Педагогикалық іс-тәжірибенің түрі және ұзақтығы оқу жоспарларымен, ал іс-тәжірибенің мазмұны бағдарламалармен анықталады.
Педагогикалық іс-тәжірибе басталу алдында факультет деканаты педагогика, психология және бітіруші кафедралармен бірлесе отырып, конференция өткізеді, онда студенттерге педагогикалык іс-тәжірибенің мақсаты, мазмұны мен міндеттері түсіндіріледі.
Іс-тәжірибенің алғашқы күндерінде студенттерді оқу орнымен (құрылымымен, тарихымен, ішкі ережелерімен, т.с.с.) және ондағы мектеп басшыларымен, мектеп ұжымымен, оқушылармен, жоспарларымен, оқу-тәрбие жұмыстарымен, т.с.с. таныстыру қажет. Практиканттар өздеріне бекітілген сынып сабақтарына қатысады, сабақтан тыс жұмыстармен танысады. Топ жетекшісімен бірге бүкіл практика кезінде жұмыс жоспарын құрады, онда мамандығы бойынша факультативтік сабақтар болса, олардың көлемімен, мазмұнымен танысады. Топ жетекшісінің нұсқауымен студенттер жалпы педагогикалық практиканың жоспарын құрады, бекітеді және жеке жоспарлары бойынша жұмыс жасай бастайды.
Тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін студенттерге бір сынып бекітіліп беріледі, онда олар сынып жетекшісінің міндеттерін орындайды. Сонымен қатар практиканттар өз мамандығының пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар өткізеді.
Іс-тәжірибе кезінде студенттер педагогика және психология кафедра-ларының жетекшілігімен сынып оқушыларына психологиялық-педаго-гикалық мінездеме дайындайды.
Студент-практиканттардың құқығы мен міндеттері
Студент-практиканттар іс-тәжірибе кезінде пайда болған сұрақтар бойынша практика жетекшілерінен көмек алуға, оқу-тәрбие процесіне өзінің жаңалықтарын енгізуге, конференцияға қатысуға, кітапхана және кабинеттерді пайдалануға құқылы.
Практиканттар педагогикалық практика бағдарламасында көрсетілген жұмыстарды орындауға тиіс. Әр сабаққа тыңғылықты дайындалуға және сыныптан тыс сабақтарды өткізуге міндетті. Олар оқушыларды еңбеккорлыққа, мәдениеттілікке үйрету керек. Практиканттар оқу орнының ішкі ережелерін қатаң орындауы шарт. Студенттер қойылған міндеттерді орындамаған жағдайда, олар практикадан шеттеледі. Практика кезінде студенттердің арасынан топ старостасы тағайыпдалады.
Педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі студенттер жүргізген
Жұмыстарды аттестаттау және оның есебі
Студенттер іс-тәжірибе кезінде күнделік жүргізуі тиіс. Күнделік материалдары іс-тәжірибеде орындалған жұмыс туралы есеп беру үшін пайдаланылады.
Студенттер педагогикалық іс-тәжірибе аяқталған кезде топ жетекшілеріне жазбаша есеп жұмыстарын тапсырады:
- Жүргізілген жұмысқа есеп беру топ жетекшісінің, кафедра әдіскерінің берген тапсырмалары бойынша практиканың мазмұнына қарай анықталады;
-Студент-практиканттың өткізген есебіне байланысты топ жетекшісі, әдіскерлер, мектеп оқытушылары (сынып жетекшісі, пән мұғалімі) бірлесіп аттестаттайды.
Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы оқу орнының бірлескен педагогикалық кеңестерінде студенттердің есептері бекітіліп, қорытынды жасалады.
Факультеттің іс-тәжірибеге байланысты қорытынды конференциясында студенттердің есебі бойынша топ жетекшілері баяндама жасайды.
Қорытынды конференцияға мектеп басшылары, мұғалімдері, университеттің практика жетекшісі, іс-тәжірибеге қатынасқан кафедралардың әдіскерлері және студенттер шақырылады. Іс-тәжірибе нәтижелері бойынша арнайы көрме ұйымдастырылып, іс-тәжірибе қорытындыланады.
3 -курс
ЖОЛДАМА
Факультеті
Курс студенті
__________________________________________________________________
Іс -тәжірибеден өту үшін
Аралығында
Арнайы жолдамамен жіберілді.
Бұйрық №______________________2016_ж.
Іс-тәжірибе жетекшісі__________________________________________
Діскерлер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Факультет деканы____________________________ ___________________
Курста өткізілген іс-тәжірибе
Топ жетекшісі____________________________________________________
Әдіскерлер ______________________________________________________
______________________________________________________
Іс-тәжірибе өткізілген мектеп______________________________________
________________________________________________________________
Мектеп директоры________________________________________________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары___________________________
Сынып жетекшісі__________________________________________________
3-курс
Студент – практикант жетекшілік ететін сыныптың сабақ кестесі, сыныбы
Күні/ сабағы | дүйсенбі | сейсенбі | сәрсенбі | бейсенбі | жұма | сенбі |
1-сабақ | ||||||
2-сабақ | ||||||
3-сабақ | ||||||
4-сабақ | ||||||
5-сабақ | ||||||
6-сабақ | ||||||
7-сабақ |
3-курс