* Себебі, тұмауға қарсы белсенді түрде иммунизациялау жүргізеді
* Себебі, шұғыл түрде алдын-алу мақсатында оксалин жақпасын қолданады
*+ Себебі, тұмау вирусының ультракүлгін сәулесіне сезімталдығы төмен
* Себебі, аурушылдық деңгейі халықтың арнайыланған иммунитетіне байланысты
* Себебі, тұмау вирусына енжар иммунизация жүргізіледі
! Дене температурасының көтерілуі, уыттану, катаралды белгілер, фаpинготонзиллит, конъюнктивит, микрополиаденит, гепатолиеналды синдром түріндегі катаралды белгілермен жүретін симптомдар жиынтығы тән:
* Энтеpовиpусты жұқпаларға
* Жұқпалық мононуклеозға
* Күлге
* Менингококкты жұқпаларға, назофаpингитке
*+ Аденовиpусты жұқпаларға
! Бала, 7 жаста ауруханаға дене температурасы 390С дейін көтерілуіне және жұтыну барысындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тері жабындыларының табиғи қатпарлары ашық қызарған, құрғақ, қолдың бүгілген бетінде және санның ішкі бетінде майда нүктелі бөртпелер анықталды. Ауызжұтқыншақта айқын, шектелген қызарулар, бадамша бездің лакуналарында сары түсті жабындылар бар, оңай алынады. Жалпы қан талдамасында – эритроциттер - 3,6 * 1012/л, Нв - 120 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-12,5*109/л, э - 1%, п - 6%, с - 76%, л - 13%, м - 4%, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Сіздің аңғарамыңыз:
* қызылша, атипиялық түрі
*+ жәншау, типтік түрі, орташа ауырлық дәрежесі
* жәншау, орташа ауырлық дәрежесі, жедел ағымы
* энтеровирусты жұқпа, экзантема, орташа ауырлық дәрежесі
* қызылша, типтік түрі, орташа ауырлық дәрежесі
! Бала, 1 жаста, салмағы 10 кг. Аңғарым: Тұмау, типтік түрі, уытты түрі, ауыр дәрежеде, асқынуы – нейротоксикоз ІІ дәрежесі. 15 % маннит ертіндісін дене салмағына есептеңіз
* 150 мл
* 20 мл
* 200 мл
*+ 70 мл
* 220 мл
! Шағымдары: бас ауруына, мұрыннан іріңді бөліністер, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы. Алдыңғы риноскопияда мұрын қуысы қызарған, мұрын жолдары тарылған, жоғарғы мұрын жолында ірің. Зақымдалған қойнауды анықтаңыз:
* негізгі және маңдай қойнауы
* маңдай, жоғарғы жақ қойнаулары
*+ торлы лабиринттің негізгі және артқы жасушалары
* жоғарғы жақ қойнаулары, торлы лабиринттің алдыңғы жасушалары
* негізгі және жоғарғы жақ қойнауы
! 4 жастағы балада кенеттен мұрынмен тыныс алу қиындаған. Анасының айтуы бойынша бала аузымен дем алады, түнде нашар ұйықтайды, ұйықтаған кезде айғайлайды, жиі респираторлы аурулармен ауырады, пневмониямен ауырған.
Бала бозғылт, бас сүйегінің бет бөлігі вертикалды бағытта ұлғайған. Артқы риноскопияда анықталды: хоананың 2/3 бөлігін жауып тұрған қызғылт түсті, бөлікті түзілімдер, Сіздің аңғарымыңыз:
* Созылмалы ринит, консервативті ем
* Аденоидтар І дәреже, хирургиялық ем
* Созылмалы ринит, хирургиялық ем
*+ Созылмалы синусит, хирургиялық ем
* Аденоидтар IІ дәреже, хирургиялық ем
! Науқас, бастың маңдай бөлігіндегі ауру сезімі, дене температурасы 38°С ге дейін көтерілуіне, қабағының ісінуіне, мұрынмен тыныс алудың бұзылуына, мұрыннан іріңнің ағуына шағымданып келді. Риноскопияда анықталды: раковинаның ісінуі, толақандылық, ортаңғы мұрын қуысында ірің анықталды. Аурудың түрі және салдарлық асқынулар болуы мүмкін:
* Жедел ринит, ортаңғы отит
* ЖРА тұмау, синусит
* Мұрынның сыздауығы, басішілік асқынулар
*+ Фронтит, орбиталды асынулар
* Мұрынның қалқасының абсцессі, сепсис
! Науқас К., 55 жаста қиын шығарылатын қақырықпен жүретін жөтелге, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданды. 20 жыл бойы бронх - өкпелік дерттермен ауырады. Обьективті: қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңдарында құрғақ, ызыңды сырылдар, тыныс шығару ұзарған. Көрсетілгендердің ішінде мүмкін болатын аңғарым:
* Пневмония
* Бронхиалды демікпе
* Бронхоэктазды ауру
* Созылмалы іріңді бронхит
*+ Созылмалы обструктивті бронхит
! Науқас студент, бастың маңдай бөлігіндегі және көздегі ауру сезіміне, жөтелге шағымданды. Жедел ауырды, дене температурасы 39,50 С дейін көтеріледі, миалгия, әлсіздік пайда болды. Топта мұрыны бітіп жүрген, жөтелі бар студенттер бар. Қарап тексергенде анықталды: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, бет терісі қызарған, көз алмасының тамырларының иньекциясы, конъюнктивит. Терісі ылғалды. Везикулярлы тыныс, минутына 18 рет, құрғақ жөтел. Мұрын - жұтқыншақты қарап тексергенде анықталды: шырышты қабаттың айқын гиперемиясы, жұмсақ таңдайы ісінген, бадамша бездің басым бөлігінде түйіршіктелген. Көрсетілген емнің қайсысы тиімдірек болады:
*+ Ремантадин
* Ампициллин
* Ацикловир
* Оксалин жақпасы
* Левофлоксацин
! Науқас маңдайдың сол бөлігіндегі және оң жақ бетіндегі ауру сезіміне, бастың ауырлығына, мұрыннан іріңді бөліністерге шағымданды.
Объективті: риноскопияда анықталды: мұрынның сол бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы, инфильтрациясы, ортаңғы мұрын қуысында іріңді бөліністер. Пальпация барысында сол жақ жоғарғы жақ қойнауында және қас үстілік аумақта ауру сезімі анықталды. Рентгенограммада: мұрынның қосымша қойнауларындағы сол жақ гаймор және маңдай қойнауларыда көлеңкеленулер анықталды. Төменде көрсетілген аңғарымдардың мүмкін болатын түрі:
* Жедел ринит
* Каверноздық қойнаудың тромбозы, риногенді сепсис
* Созылмалы гипертрофиялық ринит
* Созылмалы атрофиялық ринофарингит
*+ Сол жақтық гемисинуит
! 4 жастағы бала екі күн бұрын бала бақшаға жедел вирусты ауруға байланысты бармады. Түнде кенеттен оянды, мазасыз, аунайды, тынысы шуылмен, айқын инспираторлы ентігу, дауысы қатты. Баланы жеткізген балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде тура емес ларингоскопия жасау мүмкін болмады. Төменде келтірілген аңғарымдардың мүмкін болатын түрі
*+ Жедел қатпарастылық ларингит
* Кеңірдекастылық абсцесс
* Созылмалы гипертрофиялық ларингит
* Жедел катаралды ларингит
* Кеңірдектің аллергиялық ісінуі
! 25 жастағы науқас басының ауру сезіміне, дене температурасының 38С дейін көтерілуіне, жұтынған кездегі тамақтағы ауру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 күн болды, ауруын суықтаумен байланыстырады.
Мезофарингоскопия: жұтқыншақтың шырышты қабаты ісінген, бадамша бездері қызарған, лакунаның тесігі ісінген, ақшыл-сары түсті жабындылармен қапталған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Төменде көрсетілген аңғарымдардың мүмкін болатын түрі.
*+ Лакунарны баспа
* Фолликулярлы баспа
* Катаралды баспа
* Жаралы-үлдірлі
* Жұтқыншақтың күлі
! 15 жастағы науқас 200,0 мл иісі жағымсыз, шырышты-іріңді қақаырық бөлінетін жөтелге, қан түкіруге, дене температурасының 38,2С көтерілуіне, ентігуге, шаршағыштыққа шағымданып келді. Бала күнінде бронхит жиі қайталанатынын және іріңді қақарықпен жүретін жөтел болатынын айтты. Соңғы 5 жыл ішінде жыл сайын асқынатынын көрсетті. Мүмкін болатын аңағрым
* Бронхоэктазды ауру
* Өкпенің қатерлі өспесі
* Өкпенің созылмалы абсцесі
*+ Созылмалы бронхит
* Өкпенің поликистозы
! 5 жастағы баланың анамнезінде жылына 3 рет қайталанатын бронхит. Ауруының 3 күні, дене температурасы 380С, құрғақ жөтел, жауырынаралық аймақта өкпе дыбысы қысқарған, аускультацияда құрғақ сырылдар, рентгенограммада өкпе түбінің суреті күшейген. Төменде көрсетілген аңғарымдардың мүмкін болатын түрі
*+ Қайталанбалы бронхи
* Жедел қарапайым бронхит
* Созылмалы бронхит
* Созылмалы пневмония
* Бронхиолит
! Бронхиолит кезіндегі жағдайының ауырлығы негізделген:
* Жүрек жеткіліксіздігімен
*+ Тыныс жеткіліксіздігімен
* Уыттанумен
* Ішектік синдроммен
* Жүйкелік уыттанумен
! 1,5 жастағы бала. Жиі суық тиіп ауырады. 5 айында синусит, 7 айында отит. Артық дене салмағына ие. Клиникалық түрін анықтаңыз
* Соматикалық
*+ Оториноларингологиялық
* Инфанатилді
* Аралас
* Вегетативті
! 6 айлық бала. ЖРВИ ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі айқын. Бала мазасыз. Мазасызданғанда, минутына 60 рет оқтын-оқтын инспираторлы ентігу байқалады, ұстамалы түрде үріп жөтеледі. Тыныштық жағдайда дененің бөліктерінде тартылулар жоқ. Даусы қарлыққан. Жіктелуге сәйкес аңғарым
*+ ЖРВИ, ларинготрахеит I дәрежедегі стеноз
* ЖРВИ, ларинготрахеит II дәрежедегі стеноз
* ЖРВИ, ларинготрахеит III дәрежедегі стеноз
* ЖРВИ, ларинготрахеит IV дәрежедегі стеноз
* ЖРВИ, ларинготрахеит V дәрежедегі стеноз
! 5 жастағы ұл бала. Ұстамалы жөтелге, ысқырықты тынысқа, ентігуге шағымданды. 5 айынан бастап атопиялық дерматитпен сырқаттанады. Бала бақшаға барғаннан кейін (2жасынан бастап), ЖРВИ жиі ауыратын (жылына 6-8 рет) болды. 3 жасында ұстамалы түрде сальбутамолдың ингаляциясымен тоқталатын тыныстың жетіспеушілігі болған. Кейіннен цитрустық тағамдарды қолданғаннан кейін ұстамалар айына 3-4 рет қайталанған. Анасының экземасы бар. Осы аталғандардың інішде қандай триггер балалардағы нақты аурудың асқынуында маңызды орын алады.
* Физикалық жүктеме
* Ауа-райы жағдайының өзгеруі
* Психоэмоционалды жүктеме
*+ Респираторлы-вирустық жұқпалар
* Ауаның тез иістендіретін заттармен ластануы
! 25 жастағы ер адам, жедел түрде ауырды, басының маңдай бөлігіндегі және көзіндегі ауру сезімі, бұлшықеттерінің, буындарының және сүйектеріндегі қақсаулар, мұрынның бітелуі, дене температурасы 39 оC дейін көтерілуі мазалайды. Қарап тексергенде бетінің ісінуі, қызаруы, көзінің тамырларының инъекциясы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, тахикардия байқалды. Қортынды жасаңыз:
* Қызылша
* ЖРВИ
*+ Тұмау
* Парагрипп;
* Баспа
! 37 жастағы ер адам, алдыңғы күні ішкен суық сүтке байланысты пайда болған жөтелге, даусының қарлығуына, дене температурасының көтерілуіне шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қарап тексергенде: кеңірдектің шырышты қабаттары ісінген, дауыс байламдары қалыңдаған, қызарған, фонация кезінде олардың арасында саңылау қалады. Тыныс бос. Мүмкін болатын аңғарымды анықтаңыз:
* Жедел трахеит
* Жедел фарингит
*+ Жедел ларингит
* Жедел бронхит
* Баспа
! 1 жастағы бала дене температурасының 39,2 дейін көтерілуімен және селкілдеуік-дірілдеуік тырыспамен жедел түрде ауырды. Тырыспадан соң 30 минуттан кейін түсті, жалпы жағдайы ауыр, дене температурасы 390 С, бетінің, аяқ-қолының бұлшықеттерінің тартылуы анықталды. Терісі бозғылт, ерні көгерген, ауыз-жұтқыншақтың жайылмалы түрде қызарғаны анықталды. Өкпесінде – тынысы қатаң, сырылы жоқ. Тыныс алу жиілігі миутына 50 рет. Жүрек үні қалыпты, пульсы минутына 148 рет. Іші жұмсақ, бауыры +1 см, көкбауыры ұлғаймаған. үлкен және кіші дәреті қалыпты. Менингиалды белгілері жоқ. Сіздің аңғарымыңыз:
* Менингит
*+ ЖРВИ. Нейротоксикоз
* Полиомиелит, понтинді түрі
* Спазмофилия
* Қояншық ауруы
! Науқаста жоғарғы тыныс жолдарының айқын катары, гранулезды фарингит, көздің шырышты қабатының зақымдалуы (фолликулярлы конъюнктивит), ұзақ қызба, басының ауру сезімі, температуралық реакция 1 - 2 апта бойы толқынды түрде ұсталып тұр, мойын лимфа түйіндерінің, бауырдың ұлғаюы анықталды. Төменде келтірілген аденовирусты жұқпалардың қандай клиникалық түріне мына клиникалық көріністер тән:
* Тонзиллофарингит
* Мезентериалды лимфаденит
* Пневмония
* Жоғарғы тыныс жолдарының катары
*+ Фарингоконъюнктивалды қызба
! Балада 6 ай бойы шырышты – іріңді қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтел мазалайды. Науқасты төменде келтірілген тексерулердің қайсы түрін қолдануға болады:
*+ Бронхоскопия
* Ангиография
* Томография
* Бронхография
* Өкпе қабының пункциясы
! Қан түзу бойынша анемияның жіктелуі
* Регенераторлы, арегенераторлы
* Микроцитарлы, макроцитарлы, мегалоцитарлы
*+ Нормобластық, мегалобластық
* Нормохромды, гипохромды, гиперхромды
* Тұқымқуалайтын. жүре пайда болатын
! Шеткі қанда мегалобластармен мегалоциттер пайда болады
* Эритроциттердің уыттық гемолизінде
*+ В12 витамин тапшылықты анемияда
* Қан кетуде
* Сүйек кемігінің аплазиясында
* Гемоглобинопатияларда
! Темір тапшылықты анемия сипатталады
* Гемоглобиннің концентрациясының артуымен
* Гемотокриттің төменгі маңызымен
*+ Түстік көрсеткішімен және сақина тәріздес эритроциттердің болуымен
* Макроцитозға бейім
* Дрепаноциттердің пайда болуымен
! 56 жастағы ер адам кенеттен пайда болатын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып келді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Жалпы қан талданымында 3,9х109/л, Нb 59 г/л, ТК 0,45; анизоцитоз, пойкилоцитоз.
Аңғарымды растау үшін қосымша қандай тексерулер жүргізу тиімді болады
* Кумбс сынамасы
* Шиллинг сынамасы
*+ Сарысулық темір
* Қанның бос гемоглобині
* А2 гемоглобиннің фракциясын анықтаңыз
! Темір тапшылықты анемияға тән
* эритроцитер 1,2´1012, Нв 50 г/л
* ТК 0,6
* ТК 1,2
* Шеткі қанда Жолли денешіктерімен эритроциттер
* Дрепаноциттер
! В12-фолий қышқылы тапшылықты анемиясының патогенезінің көрсетілмеген тізбегін анықтаңыз:
В12 витамин тапшылығы ® метилкобаламиннің түзілуінің ¯ ® тетрагидрофолий қышқылының түзілуінің бұзылуы ®? ®эритроциттердің бөлінуі мен жетілуі үрдісінің төмендеуі
* Май қышқылдарының түзілуінің бұзылуы
* Миелиннің түзілуінің бұзылуы
*+ ДНҚ түзілуінің бұзылуы
* Дезоксиаденозилкобаламиннің түзілуінің бұзылуы
* Янтар қышқылының түзілуінің бұзылуы
! В12 витамин тапшылықты анемияның жетіспеген тізбегін көрсетіңіз:
В12 тапшылығы → 5–дезоксиаденозилкобаламиннің тапшылығы → май қышқылдарының түзілуінің бұзылуы → миелиннің түзілуінің бұзылуы → жұлынның артқы және бүйір мүйіздерінің дегенерациясы →?
*+ фуникулярлы миелоз
* анемия
* тромбоцитопения
* лейкопения
* тырыспалар
! Темір тапшылықты анемия кезінде темірдің тапшылығы тіндерде көрінеді:
* ісінудің дамуымен
* булимиямен
*+ шаштың түсуімен, тырнақтың сынғыштығымен
* қысқыштардың межеқуатының артуымен
* фуникулярлы миелоздың дамуымен
! В12 витамин– фолий қышқыл тапшылықты анемияға тән:
* Эритроциттердің гипохромиясы
*+ Мегалоциттердің пайда болуымен
* Нейтрофилді лейкоцитоз
* Микроциттердің пайда болуымен
* Тромбоцитбен
! Темір тапшылықты анемияның патогенезінің жетіспеген тізбегін көрсетіңіз:
Қанның сарысуында темірдің мөлшерінің төмендеуі → қордағы темір қорының азаюы → құрамында темірі бар ферменттердің белсенділігінің төмендеуі →? → шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы, терінің құрғақтығы және т.б.
*+ тіндік гипоксия
* гемдік гипоксия
* гипоксемия
* гиповолемия
* гиперкапния
! Жүктілікің бастапқы мерзімінде фолий қышқылын тағайындау неге негізделген
*+ Иа, ұрықта жүйке түтікшесінің даму ақауларының алдын алады
* Жоқ, ол тератогенді әсер көрсетеді
* Иа, ол тыныштандырғыш әсер көрсетеді
* Жоқ, ол қан ұюға қарсы әсер көрсетеді
* Иа, ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуінің алдын алады
! Қабылдауда 58 жастағы науқас. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішектің созылмалы ауруларымен сырқаттанады. ЖҚТ: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Қандай ем тағайындау керек:
* Хеферол 350 мг 2 р/күніне
* Эр-массаны құю керек 250 мл
* Фенюльсті 150 мг 2 р/күніне қабылдау
*+ Цианокобаламиннің 500 мкг 2 р/күніне инъекциясы
* Аскорбин қышқылы 50 мг 3 р/күніне қабылдау
! Тоқ ішектің дивертикулезбен ауыратын 37 жастағы науқасты тексергенде анықталды эритроциттер 3х1012/л, Нb 130 г/л, макроцитоз, Жолли денешіктері, ретикулоциттер 1%, лейкоцитоздар 3,0х109 /л, тромбоциттер 160000, сарысулық темір 20 мкмоль/л.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс
* Фолий қышқылы
* Цианкобаламиннің препараттары
*+ Темір препараттары
* Пиридоксиннің препараттары
* Глюкокортикостероидты препараттар
! Витамин В 12 витамин тапшылықты анемия кезінде жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы байланысты:
* Метилкобаламиннің тапшылғы
* 5-дезоксиаденозилкобаламиннің тапшылығы
* Тимидинмонофосфаттың тапшылығ
* Фолий қышқылының тапшылығы
*+ Тетрагидрофолий қышқылының түзілуінің бұзылуы
! 38 жастағы гипохромды микроцитарлы анемиясы бар науқас.Анамнезінен: 5 жыл бойы созылмалы энтеритпен ауырады. Рer os тағайындалған ранферон жүрек айнуды, құсуды және эпигастрий аймағындағы жағымсыз сезімді шақырды. Осы науқасты емдеу тактикасы
* Ранферонның мөлшерін азаюту
* Эритроцитарлық массаны құю
*+ Темір препараттарын тағайындау
* Еміне церукал қосу керек
* Басқа темір препараттырын per os тағайындау
! 25 жастағы науқас айқын циркулаторлық гипоксиялық синдроммен жүретін эпигастралды аумақтағы ауру сезіміне байланысты келді. Анамнезінде-асқазанның ойық жара ауруы. Тері жабындылары-бозғылт. Жалпы қан талданымы - Нв – 85 г/л, Э – 3,8х 1012/л, ТК – 0,8, тромбоциттер – 165,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,5 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Сіздің алдын-ала қойған аңғарымыңыз:
* Апластикалық анемия
* Гемолитикалық анемия
* Жедел постгеморрагиялық анемия
*+ Темір тапшылықты анемия
* B12-тапшылықты анемия
! 50 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын асқазанның резекциясын басынан өткерген. Отадан кейін гемоглобиннің мөлшері 135 г/л құрайды. Осы жыл ішінде жалпы жағдайы нашарлады, күрт әлсіздік,көздің қаратуы пайда болды. Жалпы қан талданымында: эритроциттер 3,0х1012/л, гемоглобин 63 г/л, түстік көрсеткіш 0,62; лейкоциттер 3,7х109/л, ЭТЖ 13 мм/сағ, анизоцитоз, микроцитоз. Сарысулық темір - 6,3 мкм/л.
Қандай көрсеткіштердің төмендеуі осы жағдайдың себебі болып табылады:
*+ Цианкобаламинаннің
* Тромбоциттердің
* Аскорбин қышқылының
* Фолий қышқылының
* Темірдің (II)
! Қабылдауда 47 жастағы науқас, әлсіздікке және жүректің қағуына шағымданып келді. Наркодиспансерде созылмалы алкоголизмге байланысты Д есепте тұрады. Қарап тексергенде: дене салмағы төмен, қолының дірілі анықталды. АҚ 145/95 мм.с.б.б., ЖСЖ минутына 96 рет, ЖҚТ: Нв- 72 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер - 3,2∙109/л, тромбоциттер- 138∙109/л. Анемияның даму себебін анықтаңыз:
* Темірдің тапшылығы
* Глютеннің тапшылығы
* Эритропоэтиннің тапшылығы
*+ Фолий қышқылының тапщылығы
* Гастромукопротеиннің тапшылығы
! Денсаулық мектебі денсаулық сақтау ұйымында ұйымдастырылады
*+ Біріншілік санитарлық медициналық көмек көрсететін ұйым
* Стационарлық көмек көрсететін ұйым
* Зертханалық-диагностикалық көмек көрсеттетін ұйым
* Арнайыланған көмек көрсететін ұйым
* Жоғары мамандандырылған көмек көрсететін ұйым
! Еңбекке жарамсыздықты растайтын құжат аталады
*+ Еңекке жарамсыздық парағы
* Еңбеккежарамсыздық парағы
* Кеңес беруші комиссияның анықтамасы
* Клиникалық сараптамалық анықтама
* МӘСК анықтамасы:
! Емдеу-алдын алу ұйымында (ЕАҰ) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасының жағдайын бақылайды
*+ Бас дәрігер, оның орынбасары және бөлімнің жетекшісі
* Учаскелік дәрігерлер және медбикелермен
* Менеджер мен бас дәрігердің орынбасарымен
* Жалпы тәжірибелік дәрігер және аға медбикелермен
* Учаскелік терапевтер және жалпы тәжірибелік дәрігерлермен
! Жүктілікпен босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы қай уақыт аралығына беріледі:
*+ 30 аптадан бастап босануға дейінгі 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күн (асқынбаған жағдай кезінде)
* аптадан бастап босануға дейінгі 60 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 40 күн (асқынбаған жағдай кезінде)
* аптадан бастап босануға дейінгі 30 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 36 күн (асқынбаған жағдай кезінде)
* аптадан бастап босануға дейінгі 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 70 күн (асқынбаған жағдай кезінде)
* 28 аптадан бастап босануға дейінгі 60 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күн (асқынбаған жағдай кезінде)
! Төменде көрсетілген қандай ауру мүгедектің I тобына жатады:
* Аяқтардың және 1 қолдың айқын парезі
*+ Қолдың салдануы, афазия
* Айқын гемипарез
* Екі қолдың немесе екі аяқтың айқын парезі
* Екі қолдың айқын парезі
! Төменде көрсетілген қандай ауру мүгедектің III тобына жатады
*+ Бір өкпенің болмауы
* Екі көздің көрмеуі
* Екі балтырдың культясы
* Екі жақтық коксартроз (III-IV дәреже)
* Екі тізе буынының эндопротездеуден кейінгі жағдай
! Төменде көрсетілген қандай ауру мүгедектің II тобына жатады