КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Коммутация жүйесі
Тақырыбы: ЭАТС S-12-жобаланатын станцияның негізгі техникалық сипаттамалары
Мамандығы: «5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникация»
Орындаған: Әбдінәби Махсұт Сынақ кітапшасы: 133219
Тобы: МТСк-13-01
Қабылдаған: аға оқытушы
Алматы 2016
Мазмұны
Кіріспе | |
1 ЭАТС S-12-жобаланатын станцияның негізгі техникалық сипаттамалары | |
2 Телефон жүктемесінің интенсивтілігін есептеу | |
Кіріс және шығыс жүктеменің ағынын есептеу | |
4. Көпжиілікті қабылдау-таратқышқа жүктеменің интенсивтілігін | |
Қорытынды | |
Әдебиеттер тізімі |
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты коммутация жүйесінің сатыларын зерттеп, негізін ашу болып табылады. Курстық жұмыс барысында әртүрлі коммутациялық жүйелерде коммутациялық өрісті құру, сигнализация жүйелерін, басқару құрылғыларын құру сияқты әдістерді қарастырамыз.
Курстық жұмыс Alcatel фирмасының S–12 жүйесіне негізделген. S–12 жүйесі қолданылуы жағынан үлкен сұранысқа ие. Себебі оның кіші габариттері тиімді және қызмет көрсетуі жағынан тиімді болып отыр. S–12 жүйесінің модулдік құрылымы аппараттық және ақпараттық болғандықтан, ол функцияларды оңай басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың тағы бір бағыты, ол студенттің өздік ізденіс жұмыстарына деген қабілетін арттыру болып табылады.
ЭАТС S-12-жобаланатын станцияның негізгі техникалық сипаттамалары
S-12 жүйесі ALKATEL фирмасында 1982 жылы Бельгия, Германия, Италия, АҚШ-ның қатысуымен жасап шығарылған.
S-12 техникалық сипаттамасыАлкатель-1000 S-12 толық сандық телефон станциясы болып табылады. Оның ең негізгі ерекшелігі қарапайым және аппаратты мен бағдарламалық модулдердің ең кіші станциядан үлкен станцияға дейін қосуға мүмкінділігі бар.
Негізгі техникалық сипаттамасы:абоненттік желі саны – 200000 жоғары АЛ;жалғастырғыш желі саны – 85000 жоғары;коммутациялық қабілеттілігі- 35000 Эрл.;ЧНН шақыру саны – 2000000 жоғары;Сигнализация желісін басқару қондырғысы – ОКС № 7.1024 желі;
Құрылымдық схемасы және оның модулдерiнiң аталуы (1-сурет):
TC- терминалдi басқару элементi;
ACE – қосымша басқару элементі;
ASM- аналогты абонент модулi;
ISM- интеграция қызметiндегi сандық торап;
DTM- сандық жол модулi;
IPTM- интегралдi коммутация пакетiндегi жол модулi;
IRIM- интегралдi коммутация пакетiндегi интерфейс модулi;
HCCM- жоғарғы өндіргiштiң ортақ канал модулi;
DTUB- В-түрiндегi сандық жол қондырғы платасы;
DIAM- интегралдi автоматты жауапбергiш динамикалық модулi;
SCM- қызмет комплектiлер модулi;
ECM- жаңғырықтан қорғағыш модулi;
TTM- жолды тесттiлеу модулi;
OIM- оператордың интерфейс модулi;
DСM- сандық конференц байланыс модулi;
CTM- тон және тактілі сигнал модулi;
P& L- периферия және жүктеме модулi;
MIM- жылжымалы байланыстың өзара қатынас модулi.
Кейбір ТСЕ модулдері Алкатель-1000 С-12 жүйенің ішінде орналасады, ал кейбірі сыртқы желіге қосылады. Сыртқы желіге қосылған модул қосымша басқару элементі (АСЕ). Бұл модуль бағдарламамен қамтамасыз етеді. Қалған модул-ң қосарланған, яғни біреуі активті екіншісі- пассивті жұмыс істейді. Біреуі істен шықса екіншісі жедел түрде жұмысты өзіне алады. Барлық ішкі байланыстар 32 каналды ИКМ трактісін құрайды, ал код сөздері 16 бит/с ұлғаяды.
S-12 коммутациялық өріс құрылымы. Алкатель-1000 S-12 шеңберлі сандық коммутация өрісін (DSN) құрайды. DSN негізгі функциясы процессорлар аралығында хабарларды беру, абоненттік және жалғастырғыш желілерде сөз және мәліметтерді беру болып табылады.
DSN келесі сипаттаманы құрайды: альтернативті жолдардың үлкен санының мүмкінділік салдарынан ішкі сенімділікті, сондықтан DSE бас тартуы жалғастыру мүмкіндіктеріне әсер етпейді және жүйе көрсеткіштерін аз шамаға төмендетеді; коммутация өрісі 4096 Кбит/с сандық желіні коммутациялайды. Олардың әрқайсысы 128 Кбит/с 32 канал интервалын құрайды; коммутация қондырғыларының жұмысын дұрыс бақылау;16-шы канал бойынша авариялық хабарды бақылау;/сөз басталуының жұптығын бақылау;0-шы каналды (циклдік синхронизацияны) бақылау.
1-сурет. ALCATEL 1000 S-12 станциясының құрылымдық сұлбасы
S-12, топтық коммутация жүйесінің 1-ші звеносы топтық коммутациялық жүйе. Бiр звенолы GS бiр сандық коммутатордан тұрады (DSE – Digital Switching Element).Осы коммутатордың барлық 16 портына АS қосылады. Осындай конфигурация кiшi сыйымдылықты АТС-та қолданылады (SSA – Small Stand Alone). Сандық коммутатордың бiрiншi звеносының барлық 16 портын қолдану АТС сыйымдылығының өспеуiне алып келедi. Сондықтан, жай қолдану кезiнде төрт TSU- ды қосу үшiн 8 порт қолданылады (с 0 по 7). Қалған 8 порт кеңейтiлу үшiн қолданылады. Сандық коммутатор тек қана қызмет көрсететiн портты қолданады және жалғастыруды орнату кезiнде осы порттар қолданылады.Коммутатордың бiрiншi звеносына қосылған 4- TSU конфигурациясы терминалды жүйе (TU – Terminal Unit) деп аталынады.
Access Switch Group Switch, stage S- 12 топтық коммутация жүйесі, 2-ші звено. Екi GS звеноның максималды конфигурациясы топтық коммутациялық жүйенiң 1 және 2-шi звеносында 8 коммутатордан келедi. Коммутаторлар бiрiншi звеноның барлық коммутаторы екiншi звеноның барлық коммутаторына шыға алатындай етiп орнатылған. Бұл конфигурация секция (Section) деп аталады.
S- 12, топтық коммутация жүйесі, 3-ші звеноGS max конфигурациясы 3 звеноны қолданғанда алынады. 3-ші звеноның әрбір коммутаторы 2-ші звеноның 8 коммутаторлы барлық 16 секциясына жалғанады. 3-ші звеноның коммутаторы 8 коммутаторлы. 3-ші звеноның барлық 16 порты 2-ші звеноның коммутаторларымен жалғасады, өйткені АТС сиымдылығын одан ары қарай кеңейтуге қажет емес.
АSМ аналогты модулдың қызметі, блок схемасы.ASM- аналогты абонент модулi – аналогты абонент желісін қосуды қамтамасыз етеді. ASM модулі:(ALCN) абонент кешенінің 8- платасын (олардың әрқайсысы 16 абонент желісіне қосылған, яғни модул 128 абонент желісіне қосыла алады);
барлық 128 абонент желісіне шақыру тоғын қамтамасыз ететін (RNGF) бір шақыру қондырғы платасын;TAUC/RLMC тестілеу платасын;MCUA басқару элементін қосады. Бір стативте 1536 абонент желісіне қызмет ететін 12 ASM модулін орнатуға болады. ASM модулі (кросс-овер) қиылысқан қарым-қатынасты функцияны қолдайды. Бұның жұбы егер басқа ASM модулі бас тартқанда екінші бір модулдің процессорына 256 абонент желісіне қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Бас тартқан ASM модулінің абоненттеріне екінші модулдің процессоры қызмет көрсетеді.