Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ тілі пәні бойынша 4-деңгейге арналған тест сұрақтары

 

$$$ Сенімхат сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

$$ доверенность

$ заявление

$ справка

$ письмо

$$$ «Мені шахмат үйірмесіне мүше етіп алуыңызды сұраймын» сөйлемі іс қағазының қай түріне жататынын анықтаңыз.

$$ өтініш

$ қолхат

$ сенімхат

$ хаттама

$$$ Бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші не көрсетілетінін белгілеңіз.

$$ үміткерге қойылатын талаптар

$ құжаттардың тізімі

$ жылжымайтын мүліктер

$ кәсіпорын мүліктері

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Жұмыс... 5 жылдан кем емес».

$$ өтілі

$ орны

$ түрі

$ уақыты

$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз.

$$ талағы тарс айрылу

$ орнына келу

$ халық шығармалары

$ нақты мәлімет

$$$ Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз

$$ Көрген сайын сұрайды

$ Күміс білезік

$ Қызметке тұру

$ Тойдың соңы

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз. «Жұмыс... қабылдау туралы бұйрық»

$$ -қа

$ -тан

$ -та

$ -пен

$$$ «Ресми» сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркесті көрсетіңіз.

$$ ресми сөз, ресми тіл, ресми топ, ресми қағаз

$ ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім

$ ресми көше, ресми ел, ресми аумақ

$ ресми қала, ресми курс, ресми компания

$$$ Ресми құжат – хаттама қандай жағдайда жазылатынын көрсетіңіз.

$$ мәжілістің, жиналыстың өту барысын тіркеу және ресімдеу үшін.

$ Ресми сөз сөйлеу үшін

$ мәселені талқылау үшін

$ баяндама жасау үшін

$$$ Хаттамаға кімдердің қол қоятынын көрсетіңіз.

$$ төраға және хатшы

$ хатшы

$ баяндамашы

$ жиналыстың төрағасы

$$$ «Прошу Вас обратить особое внимание на эту проблему» деген сөйлемнің дұрыс баламасын белгілеңіз.

$$ осы мәселеге айрықша назар аударуыңызды сұраймын.

$ бұл проблемаға назар аударасыз ба?

$ осы мәселеге қараңызшы.

$ бұл проблемаға көңіл бөліңізші.

$$$ Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

$$ та-ма-ша

$ өн-ер

$ зам-ан

$ жа-с-тық

$$$ Мақалды жалғастырыңыз: «Ит тойған жеріне,....»

$$ Ер туған жеріне

$ Шетте жүрсең білерсің

$ Өз еліңнің иті де қадірлі

$ Туған елдей ел болмас

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Менің атымнан өтініш жазуға... білдіремін.»

$$ сенім

$ сенімхат

$ куәлік

$ рұқсат

$$$ «Әлде» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз

$$ әлде(кім)

$ әлде(адам)

$ әлде(көп)

$ әлде(кісі)

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Сенімхаттың мәтіні... оқылды.»

$$ дауыстап

$ дауысты

$ дауыссыз

$ жазбаша

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. « Тілді қадірлеу... басталады. »

$$ дұрыс сөйлеуден

$ бұрыс сөйлеуден

$ сөйлемеуден

$ салық алудан

$$$ Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

$$ қамқоршы

$ әкеміз

$ ауылда

$ жақсысың

$$$ «Ақы» сөзі қандай сөзбен тіркесетінін көрсетіңіз.

$$ төлем, өтем

$ қажет, керек

$ халық, мемлекет

$ дерек, ақпар

$$$ «Далее» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

$$ бұдан әрі қарай

$ бір жағынан

$ осыдан кейін

$ болашақта

$$$ «В соответствии с условиями контракта» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ келісімшарт шарттарына сәйкес

$ келісімшарт ережелерімен байланысты

$ келісімшарт қағидаларымен сәйкес

$ келісімшарт шарттарына қатысты

$$$ Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

$$ Жаздыгүні

$ Тұрсынкүл

$ Жұмысшы

$ Сары ала

$$$ Туынды сөз жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.

$$ білім, оқушы, заңгер

$ заңмен, адамдар, қалада

$ кітабым, әкесі, дәптерің

$ атадан, ботаның, кемелер

$$$ Дүниеге ұл келгендігін қазақ қалай жеткізгенін көрсетіңіз.

$$ ат ұстар

$ шаш сипар

$ шай құяр

$ айнаға қарар

$$$ Төмендегі қатарлардың қайсысында лауазым атаулары берілгенін көрсетіңіз.

$$ бас маман, құрылтайшы, мәжіліскер

$ ардагер, зейнеткер, майдангер

$ оқушы, тыңдарман, оқырман

$ мәжіліс, сенат, құрылтай

$$$ «На основе действующего законодательства» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ қолданылып жүрген заңдар негізінде

$ іс-әрекеттегі заңдар бойынша

$ бекітілген заңдар негізінде

$ қол қойылып, бекітілген заңдарға сүйеніп

$$$ Компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігіңізді нақты айту үшін қай вариантты таңдайсыз?

$$ мен компьютерде жұмыс істей аламын

$ мен компьютерді үйренейінші

$ мен компьютерді жақсы көремін

$ иә, мен компьютерді білмеймін

$$$ Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз.

$$ бож жорға

$ боз жорға

$ бос жорға

$ бос шорға

$$$ “Жер” сөзіне тіркес бола алмайтын сөзді табыңыз:

$$ ауа

$ ана

$ туған

$ қатты

$$$ Дара сын есімді көрсетіңіз

$$ ақ, тарғыл

$ жетеу, екі

$ керек, үшін

$ ақ киімді

$$$ Жалғау арқылы байланысты көрсетіңіз.

$$ даланың құсы

$ қызық өмір

$ қос құрбы

$ тыныштық үшін күрес

$$$ Қаратпа сөзді табыңыз.

$$ сәлем саған, туған ел.

$ мақұл, айтқаның болсын.

$ о, шіркін, шіркін!

$ иә, әңгіме айта отыр.

$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз.

$$ қара аспанды төндіру

$ бүгінгі хабар

$ қызыл күрең

$ өскен өркен

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «20 мың теңге... шегу».

$$ зиян

$ өтініш

$ қатыгез

$ ақша

$$$ Синоним сөздерді көрсетіңіз.

$$ несібелі, ырысты

$ әңгіме, ертегі

$ таңдау, таныс

$ таңертең, түсте

$$$ Бұйрық етістік қалай берілетінін көрсетіңіз.

$$ тағайындалсын

$ қабылдауыңызды өтінемін

$ тыйым салыңызшы

$ босату

$$$ «Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық» деген сөйлемдегі “біреу” сөзінің мағынасын табыңыз.

$$ белгісіздік мағына

$ сандық мағына

$ болжалдық мағына

$ заттық мағына

$$$ Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

$$ сандықша

$ кітаптар

$ адамда

$ дәстүрмен

$$$ Мақалды жалғастырыңыз. «Ұяда не көрсең,...»

$$ ұшқанда соны ілерсің

$ алтын бесік

$ ағайынның тайы озсын

$ құда мың жылдық

$$$ Қай сөзде «көк» сөзі бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

$$ көк(шалғын)

$ көк(жиек)

$ көк(жал)

$ көк(шіл)

$$$ Емес, жоқ сөздері қандай мағынаны білдіреді?

$$ Болымсыз

$ Көптік

$ Белгісіз

$ Болымды

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама студент А. Бақытовтың үшінші курста... растайды.»

$$ оқитынын

$ оқиды

$ оқу

$ оқыған

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Анықтама Әуезов көшесі, 14-үйдің... А. Жандосовқа берілді.»

$$ тұрғыны

$ тұратын

$ тұрған

$ тұрды

$$$ Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

$$ кейуана

$ кеюана

$ кейюана

$ кеиюна

$$$ Сөйлемнің түрін айырыңыз: Құнанбай Ұлжанның қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

$$ құрмалас сөйлем

$ сұраулы сөйлем

$ жай сөйлем

$ лепті сөйлем

$$$ Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

$$ көк аспан

$ бұлақтың басы

$ желмаяға міну

$ театрдан келу

$$$ Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз.

$$ шабылды

$ шапты

$ шаппады

$ бақты

$$$ Бұйрық формасында тұрған сөйлемді табыңыз.

$$ Ауылға барып қайт.

$ Кітап оқығым келеді.

$ Ол ауылға бармақшы.

$ Сен кешке келесің бе?

$$$ Мақалды аяқтаңыз: «Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – …»

$$ жұт

$ құда

$ үй иесі

$ қонақ

$$$ Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Бұл өлкенің жер асты байлықтары өте мол.

$ Жер асты өте мол байлықтары бұл өлкенің.

$ Бұл өлкенің байлықтары жер асты мол өте.

$ Байлықтары жер асты өте мол бұл өлкенің.

$$$ «Мамандық» ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз.

$$ бағдарламашы, үйлестіруші, дәрігер

$ орналасқан, айтыңызшы, тыңдаушы

$ баспа, министрлік, әкімшілік

$ даңғыл, көше, Астана

$$$ Тиісті сөзді қойыңыз: «Тыңдалмаған... жетім, киюсіз тозған бөз жетім».

$$ сөз

$ көл

$ ел

$ ер

$$$ «Ағайын» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

$$ бауыр

$ жүз

$ халық

$ жұрт

$$$ «Заместитель начальника отдела регистрации» атауының қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ тіркеу бөлімі бастығының орынбасары

$ ұйымдастыру бөлімі бастығы орынбасары

$ пайдалану бөлімінің бастығы

$ бақылау бөлімінің бастығы

$$$ Ұлан-байтақ сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

$$ Кең, ұлан-ғайыр, шалқар, ұшы-қиырсыз.

$ Ұқыпты, тиянақты

$ Жақын, қашық

$ Ұзақ, алыс, шалғай

$$$ Өзіңізді жұмысқа қабылдау үшін ресми құжаттардың қай түрін жазатыныңызды белгілеңіз.

$$ өтініш және түйіндеме

$ арыз және хат

$ шағым және қолхат

$ шақырухат және арыз

$$$ «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ кезектен тыс демалыс

$ кезексіз демалыс

$ мерзімсіз демалыс

$ уақытша демалыс

$$$ «Түбіртекқағаз» қандай мағынаны білдіретінін көрсетіңіз.

$$ квитанция

$ долг

$ оплата

$ личный счет

$$$ «Қыздың жиған жүгіндей» - тұрақты тіркестің антонимін көрсетіңіз.

$$ ретсіз

$ көркем

$ әдемі

$ көрікті

$$$ Тиісті сөзді көрсетіңіз: "Ата – бәйтерек, ана – бұлақ, бала – жағадағы..."

$$ құрақ

$ дария

$ аққу

$ құс

$$$ Нотариус қандай жұмыс атқаратынын айтыңыз.

$$ ресми құжатты куәландырады

$ өтініш жазып береді

$ түйіндеме жазады

$ ресми құжатты бермейді

$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз.

$$ жүрегі аласұрды

$ әр алуан

$ туған шеше

$ амандық сұрады

$$$ Нағашы деген қай жағынан туыс екендігін көрсетіңіз.

$$ шеше жағынан туыстар

$ әке жағынан туыстар

$ жиеннің балалары

$ қыздың балалары

$$$ «Приватизация» терминінің қай баламасы дұрыс екенін белгілеңіз.

$$ жекешелендіру

$ меншікті сату

$ меншікті беру

$ міндеттену

$$$ Несие алу үшін кепілдікке не алынатынын белгілеңіз.

$$ жылжымайтын мүлік

$ құжат

$ кепілхат

$ анықтама

$$$ «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» мақалының мәнін айтыңыз.

$$ денсаулық

$ батырлық

$ ынтымақ

$ егіншілік

$$$ «Жарнама» сөзі қай қатардағы сөздермен түбірлес екендігін белгілеңіз.

$$ жар салу, жариялау, жарлық

$ жарқырау, жарық беру

$ жар жағасында, өзеннің жары

$ сүйген жар, адал жар

$$$ Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

$$ Ол-әкем

$ Менің әжем – дана адам

$ Алты- жұп сан

$ Ештен кеш жақсы

$$$ «Төлқұжат» қандай мағынада берілгенін көрсетіңіз.

$$ паспорт

$ справка БТИ

$ бланк

$ вид на жительство

$$$ Келісімшарт қандай мақсатты көздейтінін белгілеңіз.

$$ адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтарын белгілейді

$ ТИБ-те тіркеу үшін

$ анықтама сияқты

$ қол қою үшін

$$$ Антонимдік қолданыстағы мақалды табыңыз:

$$ Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

$ Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

$ Ер қаруы - бес қару.

$ Нар тәуекел - ер ісі.

$$$ Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. «Матаның көзі бар екен, байқа».

$$ көзі

$ матаның

$ екен

$ байқа

$$$ Өкімет – үкімет сөздерінің мағыналық айырмашылығын көрсетіңіз.

$$ Өкімет –«власть», үкімет – «правительство» дегенді білдіреді.

$ Олар – фонетикалық варианттар.

$ Ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ.

$ Екеуі де «билік» деген мағынада қолданылады.

$$$ Жақындау, жазу етістіктерінің бұйрық рай түріндегі баламасын көрсетіңіз.

$$ Жақында, жаз

$ Жақындау, жазу

$ Жақындады, жазды

$ Жақындат, жазамын

$$$ Жаңа үйге көшіп келгенде қандай той тойланатынын көрсетіңіз.

$$ қоныстой

$ мерейтой

$ ашылу салтанаты

$ беташар

$$$ «Көзді ашып, жұмғанша» тұрақты тіркестің мағынасын ашыңыз.

$$ шапшаң, тез

$ әдемі, сұлу

$ қарапайым, батыл

$ өткір, жылдам

$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

$$ Жастар - еліміздің мақтанышы.

$ Айту менің парызым.

$ Талап талмас - қанат.

$ Ақылды қария ағып жатқан дария.

$$$ Мына тілектің жалғасын жазыңыз: Шаңырағың...!”

$$ шайқалмасын

$ керілмесін

$ айтылмасын

$ жабылмасын

$$$ Сөйлемді аяқтаңыз. «Қазіргі заманда... тіл білу - өмір талабы.»

$$ көп

$ бір

$ аз

$ қажет емес

$$$ «Шілдехана» қай кезде жасалатын той екенін көрсетіңіз.

$$ нәресте дүниеге келгенде

$ баланың тұсауын кескенде

$ бала мектепке барғанда

$ баланың тілі шыққанда

$$$ «Жеделхат» қандай құжат екенін көрсетіңіз.

$$ телеграф арқылы беріледі

$ телефон я радио арқылы жеткізіледі

$ жеке адамның өмірінен мәлімет береді

$ бір нәрсені алғандығын жазбаша түрде растайды

$$$ Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.

$$ Біз осынау үлкен шараға сәттілік тілейміз

$ Үлкен осынау шараға сәттілік тілейміз біз.

$ Сәттілік тілейміз үлкен осынау шараға біз.

$ Біз осынау үлкен шараға тілейміз сәттілік.

$$$ Адамның жеке қасиеттеріне нелер жататынын белгілеңіз.

$$ ұстамдылық, жауапкершілік

$ туған жылы, күні, айы

$ спорт, саяхат

$ телефон, мекенжай, ұлт

$$$ Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стильді табыңыз.

$$ іс-қағаздар

$ көркем әдебиет

$ ғылыми

$ ауызекі сөйлеу

$$$ Хронологиялық тәртіппен өз өмірінен мағлұмат беретін құжат түрі:

$$ өмірбаян

$ өтініш

$ визит карточкасы

$ арыз

$$$ Сөйлемді аяқтаңыз: «Денсаулығыма байланысты қысқы емтихан сессиясын....»

$$ уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын

$ уақытында жатақханадан орын беруіңізді сұраймын

$ уақытында жалақымды беруіңізді сұраймын

$ уақытында ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын

$$$ Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз.

$$ ақ ешкі

$ терең ой

$ қағаз

$ дыбыс

$$$ Сенімхатты кім куәландыратынын белгілеңіз.

$$ нотариус

$ орынбасар

$ қызметкерлер

$ бастық

$$$ Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

$$ Домбырадан күй төкті.

$ Қалған ас итке төгілді.

$ Қалиман күл төкті.

$ Шәугімдегі судың қалғанын төкті.

$$$ Қазақтың салт-дәстүріне қатысты сөз тіркесін көрсетіңіз.

$$ ұрын келу

$ бет алу

$ баланың тойы

$ ойын ойнау

$$$ Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

$$ Оқытушы студенттен түсініктеме жазуын талап етті

$ Студенттен түсініктеме жазуын талап етті оқытушы

$ Оқытушы студенттен талап етті түсініктеме жазуын

$ Түсініктеме жазуын талап етті оқытушы студенттен

$$$ Еркін сөз тіркесін табыңыз.

$$ адамның жүрегі

$ қоян жүрек

$ тас жүрек

$ су жүрек

$$$ «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

$$ әлемге танымал белгілі қайраткер

$ мақтаныш етеді

$ сүйсініс білдірді

$ тұсаукесер рәсім

$$$ Кіші жүздің биін көрсетіңіз.

$$ Әйтеке би

$ Төле би

$ Қазыбек би

$ Тіленші би

$$$ «Беташар» өлеңі қай кезде айтылады?

$$ Келін жаңа түскенде

$ қыз үйімен қоштасқанда

$ қызды үйінен шығарып саларда

$ құдалар келгенде

$$$ Үйлену сөзіне синоним сөзді табыңыз:

$$ шаңырақ құру

$ үй алу

$ үйге шақыру

$ үйді көрсету

$$$ «Сегіз қырлы, бір сырлы» тұрақты тіркестің мағынасын ашыңыз:

$$ өнерлі, жан-жақты

$ еңбекқор, еріншек

$ жалқау, сөзшең

$ мейірімді, қарапайым

$$$ Бөле дегеніміз кімдер?

$$ апалы-сіңілілердің балалары

$ ағайынды жігіттердің балалары

$ апалы сіңілілердің күйеулері

$ ағайынды жігіттердің әйелдері

$$$ Қалауды, ниетті білдіретін етістік тұлғасы бар сөйлемді дұрыс белгілеңіз.

$$ Мен жиналыста сөйлейін деп едім.

$ Мен жиналыста сөйлеген едім.

$ Мен жиналыста сөйледім.

$ Мен жиналыста сөйлеймін.

$$$ Келіспейтіндігіңізді білдіру үшін қай коммуникативтік репликаны пайдалануға болатынын көрсетіңіз.

$$ Құптамаймын, мен басқаша ойлаймын

$ Әрине, мүмкін болса, нақты айтқанда

$ Шынында, менің ойымша, тіпті

$ Ендеше, айталық, әдетте

$$$ «Жауап» сөзінің мағынасы арқылы жасалған сөз тіркестерінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

$$ жауап қайтару, жауап беру, жауап алу

$ жауапты деу, жауапты сөйлеу, жауапты орындау

$ жауапты жоспарлау, жауаптың қалыптасуы, жауапты ұзарту

$ жауап көрсету, жауапты нақтылау, жауапты құрастыру

$$$ Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

$$ Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.

$ Ол жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.

$ Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.

$ Қаладағы тіршілік қызық екен.

$$$ Сөздердің қай нұсқасының емлесі дұрыс екенін көрсетіңіз.

$$ жұмысқа, баспаға, министрлікке

$ жұмысыға, баспаққа, министрлігқа

$ жұмысға, баспақа, министрлыкқа

$ жұмыске, баспеге, министрлікге

$$$ Нұсқадағы фонетикалық заңдылық сақталған сөздерді көрсетіңіз.

$$ денсаулығыңыз, бастығы, мамандығымыз

$ денсаулықыңыз, бастықы, мамандықымыз

$ денсаулықым, бастықым, мамандықыныз

$ денсаулығықа, бастығқа, мамандығқа

$$$ Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөзді табыңыз.

$$ бөгет

$ тұлұм

$ құлұншақ

$ өзөн

$$$ Тиісті сөзді көрсетіңіз. «... – ер қанаты.»

$$ ат

$ бие

$ мал

$ қару

$$$ Қазақстан бейнелеу өнері сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.

$$ Изобразительное искусство Казахстана

$ Архитектура Казахстана

$ Графика Казахстана

$ Музыка Казахстана

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Мен сенімхат мәтінімен....»

$$ таныстым

$ оқыдың

$ жаздық

$ куәландырды

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Ақаулықтарды дер кезінде....»

$$ байқау

$ жауап беру

$ байланысу

$ келу

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Міндеттемені орындаудан... тартты.»

$$ бас

$ қол

$ білек

$ күш

$$$ «Үйдің сол жақ босағасында ер-тұрмандар жиналады, аяқ киімдер жатады» не туралы айтылғанын табыңыз.

$$ Киіз үй

$ Қонақ үй

$ Вокзал

$ Саяжай

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Асанованың оқудан... мәлімдейміз.»

$$ шығарылатынын

$ шығару

$ шығарумен

$ шығаруға

$$$ Қызметкерлердің қызметіне, жұмысына т.б. істеріне берілетін құжат түрін көрсетіңіз.

$$ мінездеме

$ өмірбаян

$ түйіндеме

$ хаттама

$$$ Сөйлемді аяқтаңыз. «Студенттер оқу төлемақысын төлемесе,....»

$$ олар оқудан шығарылады

$ еңбек төлемақысы қысқартылады

$ екінші хабарламахат жібереміз

$ біз шығынды өтеп береміз

$$$ Антонимдік қолданыстағы мақалды табыңыз:

$$ Жастықта да кәрілік тұр, байлықта да жарлылық тұр.

$ Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі.

$ Жас өспей ме, жарлы байымай ма.

$ Ер дәулеті –еңбек.

$$$ «Удостоверять» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

$$ куәландыру

$ куә болу

$ куәлікке ие болу

$ күмәндану

$$$ «Қарлығаш би» атанған биді көрсетіңіз.

$$ Төле би

$ Әйтеке би

$ Қазыбек би

$ Жиренше

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Қолхаттың бір... нотариалдық кеңседе тіркелген.»

$$ данасы

$ мерзімі

$ түрі

$ бөлшегі

$$$ Тыйым сөзді көрсетіңіз.

$$ бүйіріңді таянба

$ жаяу жүрме

$ ешкіммен сөйлеспе

$ шашыңды тарама

$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «12-үй, 25-пәтерде... азамат Ержановтан жүз мың теңге алдым.»

$$ тұратын

$ оқитын

$ тұрмақшы

$ жүретін

 

 

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз: Б.Елеукеоваға.... бойғы еңбегі үшін алғысжариялансын. Ұзақ жылдар

2. Кімге сенім білдіресіз? Оспановқа



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Педагогическая ситуация как составная часть педагогического процесса и единица педагогической деятельности. Алгоритм моделирования педагогических ситуаций.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 891 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2806 - | 2369 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.