Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ГЕОДЕЗИЯНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ




 

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттары үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, \ Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. Астық өнімінін мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын. Ніл өзенінің су тасқыны, жер танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бұл жерлерді қайта-қайта калпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бүл жағдай жер танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жүргізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып келеді, сөйтіп «жерді өлшеу» (геометрия) және «жерді бөлу» (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуыиа септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV—XII ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын көрсетті.

Геодезия атам заманғы (антикалық) Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді.
Оған бізге жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады.
Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құрал-
дардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен
(б. з. д. 274—194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады.
Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін
анықтап берді.

Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы 1 Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде өнеркәсіптің, теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық елшеулер мен карта жасауға жаңа талаптар қойды. Осы мақсатпен мемлекеттің аз зерттелген аудандарында түсіру жумыстарын жасау үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Осының арқасында Донда, Ертісте, Камчаткада және Куриль аралдарында алғашқы топографиялық түсірулер жасалынды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық
жұмыстардың ғылыми жағынаи жоғары қойылуына көп еңбек
сіңірген атақты орыс астрономы және геодезисі, Полков астро-
номиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші ди-
ректоры В. Я. Струве болды. '

Геодезиялық қызмет Кеңес өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады. Осы кезеңде негізгі геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірулер жүргізу үшін орталық және жергілікті геодезиялық ұжымдар құрылды. Сол уақыттан бастап геодезияның негізгі міндеті одақтың өндіргіш күштерін зерттеу мен дамытуға жәрдемдесу болды.

Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми денгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын қанағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды, ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жұмыстары үшіи авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бұрынғы ТМД территориясының 1: 1000000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі геодезиялық қызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1: 100000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезеңде 1:25000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады.

Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картография өндірісінің мұнан ары алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты болып отыр.

Келешекте халық шаруашылығының шұғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі кезіңде жасалған ғарыштық, борттық, аппаратуралардың мүмкіндіктері, сондай-ақ орбитадан қабылданған бейне-ақпаратық кезде қойылған міндеттерді шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады.

1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінін беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теніз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінін сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдар жасалды.

Бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінін теориясын талдап жасау және оны практикаға ендіру саласында Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшелері. Н. Г. Келль және Ф. Н. Красовский зор жұмыстар істеді. Геодезия және картография саласындағы аса көрнекті зерттеулер осы ғалымдардың және профессорлар А. А. Михайлов, А. А. Изотов, А. С. Чебота-рев, М. С. Молоденский, Н. А. Урмаев, В. В. Данилов, В. В. Попов және т. б. еншісіне тиеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 824 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2281 - | 2077 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.