Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


УКВ диапазонындағы магнитті рамкалық антенналардың тәжірибелік конструкциясы.




Магнитті рамкалық антенналардың УКВ диапазонындағы жұмысын тексеру үшін магнитті рамкалық антенналармен бірнеше тәжірибелер және көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибеге қолданылған магнитті рамкалық антенналардың жұмыс жиілігі 90– 200-МГц-ке тең болды. Тәжірибелік магнитті рамкалық антенналар фольгаланған әйнекстолитте «баспа» әдісімен жасалынды. Тәжірибелік магнитті антеннаның рамкаларының периметрі 0,1λ –ны құрады. Рамкалардың ені болса 5 миллиметр шамасында болды. Резонанста магнитті рамканы настройкалау конденсатор қолдану арқылы жүзеге асты. Бұл таңдалған конденсатордың сиымдылығы 2- 30-пФ немесе 8- 50-пФ тең болады. Магнитті рамкалық антеннаны фидерге қосу үшін тұзақты байланыс көмегімен жасалынған байланыс түрі қолданылды.

Тұзақты байланыстың екі түрі зерттелді. Бастапқы байланыс тұзағы баспа әдісінің көмегімен жүзеге асқан еді. Мұнда байланыс тұзағының ені антенна енімен тең дәрежеде болады. тәжірибелік магнитті рамкалық антеннаның түрі 31а суретте көрсетілген. Ал 31б суретте аталған тұзақ түрелері келтірілген. Бұл байланыс түрін магнитті рамка тек қана қабылдағыш ретінде қолданылғанда пайдалануға болады. Сонымен қатар ол қабылдағыш кірісіне каоксиалды кабельдің көмегінсіз қосылады. Бұл жағдайда қабылдағыш кірісінің жоғары дәрежедегі байланысы үшін байланыс тұзағымен бірге сиымдылығы 8- 30-пФ болатын конденсаторды қосқан жөн. Кей жағдайларда осы конденсатормен бірге индуктивтілігі 1-мкГн болатын катушканы тізбектей жалғайды (индуктивтілік дәрежесі тәжірибе арқылы анықталады).

Рисунок 31. Тәжірибелік магнитті рамкалық УКВ антенналар

«Таза» магнитті рамкалық антеннаның жиіліктік сипаттамасы асимметриялы сипатқа ие екендігін айта кеткен жөн. Ол жоғары жиіліктерде де, төмен жиіліктерде де жақсы жұмыс жасайды. Тұзақпен тізбектей жалғанған конденсатор мен катушка байланысын қолдану осы сипаттаманың бірнеше түрін өзгертуге көмектеседі.

Тәжірибе нәтижелері баспа платасындағы магнитті рамкалық антенна 88-100-МГц аралығындағы диапазондағы УКВ қабылдағыштар үшін сәтті пайдаланылғанын көрсетті. Сонымен қатар бұл кезде магнитті антенна қабылдағыштың ішіне орналастырылуы мүмкін. Жоғары сапада қабылдау үшін радио болжағыш диапазан ішінде антенна оперативті қайта жөнделуі керек. Магнитті рамкалар телевизия жұмыстарында бірнеше канал үшін қолданылуы мүмкін (антеннаны жиілік бойынша қайта жөндеген кезде). Әсіресе тұзақ байланысында күшейткіш қолданған кезде бұл мүмкіндік дәрежесі арта түседі.

УКВ жиіліктегі айнымалы сиымдылықтың аз габаритті конденсаторлары әрқашан қанағаттандыра бермейтіндігін ескеру керек. бір айнымалы конденсаторды екіншісімен ауыстырғанда антеннаның параметрлерінің өзгерісі байқалды. Сондықтан да жіңішке жиілік жолағында магнитті антенналарды қолдану кезінде конденсатор настройкасын баспа әдісімен рационалды түрде жүргізу керек. Бұл 32-суретте көрсетілген. Бұл суреттен көрініп тұрғандай аталған конденсатор типі «көбелек» конденсатор типіне ұқсас болып келеді. Байланыс тұзағы жағына қойылған пластиналар периметрі 5х5 миллиметр көлемінде бөлінген квадраттар көмегімен жүзеге асады. Резонанстағы антеннаның күрделі настройкасы үшін бұл квадраттар бір-біріне ерітіп қосу көмегімен біріктіріледі. Нақты настройка үшін фольга бөліктерін бір немесе бірнеше квадраттарға бөледі. «Баспа» конденсаторының нақты өлшемі жұмыс жиілігіне байланысты болады. Плата қалыңдығы және магнитті рамканың өлшемдері тәжірибелік талаптарға байланысты мамандар тарапынан анықталынуы мүмкін.

32-сурет. Тәжірибелік магнитті рамкалық УКВ антенналарын жөндеудегі «Баспа» конденсаторы

Мұнда «баспа» магнитті антеннасының жіберу жолағы зерттелінді. Бұл өлшеу жұмыстары Х1-1А жиіліктік сипаттамаларды өлшегіш көмегімен жүзеге асырылды. Бұл әдіс [8] әдебиетте келтірілген. Жіберу жолағын тұзақты байланыс тарапынан өлшегенде 70-100-Мгц диапазонда «таза» антеннаның жіберу жолағы 70- 100-МГц шегінде болды. 120-150-МГц диапазрнындағы антенналар үшін бұл мән 1- 2-МГц аралығын көрсетті. 120- 150-МГц диапазонындағы антенналар үшін бұл мән 2- 5-МГц-ке тең болады. міне осы жерде магнитті рамкалық антеннаның жіберу жолағы симметриялы емес екендігін көруге болады. Еңістеу беткей төмен жиілікте, күрделі беткей жоғары жиіліктерде болады. Сәйкес тізбектелген магнитті антеннадан тұратын жүйенің жіберу жолағын өлшегенде (катушка и переменный конденсатор) жіберу жолағын кеңейтуге болатындай оны тарылтуға да болады. Бірақ бұл әр нақты магнитті рамка үшін жеке-жеке орындалуы керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 564 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2279 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.