Лекция 1
ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
ГЕОДЕЗИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Геодезня — жер туралы ете ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды елшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дуниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сезі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шенберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Геодезия—жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, және адамның инженерлік қызметтің әр түрлі міндеттерін атқару мақсатында жер бетін елшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың есуіне байланысты, геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:
1. Жоғаргы геодезия — жердің және планеталардың фигура-
лары мен келемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі ті-
рек жүйелерін қүру женіндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы
геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу
үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео-
дезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы белінеді.
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталык бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Геодезиялык гравиметрия — жер бетінің жекелеген нүкте-лерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен елшеу арқылы жер-дің фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Ғарыш геодезиясы —Жердің жасанды серіктерінің көмегі-мен жербеті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерт-тейді.
2. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байлаиысты мәселелерді зерттейді.
3. Картография жер бетінің едәуір территорияларынын кес-кіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістерімен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.
4. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тусірген фотосуреттер бойынша жа-саудың әдістерін талдаумен айналысады.
5. Теңіэ геодезиясы мұхиттар мен теңіздер тубінін табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өл-шеу әдістерін талдал жасайды.
6. Қолданбалы геодезия іздеулер, кұрылыстар мен инженер-лік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды мон-таждау, сонымен катар еліміздің табиғат байлықтарын пайда-лану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардыц әдістерін зерттеумен айналысады. Қолдаибалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағ-дайларда оиы өз тәсілдері мен кұралдары арқылы шешеді.
Геодезия мен топография пәнінін нстізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жумыстар жатады:
а) жер бетіндегі жекелеген иүктелердің орындарын тандап
алынған координаталар жүйесінде анықтау;
б) әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу
кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісіиде, жер
бетінің және қойнауының табиғат байлықтарын пайдалануда
қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаиыс қажеттілігін геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.
ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯНЫҢ РОЛІ
Геодезияның халық шаруашылығының турлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық елшеулер жолдар, каналдар, жер асты кұрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия колхоздар мен совхоздарды орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылған.
Геодезия біршама ғылыми пәндерге, яғни математика, фи-зика, астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология, геоморфология, гравиметрия және геофизика жетістіктеріне сүйенеді. Сондықтан геодезияның осы ғылымдармен тығыз байланыстылығы күмән туғызбайды.
Математика геодезияны әр түрлі геодезиялық есептік аналитикалық түсіндірмелерінің тәсілдерімен, сондай-ақ өлшеулердің нәтижелерін өндеудің талдауларымен, әдістерімен қаруландырады. Физика геодезияны электроникамен және электро-техникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радио-электроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар кұрастырылады. Географияны білу жер бедерін кұрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардын өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жердің фигурасын зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалық сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді.