Микробтарды таратушылардың бірі – шыбын. Ол мал мен адамның нәжісіне, күресінге, әр түрлі қалдықтарға қонып, сосын сүтке және сүт тағамдарына үймелейді, сөйтіп ақырында әр түрлі зиянды микроорганизмдермен, соның ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен ластайды. Жаз айларында шыбынды құрту үшін сүт тұратын үйдің есік-терезелеріне сын тор немесе дәке ұстайды.
Фермадағы сиыр үнемі мал дәрігерлік бақылауда болуы тиіс. Оның денсаулығына фермадағы адамдар үнемі зер салып отыруға міндетті.
Бұзаулаған сиырдың уызын, сондай-ақ кәрі сиырдың суалтар алдындағы сүтін жеті күндей бөлек ыдысқа құйып алады да, оны басқа сүтке араластырмайды.
Мұндай сүттін, әдеттегі сүттен құрамы мен қасиеті жөнінен едәуір айырмашылығы бар, сондықтан ондай сүт, әдетте пайдалануға жарамайды. Сондай-ақ ауру сиырдың сүтін де бөлек ыдысқа құйып алып, оны тек мал дәрігерінің рұқсатымен ғана пайдалану керек. Егер табында ауру сиыр байқалса немесе оның ауру екеніне күдік туса, оны сау сиырлардан дереу бөліп алып, бұл жөнінде мал дәрігеріне хабарлап, тиісті нұсқау алу керек.
Сиыр кейбір ауруға – топалаң, қарасан, құтырма, оба, жұқпалы сары ауру, қатерлі ісік, сондай-ақ некробациллез, туберкулез, желіндегі актиномикозға шалдыкқанда, оның сүтін адамға да, малға да беруге болмайды; оиы мал дәрігерінің немесе санитардың тікелей бақылауымен жояды. Мұндай малдың сүтін сүт сақтайтын бөлмсге әкелуте мүлде болмайды.
Серологиялық реакция арқылы тексергенде бруцеллезі бар екені, бірақ ауру белгілері байқалмаған сиырдың сүтін алдын ала өңдеп барып пайдаланады. Ол үшін сүтті 70° температурада 30 минуттай немесе 90° температурада дереу қыздырып пастеризациялайды.
Туберкулин егу арқылы туберкулезі байқалған сиырлардың сүтін пайдалану үшін, оны 85° темнературада 30 минуттай пастеризациялайды немесе 10 минуттай қайнатады. Сүтті сол сауылған жерінде бірақ рет пастеризациялайды.
Егер сүт бруцеллез ауруы асқынған сиырдан сауылса, онда: ол 5 минуттай қайнатылады.
Ал шаруашылықта аусылға карантин қойылса, онда сүтті 80° температурада 30 минуттай пастеризациялап немесе 5 минуттай қайнатып барып, сол шаруашылықтың езінде пайдаланады. Алдын ала топалаң ауруына қарсы егілген (Ценьковтың екінші вакцинасымен) сиырдың сүтін 15 күндей тек қайнатып пайдаланады. Сүтті өңдеу, қайнату, пастеризациялау, жою жөніндегі нұсқауларды жергілікті жердегі мал дәрігері қызметкерлерінен алуға болады.
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі колхоздар мен совхоздардын Сүт фермаларындағы санитарлық және мал дәрігерлік ережені бекітті (1962 ж.). Осы ережеде шаруашылықтан тасымалданатын сүтті әр он күнде бір рет редуктаздық сынау аркылы, ондағы бактерия мөлшерін анықтау керек екендігі айтылған.
Ережеде мал фермасының жанында сүтті қабылдайтын және сақтайтын арнайы сүтхана болуы тиіс деп көрсетілген. Сүтханада сүтті алғашқы өңдейтін және сақтайтын бөлме, лаборатория, ыдыстар мен аспаптарды жуатын бөлме, вакуум-насос, бу қазаны болуы тиіс. Егер шаруашылықта бірнеше сауын сиыр фермасы болса, онда оларға ортақ сүтхана салу керек.
Сүтхана үйі құрғақ, жарық, кең болуы, керегелері майлы бояумен сырлануы немесе метлах плиталарымен қапталуы тиіс. Ал керегенің жоғарғы жағы балшықтан сыланып, жаңа сөндірілген әк ерітіндісімен ақталады.
Сиыр сауатын қоранын, едені бетондалады, ал сүтті өңдейтін және сақтайтын бөлменің едені де бетондалады немесе цементтеліп, плиталармен қапталады.
Сүтханадағы бу қазаны ыдыстар мен сауу аппараттарын дезинфекциялау үшін бу алуға пайдаланылады. Жуылған және дезинфекцияланған ыдыстарды кептіретін ере орнатылады.
Сүтхананың, ыдыстарды жуатын бөлменін. және сауу залының керегелерін ластануына қарай оқтын-оқтын әк ерітіндісімен дезинфекциялап, ал еденді күнделікті сәл ғана сілтілі ерітіндімен жуады.
Айына бір-екі рет санитарлық күн белгіленеді. Бұл күні барлық қора-жайды шаң-тозаңнан тазартып, жаңа сендірілген әк ерітіндісімен ақтайды. Сонымен қатар бұл күні ауланы, әжетхананы, қалдық тасталатьш шұңқырларды т. б. дезинфекциялайды.
Сапалы сүт алып, оны ұзақ уақыт сақтау үшін қорада санитарлық-гигиеналық шарттар бұлжытпай орындалуы тиіс.
Сүттің тазалығын сақтаумен бірге, сүт құрамындағы қоректік заттарды көбейтуге күш салу керек.
Малды дұрыс азықтандыру, жақсы күтіп бағу, қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстарды механикаландыру, сиыр сауу тәртібін бұлжытпай орындау, гигиеналық ережелерді қатаң сақтау, сүтті тез сүзу, салқындату және тасымалдау – міне осындай басты-басты шараларды мұқият іске асыру сапалы сүт алудың негізгі шарттары болып саналады.
Сиыр сауардан жарты сағат бұрьш қора ауласындағы азық үлестіру, сиырдың үстін тазалау, қи шығару, қысқасы қандай жұмыс болмасын тоқтатылады. Ондай жұмыстарды күні бұрын істеп қою керек.
Сауыншы үстіне таза халат киіп, басына үшкіл орамал тартады. Сиыр саууды белгілі бір уақытта бастайды.
Қабылданған мал дәрігерлік – санитарлық ереже бойынша сауыншы сауар алдында сиырдың желіні мен емшегін жылы сумен жуады. Көп жағдайда сиырдың желінін шелектегі суға шүберекті матырып алып немесе тек суланған шүберекпен сүртеді, сөйтіп оны ауыстырмай-ақ 10 - 15, тіпті одан да көп сиырға пайдаланады. Бұл, әрине мүлде дұрыс емес. Өйткені мұндайда сүттегі бактериялар көбейген үстіне көбейе түседі.
Сүт пен сүт тағамдарыныц сапасыз болуы, оларға шөп - шалам, шаң-тозаң түсіп ластануына да байланысты. Жүргізілген тәжірибелерде, сиырдың құйрығы сүтті әр түрлі қоқыстармен және микробтармен ластауға бірден-бір себепші болатындыгы анықталды. Сондықтан жоғары сапалы сүт алу үшін сиырдың қүйрығын үнемі тазартып отырумен қатар, сауар алдында оны артқы аяққа міндетті түрде байлап қою керек.
Осыған орай мал дәрігері В. Косянчук (1965 ж.) сиырдың құйрығын байлайтын бекіткіш ойлап шығарды. Мүндай бекіткішті кез келген шаруашылықта жасай алуға болады. Ол үшін көлденец кесіндісі 10 - 12 мм, ұзындығы 28 сантиметрдей жұмсақ резеңке түтікті алады. Онан соң ағаштан ұзындығы 30 миллиметрдей екі цилиндрлі втулка жасайды. Втулканың осін диаметрі 2 миллиметрдей стіп теседі. Втулкалар түтіктің ішінде арлы-берлі қозғалмай тұруы үшін, оның үстіңгі жағын бұдырлы етеді. Осыдан кейін көлденең кесіндісі 2 мм болат сым темірден ұзындығы 12 см шынжыр, 25 мм ілгек, 4 см екі стержень және бір жағына құлақ жасайды. Бұл стерженьдерді втулканың өзегіне мықтап бекітеді, ал оның құлағына шынжыр мен ілгекті жалғастырады. Сосын втулканы резеңке түтікке кигізіп, бекіткішті тартқан кезде шықпайтындай етіп қатайтады. Бекіткіш осылайша пайдалануға дайын болады.
Сауар алдында сиырдың құйрығын тілерсегінен жоғарырақ жерден бекіткішпен байлайды. Бекіткішті пайдалану арқылы сүттің ластануын едәуір азайтуға болады. Сауыншы сиыр сауып жүргенде отыратын орындығын үнемі ұстап, қолын былғамау үшін, сауыншыға байлай алуға лайықты шағын орындық шығарылған.
Сүтті неғұрлым таза алу үшін мал дәрігері Ф. X. Орловский шелек орнына істен шыққан өрт сөндіргіштің металл резервуарын ыстық су немесе дезинфекциялық ерітінді құятын ыдыс ретінде пайдаланған.
Резервуар көлденеңінен ілініп қойылады да, оған екі ролик жалғастырылады. Бұл екі ролик ілгек арқылы қораның ұзына бойына тартылған сымға бекітіледі, сөйтіп, оны әрлі-берлі қозғалатындай етеді. Резервуардың ортасында су құятын тесік бар, ал төменгі жағына труба орнатылып, оған резеңке шлангі кигізілген. Шлангініц үш жағында - су шашатын темір түтік және суды ашып - жауып тұратын шүмек бар. Шаруашылықта 25 сиырды күтетін әрбір сауыншыға бір-бірден резервуар берілген. Сиырды сауар алдында оған 50 - 55° жылытылған су кұяды. Сиырдың желіні мен сауын-шынын, қолын дезинфекциялау үшін резервуардағы суға иіссіз дезинфектордың кез келген біреуін (хлорамин, кальцийленген сода т. б.). қосады. Мұндай әдіс шаруашылықта бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Бұл әдісті қолданғанда сауыншының жұмысы жеңілдеумен қатар, совхоз мемлекетке сапалы сүт тапсыратын болады. Шаруашылықта сиырдың желінсау ауруы мен жас төлдердің аурулары түгелдей жойылды деуге болады. Мұндай әдісті жазғы лагерьдегі сауу алаңында да қолданады.
Сауу алаңын пайдаланатын шаруашылықтарда сиырдың желінін жылы сумен жуады, бірақ мұнда трубопровод арқылы душ воронкасын пайдаланады және желінді таза сүлгімен сүртеді.
Сиырды сауғанда емшек үшындағы алғашқы шыққан сүтті белек ыдысқа – кружкаға құйып алу керек, өйткені емшек үрпіне шаң-тозаң кіріп, былғанғыш келеді. Мұндай алғашқы сүтті тексеру арқылы оның сапасы мен желіннің ауруға шалдыққаны немесе шалдықпағаны бақыланады. Сүттің түсі қызғылт, кек, сарғыш немесе әдеттегі түсінен өзгеше боп келсе, ит мұндай сүт сапасыз деп есептеледі де, оны жалпы сүтке қоспайды.
Желінді дезинфекциялауға калий перманганаты мен сода ерітінділері пайдаланылады. Бірақ кейбір себептермен олар онша жарамды емес. Соданың дезинфекциялық әсері өте шамалы, әрі оны ұзақ уақыт қолданғанда сауыншы қолының терісі мен сиырдың желінін майсыздандырып, құрғатып жібереді. Ал калий перманганаты ерітіндісіне органикалық заттар қосылса, ол тез бұзылады да, күші жойылады.
0,75 проценттік бір хлорлы йод ерітіндісі немесе I проценттік хлорамин ерітіндісі немесе құрамында 20 процент гекса-хлорофен және 80 процент триэтаноламині бар 4 проценттік ерітінді өте пайдалы деп есептелінеді. Бұл ерітінділердің кез келген біреуімен сиырдың желінін жуғанда, желіндегі бакте-риялар оншақты есе азайып, сүттегі жалпы бактерия мөлшері едәуір кемиді.
0,75 проценттік бір хлорлы йод ерітіндісі мен 1 проценттік хлорамин ерітіндісі сауыншы қолымен сиыр желінінің терісіне қолайсыз әсер етпейді. Сондықтан колхоздар мен совхоздардың сүт фермаларында бұл ерітінділерді жаппай қолдану ұсынылады.
Сиыр сауып болғаннан кейін сүт шелектері немесе сауу аппараты жуылып, дезинфекциялануы тиіс.
Сиыр сауар алдында сауыншы қолын шынтағына дейін сабындап жуып, таза сүлгімен құрғата сүртеді, ал тырнағын үнемі есірмей алып отырады.
Желіні ауру әрбір сиырды сауғаннан кейін сауыншы қолын сабындап жылы сумен жуып отыруы қажет, өйтпеген күнде бір сиырдың ауруы екінші сиырға жұғуы мүмкін.
Сауыншы сиыр сауғанда қолы үнемі құрғақ болуы және сиырды сарқа саууы тиіс. Сиырды машинамен сауғанда сауу аяқталысымен желінге жақсылап массаж жасап, онан кейін қолмен сарқа сауу керек.
Сиыр сауудың екі түрлі әдісі бар – машинамен және қолмен сауу.
Машинамен сауу. Сиырды машинамен сауудың қолмен саууға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Мұнда ең алдымен сауыншының жұмыс өнімділігі артады, сүттің өзіндік құны кемиді, сапалы сүт алуға мүмкіндік туады, өйткені сауылған сүт жабық күйінде ыдыстарға біржола құйылады.
Біздің еліміздегі жасап шығарылған және өндірісте пайдаланылып жүрген сауу машиналарының оншақты түрі бар.
Алдын ала сынау нәтижесінде өрдірістен жаппай шығаруға үш тактілі «Волга» сауу аппараты мен екі тактілі «Майга ДА-2» сауу аппараты ұсынылып отыр. Асыл тұқымды фермаларда әр сиырдан сауылған сүт жеке есепке алынатындықтан оларға ең тиімді деп табылғаны – «Волга» немесе «Майга» сауу аппараттарымеи комплектелген ПДА-1 жылжымалы сауу агрегаты болды.
«Спутник», «Доярка», «Стимул» және «Темп» сауу аппараттары да жаман емес, алайда оларды әлі де жетілдіре түсіп, қайтадан сыннан өткізу керек.
Үш тактілі «Волга» сауу аппараты (1 сурет) мынадай бөлшектерден тұрады: сауу стакандары, коллектор, сүт шелегі қақпағынын, бір жақ бүйіріне орнатылған пульсатор және резеңке труба.
1-сурет – «Волга» сауу аппараты:
1 – сауу шелегі; 2 – сауу шелегінің қақпағы; 3 – пульсатор; 4 – сүт шлангасы; 5 – қысқыш; 6 – вакуум шлангасы; 7 – коллектор; 8 – сауу стакандары; 9 – сүтті бақылайтын түтік.
Сауу стакандары – бұл негізгі жұмыс істейтін механизм, сауу жұмысы сол арқылы жүргізіледі.Оның негізгі жұмыс істейтін органы - емізікті резеңке труба.
«Волга» сауу аппаратының тостағаншалары (стакандардың түбі) мөлдір келеді, мұнын, өзі сауу барысьш бақылап отыруға мүмкіндік береді. Пульсатор – аппараттың ең жауапты бөлігі, сол арқылы трубопроводта пайда болған тұрақты вакуум, коллектор мен сауу стакандарының жұмыс істеуіне керекті ауыспалы вакуумға айналады.
Коллектордың қызметі пульсатордан келген ауыспалы вакуумды сауу стакандарына тарату және барлық стакандардағы сүтті бір орталыққа жинау.
Сонымен сауу стакандарының, коллектордың және пульсатордың бір мезетте жұмыс істеуі нәтижесіндс сауу іске асырылады.
Дұрыс жиналған аппараттың коллектор клапандары мен пульсаторлары жұмыс істей тұрғанда өзіне тән тарсыл шығарып тұруы және сорылған ауаның үнемі бір қалыпты шуылы (ысылдау және ысқырық дыбыстары болмауы тиіс) болуы қажет. Аппарат минутына 60 пульсация беруі керек. Егер бір пульсацияға кететін уақытты 100 деп есептесек, онда аппарат үш тактілі режиммен жұмыс істегенде сору тактісіис 60, сығуға -10 және тыныс тактісіне 30% кетеді. Бұлардын. механизмін реттеу - коллекторға жүктелген. Міне, сондықтан да коллекторға аздаган өзгерту енгізу арқылы кез келген үш тактілі аппаратты екі тактілі етіп өзгертуге болады.
«Волга» аппаратына қарағанда «Майга» аппаратында минуттық пульсация 120-ға дейін арттырылған, жұмыс вакуумы аздап төмендетілген және ол сынап бағанасымен есептегенде 36 сантиметрге тең. Бұл машинада тыныс тактісі алып тасталғандықтан, қалған екі такт бойынша уақыт былай бөлінген: сору - 70%, сығу - 30%.
Үш тактілі анпаратқа қарағанда екі тактілі аппарат белгілі бір уақыт өлшемі аралығында сүтті едәуір кеп сауады. Есте болатын бір жай, екі тактілі аппаратты пайдаланғанда стаканды сиырдың келінінде шамадан артық ұстауға болмайды.
Жоғарыда аталған «Волга» мен «Майга» машиналарына тән жалпы тораптар мыналар: сауу шелегі, сауу шелегінің қақпағы, пульсатор, коллектор, сауу стакандары. Бірақ бұлардың формасы мен конструкциясы түрліше келеді. Сауу стакандары емшектен шығып кетпес үшін, вакуум шамасын бақылап отыру керек. Екі тактілі аппаратты пайдаланғанда вакуум шамасы сынап бағанасымен 36 - 38 см, ал үш тактіліде – 38 - 40 см болуы тиіс.
1956 жылдан бастап сауу алаңында сиырды машинамен сауу әдісі енгізілді. Бұл әдістің ерекшелігі сол, краны бар вакуумды трубопровод сиыр қораға тұтасынан емес, тек оның ортаңғы бөлігіне ғана орналасады. Мұнда әрбір сиыр тұратын орынға сауу станоктары қойылған.
Әрбір сауыншы станокқа вакуумды трубопроводты және жылы су беретін трубопроводты әкеледі. Сосын сауыншы душ воронкасының көмегімен сиырдың желінін жуып, бір мезетте массаж жасайды.
Станоктардың аралығына флягаларға орнатылған сауу аппараттары қойылады. Сауылған сүт осы флягаға құйылады. Сауу аппараттарын басқаратын крандар мен приборлар сауыншының қолы жетер жерге орнатылады. Сауыншы бір жерде тұрып терт аппаратпен жұмыс істейді. Мұндай әдіспен сауғанда сауыншыға 50 сиырға дейін бекітіп беруге болады.
Жаттыққан сиырлар станокқа өзі келіп, сауып болғаннан кейін тұрағына өзі кетеді.
Тұрақты сауу қондырғыларымен қатар, жайылым жағдайыңда жылжымалы сауу қондырғылары шығарылды. Мәселен, жылжымалы универсалды сауу қондырғысымен (УДМ-8) сиыр саууға, сауу кезінде сиырға жем беруге, желінді жуу үшін су жылытуға, сүт ыдыстарын жуып тазалауға, сүтті тазартуға және салқындатуға болады.
Сиырды байламай баққан жағдайда сиыр саууға ең тиімді машиналардың бірі - «Елочка» типті сауу қондырғысы.
«Елочка» қондырғысының сауу алаңыбір мезетте 16 сиырды саууға арналған. Станокта жем азықтарды мөлшерлеп беріп тұратын бункері бар оттық орнатьілған. Сауу қондырғысының комплектілеріне жататындар: тербелмеге орнатылған 8 сауу аппараты, ыстық су мен салқын суды араластыратын бак, желінді жуатын аппарат, сүт проводы, сүт сүзгісі, дөңгелек вакуумды салқындатқыш және екі сүт насосы. «Елочка» қондырғысымен сиыр сауу қалай ұйымдастырылады? Жұмысты бастамастан 10 - 15 минут бұрын сауынды бункерге азықтын, бар-жоғын, азық мөлшерлегіштін., желінді жуатын душ аппараттарының жұмыс істеуін байқайды. Ыстық сумен (85°) сүт аспаптарын, сауу аппараттарын, сүт яроводын, салқындатқышты, насостарды жуады. Осыдан кейін сауыншы сүт сүзгішті таза дәкемен орап, оны резеңкелі сақинамен бекітеді. Сауу аппаратының шлангілерді дұрыс бекітілгенін, тербелменін, жарамдылығын, пульсатордың мықты бекітілгенін тексереді, стаканның көру қондырғысын су қалдығынан тазартады.
Бақташы сауылатын сиырларды сауу алаңының алдындағы қораға айдап кіргізеді. Сауыншы рычаг арқылы қоранын, есігін ашып, алдымен қондырғыныц бір жағына 8 сиырды кіргізеді. Сосын әрбір оттыққа жем мөлшерлегіштің рычагы арқылы жем салады.
Сауыншы бірінші тұрған сиырдын, желінін жуып, массаж жасайды да, емшек үрпіндегі сүтті кружкаға бөлек сауып алады. Осыдан кейін сиырдың емшектеріне сауу стакандарын кигізеді. Осы тәртіппен басқа сиырларды да сауа береді. Сегізінші сиырдың емшегіне стакандарды кигізгенде, алғашқы сиырдың сауылғанына 5 - 7 минуттай уақыт өтеді, мүның өзі сиыр сауылып бітті деген сөз. Бұл кезде алаңға екінші топ - 8 сиырды кіргізіп, оны станоктың сол жағына айдап әкеледі. Бұл топтағы сиырдың желінін де, жоғарыда айтылғандай саууға даярлайды. Бірақ сауу стакандарын екінші сиырға қондырмастан бүрын, сауылып болған сиырдын. желініне қорытынды массаж жасайды, аппаратпен (қолмен емес) тағы да сарқа сауып, осыдан кейін ғана басқа сиырды саууға кіріседі.
Сауу аладындағы сиырлардын, желінін бірден түгелдей жуып шығуға болмайды. Мұндай жағдайда желінді жууға және сауу стакандарын кигізуге 5 - 6 минуттай уақыт өтеді де, сиыр исініп кетеді. Сонын, салдарынан сиыр жөнді сауылмайды да, сауыншыға жиі-жиі массаж жасауға тура келеді. Мұның өзі сүттің кем алынуына және сиырдың мезгілінен ерте суалуына апарып соғады.
Сиырдын, сүт беруі тоқталған соң, қорытынды массаж жасау үшін бір қолмен коллекторды ұстап, аппаратты және сонымен қоса желінді төмен қарай тартып, осы қалпында 15 - 20 секундтай ұстайды. Осы кезде екінші қолмен қоры-байқау лампочкасының жарығы әлсіресе, онда 3-ші станоктағы сиырдың сауылып біткені. Мұны байқаған сауыншы сол станокқа келіп, сиырдың желінін сылап-уқалайды да, сарқа сауады. Онан кейін - сауыншы кнопканы басып, станоктың жылжымалы керегесін ашады да, сауылған сиырды босатады, ал оның орнына басқа сиыр келеді.
«Веер» қондырғысындағы ең күрделі зоотехниялық проблеманың бірі - әрбір сиырдан сауылған сүттің есебін жүргізу.
Сауу қондырғысының күллі сүт жабдықтары жабық тасқынды линияға құрастырылады. Сауыншы жақсы маманданған болса және сауу жұмысы мүлтіксіз орындалса, «Волга» (үш тактылы) немесе «Майга» (екі тактылы) сауу аппараттары сиырды тез, әрі сарқа сауа алады.
Сауу аппараттарының қай-қайсысында болмасын бақылау ретінде сауылған күнгі сүт ең алдымен сүт жинағышқа құйылады, сөйтіп, әр сиырдан сауылған сүттің есебі жүргізіледі. Сүт жинағышты бақылау ыңғайлы болуы үшін, оны еденнен 1,5 м биік етіп орнатады. Сүт жинағыштан немесе тікелей сауу аппаратынан (бақылау жүргізілмеген күндері) сүт - сүт түтігі арқылы арнайы ыдыстарға құйылады да, алғашқы баптау жұмыстары жүргізіледі.
Сүт түтігі шыныдан, таттанбайтын болаттан немесе аллюминийден жасалуы мүмкін. Сүт түтігін құрастырғанда оның мүмкіндігінше қысқа, түзу болуына, кілт бұрылыстар, бір жері биік, бір жері аласа болмауына айрықша мән беру керек. Мұның өзі түтікті жақсы тазалауға мүмкіндік береді.
Сүттегі шөп - шаламды сүт түтігіне құрастырылған трубалы сүзгіш немесе орталықтан тебетін тазартқыш арқылы сүзеді.
Тазартылған сүт жабық салқындатқышқа келіп құйылады. Бүл салқындатқыш сағатына 400 литрдей сүтті салқындата алады. Онда сүт су арқылы салқындатылады. Алайда су ысырабын азайту және сүтті көбірек салқындату үшін, фермада салқындатқыш қондырғылар (МХУ-12, МХУ-8П және т. б.) болуы тиіс. Бұл қондырғылардың салқындату күші – 6 - 10 мың ккал/сағат.
Егер мүндай машиналар болмаса, онда сүтті мұзбен салқындату керек. Ол үшін мұзды күні бұрын даярлап, ерімейтіндей етіп сақтайды.
Тазартылған, әрі салқындатылған сүт сыйымдылығы әр түрлі танктерге құйылады. Танктер жылу өткізбейтіндей етіп қапталуы тиіс, сонда ғана сүт ұзақ уақыт бұзылмай сақталатын болады.
Сүтті тартып кілегейін алатын және пастеризациялайтын фермаларда сүтхана ішіне қажетті жабдықтар мен тасқьшды линиялар орнатады.
Фермадағы сүтті автомобильге орнатылған сүт цистерналарымен тасымалдайды.
«Карусель» және «Веер» типті сауу қондырғыларының құрылысы едәуір күрделі, әрі бағасы қымбат. Бірақ солай бола тұрса да жұмыс күші мен жалақы қорын үнемдеу арқылы, оған кеткен шығын бір жылға жетер - жетпес уақыт ішінде-ақ артығымен өтеледі. Жалпы алғанда фермадағы сиырдың санына қарай жұмыс өнімділігі әр түрлі сауу қондырғыларын пайдалану ұсынылады.
Сиыр сауатын қондырғыларды таңдап алғанда жалпы сауын сиырдың саның ескерумен бірге, сиырдың сүттілігін, бағылу әдісін, сүтті беру жылдамдығын да ескерген жөн. Конвейерлі сауу станогын ең кемі 200 сиыры бар фермаларда қолданған тиімді. Ал егер фермада 500 - 800 бастай сауын сиыр болса, онда сиыр саууға жұмсалатын жұмыс шығыны 2 - 3 еседей кемиді. 150-ге дейін сауын сиыры бар фермаларда «Елочка» типті сауу қондырғысын пайдаланған тиімдірек.
Кейде қолмен сауғаннан гөрі, машинамен сауғанда сүттің сапасы төмендеп, онда бактериялар көбейіп және қышқылдылығы жоғарылағандықтан сүт заводтары мұндай сүтті қабылдаудан бас тартады, тіпті қабылдағанның өзінде өте арзан бағаға алады да, басқалай бір өнімдер даярлауға пайдаланады. Мұның өзі сиыр сауу жұмысына мән берілмеген, ешбір тазалық шаралары сақталмаған шаруашылықтарда машинамен сауу әдістерін жете меңгермегендіктен болатыны белгілі.