Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.




1991 жылғы тамыз «бүлігі» және КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылдың көктемінде Одақ пен егеменді республикалар арасындағы қарым-қатынастар жаңа сатыға көтерілді. Одақтас республикалардың егемендікке деген жаппай ұмтылысы — 1991 жылдың сәуірінен маусымына дейін Мәскеу түбіндегі Ново-Огареводағы президент резиденциясында одақтас республика басшыларының бірнеше дүркін бас қосуларына алып келді. Ново-Огоревада 1991 жылы 23 сәуірде РКФСР, Украина, Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары кездесіп, нәтижесінде «9+1» деп аталатын жаңа Одақтық шарт дайындалды. Бұл Одақ енді Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы деп аталатын болды (КСРО-ның тоғыз Одақтас республикасы мен КСРО Президенті). Тоғыз сағаттық келіссөздерден кейін, елдегі жағдайды тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол қойылды. Құжатта мемлекеттердің егемендігі, Одақтық өкімет орындарының қайта сайлануы мен Одақтық жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі айтылды. Мәлімдеменің мәтінінде болашақ Одақ турасында «КСРО» деген түсінік аталынбады. КСРО-ның тағдыры туралы 17 наурыздағы референдумда азаматтардын көпшілігі Одақты сақтап қалу жөнінде өз пікірін білдірсе, екінші жағынан республика басшылары, бірінші кезекте Б.Н. Ельцин, Одақтың арқасында өз ұстанымын күшейтуге тырысты. Осындай күрделі жағдайда М.С. Горбачев жаңа Одактық шарт жасауға талпынды. Сөйтіп, тұжырымдар мен мүдделерді үйлестіру мәселесі төңірегінде қарама-қайшылықты үдеріс басталды.

1991 жылы 12 маусымда Ресей Президенті болып Б.Н. Ельцин сайланды. Бұл — Мәскеуде қос өкіметтілік ахуалын бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. 17-маусымда елде қатты пікірталас тудырған, қайта өңделген шарт жобасы одақтас республикаларға таратылды. 29 маусымда М.С.Горбачевтің Н.Ә. Назарбаев және Б.Н. Ельцинмен құпия кездесуі барысында жаңа Одақтық шарттың кезекті талқылануы өтті. Бұл кездесуде шартқа 20 тамызда қол қою туралы және жаңа басшылықтың құрамы жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Егемен Мемлекеттер Одағының Премьер-министрі қызметі Н.Ә. Назарбаевқа, Президент қызметі М.С.Горбачевке ұсынылды. Б.Н. Ельциннің пікірінше, бұл келісімнің мазмұны 1991 жылғы тамыз бүлігіне түрткі болды. Жаз бойы тайталасушы күштер (бұрынғы Одақ пен жаңа Одақты жақтаушылар) бір-бірінің ісін аңдып, өздеріне Одақтас іздеп және халықаралық қауымдастықтың көзқарасын да анықтауға тырысты. Осындай қайшылықты жағдайдағы М.С. Горбачевтің іс-қимылы да оның қарсыластарын 1964 жылы Н.С.Хрущевты орнынан алғандай, мемлекеттік төңкеріс жасау жобасына итермеледі. 1991 жылдың 19 тамызына қараған түні — КСРО Президенті М.С. Горбачев Қырымдағы Фороста демалыста жүрген жерінде биліктен кетті. 1991 жылы 19 тамызда Кеңес Одағының радиостанциялары КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер министрі В.С. Павлов және КСРО Қорғаныс Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары О.Д. Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М.С.Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г.И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. Елді басқару және төтенше жағдай тәртібін тиімді жүзеге асыру үшін құрамына жоғарыда аталғандардан басқа КСРО МХК төрағасы В.И. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов т.б. кірген 8 адамнан тұратын төтенше жағдай жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды.

 

97 Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.

 

Беловеж келісімі - 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бұрынғыдан да үдей түсті. Бүлікті ұйымдастырушылар тұтқынға алынып, коммунистік партия таратылды. Өз тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы одақтас республикалардың кейбіреулері (Литва, Латвия, Эстония, Грузия) өздерінің КСРО құрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Орталықтың билігі күннен күнге әлсіреп, елде саяси толқулар күшейді. Осындай жағдайда үш республика басшылары (Ресейден - Б.Ельцин, Украинадан - Л.Кравчук, Беларусьтан - С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО тынысы тоқтады. Бұған жауап ретінде 1991 ж. он екінші желтоқсанда Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері(Қазақстаннан - Н.Назарбаев, Қырғызстаннан - А.Ақаев, Өзбекстаннан - И.Каримов, Тәжікстаннан - Т.Махкамов,Түрікменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бұған қоса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бұрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп ұзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы(ТМД) құрылды.

 

98 1991 ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы

 

"Алматы декларациясы " - 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Молдова, Түрікменстан басшылары қол қойды. Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД-нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономикалық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.[1]





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2211 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2307 - | 2069 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.