Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар




 

Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлықты «қоғамның кеселін» анықтайтын негізгі немесе жеке факторы деп қарамай, оны «мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі» деп қарау керектігін атап көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және жемқорлыпен күресуді жетілдіруде қажетті шешуші реформалар бағдарламасын ұсынады.[129] Мемлекеттік басқару реформалар бағыттарының ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше бөледі: 1) саяси басшылықтың есеп беріп отыруы; 2) қызмет етуге бағытталған және деритократия қағидасында құрылған; 3) мемлекеттік әкімшілік; 4) мемлкеттік қаржыларды басқаруда ашықтық пен есептілік; 5) заң билігімен қамтамасыз ету; 6) бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару; 7) азаматтардан ақпарат жинау; 8) саяси басшылықтың есеп беруі; 9) «ашықтық мәдениетін» енгізу;

Қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған әр бағыт бойынша іс-шаралар кешені жасалған. Дегенмен, олардың бәрі ұсыныстық бастамалар түрінде.[130] Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын кез келген халықаралық құрылымдар мақсаты мыналарды көздейді:

1. жемқорлықтықтытың қауіп-қатерін және шығасысын көтеру.

2. оған қатысушылардың тәртібі мен ойын ережесін өзгертетіндей, сатылмаушылық атмосферасын жасау.

3. заң ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.[131]

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құралдарын талдай келсек, біз осы қызметті негізгі ісі деп есептейтін «Transparency International» (TI) ірі ықпалды халықаралық ұйымды көңілден тыс қалдыра алмаймыз. TI өзінің басты міндеті ретінде сыбайлас жемқорлықтың таратылуын және өмір сүруін жоятын ортаны құру деп белгілейді.[132] Бұл ұйым осы мәселені жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі (СЖҚИ) атты басылым арқылы жұртшылыққа танытып отырады. Қазақстанда, сол сияқты басқа да көптеген елдерде осы ұйымның аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді.[133] TI мамандары жасаған СЖҚИ – бұл әр түрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың салыстырмалы бағасын беріп отыратын кең көлемдегі зерттеу. Бұл тар көлемде мамандырылған, мемлекеттерде жемқорлылықтың жиынтық деңгейі бойынша саралауын қамтамасыз ететін интегралды индекс, яғни сыбайлас жемқорлықтың барлық түрі мен нысандарын қарастырадыСЖҚИ 1995 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде тәуелсіз деп аталатын институттар арқылы жүргізілген әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне жасалған талдауды негізге алады. Осы индекстің күрделі рәсімдері арқылы шығуына қарамастан, мұның субъектілілігі жеткілікті шамада көрінеді.[134] Біріншіден, «қабылдау» терминінің өзі өзінің болмысы бойынша объективті бола алмайды, бір оқиғаны әр түрлі адамдардың қабылдауы, әр түрлі жағдайларда мүлде басқа мағынада болуы мүмкін. Екіншіден, әр елдің қолданып жүрген заңдарында сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы алуан түрлі, сондықтан құбылыстың өзін басқа мағынада түсінуге әкеп соғады. Үшіншіден, мемлекетік статистикалық мәліметтер сыбайлас жемқорлықпен күресудің қарқынына тәуелді – ол қаншалықты қарқынды болса, соншалықты сыбайлас жемқорлық жағдайлары көбірек тіркеледі.

СЖҚИ есептеп шығаруда тағы бір қиыншылық қаралатын мәселелерді қабылдауда БАҚ ықпалын дәл есептеу мүмкіндігінің болмауына тіреледі. Кейбір елдерде сыбайлас жемқорлықты қабылдауда БАҚ ықпалы шешуші болуы мүмкін. Осылайша, TI сыбайлас жемқорлықты бағалаудың барлық әдіснамасын тек статистикалық талдау ғана анықтайды. Ал сонда, CPI және BPI индекстерінің мәні сарапшылар пікіртерінен алынған мәліметтермен айлалы әрекет жасау нәтижесі болып отыр.[135]

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан кейін белгілі дәрежедегі іс-қимылға көшті. Осы заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністерінің алдын алу шаралары және жою туралы бөліктері, елдің барлық заң базасын елеулі өзгерістерге ұшыратты. [136]Осындай жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың көбірек ашыла бастағаны заңды. БАҚ арқасында сыбайлас жемқорлардың аттары жұртшылыққа мәлім болды, соның ішінде мемлекттік билік және басқару органдарының жоғары лауазымды тұлғалары да кездеседі.

Осының бәрін TI туындаған жағдайды дәл есептемей бағалау және жоғарыда көрсетілген орынсыз әдістерді пайдалана отырып, СЖҚИ жыл сайын Қазақстанды шиеленіске жақын жағдайда деп шығарып келеді. Одан әрі мемлкеттік билік органдарында отырған лауазымдық тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен ұсталған немесе күдік тудырғандар, бірақ заңдармен қаралған жауапкершіліктен қашып құтылып, заңсыз жиған мүліктерімен қоса Қазақстанның шегінен басқа жерге кеткендер кенеттен демократияның қызғаныштысы жақтаушысы болып шыға келеді Бұл тұрғыдан Қазақстан Үкіметі, тиісті министрліктер, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттік және басқа да мемлекеттік органдар халықаралық деңгейде жандандырып, сыбайлас жемқорлардың қайтсе де еліміздің саяси өмірін бұрмалап, демократия жылдарында қол жеткен оң, игі істерді теріске шығарып, қаралап көрсетуіне дер кезінде және нақты істермен тойтарыс беріп, теріске шығарып отыру керек. [137]

Сыбайлас жемқорлықтың таратылуына қарсы шараларды жүзеге асыруға Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП) сияқты мамандандырылған ұйымдар да қатынасады. БСҰ жабдықтау облысында халықаралық ынтымақтастықтың ашықтық және айқындылық жағдайларын жасау үшін мемлекеттік тапсырыстардың тиісті рәсімдерін сақталуды және ашықтықты, айқындылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Бұл салада 1996 жылы қабылданған мемлекеттік тапсырыстар туралы келісім әрекет етеді.

Халыаралық сауда палатасы (ХСП) көлемінде 1996 жылдан міндетті емес заңдық жинақ іскерлік тәртіп этикасы Ережелері әрекет етеді. Бұл ережелер сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнінде шаралар қолдануға шақырады және олар осы корпорацияға кіретін қатысушылардың тәртіптеріне қатысты, әрі соларға арналған. Ереже сонымен қатар кәсіпорыннан тиісті қаржы құжаттарын және аудитті талап етеді, тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік атқарушы басшыға немесе қызметкерге тағайындау мен бақылауды қарастырады.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.

Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.

Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

Жемқорлықты болдырмау үшін, біздің пікірімізше, экономикалық, құқықтық және саяси сипаттағы шаралар кешенін қабылдау керек, олар:

1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.

2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:

1. ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;

2. құқық сақтау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды енгізу қажет.

4. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі сыбайлас жемқорлықты жұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.

5. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

1. басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты бағдарламаларды

зерттеп, игеріп, үлгісін тарату;

2. аймақтардың, ірі кәсіпорындардың, салалардың, билік тармақтарының шешімдерін және олардың өкілдерінің әрекеттерін бір-бірімен салыстырып отыру, сыбайлас жемқорлық деңгейінің көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялау және пайдалану;

3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат беріп тұру.

6. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық жетілмегеніне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс:

1. жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;

2. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

3. мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан ұстанымы олардың мәртебесіне

сай болуы;

4. мемлекеттік қызметкерлердің табысын және олардың заңға сәйкестігіне

шынайы бақылау жүргізу;

5. қылмыстық жолмен тапқан пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді тәртібін

енгізу;

6. мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет

ету мақсатында қоғам мен мемлекет осы мемлекеттік қызметшілерге беретін жеңілдіктерді заңда нақты белгілеу.

Қылмыстық кодекстен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ұғымын алып тастап, орнына лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымын енгізу керек деп ойлаймыз. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлға ұғымы, біздің пікірімізше, осы ұғыммен алмастырыла алады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1949 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2313 - | 2020 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.