Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту




№26

Күні:

Пәні:

Сынып: 10 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы және оның адам ағзасына тигізер әсері туралы толық мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

VІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өсімдіктерге әсер ететін негізгі факторлар.Ылғалға қатысты өсімдік топтары.

Жарыққа қатысты өсімдіктердің топтары.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Өсімдіктерге әсер ететін негізгі факторлар?

2. Ылғалға қатысты өсімдік топтары?

3. Жарыққа қатысты өсімдіктердің топтары?

ІV. Жаңа сабақ:

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады. Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді. Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді. Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық бағдарламасы болып табылады. Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген. Өскемен қаласының атмосферасының ластануы желсіз тымық күндер, температуралық инверсия сияқты қолайсыз метеожағдайлы кезеңдердегі климаттық жағдайларға да байланысты. Шығыс Қазақстанның гидрометеорологиялық орталығының мәліметтері бойынша соңғы үш жылда қолайсыз метеожағдайлы күндер пайызы 29 дан 39-ға көтерілген. Сонымен бірге соңғы жылдары қала атмосферасына автотранспортың әсері де күрт жоғарылады (олардың үлесі стационарлық шығарындағылармен салыстыр-ғанда 50% құрайды).

Өскемен қаласының атмосфералық ауасының химиялық құрамын зерттеу мәліметтері 2008ж. салыстырғанда 2009ж. ауа құрамының ластануының жоғарылағанын анықтаған, оның ішінде негізгі канцерогенді заттардың жоғарылағанын көрсетті. Азот диоксиді 80%-ға, күкірт диоксиді 72%-ға, фенол 87%-ға көтерілген.

Тұрғындар денсаулығына қолайсыз факторлардың әсерінің сезімтал индикаторы балалар денсаулығы болып табылады. Әлі жетілмеген бала ағзасының функционалдық мүмкіндігі шектелген сондықтан ксенобиотиктер әсерінен адаптацияның бұзылуы ерте пайда болады. Балаларға аурушылдықтың тән көрсеткіші ретінде 2008ж. мың балаға шаққанда ауырған балалар саны 179123,6 тең болғанын көрсетуге болады. Бұл көрсеткіш ересектерге қарағанда 2 есеге көп ал, республика бойынша орташа көрсеткішпен салыстырсақ 79%-ға жоғары.

Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына ғана облыстық орталық ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтынды-ғын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни КМЖ деп аталады.

V. Бекіту:

1. Шығыс Қазақстан облысын мемлекет үшін маңызы?

2. Өскемен қаласы атмосфера ластануы неге байланысты?

VI.Үйге тапсырма беру:

Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайы. Оқу.

№17

Күні:

Пәні:

Сынып: 10 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Ноосфера және тұрақты даму концепциясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Биосфера концепциясының экологиялық жағдайымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 633 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.