Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Б) Ержүрек батыр образы




Ержүрек қаһарманның образы басқаларына қарағанда едәуір ерте халық санасына сіңген. «Өйткені жауынгершілік психология үстем болған ол дәуірдегі көшпелі елде соғыс – өмір сүрудің бір қажетті құралы ретінде болы да, ал бұл соғыстарды жырлау, мадақтау салтқа айналды» [16, 92].

Батырлықты жырлау дәстүрі сонау ежелгі «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында кездессе, кейінірек ХІ-ХІ ғасырларда М.Қашғаридың сөздігінде де батырлық-қаһармандық жыр шумақтары ұшырасады. Ал фольклор үлгілеріне көз салсақ, онда мифтік элементтердің басымдығын байқаймыз.

Ал жыраулар поэзиясында батыр – ертегі мен эпостардағыдай «отқа салса – жанбайтын, суға салса – батпайтын, мылтықпен атса да – оғы өтпейтін, қылышпен шапса – жүзі кеспейтін» кейіпкер емес, қарапайым екі қол, екі аяқты, кеудесінде жаны бар адам ретінде суреттеледі. Бірақ батырлыққа, ержүректілікке деген көзқарас өзгермеген. Мысалы, «Шалкиіз жыраудың толғауынша, жорыққа шыққан жауынгерге үш нәрсе игі, олар: астындағы тұлпары («Жебелей жебе жүгірген, // Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма»), үстіндегі сауыты («Жағаласса жыртылмас, // Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма»), қолындағы қаруы («Дулығалы бас кескен, // Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма») [3, 90].

Қазтуған жырау да өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:

Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам деп тартар,

Сусыным қанға қанар деп,

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп [17, 123], –

деген жолдардан мұны байқау қиын емес. Жыраудың өзі де қорамсағын «сары жүнге толтырған» батыр болған. Негізі, бұл заманда ақындық пен жыраулықты қатар алып жүрген елінің біртуар азаматтары көп алған. Міне, осылар өздерінің көрсеткен жанкешті ерліктерімен, жалынды жырларымен «қазақтың нағыз ержүрек батырының» образын жасап шығарды. Шалкиіз жырау да талай жорықтарға өзі қатысқан. Оның жырларынан да ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол «дулығамның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді», «дулығалы бас кескен, ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма!» деп, батырлықты ерекше бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек «жалаңаш барып жауға тиер» ер ғана қорғай алады деген түйінге келеді. «Батыр жігіт қол бастар» деп, ерлікті, асқан батырлықты жырларына ту еткен.

Ал «ханға қарсы тұрамын деп» елінен қуылған батыр Жиембет те:

Қайырылып қадам басарға,

Күн болар ма екен мен сорға,

Өзен, Арал жерлерім?

Қиядан қолды көрсеткен,

Төбеңе шығар күн бар ма?

Жотасы биік Дендерім?! [17, 127], –

деп мұңын шағады, туған елін бір көруді арман етеді. Демек, Жиембеттің де бойында елі, жері үшін емірене жырын төккен, елінің бүтіндігі мен амандығы жолында жырымен де, ерлік істерімен де адал қызмет еткен батырдың мәңгі образы болған.

Тарихымызда ерлік туралы сөз қозғалғанда, 1836-1837 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырған ержүрек Исатай мен Махамбет тұлғаларын атап өтпеске болмас. Махамбеттің жорық кезінде, ат үстінде көрсеткен ерліктері, осы сәттерде туған толғауларының тілі дәл өзінің семсеріндей өткір еді. Махамбет дегенде әрқашан көз алдымызға өршіл, рухы асқақ образ келетіні даусыз. Бұл өжеттікке толы рухани әлемі үнемі жыр шумақтарынан көрініп те отыратын:

«Жауды көрсе жапырар,

Үдей соққан дауылдай»

("Атадан туған ардақты ер")

Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінінен кесе атқан...

("Соғыс")

Қабырғасын сөксе де,

Қанын судай төксе де,

Қайыспас қара нарды деп,

Маңдайынан күн өтіп,

Жауырынынан жел өтіп... ("Мінкен ер") [2, 23-24], –

деген өлең жолдарынан нағыз өршіл рухты батырдың образы әр қырынан ашылады. Тіпті, қандай ержің қазаққа керектігін де шегелеп айтып кеткен: "Қас үлектен туған қатепті, қара нар керек біздің бұл іске, қабырғасын қаусатып, бірін-біріндеп сөксе де қабағын шытпас ер керек, біздің бүйткен бұл іске!» [2, 26].

Жыраулар заманындағыдай қазақ ұлдарының естен кетпес ерліктер жасап, қаһармандықтың үлгісін көрсетіп, батырлық сарынның жанданып, қайта жаңғырған кезеңі – Ұлы Отан соғысы еді. Батырлық дәріптелген Қ.Бекхожиннің «Қазақ ұлына», «Қол бастаған батырға», «Батыр досыма», Ғ.Ормановтың «Полковник», Ә.Тәжібаевтың «Жас қазақ» өлеңдері дүниеге келді. Жігіттің сыналар шағы, ел басына күн туған заман келген еді. Қазақ ұлдары бұл сынақтан да өтті. Өйткені олардың алдында үлгі тұтар аға ұрпақтың ержүрек, батыр образдары бар болатын.

Кейін осы өшпес қазақ батырының образы 1986 жылғы көтеріліс кезінде де өзінің ұл-қыздарының қасынан еш ажырамады. Нәтижесінде, ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға ата-бабаларымыздың бар арман-мұңымен бірге аманат етіп отырған ержүрек ұлының мәңгілік образы көптен күткен тәуелсіздігін де алып берді.

«Шамасы, рулық-тайпалық қоғамның ұстындары шын мәнінде шайқалып, жауынгерлік қосындар үстемдік ете бастаған әскери демократия кезеңінде «батырлық тағдыр», сарбаздың қауіп-қатер мен ажалдан тайсалмайтындығы туралы қаһармандық эпостың «ортақ сарыны», лейтмотиві пайда болса керек. Батырдың және оның жан серігі-тұлпарының сүйегі ұрыс даласында қалуы шарт. Бір уыс топырақ, бірер тамшы артық төгілген қан – міне, нағыз ер жарық жалғанмен осылай сырқаудан өлуден асқан масқара жоқ... Батырдың ең басты міндеті – Отанын, дәлірек айтқанда, өз халқын қорғау» [3, 92], – деп жазады ғалым Р.С.Липец. Яғни, қай дәуірде болмасын, бейнесі қандай формада берілмесін, «ержүрек батырдың» мәңгілік образы халық санасында ешқашан өшпейді. Және бұл образдың арқалаған өршіл рухы өрен ұлдарына беріле бермек.

 

2.3 Мәңгілік сөз-символдар (сөз-образдар)

« Символ дегеніміз – балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету тән.

Символ көбінше адамның тұрпат-тұлғасын, кескін-кейпін, сымбатын тұтас алып сипаттайды, егер бір белгі-сипатын ғана алса, оны бүтінге балап, тұтас бейне орнына алады» [14, 30]. Шынайы көркем әрі мағыналы символдар дерексіз өмір шындығын басқа бір сипаттар арқылы, тұспал бейнелер арқылы әдімелеп жеткізіп, адам бойындағы сезімдеріне әсер ете алады. Осыған байланысты әйгілі әдебиет зерттеушісі З.Қабдолов «сөзбен сомдалған тұлғаны», яғни «образды» екі мағынада қарастыру керектігін айтқан. Біреуі – көркем бейне ретіндегі образ болса, енді бірі – суретті сөз ретіндегі образдар. Басқаша символ-образдар деп айтуымызға болады.

Мысалы, М.Мақатаевтың өлеңдерін алар болсақ, ол оларды тұнып тұрған сөз-образдар деп айта аламыз.

Шешем менің – иілген сұрау белгі,

Дауылдар майыстырған мына белді, –

Деген жолдарында ақын суретті образ жасайды. Образға барар алғашқы баспалдақ – суретті сөз. Мұқағали шығармаларында әр метафоралар бұрынғы дәстүрлі деңгейдегі сөз ауыстыруларға, символдық мәні бар метафораларға, яғни сөз-символдарға ұласады. Символ – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Мәселен, құстың, жан-жануарлардың атаулары – халқымыздың бұрыннан келе жатқан символдары. Мұқағали тілінде құстар символикасының орны ерекше. Әсіресе, аққу – әдеміліліктің, тектіліктің, махаббатқа адалдықтың, қазақы мәдениеттің символы ретінде бейнеленеді. Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы.

...Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Сондай-ақ, сандуғаш, тотықұс, жапалақ, бүркіт, торғай атауларына қазақ халқының ұғым түсінігін, табиғат бейнесін, санасында жағымды, жағымсыз образдарды қалыптастырған. Мұқағали бүркіттің адал достығы мен тектілік, батылдық қасиетін, құсбегілік салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына айналдырған. Бүгінде еліміздің туында еркін шарықтап ұшқан қыранның бейнеленгені – оның осы мәңгілік образға айналғанының көрінісі.

Қазақта төрт түлікке байланысты да сөз-символдар жетерлік. Мысалы, дүлдүл, тарлан, арғымақ, тұлпар деген сөздерді адамның шешендік, тапқырлық, алғырлық, ақылдылық секілді қасиеттерін танытатын көркем балама етіп пайдалану нәтижесінде символдық мәнге ие болып кеткен.

Түйе ұстаған қазақ елінің өмірінде нар, атан, інген, бота образдарының да алатын орны ерекше. Мысалы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ағайыннан айрылған жаман екен,

Екі көзге мөлдіреп жас келеді[14, 44], –

Жолдарындағы қаншама адам құрбан болғанын, ата-анасының ағайын-туысынан айырылып, жетімсіреп қалғанын танытатын тамаша көркем символ болып табылады. Көшке ілесіп келе жатқан тайлақ – ел басына түскен ауыр қайғы-қазаны айтады. Ботасынан айрылған бозінгеннің күңіреніп боздауы – қазақта аналық мейірім мен махаббаттың символы болып саналады. Мұнымен қоса, нар ерліктің, атан іріліктің символы болса, аңыздан туған желмая жүйріктіктің символы болып көрінеді. Осы сияқты:

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

Жұғымды болар елге еркесіндей, –

деген жолдарда жақсы адамды елдің серкесіне балап тұр.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 975 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2269 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.