А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстануфакультеті
Биология кафедрасы
Студенттің бақылау- тіркеу
Кітапшасы
(студенттің аты-жөні және тобы) ____________________________________ |
2015ж - 2016ж
Түркістан
Оқу - тәрбие жұмыстары бойынша іс-тәжірибе
Студентке жаднама
1. Педагогикалық мамандықтардың студенттері І курстан бастап психологиялық, педагогикалық пәндер бойынша мектептерде оқу, танысу іс-тәжірибеден өтуі тиіс.
2. Оқу, танысу іс-тәжірибесінің мақсаты, міндеттері тиісті пәндерден білімгерлерге оқытушылар тарапынан беріледі. Берілетін тапсырмалар жинағы кафедраларда қаралып, бекітілуі тиіс.
3. Психология, педагогика пәндерінен берілетін тапсырмаларды орындау үшін мамандықтардың ерекшелігіне байланысты бастауыш сыныптарда және негізгі сыныптарда өтеді.
4. Психология, педагогика пәндерінен өткізілетін іс-тәжірибеге жетекшілік жүргізу аталған пәндерге қатысты кафедралардың профессор-оқытушыларына жүктеледі.
5. 3-4 курс студенттері іс-тәжірибесін жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия және колледждердің 5 - 11 сыныптарында өткізеді.
6. Әрбір студент жеке жоспарына байланысты іс-тәжірибе өтіп жүрген оқу орнында күнде 6 сағат жұмыс істеуге міндетті. Педагогикалык іс-тәжірибенің бүкіл мерзіміне арналған жоспарды студент пән мұғалімінің, сынып жетекшілерінің басшылығымен түзеді.
7. Топ әдіскері жеке жоспарды апта сайын тексеріп, қол қояды.
8. Іс-тәжірибенің бірінші аптасы мектеппен, сыныппен танысуға арналады (танысу іс-тәжірибесі). Студент келесі аптада пән мұғалімінің, әдіскердің басшылығы мен сабақ беруге кіріседі. Іс-тәжірибенің қалган уақытында ол кесте бойынша өз бетінше дайындалып, пән материалдарын оқушыларға игертудің алғашқы қадамдарын жасайды.
9. Студент педагогикалык іс-тәжірибенің бүкіл мерзімінде сыныпка жетекшілік
етуді өз бетінше орындайды.
10. Студенттің ез бетінше жұмыс істеу кезеңінде әдіскер оның сабаққа дайындығын тексереді және қадағалайды. Студенттің өткізген сабақтарына қатысып талдайды және бағалайды.
11.Студенттің тәрбие жұмысының нәтижесін сынып жетекшісі мен педагогика пәнінің әдіскері қадағалайды. Өткізген тәрбие жұмыстарын бағалайды.
12.Студенттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі мінездемесі іс-тәжірибе еткізілген оқу орнының педагогикалық кеңесінде талқыланады. Педагогикалық іс-тәжірибенің жалпы бағасын мектеп директоры бекітеді.
13.Педагогикалық іс-тәжірибенің соңында үш күн мерзім ішінде студент топ басшысына мынадай құжаттарды көрсетеді:
а) толтырылған, мектептің мөрі басылған бақылау-тексеру кітапшасын;
ә) конспектілер мен өткізген сабақтардың жоспарларын;
б) пән бойынша сабақтан тыс іс-шараның жетілдірілген әдістемесін;
в) оқушының, сыныптың психология-педагогикалық мінездемесін;
г) студенттің не оның жетекшілігінде оқушылармен жасаған кернекі
құралдарын.
Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеттері
Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеттері:
- педагогикалық қызмет процесінде студенттердің институттан алған теориялық білімдерін қолдану арқылы іс-тәжірибеде тереңдетіп, бекітуі және жан-жақты пайдалана білуі;
- студенттердің тәжірибе жинақтап, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу және тәрбие жұмыстарына араласуы;
- студенттердің әр түрлі сабақ түрлерін өткізуге дайындығы және оқушылардың еңбек, қоғамдық, саяси, іздену қабілеттерін арттыру үшін әр түрлі педагогикалық әдістерді қолдана білуі;
- студенттердің педагогика мамандығына сүйіспеншілігін дамыту;
- студенттердің курстық, дипломдық жұмыстарына байланысты материалдарды жинауы;
- мектептің озық тәжірибелі әдіскер-мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен танысу және оны өзіндік пайдалану мақсатында жұмыстар жүргізуі.
Педагогикалык іс-тажірибенің мазмұны
Педагогикалык іс-тәжірибенің мазмұны төмендегідей оқу-тәрбие процестерін қамтиды:
- оқу жұмыстары (факультатив сабағы пән бойынша)
- тәрбие жұмыстары
- сыныптан тыс жұмыстар
Оқу жұмыстарына жатады:
а) мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік тәжірибені және оқу жұмыстарының жүйесін меңгеруі.
- Сабаққа дайындық (сабақтың мазмұны мен мақсатын анықтау, сабақты өткізу үшін әдістерді таңдау, жоспар құрастыру, кернекі құралдар дайындау т.б.).
- Сабақты өткізу (жаңа тақырыпты түсіндіру, окушылардың өзінше жұмыс жасауын ұйымдастыру, оқу процесінде оқушыларды тәрбиелеу)
- Сабақтан тыс оқу жұмыстары (дәптерлерді тексеру, олимпиада ұйымдастыру, үлгермейтіндермен жұмыс жасау, кружок сабағын ұйымдастыру, диспут, экскурсия, т.б.).
б) Студенттердің түрлі сабақ түрлерін өткізуі.
Тәрбие жұмыстарына мыналар кіреді:
- Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын өткізу жүйесімен
Танысу;
- Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін білу;
- Негізгі тәрбиелік жұмыстарды өткізу және дайындай білуі;
(адамгершілік тақырыбына әңгімелесу, конференция, кештер, театрларға
бару, т.с.с).
- Жеке оқушылар мен бүкіл сыныпты басқарудың негізгі әдістемесін білу, керекті педагогикалық ақпарат жинау, психологиялық - педагогикалық мінездеме құрастыра білу.
- Сынып жетекшісінің көмекшісі және сынып жетекшісі ретінде жүйелі жұмысты атқару.
- Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының әдістерімен танысу және оны өткізу (ата-аналармен әңгімелесу, мұражайларға, мәдени орындарға және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру)