Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық мектептері мен бағыттары.




 

Дәріс 3. Антика философиясы.

«Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. ҮII ғ. соңында ҮI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды. Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:

1. Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар - Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.

2. Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi - софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.

Эллиндiк кез (б.з.д. IҮ – б.з. Ү ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер (Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих). Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын физиктер, ал философияны натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы мәселесi қалыптасты.Көне грекияның атақты философы – Фалес. Фалестiң пiкiрiнше барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi таста осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi және байланысының айрмашылығы осыдан алғашқы орынға шығады.

Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таң қалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн ашады, - дейдi. Сұрақтарға жауабы: дүниедегi қиын не? – «Өзiңдi тану». Ең оңайы не?- «Басқа бiреуге кеңес беру». Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? – «Жауыңа сенен де қиын болғанда».

Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлде бiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi. Анаксимен – материалист. Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат. Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешiлiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460ж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылардың күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде онда жаңарған су болады. Пифагор (б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы және математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады»,- дейдi. Элеаттар – Элей философия мектебi б.з.д. VI–V ғғ – ежелгi Элейде, қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi. Өкiлдерi: Парменид, Зенон Элейский, Мелисс Самосский.Парменид – бiрiншi болып «болмыс» түсiнiгiн еңгiздi. Оның пiкірiнше дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. «Болмыс бар, биболмыс – жоқ». Биболмысты тану, немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан әлем болмыспен тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi бермейдi. Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар тану мәселелерiнде, сезiмдiк таным («докса» – пiкiр) және идеалдың жоғарғы рухани таным деп қатал түрде бөледі. Егер Парменид философиялық тезистердi дәлелдесе, Зенонды Аристотель диалектиканың атасы деп атады (қарсыластың пiкiрiн терiске шығаратын диалогты пайдалануына байланысты). Зенон әдiсi – жағымсыз жағдайды дәлелдеу. Парменидтың “Қайшылық заңына” ол “Үшiншiнi жоққа шығару” заңын қосты. Зенонның “Ахилес”, “Дихотомия”, “Жебе”, “Стадион” және басқа апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн алынбас қамал болды.Зенонның “Ахилл және Тасбақа” апориясы (апория – түсiнiксiз қайшылық).Алғашқы шарт. Ахилл мен Тасбақа бiр-бiрiнен А аралығындағы қашықтағы жол бойында тұр. Олар бiр кезде бiр бағытқа қарай қозғалады. Ахилл барлық күшiн салып жүгiредi, ал тасбақа болса, бауырлап жылжиды.Тезис: Ахилл ешқашанда Тасбақаны қуып жете алмайды.Дәлелдеу: Тасбақаны қуып жету үшiн Ахилл алдымен қозғалыс басталардағы бөлiп тұрған А аралықты жүгiрiп өтуi керек. Осы уақытта тасбақа да А аралығын өтедi. Демек, ендi Ахилл тасбақаны қуып жету үшiн тағы да А аралығын жүгiрiп өту керек және т.т. Себебi кеңiстiктегi жол шексiздiкке дейiн бөлiнедi, онда Ахилл мен Тасбақа арасында азда болса аралық қалып отырады, оны Ахилл жүгiрiп өтуi керек.

Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Кеңiстiкте шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың (аралықтар) өмiр сүруi мүмкiн болса, онда қозғалыстың болмайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.Зенон бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық), немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.

Ежелгi Грециядағы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде Демокриттiң (б.з.д. 460-370 жылдар шамасы) философиясынан толығырақ көрiндi. Демокриттiң көзқарасы бойынша, нақты дүниенi, негiзгi кеңiстiктi толтырып тұратын атомдар. Олар табиғаттың бөлiнбейтiн және мәңгi өмiр сүретiн ең кiшi бөлшектерi. Олар сапа жағынан емес, саны, түрi, формасы, ретi, тәртiбi немесе орналасуы және көлемi жағынан бiр-бiрiнен өзгеше келедi. Соларға байланысты денелер белгiлi бiр сапаға, қасиетке ие болады, жылы не суық, ауыр не жеңiл, қатты не жүмсақ болып келедi. Атомдар мәңгi қозғалып тұрады, бiр-бiрiмен соқтығысып шағысып жатады.

Классикалық кезең. (Б.з.д. Vғ.). Классикалық кезең тақырыбы – адам мәнi, оны танудың ерекшелiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiм түрiнiң басқаларына қарағанда алғашқы болды. Теориялық философия принципiнiң негiзiнде құрылған классикалық кезеңнiң негiзгi проблемалары: онтология, антропология, гносеология.Сократ (б.з.д. 469-339 жж) туралы Аристотель мен Платонның айтуы бойынша бiлемiз. Сократ әлем құрлымын, заттардың (физикалық) табиғатын танып бiлуге болмайды, тек өзiмiздi ғана бiлуiмiз мүмкiн дейдi. Мұны “өзiңдi танып бiл” формуласы түрiнде өрнектедi. Бiлiм - дегенiмiз ой, жалпы туралы ұғым. Ұғым анықтау арқылы айқындалады да, индукция арқылы жалпыланады. Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстарымен шұғылданған. “Менiң бiлетiнiм – еш нәрсе бiлмейтiнiм” – дейдi ол. Сократ этика саласында өнегелiктi ақиқат және даналық пен теңестiрдi. Тек ақылды адам ғана өнегелi, себебi ол iзгiлiктiң, жақсы мен жаманның не екенiн бiледi. Әсiресе Сократ үш iзгiлiктi бағалайды: сабырлық - сабырлы адам құмарлықты қалай басуды бiледi; батылдық - батыл адам қиындықты қалай жеңудi бiледi; әдiлеттiлiк - әдiл адам адамдық пен құдайлық заңдарды қалай ұстауды бiледi. Сократтың ойынша даналық тек қана “мейiрбан адамдарға” ғана тән.

Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз идеялардың көмескi бейнелерi болып табылады. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана. Негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист» т.б.

Аристотель (б.з.д. 384 –322 жж) Стагирда туған, Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi. Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары:Дұрыс ойлаудың заңдары мен түрлерi туралы формальды логиканы жасауы.. Ғылыми бiлiм жалпыны оқу, яғни сезiммен қабылдаудан емес, оймен дәлелдеуден басталады деп, дәлелдеу туралы iлiмдi тұрғызды. Ол бiлiмдi деректердi жинап қорытындылаудан, индукциядан дедукцияға өтуден туатынын көрсеттi.

Аристотель антикалық философ-ойшылдарының iшiнде алғашқы болып философиялық бiлiмдi нақты ғылымнан бөлдi. Екi түрлi философия бар екенiн, “алғашқы философия” - табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтiн, қозғалмайтын мәңгiлiктi зерттейтiн метафизика, “екiншi философия” – үздiксiз қозғалыста және өзгерiсте болатын сезiмдiк заттар дүниесiн табиғат пен материяны физика зерттейдi дейдi. Негiзгi еңбектерi: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика».

Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ аяғы – б.д. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, философияның орталық мәселесi этика болды. Философияның мақсаты көбiне дұрыс әрекет арқылы бақытқа жетуi болып түсiнiлдi. Адамдардың араласуы, өзiнiң кiм екенiн және әлемдегi орнының бар екенiн бiлудi қажет еттi. Этикалық мәселелер, сондықтан табиғат iлiмiмен байланысты талданылады.

Эллинизм дәуiрiнде философиялық ойлар негiзiнде көп мектептер мен бағыттар пайда болды. Олар:Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар),Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий)Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик),Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет),Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл,),Эпикуреизмнiң негiзiн салушы Эпикур (б.з.д 341-270 жж) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттың атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж), римдiк философ әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттады, эпикуреизмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады. Стоицизм - өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа - гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенеканың көптеген еңбектерi ұзақ сақталған. Оның “Нравственные письма к Луцилию” және император Марк Аврелийдiң “Наедине с собой” шығармалары бізге белгiлi.

Скептицизм ─Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүние танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану. “Скептицизм” терминi ежелгi гректiң “скепсис” деген сөзiнен шыққан. Ол “ойлау, талдау, тербелу” ретiнде аударылады. Скептицизмде – әмбебаптық күмәндану ─ негiзгi философиялық қағида, яғни қандай да болмасын бiлiмнiң анық еместiгi туралы идеяны жүргiзедi. Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Ол космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды. Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас Игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан - көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан - бiртұтас.

Негізгі әдебиет: (132-159),2(27-40),3(36-52),5(101-131)

Қосымша әдебиет:1(125-148),3(132-137),8(75-77)

Бақылау сұрақтары:

1. Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.

2. Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.

3. Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі.

4. Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 581 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2214 - | 2157 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.