1 кезең. Кестеге жаңа өрістер қосу және форма құру
1. №17 зертханалық жұмыста құрылған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз.
2. Қызметшілер кестесін конструктор режимінде ашыңыз.
3. Жаңа өрістер қосыңыз (Ескерту: MS Access бағдарламасында есептеу жүргізу үшін мәліметтерді орыс және ағылшын тілдерінде енгізу қажет):
Өрістің аты | Өрістің түрі |
(Оклад) Айлық | Ақшалық (Денежный) |
(Премия) Сыйақы | Ақшалық (Денежный) |
(Удержано) Ұсталғаны | Ақшалық (Денежный) |
(Выдано) Берілгені | Ақшалық (Денежный) |
4. Кестені жауып, Форма объектісіне көшіңіз.
5. Cоздание–Другие Формы (Мастер форм) командаларын орындаңыз және Қызметшілер кестесін таңдаңыз.
6. Доступные поля тізімінен Қызметші коды (Кодсотрудника), Фамилия, Лауазымы (Должность), Жалақы (Оклад), Сыйақы (Премия), Ұсталғаны (Удержано) өрістерін > белгісі арқылы Таңдалған өрістер (Выбранные поля) бөліміне көшіріңіз.
7. Далее батырмасын басыңыз. Ашылған сұхбаттық терезеден тағы Далее батырмасын басыңыз.
8. Ашылған терезеден Далее және Готово батырмаларын басыңыз.
9. Форма ашылады.
2-кезең. Формада есептелінетін өріс құру
1. Ашылған форма терезесін үлкейтіңіз. Формаға конструктор режимін пайдаланыңыз. Ол үшін Конструктор командаларын орындаңыз.
2. Элементтер тақтасынан (Панель элементов) Вкладка белгісін таңдап, мәліметтер аймағына (область данных) орналастырыңыз.
3. Вкладка белгісінің артығын Delete пернесі арқылы жойыңыз.
4. Батырманың қасиетін ашу үшін Свободный белгісіне тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама мәзірден Свойства жолын таңдаңыз.
5. Пайда болған өріс (Поле) терезесінен Данные бөлімінің Данные жолындағы көп нүктеге шертіңіз.
6. Пайда болған Өрнек құрушы (Построитель выражений) терезесінде ортаңғы қатардан <Список полей> жолын белгілеп, үшінші қатардағы Оклад жолын таңдап Вставить батырмасын
26.2.- сурет. Өрнекті құрушы терезесі
және + белгісін шертіңіз, содан соң Премия жолын және Вставить батырмасын шертіп ОК басыңыз.
7. Қасиет терезесін жабыңыз.
8.Жоғарыда құрылған Вкладка белгісіне тышқанның оң жағын басып Свойства жолын таңдаңыз. Макет бөлімінің Подпись жолында Начислено мәтінін теріңіз.
Рисунок бөлімінен қосынды белгісін (Знак суммы) таңдап ОК батырмасын басып, терезені жабыңыз
23.3. -сурет. Форманың жалпы түрі
9. Поле белгісін ерекшелеп Delete пернесі арқылы жойыңыз.
10. Өз бетіңізше екінші вкладка құрыңыз.
11. Онда өрнек құрушы терезесінде Оклад+Премия-Удержано формуласын енгізіңіз. Макет бөлімінің подпись жолына к выдаче на руки мәтінін теріңіз.
12. Аа–надпись белгісі арқылы Форма тақырыбы (Заголовок формы) аймағына Фирма Болашақ тақырыбын енгізіңіз.
13. Формадан құрылған кестеге көшу үшін гиперсілтеме құрамыз. Ол үшін надпись батырмасы арқылы переход к таблице мәтінін теріп, Вставка-Гиперссылка командасын орындаңыз.
14. Ашылған сұхбаттық терезеден Объект осы деректер қорында (Объект в этой базе данных) бөлімін таңдап, кестені белгілеңіз және ОК батырмасын басыңыз.
15. Форманы ашып, тізімге айлық жалақысын, сыйақысын және ұсталғанын мәндермен толтырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Есептелінетін өріс қалай құрылады?
2. Форма тақырыбын қалай енгізіледі?
3. Форма неден тұрады?
4. Өрнек құрушының қызметі?
5. Форманың қандай бөлімдерін білесіз?
№ 23 зертханалық жұмыс
MS Access. Есепті есеп шебері көмегімен құру
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге есеп туралы жалпы мәлімет беру, есеп құрумен таныстыру. Студенттерді есеп шебері режимінде есеппен жұмыс істеуге үйрету.