Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


HTML тілінің құрылымы




<HTML>

<HEAD> <TITLE> құжат тақырыбы </TITLE> </HEAD>

<BODY>

құжат тұлғасы

</BODY>

</HTML>

 

Көп жағдайларда HTML құжаттардың тақырыптары болады. Олар <H n ></H n > тэгтер арқылы жасалады, n –нің орнына 1-ден 6-ға дейін сан жазамыз. Осы тегтер ортасына мәтін орналастырсақ, сізге белгілі көлемді тақырып шығады.

<H1>Тақырып</H1>

<H2>Тақырып</H2>

<H3>Тақырып</H3>

<H4>Тақырып</H4>

<H5>Тақырып</H5>

<H6>Тақырып</H6>

Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <P>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тэгі жазылады. Бұл тэгтерді жабу керек емес. Әрине, егер Сіз <P> тэгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:

<P ALIGN=LEFT> Сол жақ шетке түзеу </P>

<P ALIGN=CENTER> Ортаға келтіру </P>

<P ALIGN=RIGHT> Оң жақ шетке түзеу </P>

Ал мәтінге қалын, курсивті, сызықты және т.с.с. түр беру үшін, оны сай келетін тэгтер ортасына жазу керек:

<B>қалын текст</B>
<I> Курсивті </I>
<U> Асты сызылған </U>
<STRIKE>Сызылып тастаған</STRIKE>
<SUP> Жоғарғы индекс </SUP>
<SUB> Төменгі индекс </SUB>

Кейбір тэгтер белгілі бір параметрлермен қолданыла алады немесе қолдану тиіс, олар ашылған тэг элементтерінде жазылады (бір тэгте бірнеше параметр беруге болады). Мысалы, ашылып жатқан <FONT> тэгінің (</FONT> жабылатын тэг жазылу тиіс) бірнеше арибуттары болуы мүмкін:

SIZE - шрифттің өлшемін береді (стандартты шрифт өлшемі -"3"). Мәтінді <FONT SIZE=n></FONT> тэгтерінің ортасына қойсақ (бұл жердегі n - цифра) Сіз оған керекті өлшем бересіз:

<font size="1">Мысал 1</font>
<font size="2"> Мысал 2 </font>
<font size="3"> Мысал 3 </font>
<font size="4"> Мысал 4 </font>
<font size="5"> Мысал 5 </font>
<font size="6"> Мысал 6 </font>

<font COLOR="white"> Красный </font>
<font COLOR="#FF0000"> Красный </font>

Сонымен түс туралы басынан айтып кетейік. <BODY> тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып және оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек. Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды.

<BODY BGCOLOR="RED"> (түстің аты қолданылған)
<BODY BGCOLOR="#FF0000"> (түс 6 орынды кодпен берілген)

Сурет тэгтері.

HTML құжатына сурет салу үшін келесі құрылымды жасау керек. (толық көрсетілген):

<IMG SRC=" Сурет аты " BORDER=" 0 " ALIGN=" түзеу " WIDTH=" Ені " HEIGHT=" Биіктігі " HSPACE=" 1-орын қалу " VSPACE=" 2-орын қалу " ALT=" сұхбат ">

Кестелер тэгтері

Кестелерді қолдана отырып, бірнеше бағана құруға және суреттің фоны мен үйлесуін сәндірек етуге болады т.с.с.

Кесте <TABLE> ашылатын тегімен басталып </TABLE> тегімен аяқталады.
<TABLE> тегінде мынадай атрибуттары болуы мүмкін:

Кестенің құрылымын біліп алу үшін, қарапайым мысалды алып қарайық:
1 ұяшық 2 ұяшық
3 ұяшық 4 ұяшық

Ескерту: Берілген мысалда кестенің ені қолдан берілген (WIDTH="200" пиксель), бірақ пайызбен берген ыңғайлы, себебі бұл жағдайда терезенің көлеміне қарай өзгеріп отырады.

Мұндай кесте былай жасалады: <TABLE BORDER="2" WIDTH="200" BGCOLOR="#00FF00"> <TR> <TD>1 ұяшық</TD> <TD>2 ұяшық</TD> </TR> <TR> <TD> 3 ұяшық</TD> <TD> 4 ұяшық</TD> </TR> </TABLE>

Кестеде тақырып орналасуы мүмкін, ол <CAPTION></CAPTION> тэгтерінің ортасында орналасады. Ол міндетті түрде <TITLE> тэгінен кейін орналасу керек. Тақырыпқа ALIGN атрибутын қолдануға болады, ол кестеде орналасуын анықтайды:

TOP - тақырып кестенің жоғарғы жағының ортасына жазылады.
LEFT - тақырып кестенің жоғарғы жағының сол жақ шетіне жазылады.
RIGHT - тақырып кестенің жоғарғы жағының оң жақ шетіне жазылады.
BOTTOM -тақырып кестенің төменгі жағының ортасына жазылады.

Ал енді кестенің жолдары мен ұяшықтары туралы. Кестенің жолдары <TR> тэгімен басталады және </TR> тэгімен жабылады, ал әрбір ұяшық <TD> тэгімен басталып </TD> тэгімен аяқталады.

Тізімдер тэгтері.

Нөмірленген тізім:
Бұл жағдайда тізімнің әрбір элементтің алды автоматты түрде нөмірленіп шығады. Нөмерленген тізім <OL> тэгінен басталып, </OL> тэгімен аяқталады. Мысалы:

<OL> <LI> Бір <LI> Екі <LI> үш <LI> Төрт <LI> Бес </OL> 1. Бір 2. Екі 3. үш 4. төрт 5. Бес

<OL> тегінің мынадай параметрлері болуы мүмкін:

TYPE - санау түрі:
A - үлкен латын әріптері
a - кіші латын әріптері
I - үлкен рим цифрлары
i - кіші рим цифрлары
1 – араб цифрлары

Келесі мысалда тізім үлкен рим санының сегізінші цифрінен басталып нөмерленген:

<OL TYPE="I" START="8"> <LI> Сегіз <LI> Тоғыз <LI> Он <LI> Он бір <LI> Он екі </OL> VIII. Сегіз IX. Тоғыз X. Он XI. Он бір XII. Он екі

Номерленбеген тізім:
Номерленбеген тізім үшін әдетте тізімдегі элементті белгілеуге маркерді қолданады. Ал маркердің түрін, заң бойынша, қолданушы таңдайды.

Номерленбеген тізім <UL> тэгімен ашылып, </UL> тэгімен жабылады. Тізімдегі әрбір элемент <LI> тэгімен басталады. Мысалы:

<UL> <LI> Бір <LI> Екі <LI> үш <LI> Төрт <LI> Бес </UL>
  • Бір
  • Екі
  • үш
  • Төрт
  • Бес

<UL> тэгі өзіне TYPE параметрін қоса алады. Оның disc, circle, square деген белгілері бар.

<UL TYPE=disc><LI> disc </UL>
  • Disc
<UL TYPE=circle><LI> circle </UL>
  • circle
<UL TYPE=square><LI> square </UL>
  • square

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 527 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2335 - | 2117 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.