Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

Саясаттану» пәнінен білімгерлердің өзіндік жұмысының материалдары

 


Кіріспе

 

Саясаттану курсы бойынша білімгерлерге арналған бұл әдістемелік нұсқауда қазіргі таңда қоғамның саяси өмірінде өзекті және ерекше көңіл аударуды талап ететін тақырыптар қарастырылады. Атап айтқанда еліміз тәуелсіз ел болып қалыптасқан шақтан өзін егеменді, тәуелсіз зайырлы, біртұтас және демократиялық мемлекет деп жариялады.Осы аталған бағыттар тақырыбында саяси ғылымдар көптеген бағдарламалар мен іс-шаралардың жобаларын жасады. Қоғам өз кезегінде ішкі өзгерістер мен және сыртқы яғни әлемдегі болып жатқан өзгерістермен құбылыстардан тыс қалған жоқ. Осыған байланысты елімізде түрлі саяси-әлеуметтік өзгерістер орын алды.Мәселен, демократиялық өзгерулер ерекше дамыды. Еркін сайлау жүйесі сайланбалы өкімет, және тағысын тағы. Білімгерлерге арналған өзіндік жұмысты орындаудың тақырыбының бірі демократия, яғни – «Қазақстандағы демократиялық өзгерістер»

Қоғамның саяси өмірінде тек саяси, әлеуметтік қана емес сонымен қатар діни өзгерістер де орын алды. Әлемде орын алған діни экстремизм және ланкестік дерттері де елімізде белең алу қауіпі туындады. БҰл мәселені білімгерлердің білуі қоғамның және жеке адамның қауіпсіздігіне деген аз да болса ықпал ететіндігі сөзсіз. Әдістемелік нұсқауда білімгерлердің өзіндік жұмысының екінші тақырыбы – Дін және саясат, оның ішіндегі қазіргі белең алып отырған дерт – «Діни экстремизм және ланкестік»

Еліміз тәуелсіздік пен егемендік алғалы бері, дербес мемлекет ретінде дамып келеді. Дербестік даму барысында көптеген көрші, ТМД және әлемдегі басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнатты. Ол байланыстар халықаралық қатынас саласында білім, мәдениет, экономика жүйесінде дамып отырды. Алайда әлемдегі жүйеден еліміз КСРО құрамында болған уақытта әлдеқайда артта қалып қойды. Болашақ еліміздің дамуы үшін әлемдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, байланысымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.Ол үшін әлемдік жүйеге енуіміз керек. Ал бұл құбылыс елемізден Жаһандануды талап етеді. Әлемдік стандарттар жүйесін ендіруді қажетсінеді.Оның үстіне елбасымыз Қазақстанды 50-дамыған мемлекеттер қатарына қосуды алға мақсат етіп қойған болатын. Осы мақсаттарға жету елімізден Жаһандануды еріксіз түрде қабылдауды және онымен санасуды күтеді. Бұл мәселе соңғы уақытта еліміз үшін өзекті бір мәселелердің бірі болғандықтан білімгерлерге арналған өзіндік жұмыстың тақырыбы – «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан» деп алынды.

Біздің өмір сүріп отырған дәуіріміз сан алуан қоғамдық құбылыстарға толы жиырма бірінші ғасыр. Қазақстан үшін саяси өзгерістерге толы кезең. Қоғам саяси сауатты, саяси белсенді, саясатты түсіне білетін азаматтарды талап етеді. Соған байланысты саясатты түсіндіруде ерекше әдіс – тәсілдер қажет. Саясаттану пәнінен жасалған БӨЖ- ді орындауға арналған әдістемелік нұсқау жоғарыда аталған азматтарды дайындауға саясатты түсінуге ықпал етеді. Ол белгілі тақырыпты өз бетінше терең оқып үйренуіне, саяси оқулықтармен және қосымша материалдармен жұмыс жасап, оны талдай білуге ойын жинақтауға белгілі бір тақырып төңірегінде саяси ой қалыптастыруға көмектеседі. БӨЖ- ді орындау әдістемелік нұсқауы білімгердің өз уақытын тиімді пайдалануға, дайын әдебиеттер тізімімен жұмыс істеуге және мақсаты мен бағытын дұрыс айқындауға көмектесетін көмекші құрал болып табылады.


Білімгерлердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

БӨЖ №1__

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

Тапсыратын мерзімі: _________

1. Теориялық бөлім.

Теориялық материалды және берілген қосымша материалмен танысу, зерттеу. (Лекция,семинар)

Сословиялықты жойып және адам мен азамат құқықтарының Декларациясын жариялаған XVIII ғ Француз буржуазиялық революциясынан соц “азаматтық қоғам”, “азамат” ұғымы кеңінен таралды. “Азаматтық” адам теңдігінің символы ретінде саналды. Бұл ұғым жеке адамның және қоғамның, мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды дәлелдеу әрекеті ретінде барынша жиі қолданылады.

Азаматтық қоғамның нығаюы барысында мемлекет атқаратын қызмет азая түседі. Азаматтық қоғамда азаматтық туралы ұғым туындайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші тарауы азаматтыққа байланысты негізгі мәселелерге арналған.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ азаматтарды Республика шегінен тыс жерлерге аластауға жол берілмейді (Конституция 4 бап). Туған жерінде, елінде тұрып, өмір сүру-адамның табиғи құқығы. Біздің мемлекетте қос азаматтық танылмайды. Азаматтықты дәлелдейтін құжат – төлқұжат. Азаматтыққа алу, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу мәселелерін Президент шешеді. Республика азаматы басқа елге кетуге, қайта келуге ерікті.

Ал, енді азаматтық қоғам құрылымы мен белгілеріне келейік..

Адамның тіршілік болмыстағы жағдайларын, тұлғалар мен әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажетттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың формалды (заңда көрсетілген) және формалды емес те құрылымдарының жиынтығы.

Азаматтық қоғам және саяси билік.

 

Өзара байланыс механизмі

биліктің бөлісі;

саяси плюрамум;

ресми оппазиция;

демократиялық заң.

Ықпалдасу мен әрекеттесу тепе-теңдігін сақтаудың шарты.

биліктің легитимділігі;

азаматтық қоғам элементтерінің дамығандық деңгейі;

билік пен қоғамның заңға тәуелділігі;

жеке адамның бұлжымайтын және дербес құқықтарының жиын-

тығы арқылы мемлекет билігінің шектелуі;

Өзара әрекеттену нұсқалары

Демократиялық режим жағдайында тығыз түрде өзара

ынтымақтастық;

Тоталитарлық режимдер тұсындағы тұрақты оппозиция (бел-

сенді немесе енжар түрде);

Тоталитаризмнен демократияға өту кезеңіндегі саяси билікті

белсенді түрде қарсы қойып салыстыру;

 

Азаматтық қоғамның негіздері

Саяси
Экономикалық

 

көп укладты билік өкілеттіктерін

құрылымды экономика; орталықтандырмау;

меншіктің сан алуан биліктің бөлінісі;

түрлері; саяси плюрамум;

реттелінетін нарықтық

қатынастар; азаматтардың мемлекет және

қоғам істеріне еркін араласуы

Рухани
заңның басымдылығы және

оның алдында бәрінің тең

болуы;

бір ғана идеология мен

дүниетанымның болмауы;

ар-ождан бостандығы;

өркениеттілік шарықтаған

руханилық пен ізгілік;

Азаматтық қоғамның мәндік белгілері

қоғамдық өндіріс құралдарына ерікті түрде қожалық

етушілердің болуы;

демократияның өркендеп жетілгендігі, кеңінен таралғандығы.

азаматтардың құқықтық қорғалуы;

азаматтардың мәдениеті белгілі деңгейге жетуі;

Азаматтық қоғамның қызметтерін атқару принциптері.

өндіріс құралдарының жеке меншікте болуы;

тұлғалардың жеке бастарының еркіндігі және олардың дербес болуы;

елдің егемендігі, халықтың билікке толық ие болуы және басымдылығы;

мемлекет пен қоғамдығы істер жөнінде азаматтардың хабардар болуы

қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы;

заңдардың әділеттілігі және олардың мүлтіксіз орындалуы;

 

Азаматтық қоғамның құрылысы

саяси партиялар мен лоббилік ұйымдары (комитеттер, комиссиялар,

кеңестер) заң шығару және мемлекеттік органдар жанындағы;

қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар (экологиялық,

соғысқа қарсы, құқық қорғаушы);

кәсіпкерлер одағы, тұтынушылардың құрама одақтары, саяси клубтары

ғылыми және мәдени ұйымдар, спорт қоғамдастықтар;

тәуелсіз көпшілік ақпарат құралдары;

шіркеу, мешіт, синогога және тағы басқа;

отбасы.

Азаматтық қоғамның түрлері

Қауым;

әлеуметтік құрылымдар (сословие, әлеуметтік топтар, таптар);

қоғам-ел азаматтарының жиынтығы ретінде;

азаматтардың әлемдік достастығы;

Азаматтық қоғамның тіршілік етуінің болмыстары

нақты (ақиқат іске асатын);

белгілі бір елде, нақтылы тарихи;

салыстырмалы;

өндірістік күштердің барларының аясында әлеуеті бойынша

мүмкін болатындары;

абсолюттік;

мұрат, ең жоғары мақсат.

Ықтық мемлекет.

Аталған азаматтық қоғам материалдық және мәдени жағынан жоғары дамыған шақта құқықтық мелекетке айналады. Қазақстан халқының алдында қойып отырған мақсаты- осы құқықтық мемлекетті құру. Құқықтық мемлекеттің өзіне тән қасиеттері бар. Құқықтық мемлекетте қоғамдық өмірдің барлық салалары құқыққа негізделіп, заңның үстемдігі орнайды. Заң демократиялық талаптарға, теңдік пен әділеттікке сай жасалуы қажет. Құқықтық мемлекетте Президент те, Үкімет те, басқа да мемлекет органдары заңды өзгертіп, бұза алмайды. Тек қана заң шығаратын орган белгіленген тәртіп бойынша заңды өзгертуге құқылы.

Құқықтық мемлекеттің ерекше бір белгісі-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің мызғылмастығы және қамтамасыз етілуі. Заң арқылы адамның бостандығын жүзеге асыру – мемлекеттің маңызды міндеті және қызметі. Сонымен, құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің белгі нышаналары:

1.Заңның үстемдік етуі.

2.Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

3.Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.

4.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың шын мәнділігі,

олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.

5.Саяси және идеалогиялық плюрамумнің болуы.

6.Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7.Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар

мен принциптерге сәйкес келуі.

Құқықтық мемлекет

Негізі Белгі нышандары

Құқықтық мәдениет Заңның үстемдігі

Азаматтық қоғам Мемлекеттік биліктің бөлінуі

Заңдылық және құқықтық Тұлға мен мемлекеттің

тәртіп өзара жауаптылығының болуы

 

2. Тақырып бойынша БӨЖ мақсаты: Азаматтық қоғам деген не? Түсіндіру, белгілерімен таныстыру, құқықтық мемлекетке өту жолдырын көрсету.

3. БӨЖ міндеті:

А) Берілген тақырыпты қосымша метериал көмегімен толықтыру.

Б) Азаматтық қоғам идеясының пайда болу тарихы.

В) Қазақстандағы азаматтық қоғам құру проблемаларын анықтау.

Д) Азаматтық қоғам рухани және материалдық жағынан дамыған шақта құқықтық мемлекетке өтеді деген тұжырымдаманы дисскуссияға салу.

Е) Тақырып бойынша глоссарии құрастыру.

 

Есеп беру формалары.

1) Зерттелген тақырып бойынша білімгерлер арасында дисскусия жүргізу.

2) Глоссарии қорғау.

БӨЖ –ді қорғауға қойылатын талаптар:

1. Дискуссия қорытындысы бойынша өз ой-пікірін білдіру арқылы қысқа, нақты түрде оқытушымен сұхбаттасып тақырыпты қорғау қажет.

2. Глоссариді қорғау.

Глоссариді құрастыру тәртібі:

1. Глоссариде кем дегенде 10 шақты сөзден құрылуы қажет.

2. Тақырыпты бейнелнуі тиіс.

3. Қосымша глоссариге белгісіз ұғымдар мен түсініктер енуі керек.

4. Білімгер жазған терминдеріне жауап бере алатын болуы тиіс.

Негізгі әдебиеттер.

1. Жамбылов Д. «Саясаттану негіздері» Алматы, 2003 ж.

2. Қапесов Н. «Саясаттану» Алматы, 2003 ж.

3. Кенжебаев М. «Саясаттану негіздері» Алматы, 1995 ж.

4. Хан И.Г. «Саясаттану» Алматы, 2000 ж.

Қосымша әдебиеттер.

1. Саясаттану. Оксфорд. Қысқаша сөздік. Алматы, 2001 ж.

2. Көшімов Д. «Демократия негіздеріне кіріспе» Алматы 1997 ж.

3. Ғабитов А. «Мәдениеттану» Алматы, 2000 ж.

4. Ғабитов А. «Философия» Алматы, 2001 ж.

5. Азаматтық қоғам. Демократия./Егемен Қазақстан, 2003 ж, 13 наурыз.

6. Мұсатаев С. «Идея гражданского общества» //Саясат, 2004 ж,№2

7. Белгібаев С.«Развития гражданского общества в Казахстане» //Саясат, 2002 ж, № 1

8. Нысанбаев А. «Гражданское общество. О формах взаимодействия» //Саясат,2002 ж, №7

9. Искакова Г. «Гражданское обшество» //Саясат, 2004 ж, №11

10. Камарова Р. «Идея гражданского обшества» //Саясат, 2004 ж, №6

11. Ильин М.,Коваль Б. «Две стороны одной медали»//Полис, 1992 г,№1,2

12. Замбровский Б. «К вопросу формирования гражданского общества»//Соц-полит науки, 1991 г. №6


БӨЖ №2.Тақырыбы: «Дін және саясат.Діни экстремиз және ланкестік»

1. Теориялық бөлім.Тақырып мазмұнына қысқаша түсіндірме

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы құрылымы бойынша президенттік басқару жүйесіндегі демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, унитарлы, құқықтық мемлекет және оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Бұған қоса еліміздің тәуелсіз ел ретінде дамып, қалыптастырған – саяси тұрақтылық, дін аралық келісім мен ұлтаралық татулық секілді саяси құндылықтарды қосыңыз. Ал аталған құндылықтарды одан әрі дамытып, сақтай отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету кез-келген мемлекетке оңай соқпайды. Осыған қатысты мемлекетіміз өзінің тұрақты саяси дамуын, қауіпсіздігін сақтаудың іс шараларын жүзеге асыра бастады. Алайда соңғы уақыттары әлемде орын алған экстремизм, әсіресе діни сипаты, радикализм, фундаментализм, вахаббизм секілді жүйелер көптеген мемлекеттердің бас ауруына айналды. Соның қитұрқы түрі діни экстремизм және онымен бірігіп әрекет жасаушы терроризм қаупі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып, оның өткір көрінуімен анықталып отыр. КСРО –ның ыдырауы, әлемдік жаһандану процесі әлемге жаңа дертті алып келді. Бұрын кеңестік мемлекеттерде жүргізілген атеистік идеология дінге сенушілерді құртқан жоқ, тек уақытша жасырды. Кеңестік жүйенің ыдырауы әлемде жаңа геосаяси аймақтарды дүниеге әкелді. Бұл аймақтардың көпшілігінде діни тұрғыда бұрын орны бос қалған вакуум орнына жаңа діни сана қалыптаса бастады. Адамзат тарихындағы бұл кезең адам санасына шабуыл жасаған саяси идеологиялық соғыс кезеңіне айналуда. Өйткені өкінішке орай діни экстремизм және онымен ұштаса отыра орын алатын терроршылдық уақыт өткен сайын өз болмысының ауқымын кеңейтуде. Егер ертеректе, әлемдік жағдайды бақылай отыра, террорлық іс-әрекеттің ТМД елдерінен тысқары жатқан Батыс және Шығыс елдерінде орын алғандығын атап отырсақ, ал қазір бұл құбылыстың Орталық Азия аумағында белең ала бастағандығының куәгері болдық. Ауғанстан, Ирак, АҚШ елдерінде, ал жақын уақытта Қырғыстанда(Баткент), Өзбекстанда орын алған саяси ахуалдар қоғамда жікшілдіктің, өшпенділіктің орын алу мүмкіндігін, ал оның түп тамыры діни экстремизм болатындығын көрсетеді. Алайда Қазақстанда да белең алған түрлі сипаттағы діни ұйымдардың іс-әрекеттері еліміздің зайырлы құрылымы мен конституциялық мызғымастығына қарсы әрекеттер көрініс бере бастады.

Аталған мәселелер білімгерлердің бұл тақырыпқа ерекше көңіл бөліп тереңірек зертеуін талап етеді. Әлемде белең алған бұл дерт елімізге де қатысты.Әсіресе жастарымыз білместіктен түрлі діни ағымдар мен ұйымдардың жетегінде кетіп, түрлі экстремистік бағыттағы әректтерге баруда. Ал бұл ең бірінші біздің ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі мүмкін.

2. Негізгі бөлім.

4. Тақырып бойынша БӨЖ мақсаты:Дін деген не? Түсіндіру, белгілерімен таныстыру, зайырлы мемлекет мәселесі,Конституциялық құрылым, әлемдік діни экстремистік тыйым салынған ұйымдар,Дінді теріс пиғылда пайдалану, әсіресе билікке қатысты діни экстремистік әрекеттер, ланкестік, радикализм және фундаментализм мәселелерінің, сонымен қатар түрлі діни ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке ықпалының мәнін ашу.

5. БӨЖ міндеті:

А) Берілген тақырыпты қосымша метериал көмегімен толықтыру.

Б) Зайырлы мемелекет мәселесін қарастыру, ондағы діннің ролі.

В) Қазақстандағы діни келісім, конфессиялар диалогы проблемаларын анықтау.

Д) Түрлі діни секталар, ағымдарға, діни экстремистік топтарға сипаттама беру.

Е) Тақырып бойынша глоссарии құрастыру.(мәселен- экстремизм,дін, фундаментализм, радикализм, діни фанатизм)

Есеп беру формалары.

3) Зерттелген тақырып бойынша білімгерлер арасында дисскусия жүргізу.

4) Глоссарии қорғау.

БӨЖ –ді қорғауға қойылатын талаптар:

3. Дискуссия қорытындысы бойынша өз ой-пікірін білдіру арқылы қысқа, нақты түрде оқытушымен сұхбаттасып тақырыпты қорғау қажет.

4. Глоссариді қорғау.

Глоссариді құрастыру тәртібі:

5. Глоссариде кем дегенде 10 шақты сөзден құрылуы қажет.

6. Тақырыпты бейнеленуі тиіс.

7. Білімгер жазған терминдеріне жауап бере алатын болуы тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Қазақстандағы ислам:ақиқат және алып қашпа сөз.//Егемен Қазақстан 2001.11.07. 4- б.

2. Саясаттану. Қысқаша сөдік.Оксфорд.-Алматы:- 2001.-57-б.

3. Есім Ғ., Артемьев А., Қанаев С., Білалова Г. Дінтану негіздері.- Алматы: Білім.- 2003.

4. Халифа Алтай. Құран кәрім. Қазақша мағына және түсінігі.-Медина:Басым.-1991.

5. //«Иcлам әлемі»- №3- 2003.

6. //«Түркістан»- 22 мамыр -2003.

7. Жұлдыз Төлеу «Қазақстанға лаңкестік ұйымдардан қауіп бар ма?» -http:Ayqap_KZ.htm- № 12 (39), -30 маусым 2006.- Қоғамдық саяси апталық.

8. Борбасов С.М.«Терроризм туралы аңыз бен ақиқат»//Заң газеті-24 қыркүйек-2004.-2- б.

9. Назар Р. «Діни экстремизм:себептері мен салдары»//Саясат-№6-2004.

10. Құлбарақов С. «Діни алауыздыққа жол жоқ немесе Хизбут -Тахрир ұйымы туралы не білесіз?»//Ақ Жол-23 қыркүйек-2003-№113

11. Абдулпаттаев С. «Халықаралық ланкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес»//Ақиқат- №4- 2003 -15-16 б.б.

12. Нурша А.,Чукубаев Е.«Ислам и геополитика как импульсы регионального развития центральной Азии»//Analytic-№1-2006.-11-б.

13. Қалкөз Жүсіп «Уахабизмнің негізі діни фанатизм»//Заң газеті №70-3 қыркүйек.2004- 3-б.

14. Қазақстандағы ислам:Ақиқат және алыпқашпа сөз.//Егемен Қазақстан-2001.-11.07-4-б.

15. Әділова Р. «Діни бірлестіктер және олардың құқығы»//Ақ Жол- №24- 2003.- 3-б.

16. ҚР заңы.Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы.-Алматы- 1993.

17. Пак А. «Терроризм и его нейтрализация»//Знамя труда- 2002.-3 декабрь-С-4

18. Хизбут-Тахрир бросает вызов правящим режимам Центральной Азии-//Центральная Азия: политика и экономика-2001.-№2.-С-35-38

19. Орталық Азиядағы діни экстремизм.//Жас Алаш-2003.-5 маусым.

20. Халықаралық қауіпсіздік мәселесі және дін.//Саясат- №7-2003.

21. Дін және уақыт Орталық Азиядағы ислам және ұлттық қауіпсіздік тұғырлары.//Егемен Қазақстан- 27 маусым- 2001.- 3-б.

22. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл» Алматы- 2003.

23. Тасболатов А. «Қауіпсіздік бар жерде өмір бар»//Егемен Қазақстан-21.02. 2007.№46- 4-б.

24. Сайид Ахмад Бин Зайни Дахлан«Вахаббитская смута»//Знамя труда-4 март-2006.-С-5

25. http://www.mkis.kz Конфессиялар диалогы «Дінаралық достық уақыт талабы»

26. А.Дәрбисали «Сближает общее признание»//Каз правда-5 –сентября- 2006.-С-1-3.

27. Закон РК.О противодействий экстремизму.(от.18 фев.2005г)//Каз.правда2005№45-46- С-7.

28. ҚР Конституцясы.Алматы-2007.-19-бап-1- тармақ-8-б.

29. Күзембек Т.«Ланкестік адамзаттың ғаламдық проблемасы»//Ақ Жол2005№78-7- мауысм.

30. Әбсаттаров Р.,Отыншиева Ә., «Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?»//Ақиқат- №7-2003.- 7-б.

31. Бұлытай М.«Діни экстремизм және терроризм»//Ақиқат- №10-2001.-89-б.

32. www.cainfo.kz- Средняя Азия-Новости-Опубликован список террористических организаций, запрещенных в Казахстане.

33. www.liter.kz - ПолитЭк-Почти чертова дюжина.

34. Спанов М.Ж., Бимурзаев Е.Т. «Діни экстремизм мен терроризм елімізге төнген қауіп» ТарМПИ, Жас Ғалым -2005 конференция еңбектері.

35. www.qazeta.kz -Законность- Хизбутчики сдаются оптом.


БӨЖ №3.Тақырыбы: «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан»

 

1. Теориялық бөлім.Тақырып мазмұнына қысқаша түсіндірме

Жаһандану үрдісі қоғамның барлық салаларына енуші фактор ретінде қазіргі Қазақстанда соңғы кездері ерекше белең алуда. Оның бұл қасиеті біздің өмір сүріп отырған дәуіріміз үшін заңды да және санасуға мәжбүрлі процесс болып отыр. Жаһандану көпшілік қауым үшін түрлі көрініс беруде. Өйткені оны көпшілік әр қалай түсінуде, ал кейбірі толық түсініп те болған жоқ. Біздің халық үшін бұл құбылыс жаңаша бір интеграциялық принциптер жүйесі ретінде қабылдануда. Әрине, кез-келген жаңаша үрдістен халық немесе қоғам сескенеді, одан өзін оқшау ұстауға тырысады. Өйткені оның нәтижесі неге апарып соқтыратыны беймәлім. Басқаша айтқанда, біздің көпшілік қауым жаһандануды әр қалай түсінуде. Оның себебі жаһандануға қатысты бір жақты көзқарастың жоқтығында. Оның тек қазір жағымды және жағымсыз жақтарын талқылау үстінде. Дегенмен, бұл үрдіс кеше бір сраптамаға түссе де, Қазақстан үшін санаспауға болмайтын құбылыс. Санасуға тура келгендіктен, бұл құбылыс өзінің даму барысында түрлі шиеленістер тудыруы даусыз мәселе. Ел президенті осыған қатысты 2004 жылы 22 сәуірде Алматы қ. Болған «Жаһандану және жалпы адамзаттық міндетке» қатысты форумда 4 жасырын құрылымды атап көрсетті. Мәселен, жаһандану экономикада жақсы зерттелген мәселе бүгінгі күні саяси күн тәртібінде тұр. Қазір «Азаматтық жаһандану қоғамы құрылуда» деп атап көрсетті. Жаһандану талаптарына сондықтан ұлттық мемлекеттің етін бірте-бірте үйрету қажеттігін айтты.

Жаһандану үрдісі сөз болғанда көп жағдайда экономика басты назарға алынады. Көп ғалымдар өз зерттеулерін, ғылыми пікір ұсыныстарын осы экономика төңірегіне жинақтайды. Алайда, жаһандану қоғамның басқа да салаларын қамтымай өтпей қоймайды.

Жаһандану заманы өмірдің әлеуметтік, саяси, мәдени және рухани салаларында жазмыштық күй кешіп отыр.Жазмыштық күй, әрине жанға жағымсыз, бірақ онымен санасуға тура келеді.

Қазіргі таңдағы жаһандану және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында, қазақстандықтардың күш қуаттық және саясаткерлік қабілеттері мемлекетіміздің алдына қойған мақсаттарына жетуіне, экономикамыздың әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке төтеп беруінің тұғырлы факторы болып табылады.

Мемлекетіміз нарық экономикасын орнатты. 140-тан аса мемлекеттерімен экономикалық байланысқа шықты. Сөйтіп, бүкіл әлем тіршілік етіп отырған бәсекелестік кеңістік есігін айқара ашты. Ендігі келешек біздің осы әлем деңгейінде бәсекеге қабілеттігімізде. Білім мен біліктілік, рухани деңгей, басқару жүйесі, заман өзгерістеріне дайындық, шығарған затыңның сапасы, істеген қызметтің бәрі де әлем кеңістігіндегі бәсекеге түсті. Ұтылғың келмесе, бәсекеге қабілеттілігіңді арттыр, осы мәселені кешенді түрде шеш, еш саланың дамуын назарыңнан тыс қалдырма, озық үлгіні бойыңа сіңір, жасампаз ұрпақ өсір. Міне, әлемдегі жаһандану үрдісінен, одан ұтылмаудан туатын талаптар осы – деп, парламент мәжілісінің депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев ой қорытады.

Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «сындарлы 10 жылдар» деген еңбегінде жаһандану процесінің жағымды, жағымсыз жақтары да бар. Қалай дегенмен де, жаһандану процесінде ұлттық төлтумалықтың кейбір тұстарын жоғалтып алу қаупі бары рас және онымен санасуға тура келеді. Алайда мәселен кейбір мемлекеттерде, Жапонияда жаһандану процестері, қоғамда мәдени төлтумалықтардың жоғалуына ұрындарған жоқ. Ұрындыру былай тұрсын, Жапон қоғамы байырғы мәдениетін жаңа технологиямен шебер үйлестіріп, мәдени төлтумалығына қылау түсірмей, даму үстінде дейді.

Білімгерлердің БӨЖ-ді орындау барысында жалпы қарастыратын мәселелері осы жоғарыда аталған бағыттарды қарастырумен ғана шектелмейді.Білімгерлер қосымша мәліметтер арқылы да өз беттерінше зерттеу жүргізулеріне болады.

2.Негізгі бөлім.

Тақырып бойынша БӨЖ мақсаты: Берілген БӨЖ – тақырыбын қосымша материалды және төмендегі әдебиеттерді пайдаланып толықтыру, жаһанданудың Қазақстандағы проблемалаының мәнін ашу.

2.2.БӨЖ міндеті:

А) Берілген тақырыпты қосымша материалдың көмегімен толықтырып, талқыға дайындау, реферат жазу.

Талқылау сұрақтары:

Б) Қазақстан және Жаһандану, ерекшеліктері мен жағымды және жағымсыз жақтары.

В) Әлемдегі жаһандық қатынастар мен қақтығыстар.Антиглобалистер мәселесі.

Г) Бәсекеге қабілеттілік, әлемдік стандарттарды ендіру.(Мәселен,білім саласындағы 12 жылдық мектеп үлгісі)

3.Есеп беру формалары.

1) Зерттелген тақырыпты талқыға салу.

2) Коллоквиум алу.

4.БӨЖ –ді қорғауға қойылатын талаптар:

1. Білімгер дайындаған баяндамасын меңгеріп, проблемалар мен оны шешу жолдарына байланысты талқылауға түскен мәселелер бойынша өз ой-пікірін білдіру.

2. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі, 50-дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы қиял немесе іске асатын саясат, Жаһандануға саяси баға беру.

3. Талқылау соңында, нәтижесін анықтау үшін коллоквиум алу.

 

Коллоквиумге - ге қойылатын талаптар:

1. Коллоквиум – топқа қойылатын қысқаша бақылау сұрақтары.

2. Білімгер өз ой түйінін, қорытындысын білдіру қажет.

3. Сұраққа жауаптан ауытқымауы керек.

4. Мәселенің мәні ашылуы қажет.

5.Ұсынылатын әдебиеттер.

1. «Жаһандану және жалпыадамзаттық міндет» //Егемен Қазақстан 23 сәуір, 2004 жыл.

2. Н.Назарбаев. «Сындарлы 10 жыл» А.,2003 ж. 80-83 б,б.

3. Президенттің 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.//Егемен Қазақстан 20 наурыз, 2004 жыл.

4. Нысанбаев А, «Глобализация и транзитное общество» //Саясат,№12, 2001.19-22 б,б.

5. Забирова А.Т. «Глобальные и локальные характеристики Казахстанского общества» //Саясат, №12, 2001 ж. 26-30 б,б.

6. «Глобализация:за и против» //Саясат, №12, 2001 ж.4-б.

7. «Ғаламдастырудың қазақ ұлты үшін қандай қаупі бар?» //Жас Алаш, 6 шілде, 2002.

8. «Глобализация: результаты опроса жителей города Алматы» //Саясат,№12,2001,50-б.

9. Смайыл А. «Жаһандану: теория мен әрекет» //Егемен Қазақстан, 2005 ж, 28 қазан.

10. Шайхутдинов М. «Глобализация и национальное государство: проблемы и противоречия» //Каз.правда.25 январь, 2005 г.

11. Кошанов А.К. «Устойчивое развитие экономики Казахстана в условиях глобализаций» //Саясат, №12, 2001 ж, 14-17 б,б.

12. Сұлтанов К. «Саясат мұраты- өркендеу» //Егемен Қазақстан 2003 ж, 20 желтоқсан.

13. Нысанбаев Ә. «Дербес даму және жаһандану» //Егемен Қазақстан, 2001 ж, 9 қараша.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Условия испытаний по Роквеллу | Методические указания по выполнению практических заданий
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2554 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2440 - | 2360 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.