бүтін өнім технологиялық процессінің регламентіне өткізілген обьектіні алса болады.
БТО-ның келтірілген анықтамасы бір жағынан процесстер бірлігін және жабдықтарды, және екінші жағынан кіріс ресурстарының ақырғы өнімге(металл, электр немее жылу энергиясы, химиялық заттар, бұйымдар және т.б) түрленуін көрсетеді.
ТП АБЖ-ның басқару функцияларына анықтама және ақпарат беру.
ТП АБЖ-ның функциялары—басқарудың жеке мақсаттарына жетуіне бағытталған жүйенің әрекеттер жиыны.
ТП АБЖ-ның функциялары басқару,ақпараттық және қосымша болып бөлінеді. ТП АБЖ-ның басқару функциялары дегеніміз басқарудың технологиялық объектісіне басқару әрекеттерін іске асырушы функциялар.
ТП АБЖ-ның басқару функцияларына:
• жеке технологиялық айнымалыларды тұрақтандыру;
• операциялар мен аппаратты біртактілі логикалық басқару;
• құрылғылар тобын бағдарламалық логикалық басқару;
• орнатылған немесе ауыспалы технологиялық режимдерди немесе процесстің жеке бөліктерін тиімді басқару;
• бүтін объектіні басқару.
ТП АБЖ-ның ақпараттық функциялары— АТК күйі жайында ақпарат жинау,өңдеу және оперативті персоналға ақпаратты жеткізу немесе сол ақпаратты өңдеуге жеткізуге арналған жүйе функциясы.
ТП АБЖ-ның ақпараттық функцияларына:
• технологиялық параметрлерді өлшеу және орталықтандырылған басқару;
• процесс параметрлерін (техника-экономикалық көрсеткіштерді, ішкі айнымалыларды) есептеу;
• ТП АБЖ-ның оперативті персоналына ақпарат беру;
• ақпаратты аралық басқару жүйесіне дайындау және жеткізу;
• АТК және оның құрылғыларының күйіне жалпы баға беру және болжам жасау.
ТП АБЖ-ның басқару функциялары мен ақпараттық функциялардың ерекшелігі нақты қолданушыға бағытталуында (басқару объектісі, оперативті персонал, басқарудың аралық жүйелері).