Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы




1980 ж. аяғы ССРО құлауының басы ретінде белгілі. Халық депутаттарының съездерінде және партия форумдарында егемендік идеялары, экономикалық, жаңа одақ келісімін құру туралы талқыланды. Елдің экономикасы мен мемлекеттік билік жүйесінің үдемелі түрде құлауы шартында Қазақстанда президенттік басқаруды енгізу заңдылық болды. 1990 ж. 24 сәуірде республикада Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақ ССР Президент посты берілді, 1990 ж. 25 қазанда Н.Ә.Назарбаев сайланды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесті «Қазақ ССР егемендігі туралы Деклорация» қабылданды.

Егемендіктің пайда болуы Қазақстанда демократияландыру үдірістері тездетті. Берілген құжат жаңа Конституцияны жасау мен басқа заң актілерінің негізі ретінде егеменді мемлекет ретінде Республика статусын іске асырушы ретінде роль атқарды.

Республикада белгілі бір өзгертулер енгізілді: прокуратура органдарынын департизациясы, КНБ, Ішкі істер, юстиция, сот. Президенттің мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың одақтық бағынудың Қазақ ССР билігіне енгізілуі, республиканың сыртқы экономикадағы дербестікті қамтамасыз ету, республиканың алтын қорын және Қазақстанда Алмаз фондын құру туралы жарлықтар шықты. 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыдағы оқиғаны бағалау бойынша арнайы комиссия құрылды. Республика Президентінің Семей полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойды. Қазақстан үшін өте ауыр мәселе шешілді, ол ядросыз зонаға айналды. Бұл туралы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әлемнің эпицентрі» деген еңбегінде толығымен жазды.

1991 жылы 2 қазанда алғаш рет 40 жыл бойы қазақ жерінде болған Байқоңыр космодромынан алғашғы ұшқыш қазақ Т.О.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жылы 1 желтоқсан Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлануы өтті. Демократиялық сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев сайланды.

1991 жылы 16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл құжат республиканың саяси-конституциялық дамудың жаңа кезеңі болды. Ұлттық өзін-өзі билеу құқығы, құқық приоритеті, тұлғалардың тәуелсіздігі, саяси тұрақтылық, билікті бөлу, ұлтаралық келісім сияқты демократияның негізі болатын принциптерді атап көрсетті.

1991 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құрудың күрделі үрдісі жүрді. Беловежскийдің келісімін сараптаудан өткізіп, Қазақстан мен Орта Азия республикаларының лидерлері жаңа одақтың құрылуына толық құқықты қатысуға дайын екендігін мәлім етті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы ССРО құрамына енген 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының жиналысында ТМД-ны құру туралы Хаттамаға қол қойды.

Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттің дамуының динамикалық үдірісі басталды. 1992 жылы 2 мамырда Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы және дамуы» атты кітабы шықты, мұнда жаңа тарихи жағдайда біздің тәуелсіз мемлекеттің негізгі мақсаттары анықталған және даму бағыты берілген.

Республикада мемлекеттік символдар мен атрибуттарды қалыптастырудың заңды базаларын құру туралы жұмыс басталды. 1992 ж. 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Ш.Ниязбеков, мемлекеттік елтаңба авторлары Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов, мемлекеттік әнұран әннің авторлары М.Түлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди; сөздері М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева.

2005 жылы ҚР жаңа гимн қабылдады. Жаңа гимннің негізінде атақты ақын, композитор Ш.Қалдаяқовтың мәтіні мен әні жазылды. Бұл өлеңнің ішіне ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың түзетулері де енді.

Заң шығарушы және атқарушы биліктерін бөлу бойынша шаралар қабылданды, парламенттік реформа және жергілікті билік органдарының түрленуі бойынша жұмыстар басталған.

1993 жылдың қаңтарында ҚР алғашқы конституциясы қабылданған. Оның оң жақтары келесіде көрінеді: дүние жүзі тарихында алғашқы рет Қазақстан халқы сияқты әлеуметтік – этникалық құбылыс туды, алғашқы рет отандық тарихында адам құқықтарының және билікті бөлу жайлы концепциясы жасалып жүзеге асырылды, бірақ 1993 жылғы конституция сол уақытта туындалған. Қазақстандағы конституциялық реформа мәселелерін шеше алмады.

1995 жылдың наурыз айында ортақ саяси өмірінің өсуінде Қазақстанда жаңа кезең басталды. 30 тамызда бүкіл халық референдумында ҚР жаңа конституциясы қабылданды. 1995 жылғы жаңа конституция басқаруды ұйымдастырудың сұрақтарын шешуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын анықтады. Жаңа конституция Президенттің статусын жоғарылатты.

Екі палаталы парламент туралы шешім қабылдау пәні болып 1995 жылы Конституциядан өз орнын тапты. 1995 жылдың 9 қаңтарында екі палаталы парламентте және де ҚР тарихында сайлау өткізілді. Жоғарғы палата – Сенат, төменгі – Мәжіліс деген атқа ие болды. Көп партиялы жүйенің жаңа қалыптасу үдірісі пайда болды. 90 жылдары және де әрі қарай көптеген саясаттық партиялар қалыптасты – «Отан» партиясы, жаңаша аты «Нұр Отан», «Ақ жол» партиясы, 2004 жылы жаңа партия «Нағыз Ақ-жол» жаңаша атауы «Азат», «Қазақстанның коммунистік партиясы», «Қазақстанның демократиялық партиясы» және т.б., орталық политикалық қозғалыс – «Лад», Либералді, жұмыс қозғалысы, ұлттық – мәдениет орталығы, профсоюздар. Қазақстан Ассамблея қауымы алғашқы рет 24 наурызда Алматыда өткізілді.

1997 жылы 10 желтоқсанда біздің мемлекеттің астанасы болып Астана қаласы бекітілді. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген есім алды, оның 10 жылдық мерейтойы 2008 жылы мемлекетімізде атап өтілді.

Қазақстанның даму ерекшеліктерін белгілей отырып, Н.Ә.Назарбаев «Тарихтар тоғысы» (1994ж.) кітабында мәдениет пен тарихи естеліктерге, ұлттық ерекшеліктерге бай барлық 130 ұлт өкілдеріне тең құқылы мен мүмкіндігі бар полиэтникалық мемлекет құрамыз деп жазған.

1990 жылы өткізілген санақ нәтижелері бойынша Қазақстан халқы 14 млн 953131 адам құрады. Олардың ішінде қазақтардың меншікті салмағы жалпы алғанда 40,1%-53,4% дейін өскен.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен 2002 ж. қараша айында Түркістанда екінші дүние жүзілік қазақтар құрылтайы өткізілді, оған әлемнің 40-қа жуық мемлекеттен делегаттар жиналды. Құрылтай жұмысына дүние жүзілік қазақтар ассоцияцияның Президиумының төрағасы болып сайланған Президентте қатысты.

Бұл оқиғалар Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің қайта жаңғыруы жайлы, қоғамның барлық, қоғам жайлы, Қазақстан қоғамының демократизация және бейбітшілік жолымен дамуы туралы куәландырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 957 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.