Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Физиологиялық адаптация. Фотосинтез. Өсімдіктер экологиясы. Орман экологиясы және оның маңызы.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1. Өсімдіктер экологиясы нені зерттейді?
2. Орман алқабының маңызы?
3. Қазақстанның дәрілік өсімдіктер қоры?
ІV. Жаңа сабақ:
Өсімдіктер экологиясы — өсімдіктердің өзара және ортамен қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі.
Климаттық факторлар:
1. Бастапқы периодты факторлар (жарық, температура).
2. Туындаушы периодты факторлар (ылғалдылық).
3. Периодсыз факторлар (кенеттен соққан дауыл: атмосфераның едәуір иондануы, өрттер, су тасқыны).
Қоректену факторлары:
1. Азықтыє мөлшері.
2. Азықтыє сапасы.
Абиотикалық факторлар:
1. Түр ішіндегі әсерлесулер.
2. Түраралық әсерлесулер.
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктер экологиясы деп аталады. Өсімдіктердің құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар:
Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөлінеді.
Ылғалға қатысты:
1. Гидрофиттер (гр.гидро-су, фитин-өсімдік)-сулы ортаға бейімделген өсімдіктер. (бедежапырақ, қара өлеєшөп, қамыс, су сарғалдағы, тұңғиық). Бұл экологиялық топтың өсімдіктерінің қайсы бірі су түбіне бекінеді де, жапырақтары су бетінде қалқып жүреді (су сарғалдағы, мүйіз жапырағы). Барлық вегетативтік мүшелерінде клеткаралық жүйелер жақсы жетілген. Осы ауаның кеңістіктер арқылы олардың денесі оттегімен қамтамасызданады. Толық суға батып тұрған өсімдіктерге газ алмасу біршама қиын. Сондықтан олардың жапырақтары жұқа, кутикуласы болмайды, сосудтар нашар жетілген, өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді /гидатофиттер денесі толық суға батып өсетін өсімдіктер/ тұңғиық.
2. Гигрофиттер /гигрос-ылғал/ ылғасы мол топырақта өсетін өсімдіктер /бастапқы шабындықта, өзен арнасында, ылғалды орманда/. Бұлар ылғал тапшылығын білмейді. Сондықтан трансперацияны көтеріңкі клетка арасын кеңістік жақсы жетілген /аэренхима/ булану жақсы жүреді.
3. Мезофиттер (гр.лизос-орташа) ылғалы жеткілікті, қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер.
4. Ксерофиттер (грек-ксерос-құрғақ)-ылғалдылықтың ауада, топырақта немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер. Оларда судың жетіспеуінен реттеуші әр түрлі бейімділіктер пайда болады. Мысалы: эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғалары қалың, ол кутикуламен жабылған. Вегетативтік мүшелер сыртындағы қалың түктер, олардың беткі ауданында өзіндік микроклимат қалыптастырады. Клетка аралық жоқ, ішкі ұлпаларының ұлпалары сүректелген, тамыр жүйелері кең, тереңге кеткен, жайылған, яғни басқа экологиялық топтар пайдалана алмайтын ылғалды сіңіреді.
Өсімдіктер өсетін субстрактқа және жарыққа қатысты да экологиялық топтарға бөлінеді. Мысал: минералды тұздар жеткіліксіз субстратта олиготрофтар мекен етеді.
Тұзды мол топырақта өсімдіктердің тобы. Галофиттер /соран бұзаубас, көппек/. алың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер-цинофиттер деп аталады (орман өсімдіктері). Көлеңкеде өсе алмайтын өсімдіктер тобы-гелиофиттер деп аталады (сарбас жоңышқа).
V. Бекіту:
1. Өсімдіктерге әсер ететін негізгі факторлар?
2. Ылғалға қатысты өсімдік топтары?
3. Жарыққа қатысты өсімдіктердің топтары?
VI.Үйге тапсырма беру:
Жергілікті жердің жағдайы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.
№21
Күні:
Пәні:
Сынып: 10 а, б, в
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формалары. Жергілікті жердің өсімдік топтары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды өсімдіктердің тіршілік формаларын, оның шығу себептерімен толық таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,
Пәнаралық байланыс: География.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Бекіту кезеңі
VІ. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы: