Магнитті рамканың автотрансформаторлы байланысының орындалуы (28б суретті қараңыз) 30суретте көрсетілген. Осы суреттен көрініп тұрғандай байланыс түрі гамма байланыс түріне ұқсас болып келеді. Сондықтан да ол осы тараудың басына қойылған. Гамма байланысының жұмысын [7] әдебиеттен толығырақ оқып алуға болады. Магнитті рамкалық антеннаның гамма байланысының орындалуының теориялық параметрлерін есептеуге болады. Ол үшін антенна модельдеуінің кез-келген программасын қолдануға болады. Мысал ретінде қарастыратын болсақ, MMANA программасын қарастыруымызға болады. Бірақ гамма байланының өткізгішінің ұзындығы магнитті антенна үшін қысқартылуды қажет етеді. Мұның себебі ретінде программаның антенна айналасын есептей алмайтындығын қарастыруымызға болады. Расында да антеннадағы шығындар және конденсатор жөделуі кезіндегі шығындар антенна моделіне сәйкес келе бермейді.
30-сурет. Магнитті рамкалық антеннаның гамма байланысы
Сондықтан да магнитті рамкалық антеннаны оның байланысу элементінен жасау керек. Сонымен қатар магнитті рамкалық антеннаны орнату кезінде гамма байланысының өлшемдерін нақты өлшеп алу қажет. Гамма байланысын тәжірибе түрінде жасағанда келесі критериийлерді назарда ұстау керек. Гамма байланысының өткізгіштігі магнитті рамканың ішінде орналасуы керек. Гамма байланысының диаметрі магнитті рамка диаметрінен 2-5 есеге аз болуы керек. Бірақ ол 1 миллиметрден аз болып қалмауы тиіс. Магнитті рамканы жасағанда гамма байланысы диаметрі 2 миллиметрден төмен болатын желілерден де жасалуы мүмкін.
Магнитті рамкалық антенналар үшін диаметрі 2 миллиметрден төмен болатын желілерден жасалған гамма өткізгіштігінің L бастапқы ұзындығы 0,25 шегінде болуы керек. Бұл шек магнитті антеннаға арналған рамка периметріне қатысты алынған. Ол 2-10 миллиметр ұзындыққа ие. L ұзындығын периметр өлшемінен 0,2-ден артық үлкейтпеу керек. Диаметрі 10 миллиметр болатын магнитті рамкалар үшін L ұзындығының мәнін периметр өлшемінен 0,15-тен артық жоғарылатуға болмайды. Сонымен қатар магнитті рамкада қолданылып жатқан конденсатордың беріктілігі осы өлшемдер бойынша қысқартылуы мүмкін.
Гамма байланысының настройкасы қарапайым. Жоғары сапалы көпір көмегімен гамма байланысының кіріс кедергілерін өлшейді. Егер ол каоксиалды кабельдің рамкасының қорек көзін азайту үшін қолданылатын толқындық кедергіден үлкен болса, онда L ұзындығын қысқартады. Гамма байланысының ұзындығының қысқаруы жалғағыш көмегімен жүзеге асырылады. Гамма байланысы түпкілікті настройканы қажет етеді. Ол басқа байланыстардың ПӘК мәнінен әлдеқайда үлкен болатын пайдалы әсер коэффициентіне ие болып келеді.
Кей жағдайларда гамма байланыс схемасында гамма өткізгіштігі бар айнымалы сиымдылыққа ие конденсаторлардың тізбектей жалғануын қолданады.Гамма байланысының конденсаторлы түрі 30-суретте көрсетілген. Осы конденсатордың көмегімен магнитті рамка байланысының құрастырылуын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл үшін конденсатор оперативті реттеу үшін қосылған болуы керек. Осы конденсатордың көмегімен антеннаның кіріс кедергісіндегі реактивті құрамды толықтай компенсациялауға болады.